Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 11:33, дипломная работа
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін қалыптасқан табиғатты тегін пайдалану теориясы табиғат қорын тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны ластанудан сақтандыра алмады. Бұл, әсіресе қоры жағынан да, алып жатқан аумағы жағынан да аз орман ресурстары үшін ең қолайсыз кезең болды. Планетамыздың өкпесі саналатын бұл ресурсты экономикалық-географиялық тұрғыдан дұрыс бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру бүгінгі ең өзекті мәселе.
КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3
1 ОРМАН ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ....................................................... 6
1.1 Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары...................................................................... 6
1.2 Қазіргі экономикалық және әлеуметтік географияда табиғат ресустарын пайдаланудағы төлемдер мәселесі........................................................................................................... 11
2 ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ МЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ..................................................................................................... 18
2.1. Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі............................................................................................. 18
2.2 Орман ресурстарын пайдалану төлемдерін топтастыру және жүйелеу........................................................................................................... 22
2.3 Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы .................................. 29
3. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОРМАН РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА................................................................................................ 45
3.1 Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау ................................................................. 45
3.2 Риддер орман шаруашылығы өндірісі кәсіпорнына сипаттама....................................................................................................... 58
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 63
67
Табиғи еңбек өнімділігін көрсетуші бірден-бір құрал – нақты өлшеуші дифференциалдық жер рентасы, жер рентасы өз кезегінде табиғат ресурстарының белгілі бір түрін пайдаланғанда туындайтын және оның тек табиғи және экономикалық ерекшелігінен қалыптасатын мөлшерін көрсетеді. Табиғат ресурстарын (ақшалай) экономикалық бағалаудың мағынасы оларды өндірісте пайдаланғанда алынуға тиісті дифференциалдық жер рентасын және оның түрлерін анықтау [3].
Рента әртүрлі жолмен алынады. Мысалы, тау-кен-металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін сату кезінде тау-кен рентасы түрінде, зиян шеккен кәсіпорындарға мемлекеттік жәрдем, қаржы немесе рента әкелетін кәсіпорындардан көтерме ставкалармен бюджетке аударма түрінде өнімге аймақтық сараланған есепті баға түрінде алынды. Мұндай әдістер рентаның бүркемелеген түріне, яғни рента алудың жанама әдісіне жатады және жоспарлы экономика кезінде халық шаруашылығында болған ренталық қатынастарды бүркемелеу қызметін атқарды. Бұл еңбек ұжымдарының таза күш-жігерімен қалыптасқан өндіріс тиімділігін өлшеуді және табиғи ресурстарды пайдалану кезінде туындайтын “еңбектің табиғи өнімділігін” көрсететін, дифференциалдық жер рентасын тура есептеуді қиындататын. Сондықтан, біздің ойымызша ренталық қатынастардың жасырын деформацияланған түрінен шынайы түріне өту қажет және рентаны тура ренталық төлемдер түрінде алу керек [4].
Табиғи ресурстарды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау сол ресурс түрлерінің саны мен сапасындағы ерекшеліктері, жекелеген ресурстардың игерілуі мен өндірілуі, зерттелу кезеңдеріндегі ерекшеліктерінің әрқилылығы экономикалық-географиялық бағалау түрінің көп болуын туғызды және тура бағалаудың әрбір түрі халық шаруашылығының белгілі бір мәселесін шешу үшін пайдаланылды.
Табиғат ресурстарын бағалауда, бүгінгі күні түбегейлі зерттелген, минералдық-шикізат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау мысалында экономикалық бағалау түрлерін қысқаша қарастырайық. Мысалы, жекелеген кен көздерін (пайдалы қазба-кен орындарын) жалпы экономикалық бағалау мен белгілі бір аймақтың минералдық шикізат ресурстарын бағалау ажыратылады. Сонымен қатар олар игерілу кезеңдеріне байланысты: геологиялық-экономикалық, жоспарлау-жобалау қарсаңындағы, жоспарлық-жобалық, өндірістік болып бөлінеді.
Кен орнын геологиялық-экономикалық бағалаудың негізгі міндеті – барлаудың бір кезеңінен екіншісіне өту тиімділігін дәлелдеу (іздеуден алдын-ала барлауға, алдын-ала барлаудан нақты барлауға, нақты барлаудан – өнеркәсіптік игеруге). Геологиялық-экономикалық бағалаудың нәтижелері бойынша геологиялық-барлау жұмыстарының болашақ жоспары жасалады, кенді бірінші болып ашқандарға берілетін сыйлықтың мөлшері белгіленеді, минералды шикізаттың баланстық қор мөлшері анықталып, оның алуан түрлерімен елдің, аймақтың, ауданның тау-кен өндіріс салалары қаншалықты қамтамасыз етілетіндігі қарастырылады [5].
Кен орнын жоспар-жоба алдындағы бағалау аймақтың минералдық-шикізат ресурстарын пайдаланудың болжамдық схемасын жасау үшін жүргізіледі. Сонымен бірге жоба алдындағы бағалау бағаланатын жеке кен орнын игерудің жобасын жасаудың тиімділігі жайындағы мәселені шешеді, ал жоспар алды бағалаудың түпкі мақсаты, өндіргіш күштердің орналасуы мен даму схемасын, аумақтық өндірістік және тау-кен өнеркәсіптік кешендерді жоспарлаудың, жалпы өндірістің аумақтық орналасу мәселесін шешу болып табылады.
Жоспарлық-жобалық бағалау белгілі бір аумақтың өндіргіш күштерін және жекелеген кәсіпорындардың орналасуы мен дамуын жоспарлау және жобалау мәселесін шешу үшін жүзеге асырылады.
Кенді өндіру кезінде оны экономикалық-географиялық бағалаудың нәтижелері өндірісте тікелей басшылық жүргізуде, пайдалы қазбаларды өндіргенде және өңдеп, құрамындағы компоненттерді бөліп алған кездегі кеннің жоғалуы мен құнарсыздануының нақты мөлшерін негіздеуде, сонымен қатар, тау-кен жұмыстарын жүргізудің жылдық жоспарын жасау үшін қолданылады.
Өндірістегі кен орнын бағалау кезінде, оның бағалау нәтижелерін өндірісті тікелей басқару үшін пайдаланғанда және рента мәселелерін шешкенде тау-кен рентасының мөлшері қолданылады. Оны есептеу үшін бірыңғай шеткі баға (шеткі шығын) қарастырылып отырған кен орнынан өндірілген өнімнің сату бағасы қолданылады. Сонымен тау-кен өндірісі салалары кәсіпорындарының күнделікті шаруашылық есеп көрсеткіштері мен бағалау көрсеткіштерінің өлшемдестігі және салыстырмалылығы қамтамасыз етіледі.
Осыған орай бағалаудың халықшаруашылықтық, жеке шаруашылықтық есепті түрлерін нақты ажыратуға болады. Шаруашылықтық есеп тұрғысынан бағалау тек өндіріліп жатқан кен орындарына қатысты жүргізіледі және оның нәтижелері халықшаруашылықтық тұрғыдан бағалаудың нәтижелерінен ерекшеленеді.
Кен орнын экономикалық тұрғыдан бағалау көрсеткіштерінің саны, олардың мөлшері, әдісі мен анықтаудың дәлдігі бағалаудың мақсатына, міндетіне, минералдық ресурстың түріне, кен орнының зерттелу, игерілу және өндірілу кезеңдеріне байланысты. Кен орнының зерттелу, игерілу және өндірілу деңгейіне, өсуіне қарай бағалау әдістері де күрделене түседі, оның ескерілетін көрсеткіштерінің саны, бағалаудың дәлділігі арта түседі. Нақтылығы мен дәлдігінің әртүрлілігі бағалаудың мақсатына байланысты болады, ал оның неғұрлым дәлділігі минералдық-шикізат ресурстарына төлемнің ғылыми негізделген нормативтерін белгілеу үшін қажет. Айта кету керек, экономикалық бағалау әрқашанда салыстырмалы түрде, ал баға белгілеу кезінде өнімдердің әрбір түрі ескеріледі.
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау шамасы оларды шаруашылықта пайдаланған кезде алынатын тиіммен, дәлірек айтқанда, жоғарыда көрсетілгендей дифференциалдық жер рентасының және оның тау-кен, су, орман сияқты түрлерінің шамасымен өлшенеді. Минералдық-шикізат ресурстарын экономикалық бағалау табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемнің шамасын анықтаудың негізі болады [6].
Табиғат ресурстарының бағасы оларды ашу, игеру және өндіруге дайындағанда қаншаға түсетінін көрсететін болса, экономикалық бағалау халық шаруашылығының біртекті өнімге сұранысын қанағаттандыру үшін бағаланатын ресурстан өндірілген өнім сол өнімді осы ресурстың сапасы төмендігінен өндіргендегіден қаншалықты еңбекті үнемдейтіндігін көрсетеді. Табиғат ресурстарының бағасы оларды қалпына келтіру, жаңғырту, қорғау төлемдерінің негізі болатын болса, табиғат пайдаланушы салалар өнімдерінің пайдасы оларды экономикалық бағалаудың алғашқы көрсеткіші болады.
Баға арқылы әртүрлі өзара бір-бірінің орнын алмастыра алмайтын өнім түрлері салыстырылады, ал экономикалық бағалау бойынша қоғам сұранысын қанағаттандыру үшін “бір-бірімен бәсекелес”, негізінен біртектес, бір-бірін өзара алмастыра алатын ресурстарды пайдалану тиімділігі салыстырылады.
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерін анықтау үшін экономикалық бағалау нәтижелерін қолдану бағалаудың іс жүзінде қолдану ауқымын елеулі түрде кеңейтеді, енді ол шаруашылық-есеп қатынастарында, оларды шаруашылықта пайдалануды экономикалық реттеу жүйесінде қарастырылады. Табиғат ресурстарының бағасы өндірістің экономикалық нәтижелеріне, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға белсенді әсер етеді.
Қазақстан Республикасының жағдайында табиғат ресурстарын төлемді пайдалану оларды тиімді пайдаланудың тетігі болуы тиіс және әртүрлі табиғи, экономикалық сипаттағы біртекті табиғат ресурстарының жекелеген көзде葀ін өндіруде жекелеген кәсіпорындардыУ шаруашылық-есеп жағдайын теңестірудің басты экономикалық құралы болады. Олар табиғат ресурстарын пайдаланғанда алғашқы қалпыЭа келтірілуін, жаңғыртылуын және қоршаған ортаның Қорғалуын ғамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарына төлемдердің нақты жүйесін енгізбей табиғат игеруші кәсіпорындардың нарықтық қатынастарға, түбегейлі шаруашылық есепке көшуі мүмкін емес [7].
Табиғат ресурстары үшін төлемдер, оның ішінде пайдалану құқығы үшін, ренталық төлемдерді, бұрынғы Кеңестер Одағында түгел дерлік табиғат ресурстарын пайдалану меншік құқын пайдаланудың экономикалық көрінісі деп түсінді. Мәселен, қазіргі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералды шикізатты ұқсату туралы Кодексіне сәйкес Жер қойнауын пайдалану төлемдері минералдық-шикізат ресурстарын толық, тиімді пайдалануды, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық тұрғыда ынталандыру мақсатында, өндіруші және өңдеуші күштер үшін шаруашылық-есеп жағдайын ретке келтіруге, пайдалы қазбалар кен орындары мен техногенді құрылымдар орналасқан аймақтарды және республикамыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында негізделді. Сөйтіп, табиғат ресурстары үшін төлемдердің салықтардан ерекшелігі табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал ететін экономикалық шаруашылық-есептік тетіктер мен ынталандырушы жүйе ретінде қарастырылғандығында.
Салық дегеніміз жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасынан мемлекетке, мемлекеттік аппаратты, оның ішінде әскери, ғылым мен мәдениетті, сонымен бірге елдің еңбекке жарамсыз бөлігін қаржыландыруға алынатын қаражат екендігі белгілі. Сондықтан, салықтың табиғат ресурстарының бағасына, олардың экономикалық бағалануына, пайдалану төлемдеріне еш қатысы жоқ. Бірақта, қазіргі уақытта тарихи қалыптасқан және іс-жүзінде қолданылатын табиғат ресурстарына, әсіресе жер ресурстарына “салық” ұғымы бар. Мысалы, Қазақстан Республикасында “Жер салығы туралы” Заң қабылданған және салық жер ресурстарын тиімді пайдаланудың тетігі, экономикалық ынталандырушысы деп айтылады. Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы жағдайында табиғат ресурстарын немесе оларды пайдаланғаны үшін төленетін “салық” терминінің қолданылуы, оның орнына табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем ұғымы тұрғанда немесе енгізілгенде жол берілмейтін ескірген көзқарас, өзінің шынайы қызметінің мағынасын өзіне тән сөзбен ашып көрсете алмайтын термин болып табылады. “Салық” ұғымының әуел бастан-ақ қандайда болмасын өндірістік, яғни табиғат ресурстарының кез келген түрін тиімді пайдалануды ынталандырумен ешқандай байланысы жоқ. Сондықтан бұл ұғымға өзінің атқаратын қызметіне тән емес нәрсені телудің қажеті жоқ. “Салық” ұғымының мағынасын “табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем” ұғымымен шатастыруға болмайды. Осыдан келіп табиғат ресурстарын қандай да болмасын түрін пайдалануға қатысты “салық” терминінен бас тартып, “жерді пайдаланғаны үшін” немесе “табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем” деген сияқты терминді пайдаланған дұрыс [8].
1.2 Қазіргі экономикалық және әлеуметтік географиядағы табиғат ресурстарын пайдалануда төлемдер мәселесі
Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи орта, жер қыртысы (жер шарының қабығы) жекелеген құрылымдық элементтерден – табиғат кешендерінен құралады. Бұл табиғи кешендер геоморфологиялық, геологиялық, физикалық, биологиялық, географиялық және басқа да жаратылыстану ғылымы өкілдерінің жүргізген зерттеулері негізінде анықталады. Мұндай зерттеулердің нәтижесінде табиғи кешендер, бүкіл елдің аумағы физикалық-географиялық ерекшеліктерімен қалыптасады. Табиғат кешендері генетикалық біртұтастығымен, салыстырмалы біртектілігімен сипатталады.
Табиғи кешендердің жеке элементтері немесе олардың жиынтығы оларды шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан алғанда бірдей болмайды, яғни өзінің экономикалық маңызы бойынша әрбір сәтке сәйкес және уақыт ағымына орай ерекшеленеді. Өндіргіш күштердің даму деңгейі мен зерттеулеріне сәйкес материалдық әрекетке тікелей қатысу формасына қарай, адамның, адамзат қоғамының қажеттілігін өтеу мүмкіндігіне байланысты табиғат кешендерінің элементтері табиғи ресурс деп есептеледі. Мысалы, қазба байлықтарға – минералды ресурстарға жер қойнауының тек қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана игерілетін бөлігі жатады. Мысалы бос тау жынысы өндіріс технологиясы мен техникасының жетілген шағында, оған қоғамдық қажеттілік пайда болған кезде ғана ресурсқа айналуы мүмкін. Құрамында орта есеппен 1,5 %-дан аз мыс кені өткен ғасырда өнеркәсіптік құндылығы жоқ, бос тау жынысы деп саналды, ал сондай қорғасын-мырыш кені өткен ғасырдың басында бос тау жынысы деп есептелді. Құрамында фосфоры бар, темір кені олардан болат пен шойын алу технологиясын ойлап тапқанша өндірісте пайдалануға жарамсыз деп есептелді. Белгілі бір уақытқа дейін Чили силитрасы, Хибин аппатиті мен нефелині, Қаратау фосфориті пайдаланылмай келді. Өнеркәсіптің атом, ракеталық, космостық, теледидарлық сияқты жаңа салаларының пайда болуы мен дамуына байланысты уран, берилий, цирконий, титан, ниобий, цезий, рубидий, германий, стронций алу үшін минералды шикізаттың жаңа түрлері игерілді [9].
Академик А.Е. Ферсманның айтуы бойынша “…табиғатта пайдалы және пайдасыз, керекті және керексіз минералдар жоқ – адам өзінің жасампаз еңбегімен табиғатты өзіне бағындырады және оны елдің өндіріс күшіне айналдырады”. Сонымен, табиғат ресурсы деп өндіргіш күштердің дамуы мен зерттелу деңгейіне сәйкес адамзат қоғамының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын табиғи денелерді немесе табиғи күштерді айтамыз [1]. Еңбек күшін жұмсау нәтижесінде қоғамның белгілі бір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін табиғи ортадан алынған табиғат ресурстары қоғамның материалдық құндылығын құрайды. Олар табиғи зерзаттар емес, рұтыну өнімдері, еңбек құрал-жабдықтары.
Табиғат ресурстарының рөлі мен мәні қоғам өмірінде уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Өндірістің техЭикасы мен технжлогиясының жетілдірілуіне қарай адамзаттың табиғатқа тәуелділігі кемиді, бірақ табиғи ресурстарды барған сайын көп мөлшерде пайдаланады. Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сәйкес табиғат ресурстары біріншіден, табиғи денелер немесе табиғи күштер, яғни табиғи ортаның, табиғи кешеннің бір бөлігі, екіншіден – табиғат ресурсы ретінде табиғи денелерді немесе күштерді мойындау қоғамның өндіргіш күші мен табиғаттың меңгерілгендігі белгілі бір деңгейде қалыптасады, үшіншіден, оларды пайдалану материалдық іс әрекетке тікелей қатыстыру формасында қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен, “табиғат ресурсы” түсінігінің өзі өндіргіш күштердің даму деңгейімен, қоғамның қажеттілігіне қанағаттануымен және экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалануымен байланысты, сөйтіп, “табиғат ресурсы” түсінігінің өзі экономикадан, қажеттіліктен тыс болмайды [10].
Табиғи ресурстардың адам өміріндегі рөлі жайында (негізінен философтар мен экономистер) ұзақ уақыт бойы сөз таластырды. Идеалистер, мысалы, адамзат қоғамының дамуы үшін материалдық жағдайдың маңыздылығын теріске шығарып отырды, ал “географиялық бағыттың” өкілдері адамзат қоғамының дамуында табиғи факторлардың шешуші рөл атқаратындығын баса жазып отырды. Материализм ілімінің классиктері, табиғи ресурстар да еңбек сияқты зат түріндегі байлыққа негіз болатындығын, бірақ олар еңбекпен өңделгенде ғана тұтыну құндылығына ие бола алатынын көрсетті. Бұл жағдайда табиғат ресурстары белсенді элемент емес еңбек заты болады. Марксистер қоғамның дамуында шешуші рөлді қоғамдық өндіріс, әсіресе, өндіріс тәсілі атқарады деп ойлады.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың, қоғамның жекелеген топтарын бір-біріне қарсы қоюдан гөрі олардың диалектикалық бірлігі жайындағы ұғым қалыптаса бастады. Қоғамның экономикалық даму деңгейі ғылыми-техникалық жетістіктегі жаңа бағыттарды қолдану арқылы елдің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану дәрежесімен анықталады.