Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 11:33, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін қалыптасқан табиғатты тегін пайдалану теориясы табиғат қорын тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны ластанудан сақтандыра алмады. Бұл, әсіресе қоры жағынан да, алып жатқан аумағы жағынан да аз орман ресурстары үшін ең қолайсыз кезең болды. Планетамыздың өкпесі саналатын бұл ресурсты экономикалық-географиялық тұрғыдан дұрыс бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру бүгінгі ең өзекті мәселе.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3
1 ОРМАН ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ....................................................... 6
1.1 Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары...................................................................... 6
1.2 Қазіргі экономикалық және әлеуметтік географияда табиғат ресустарын пайдаланудағы төлемдер мәселесі........................................................................................................... 11
2 ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ МЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ..................................................................................................... 18
2.1. Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі............................................................................................. 18
2.2 Орман ресурстарын пайдалану төлемдерін топтастыру және жүйелеу........................................................................................................... 22
2.3 Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы .................................. 29
3. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОРМАН РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА................................................................................................ 45
3.1 Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау ................................................................. 45
3.2 Риддер орман шаруашылығы өндірісі кәсіпорнына сипаттама....................................................................................................... 58
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 63
67

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ОРМАН-ОРМАН-РЕСУРСТАРЫН-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ-ТҰРҒЫДАН.doc

— 949.00 Кб (Скачать файл)

 

2 ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕР ҚОЛДАНУДЫҢ  ӘДІСІ

 

2.1 Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі

Орман ресурсы – биологиялық ресустарға жататыны белгілі, сондықтан олар табиғи ортаға әсері жағынан болсын, табиғи пайда болу жағынан да көбіне ұқсас келеді. Орман ресурсы пайдалану тұрғысынан көп салалы болып келеді, әсіресе, өндірісте қолдану аясы жағынан ағаш шикізат есебінде қолданылады. Одан басқа ағашты өндірісте пайдаланғанда одан түсетін қалдықтардың өзі неше түрлі, ауыл шаруашылығында, өндірісте және шаруашылықтарда таптырмайтын шикізат көзі болып есептеледі.

Минералды ресурстарға қарағанда орман сарқылмайтын және қайта қалпына келетін ресурстарға жатады. Сондықтан бұл ресурсты қайта қалпына келтіріп ғана қоймай, одан әрі өсіріп, дамытып, жетілдіруге болады. Бұл, әсіресе, республикамыздағы ұлан ғайыр аумақты орманмен қамтамасыз етуге мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді.

Басқа табиғат русурстарына қарағанда орман ресурстарының ең бір басты айырмашылығы көп жағдайда далалы және шөлейт аймақтарда өсіруге болады. Бірақ мұндай табиғи қолайсыз жерлерде ағаш өсіру қымбатқа түсетіні белгілі. Ағаш, қоры жағынан әр аумақта биологиялық тұрғыдан әртүрлі болады, сол сияқты өсу динамикасы (қайта қалпына келу, сапасының өзгеруі, жылдық өсімі және т.б.) да әртүрлі болады.

Орманның даму мүмкіншілігі ауыл шаруашылығының дамуымен биологиялық тұрғыдан ұқсас болғанымен, экономикалық тұрғыдан ерекшелігі бар. Өндіріске жарамды ағаш орташа есеппен 80-100 жыл өсетінін, ал химиялық өңдеуге келетін ағаштың жылдам өсетін түрінің өзі 30-50 жылды қажет етеді. Ал бұл орташа өндірістік циклдардан әлдеқайда ұзақ. Міне сондықтан да орман ресурстарын іске жарамды ағаш ретінде пайдалану үшін оның ондаған жылғы қорын әрқашан сақтап отыру қажет. Бұл жағынан алып қарағанда, ағаш ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау мен минералды ресурстарды бағалауда көп ұқсастық бар, әсіресе, қолдағы қордың қаншалықты құнды екенін айыру тұрғысынан

 

R=Z - S,                 (1)

 

мұндағы Z – жылдық дайын ағаш қорының құндылығы, нарықтық бағасымен, мың тг; S – ағаш қорын дайындауға кеткен шығын мөлшері, мың тг.

Ауыл шаруашылығында, жер ресурсын бағалаудың ерекшелігі жердің құнарлылығына, одан алынатын өнім мен баға мөлшерінің әрдайым өзгеріп отыратынына байланысты екенін ескеріп, жыл сайын бағалап отыру қажет.

Орман алқаптары көбіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін пайдаланылатынын ескерсек, орман ресурстарын бағалағанда егісті, шабындық, жайылым жерлерді де қоса бағалау қажеттілігі туындайды [16].

Ал су ресурсын алатын болсақ, басқа табиғат ресурстарына ұқсамайтын өзіндік экономикалық тұрғыдан бағалау ерекшелігі бар. Бұл ресурсты бағалағанда әр ауданда, аймақтарда су ресурстары үшін қолданылатын шектеулі шығын мөлшерін ескеру қажет. Өйткені су ресурстары тасымалданбайтын, орналасқан жерінде пайдаланылатын көп салалы ресурсқа жатады.

Жоғарыда келтірілген табиғат ресурстарын бағалағанда жалпы ұқсастығы олардың орналасу ерекшеліктерін, яғни географиялық тұрғыдан табиғи қалыптасу орны мен экономикалық тұрғыдан пайдалану деңгейі ескеріледі. Әсіресе, экономикалық тұрғыдан табиғат ресурстары орналасқан жері қаншалықты электр қуатымен, транспортпен, сумен, жұмыс күштерімен, жол қатынасымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Ал орман ресурстарын ағаш қоры есебінде пайдаланғанда бұлардан басқа жазықты жерде немесе биік таулы-қыратты жерлерде орналасуына байланысты бағаланады. Бұл арада ағаш дайындау шығынының әртүрлілігі ескеріледі.

Орман ресурстарының басты ерекшелігі, яғни көп салалылығы мынаған келіп саяды: а) ағаш қоры; б) ылғал сақтайды; в) топырақ жамылғысын сақтайды; г) микроклимат жағдайын қалыптастырады; д) демалыс орындары; е) жеміс-жидек қоры қалыптасады (саңырауқұлақ, бүлдірген, жаңғақ, емдік шөптер, аңшылық т.б.). Бұл тұрғыдан алып қарағанда орман ресурсының экономикалық тұрғыдан бағалау мүмкіндігі қиындай түседі. Өйткені ылғал сақтау, таза ауа қалыпта


Информация о работе Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау