Әлеуметтендіру негіз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 17:07, реферат

Краткое описание

Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды.

Содержание

І. Кіріспе: «Әлеуметтену ұғымы»
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Тұлғаны әлеуметтендіру.
2.Әлеуметтендіру агенттері.
3.Әлеуметік мәртебе мен рөл.
4.Тұлғаның әлеуметтік қызметі.
ІІІ. Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Әлеуметтендіру.docx

— 34.79 Кб (Скачать файл)

    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Теориялық және практикалық психология кафедрасы

Мамандығы: 5В010300-Педагогика және психология

Оқу формасы: күндізгі

БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

 

«Әлеуметтік психология»  пәнінен 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: « Әлеуметтендіру негізі » 

 

 

 

 

Орындаған:

2 курс студенті, 208 топ.

Нарымқанова Г.Қ.

 

Тексерді:

Уакасова М.Б.

___________________________

         Оқытушының қолы

                                      

 

                                              

Алматы, 2013

      Пайдаланған  әдебиеттер :

  1. Әбеуова И.Ә.,Ермекбаева Л.Қ. Әлеуметтік психология: Оқу құралы – Алматы:Полиграфия-Сервис и К.,2011. – 214б.
  2. Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология: Оқу құралы – Алматы,2001. – 58б.
  3. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы – Алматы: “Ғылым” ғылыми баспа орталығы, 2003. – 376б.

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

    Жоспар:

І. Кіріспе: «Әлеуметтену ұғымы»

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Тұлғаны әлеуметтендіру.
  2. Әлеуметтендіру агенттері.
  3. Әлеуметік мәртебе мен рөл.
  4. Тұлғаның әлеуметтік қызметі.

ІІІ. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі социолог 

Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиым” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары)статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғыл. атақ-дәрежесі т.б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеум.-топтық, әлеум.-кәсіби, әлеум.-этникалық, т.б.) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т.б.) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың, даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т.б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады.

     Тұлғаны әлеуметтендіру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады. «Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру. 
Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.

     Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінезі – құлқы әлеуметтендірудің обьектісі ретінде қалады. Бірақ адам бұл процестің обьектісі ғана емес, суьектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді. Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен төртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. 
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. Әлеуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.

     Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.

     Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан».

     Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары батаның бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуте тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.

     Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі. 
Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік. Әлеуметтендірудің көптеген тұыжымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде моральдық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект – объект деп қарауға болады (қоғам объсктивтік әсер, ал адам —оның объектісі).

     Бұл ұғым — пікірдің басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды. 
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі Жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект-субъект» деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч.Кули жоне Д.Г. Мид ұстанды. 
     Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді.

     Бірінші – мегафакторлар (мега- ете үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.

     Екінші – макрофакторлар (макро-үлкен) - ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру.

     Үшінші —  мезофакторлар (мезо-орташа) - тұрғылықты  жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі  субмәдениетке қатысы бойынша  сараланатын адамдардың үлкен  тобын әлеуметтендіру жағдайы. 
     Микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады – үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдъщ, діни, мемлекеттік, жеке үйымдар, микросоциум.

     Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметік іс-әрекеттердің маңызды субъектісі де болып саналады. Бұл іс-әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде. Көрнекті неміс әлеуметтанушысы Марк Вебер әрбір адам өзінің іс-әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап көрсеткен. Олар осыларды өмірде қолданады. Одан әрі саналы адамның әлеуметтік іс-қимылы, әрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Вебер осындай іс-әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналануын тосу, күту, үміт ету (ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Мындай әлеуметтік іс-қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целенаправленное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады.

     Әлеуметтендіру агенттері - (лат. agens - іс-әрекет етуші) - объективті түрде жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесіне қатысушы әлеуметтік институттар мен факторлар. Әлеуметтендіру агенттеріне отбасы, оқу орындары, саяси және қоғамдық институттар, дін, БАҚ, мүдделер тобы, оқиғалар және қоғамдық өмір процесі, құбылыстар жатады. Бұлардың барлығы да жеке тұлғаның әлеуметтік сипатының қалыптасу процесіне маңызды ықпал етеді. Жеке тұлға өмірінің әр кезеңіне (балалық шағына, жасөспірім кезіне, еңбекке дейінгі, ақыл тоқтатқан, зейнетке шыққан) сай келетін өз агенттері бар.

     Әлеуметтік мәртебе - лат. status - істің жай-күйі, жағдайы азаматтың, заңи тұлғаның, мемлекеттік органнын халықаралық ұйымның құқықтық жағдайын сипаттайтын құқықтары мен міңдеттерінің жиынтығы. Индивидумның немесе топтың бірқатар белгілер (экономикалық, кәсіптік, этникалык, т.б. белгілер) бойынша айқындалатын әлеуметтік ара қатынас жағдайы әлеуметтік мәртебе деп аталады. Әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді. Біреуі – қоғамнан берілген (предписание), екіншісі адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген (пробретенный) статус. Қоғамнан берілген статус – тұлғаның этникалық шығу тегімен, туған жерімен, отбасымен байланысты. Еңбегі арқылы қол жеткізген статус адамның қажырлы еңбек етуіне байланысты. Мысалы, жазушы, ғалым, директор. Статсутың табиғи деген түрі болады. Тұлғаның табиғи статусы адамның мәнді, тұрақты сипатты белгілеріне байланысты (ер адам, әйел, бала, жасөспірім, қарт). Көбінесе, қызметіне (лауазым) байланысты статус – тұлғаның базистік (яғни, негізгі) статусы болып есептеледі. Ол ересек адамның интегралдық статусының негізі болады. Бұл статусқа адамның әлеуметтік, экономикалық, өндірістік салаларда қызметі , орны (мысалы, дәрігер, инженер, мұғалім, банкир) жатады.

     Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.

     Рөлдік мінез-құлық өте қатаң шектелген, өйкені әр түрлі қызметтерді араластыру немесе олардың бәрін бірдей орындамаку бүкіл әлеуметтік жүйе тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл шектер абсолютті емес; рөл іс-әрекетке жалпы бағыт береді және оның мақсатын айқындайды, ал оларды орындау стилі варианттық фактор болады. Мысалы, фирма директорының рөлі басшылық жасау қызметін жүзеге асыруды талап етеді және оны басқа біреудің қарамағында қызмет істеу міндетімен алмастыруға болмайды. Бірақ басшылық жасау әр түрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін: беделге сүйену, демократиялық, бетімен жіберушілік, ал бұл тұрғыдан алғанда фирма директорының рөліне ешқандай шектеу қойылмайды.

     Бір адам көптеген рөлдерді орындайды, олар бір-бірімен қарама-қайшы келуі де, бір-бірімен үйлеспеуі де мүмкін, мұндай жағдай рөлдік қайшылықтарға әкеп соқтырады. Бұған әлеуметтануда жиі жазылып жүрген әйелдердің кәсіби және отбасындағы рөлінің арасындағы қайшылық мысал бола алады.

   Рөлдермен қатар, қоғамдық жқмысты тікелей алып жүруші, жалпы әлеуметтік жүйе үшін мәнді де маңызды, адамдардың бір-бірімен өзіндік қатынастары бар, мұнда да адам белгілі бір орын алады және соған сәйкес қайсыбір міндеттерді орындайды. Осы қарым-қатынастардың астары «тұлғааралық рөл» ұғымымен бейнеленеді. Әлеуметтік рөл сияқты тұлғааралық рөлдер де әр түрлі шағын топтарда тіптен қарама-қарсы болуы да мүмкін, айталық, дос, дұшпан, сенімді адам, т.б. Көбіне-көп адам өз мінез-құлқында осы әр түрлі күтілістерді еріксіз ескеруіне тура келеді, мұндайда адам бір емес, бірнеше топтардың күткеніне бағыт-бағдар ұстайды.

   Рөл өзінің қоғамдық маңыздылығы тұрғысынан алғанда, объективті құбылыс ретінде танылса, ал ол индивид санасында өзіндік ұйғарым тауып, өзінше оған түсініктеме берсе, субъективті де болады. Т. Парсонстың көзқарасы бойынша, қайсыбір рөлдің негіздерін тұлғалық мәннен емес, әлеуметтік қажеттіліктерден іздеу қажет. Айталық, қазіргі әйелдердің индивидуалдық ұстанымдарында әйел (ана) рөлі аса елеулі маңызға және құндылықтарға ие бола алмайды, бірақ қоғам алдында бұл рөл әйелге үлкен міндет жүктейді. Социум тұрғысынан алғанда, рөлдік қалыптардан ауытқу, оларды мойындамау жөнсіздікке әкеп соқтырады. Сондықтан рөлге қатысты мінез-құлық ережелерін мейілінше ұстану тұлғаның өмір сүруін жеңілдетеді, оның қайшылықты жағын азайтады, өзін-өзі сезіну сеніміне және оның баянды болуына негіз қалайды.

Информация о работе Әлеуметтендіру негіз