Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Июня 2015 в 16:48, реферат
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни әлеуметтік тапсырыспен жүзеге асады және адамдардың өмір тіршілігі үрдісінде пайда болған әлеуметтік проблемаларды шешуді ойластырады. Іргелі әлеуметтанулық зерттеулермен әдетте, университет ғалымдары шұғылданады, ал бірқатар елдерде ғылыми зерттеу институттары айналысады. Әлеуметтанушылардың мұндай еңбектерінің мамандануы зерттеулерді жүргізуге әлеуметтік тапсырыстардың пайда болуы мен кеңінен тарауына байланысты АҚШ-та XX ғасырдың 30-жылдарында пайда болған.
П. Сорокин әлеуметтануды теориялық және практикалық деп бөледі. Теориялық әлеуметтануды ол ұш бөлімге: әлеуметтік аналитикаға, әлеуметтік механикаға, әлеуметтік генетикаға белді1. Әлеуметтік аналитика әлеуметтік құбылыстың кұрылымын және оның негізгі формаларын зерттейді. Әлеуметтік механиканың (немесе әлеуметтік физиологияның) пәні — адамдардың өзара әрекет ету процестері, басқаша сөзбен айтқанда, адамдардың басқа да күштердің мінез-құлығын анықтауы, тигізер әсері. Әлеуметтік генетика әлеуметтік өмірдің дамуын, оның жекелеген жақтары мен институттарын зерттейді. Әлеуметтік құбылыстың дамуы оның құрылымымен және өзге құбылыстармен өзара әрекет етуі арқылы анықталады, сондықтан да әлеуметтік генетика әлеуметтік аналитиканы және әлеуметтік механиканы ез құзырына біріктірген.
Практикалық әлеуметтану қолданбалы пән ретінде сипатталады. Теориялық әлеуметтану қалыптастырған заңдарға сүйене отырып, ол алға қойылған мақсатқа орай коғам мен адамға әлеуметтік күштерді басқаруға көмектесуі қажет. Практикалық әлеуметтану, түптеп келгенде, әлеуметтік саясат ретінде де көрінеді, өйткені ол әлеуметтік саясатты бағыттайды және дәлелдейді.
«Әлеуметтану жүйесі» еңбегінде П. Сорокин ең алдымен әлеуметтік мінез - құлықты және адамдардың кызметін, әлеуметтік топтарды және коғам кұрылымын, сонымен катар оларда жүріп жатқан әлеуметтік процестерді неопозитивтік әлеуметтанудың зерттеу объектілері етіп алады. Бүкіл қоғамдық өмір және барлық әлеуметтік процестер құбылыстарға және екі немесе одан да көп индивидтердің өзара әрекет процесіне ажырайды. Міне, осы адамдардың өзара әрекеттері әлеуметтанудың тікелей зерттеу пәні болуы тиіс. Бұл жерде әңгіме индивидтердің мінез - құлқы мен қызметінен сырттай байқалатын «психорефлекторлық» өзара әрекет туралы болып отыр. Конттың позитивизмінен Сорокиннің неопозитивизмінің мәнді ерекшелігі осында. Конттың позитивтік әлеуметтануы коғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде зерттесе, Сорокиннің неопозитивтік әлеуметтануының тікелей зерттеу пәні болып екі немесе шағын топтар деп аталатындарды құрайтын бірнеше адамдардың өзара әрекеттері қарастырылады. Осындай қарапайым өзара әрекеттерден әр түрлі әлеуметтік процестер қалыптасады. Екі индивидтің өзара әрекетін П. Сорокин қарапайым әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттайды. Бір индивидтің психикалық әсерленулігі немесе сыртқы әсерлердегі өзгерістер келесі бір индивидтің әсерленулігі және сыртқы әсерлер арқылы пайда болады. Мұндай өзара әрекетті Сорокин «әлеуметтік клеткалар» деп атаған, сол клеткалардан барлық қалған жеңіл және күрделі қоғамдық құбылыстар қалыптасады.
П. Сорокин жоғарыда аталған шығармаларында «күрделі әлеуметтік агрегаттарды», алуан түрлі әлеуметтік топтарды, олардың құрылымдарын және өзара әрекетін зерттейді. Ол әлеуметтік топтарды топтастырудың біржақты және көпжақты критерийлерін ұсынды. Осы критерийлерге сәйкес әлеуметтік топтар бір ғана белгісімен, айталық, тіл, аумақ, жынысы немесе көптеген белгілеріне қарай бөлінеді. Кептеген белгілеріне орай таптар, ұлттар және басқа да күрделі, әсіресе әлеуметтік біртекті топтар бөлінді.
Қоғамның біртекті еместігі, оның түрлі әлеуметтік топтарға объективтік бөлінуі П. Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теорияларынан көрініс тапты. Бұл теориялар бойынша бүкіл қоғам әр түрлі қабаттарға — страттарға бөлінеді, олар өз арасында табыс деңгейлеріне, кызмет түрлеріне, саяси көзқарастарға, мәдени бағдарларына және т.б. қарай өзгешеленеді. Әлеуметтік стратификацияның негізгі формаларына П. Сорокин экономикалық, саяси жағдайды және кәсі билікті жатқызған. Оның пікіріне қарағанда, әлеуметтік стратификация коғамның табиғи және әдеттегі жағдайы. Ол қоғамда орын алып отырған коғамды еңбек бөлінісі, мүлік теңсіздігі, түрлі саяси бағдарлар және тағы басқаларымен объективті түрде қамтамасыз етіледі.
Өзінің мамандығын немесе кызмет түрін, экономикалық жағдайын немесе саяси көзқарастарын өзгерткен кезде адам әлеуметтік топтың бірінен екіншісіне өтеді. Бұл процесс әлеуметтік мобильдік деген атқа ие болды. П. Сорокин әлеуметтік мобильдік горизонтальды және вертикальды деп ажыратады.
Горизонтальды мобильдік адамның әлеуметтік топтың бірінен келісіне өтуін білдіреді, әлеуметтік стратификацияның өзгеріссіз деңгейінде қалған адам, айталық, село тұрғыны қала тұрғынына ауысса да, бірақ оның мамандығы және табыс деңгейі бұрынғы қалпында қалады. Вертикальды мобильдік деп адамдардың әлеуметтік жіктің бірінен екіншісіне иерархиялық тәртіппен өтуін, мысалы, қоғамның төменгі жігінен жоғарғысына немесе керісінше, жоғарғы жіктен төменгі жікке өтуін айтады. Вертикальды мобильдікі болуының объективті негізі — көбінесе адамдардың экономикалық теңсіздігінде. Дәлірек айтқанда, халық ішіндегі жіктердің табыстарының әр түрлі болуы, байлар мен кедейлердің өмір сүру деңгейлерінің әр түрлі болуы. Осыған орай адамдар қайсыбір қатынаста жоғарғы жікке жатады, әдетте басқа да параметрлер бойынша да сол жікте немесе керісінше болады. Жоғары экономикалық жіктің өкілдері бірден жоғары саяси және кәсіби жіктердің қатарына жатады. Мүліксіздер, әдетте, азаматтық құқығынан айырылады және кәсіби иерархияның төменгі жігіне орналасады. Әлеуметтік мобильдікі жалпы ережесі осындай.
П. Сорокин әлеуметтік мобильдікі де әлеуметтік стратификация сияқты табиғи және сезсіз болатын құбылыс деп қарайды. Әлеуметтік мобильдік әлеуметтік стратификация негізінде өмір сүреді.
П. Сорокин АҚШ-та жұмыс істей жүріп, эмпириялық әлеуметтануды тақырыбының ұсақтығы үшін және оның кең әлеуметтік проблемаларды қамтудағы орашолақтығы үшін сынады. Сонымен бірге «әлеуметтік орын ауысу», әлеуметтік құрылымдар мен жіктер жөнінде эмпириялық зерттеулер жүргізе отырып, П. Сорокин оларды кен әлеуметтік құрылымдарға жатқызуға және коғамдағы қозғалысты бұл құрылымдардың кызмет жасауымен байланысты қарауға ұмтылды. П. Сорокин әлеуметтік мекемелерді әлеуметтік құрылымдардың бірі деп есептейді, сондықтан да әлеуметтік жұмысқа мектептің, бюрократияның, армияның, шіркеудің және т.б. ұйымдардың қалай әсер ететіндігіне оның көңіл аударуы кездейсоқ емес еді. П. Сорокин — ірі әлеумет танымдық тұжырымдамалардың авторы ретінде белгілі болған ғалым. Осы тұжырымдамалардың көмегімен ол дүниедегі өзгерістерді түсіндіруге талпынды. Бұлардың бірі — әлеуметтік-мәдени динамика тұжырымдамасы. Екіншісі — коғамның интегралдық (тұтастыққа) жақындау түрінің тұжырымдамасы. Біріншісінің шеңберінде ол тарихи процесті мәдениеттер типтерінің қозғалысы ретінде қарастырады да, олардың әрқайсысын белгілі бір тұтастық деп есептейді. П. Сорокин мұндай негізгі типтердің үшеуін атап көрсетеді. Олар: сезімділік, ақылға қонымды пайымдылық, идеалистік. Бұлардың біріншісі шындықты тікелей сезімділікпен қабылдаудың басымдылығымен сипатталады, екіншісі ақылға қонымды, пайдалы ойлардың үстемділігімен, ал үшіншісі - сезімталдықтың (интуицияның) басымдығымен сипатталады. Мәдениеттің бұл түрлерінің әрқайсысы дамуда болады да, дамудың әр түрлі кезеңінде адамзат коғамымен бірге жасасады.
П. Сорокиннің әлеуметтік-мәдени, динамикалық тұжырымдамасы — әлеуметтік өзгерістердің болу кезеңдері мен қозғаушы күштерін және олардың қоғамдағы диалектикасын талдауға арналған алғашқы әрекеттерінің бірі болды. Ал енді, коғамның тұтастығы туралы теориясына келетін болсақ, мұнда ол келешектің өзіндік нұсқасын ұсынуға ұмтылды. Бұл теория қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары мен жүйелерінің өзара байланысын түсінуге және бұлардың әрқайсысының жақсы жетістіктерін адамзат мүддесіне пайдалануға деген нақтылы шындық түріндегі көзқарастар арасындағы неғұрлым алдыңғы қатарлы теория болды. Адамзат қоғамының шынайы жетістіктері жөніндегі бұдан басқа да айтқандарының бірқатары П. Сорокиннің көзқарасының дұрыстығын көрсетті. Атап айтсақ, бұл — меншік пен саяси құрылымның көп түрлілігі, еңбек пен экономикалық тәртіпті ынталандыру, жоспарлау тәсілдері және т.б. жөніндегі мәселелер. К,алай дегенмен де, адамзат көптеген қиыншылықтарға ұшыраса да, баяу болса да интеграция жолымен алға жылжуда.
Әлеумет танымдық тұжырымдамалардың бірі — шиеленіс теориясы. Бұл теорияны неміс әлеуметтанушысы Г. Зиммель (1858 -1918) негіздеген болатын. Мұнда ол қақтығыстарды әлеуметтік процестерді талдаудың өзекті мәселесі ретіндегі адам қоғамының табиғатына тән құбылыс деп қарайды. Соңғы жиырма жылдың ішінде шиеленіс теориясы Д. Беллдың, К.Боулдингтің, М. Крозьенің, А. Туреннің, т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды. Бұл теорияның қолдаушылары әлеуметтік жүйелердің тұралауын болдырмайтын және олардың дамуын ынталандыратын қақтығыстардың объективтік кұндылығын атап көрсетеді. Сонымен бірге олар қоғамдық процестің дамуына кедергі келтіретін қақтығыстарға да назар аударады. Бұлардың қатарына әлеуметтанушылар тап күресін де жатқызады. Олар әлеуметтік қақтығыстардың себептері коғамдағы, ондағы топтар арасындағы қатынастардағы әрекет жасайтын психологиялық механизмнің жетілмеуін де жатыр деп санайды. Бұл әлеуметтанушылардың пікірінше, ең бастысы әлеуметтік шиеленіске ұласып кетуі мүмкін әлеуметтік қақтығыстардың кеңеюіне жол бермеу керек.
Әлеуметтану дамуының соғыстан кейінгі дәуірі (40-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдар) өте жемісті және көпқырлы болды. Осы уақытта әлеуметтанудың маңызы зор кептеген бағыттары мен тұжырымдамалары пайда болып, дамыды. Әлеумет танымдық теориялардағы тұғырлы орынды көрнекті американ теоретигі Т. Парсонстың (1902-1979) еңбектері иеленді. Оның ұсынған кептеген тұжырымдамаларының ішіндегі ең елеулілері екеу: 1) әлеуметтік әрекет теориясы;
2) құрылымдық - функционалдық
сараптау тұжырымдамасы. Методологиялық
жағынан бұл екеуі бір - бірімен
тығыз байланысты, бірақ біріншісі
негізгі болып табылады. Әлеуметтік
әрекет теориясын Парсонс 30-жылдардың
өзінде-ақ Вебер мен
б) интеграция;
в) мақсатқа жетушілік;
г) бейімделушілік шарттары. Парсонстың теориялық құрылымдарының соншалықты күрделілігіне қарамастан, оның зерттеулерінде әлеуметтанудың басты міндетіне сай келетін, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететіндей құрылымдар мен механизмдерді зерттеу ісі өзекті мәселе етіп қойылды. Бұл міндетті шешуге құрылымдық – функционалдық талдау қолданылып, соған сәйкес коғам мен оның қосалқы жүйелерінің өздері белгілі бір функциялар жиынтығын орындауы тұрғысынан қаралды. Алайда, 60-жылдарда әлеуметтік процестерге осылай түсінік беруде өмірдегі қайшылықтарды, қақтығыстарды, тұрақсыздықты және т.б. ауытқушылық құбылыстарды түсіндіру оңайға сықпайтындығы анық болды. Бұдан құрылымдық – функционалдық талдауды тереңдету кажеттілігі туды. Парсонс әз тұжырымдамасының нығаю жолын өзгелердікінен басқа бағыттан іздеді. Сөйтіп, коғамды құрылымдық бөліктерге бөлуге байланысты туған оның неоэволюционизм (жаңа эволюционизм) теориясы пайда болды.
Әлеуметтік нақтылықтың жергілікті жердегі көріністерін, оның проблемаларын, процестерін, мекемелері мен ұйымдарын білуге деген қоғамдық қажеттілік нәтижесінде, сондай - ақ Мертон идеяларының ықпалымен «орта деңгей» әлеумет танымдық теорияларының белсенді дамуы басталғанда, әлеуметтанудың көптеген салалары қалыптаса бастады. Бұлардың тек кейбіреулері: еңбек, қала, ауыл, жастар, демалыс, білім беру, мәдениет, ғылым, отбасы, саясат, дін, тіл, құқық, қылмыс, пікір, дәрігерлік, т.б. әлеуметтанулары пайда болды. Бұлардың әрқайсысында эмпириялық зерттеулер деректеріне талдау жасауға, жергілікті проблемалар мен процестерді түсіндіруге міндетті арнаулы әлеумет танымдық теориялар пайда болып, көбейді. Әлеуметтану ілімі дамуының екінші кезенін (40-60-жылдар) қарауды аяқтай отырып, бұл кезеңнің академиялық та, қолданбалық та әлеуметтанудың даму жолдарын және оларды біріктіру мүмкіндіктерін іздестірумен көзге түскендігін атап өту керек. Тұтас алғанда әлеуметтану ғылымы елеулі табыстарға жетіп, жаңа белестерге көтерілуде. Бұл ғылымның беделі артып, ғылым мен пән ретінде жоғары оқу орындарында берілетін кәсіби мамандық санатында біржола орнығуда. Оның беделі дүниежүзілік көлемде де өсіп, халықаралық әлеумет танымдық ынтымақтастық күшеюде. Бүкіл дүниежүзілік әлеумет танымдық конгрестер жиі ұйымдастырылатын болды. Халықаралық әлеумет танымдық ассоциация (ХӘА) өз қызметін белсенді түсті.