Өнім сапасын басқарудың статистикалық әдіс таңдаудың экономикалық негіздемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 06:45, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ.Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі.docx

— 44.22 Кб (Скачать файл)

2. сапаны басқару ауқымында  кадрлардың біліктілігін арттыру мен

дайындық;

3. сапа төңірегіндегі  қызмет;

4. сапаны басқару жөніндегі  іс-әрекетті бағалау мен тексеру;

5. статистикалық әдістерді  қолдану;

6. сапаны бақылау жөніндегі  жалпыұлттық бағдарлама.

Бұл ерекшеліктер барлық әлемде кеңінен зерделенуде. Сапаны басқаруды қалайша жүзеге

асыруға болады? «Жоспарла - жаса - тексер - әсер ет» формуласына жүгіну керек. Бұл басқару

аясы деп аталады. Ол дұрыс  бағыт – бағдармен жүруге жәрдемдеседі.

Сапаны қамтамасыз ету  ұстанымдары мынадай:

1. бақылауға негізделген  сапаны қамтамасыз ету;

2. өндірістік үрдістері басқаруға негізделген сапаны қамтамасыз ету;

3. өнімнің жаңа түрлерін жасау саласындағы сапаны қамтамасыз ету.

Ғылым мен техниканың алғы шебінде тұрған Жапония фирмалары

мынадай міндеттер қояды:

-фирманың өркендеуі мен беделінің көтерілуі;

- барлық қызметкерлердің күш-жігерін біріктіру;

- тапсырыс беруші мен тұтынушылардың сеніміне ие болу;

- жаңа өнімді жасауға деген шығармашылық тәсіл;

- сапаны тиімді әкімшілік басқару;

- жеке тұлға, өндіріс мәдениеті, келесі ұрпаққа берілетін дәстүр сабақтастығы;

- сапаны басқарудың статистикалық тәсілдерін қолдану.

Өнеркәсіптік жүйеснің айрықша белгілерінің бірі – басқа елдердің тәжірибесін ескеру ғана емес, бәрінен бұрын өзінің күшті жақтарын қолдану болып табылады. Жапондық тәжірибе 60-жылдардың басында пайда болған сапа үйірмелері ең ықпалды болып шықты. Үйірмелерді құрудың қарапайымдылығы мен олардың жоғары тиімділігі Батыстың жапон тәжірибесін көшіруге ниетін аударды. Сапа үйірмелері мақсаттарының бірі ұжымдық жұмыс арқылы адами қатынастарды тереңдету мен өндірістік мәселелерді бірлесіп шешу.Сапа үйірмесінің жапондық мамандар есебі жұмысқа деген қызығушылықты тудырады. Жапонияда сапа жүйесіне үш жапондық қоғамның «қасиетті сиырлары» үлкен рөл атқарады: өмір бойы жалдану, жалақының ерекше жүйесі, еңбек бірлестіктерінің фирмалақ құрылымы және өздерінің қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер (медициналық сақтандыру, спорт, туризм, тамақтану және т.с.с.). жапондық фирмаларда сапа үйірмелерін құруда сатып алушылар талабына негізделген өнімнің барлық технологиялық тізбегінде сапаны дұрыс және жүйелі бағалауға үйретеді. Сонымен, өнім сапасын жақсартудың шетелдік тәжірибесі келесі нәтижелерді шығаруға мүмкіндік берді :

1. сапа шетелдік фирманың  экономикалық қызметіндегі орталығы  болды;

2. өнім сапасы деңгейінің  шарты болып тек оның бәсекеге  қабілеттілігі болып табылады;

3. сапалық өкімді жасаудағы  ең басты сатысы алушының сұранысы  сөзсіз және эканомды қанағаттандыру қабілеттілігі;

4. сапаны басқарудағы  жүйелік сапа танымалы әдістер және тағы сол сияқты.

Шетелдік компаниялар  тәжірибесін зерттей отырып, келесіні айтуға болады

1. Қазақстан үшін сапа  мәселесі бұқаралық ақпарат құралдарында қолдау табу керек;

2. тұтыну тауарларының  сапасын бақылауды бірінші қажеттілік деп түсіну;

3. шикізат пен құралдарды  сатып алуда олардың сапасына  көңіл бөлу қажет;

4. технологиялық үрдістердің  сапаға лайықты көңіл бөлуі керек;

5. мемлекеттік басқару деңгейінде сапаны басқару жүйесін бірлесе құра отырып республикада стратегияның жасалуы керек.

Қорыта келгенде, өнім сапасын  басқару – бұл өнім сапасына әсер ететін жағдайлар мен мақсатты бағытта ықпал ету және жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдану. Сонымен қоса, өнім сапасын басқару бұл - өнімді тұтыну кезінде жүргізілетін іс-әрекет. Сапаны басқару – сапа жағынан талаптарға сай келетін өнімді шығару үшін күнделікті іс-әрекет пен оның әдістері. Соңғы кездері кәсіпорындарда сапа мәселесін шешуде кезінде нарықтық қажеттілік есепке алынбай, өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».

     Алматы -2001 ж.

  1. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж.
  2. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003  ж
  3. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001
  4. Сәбден О., Тоқсанова А. «Шағын  кәсіпкерлікті  басқару», Алматы –

     2002 ж 

  1. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж.
  2. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы  экономикалық теория», Алматы – 2002 ж.
  3. «Экономикалық саясат», Экономика –Алматы, 2002 ж
  4. Менеджмент негіздері, 2005
  5. Экономика предприятия. Учебник, 2000

 

 


Информация о работе Өнім сапасын басқарудың статистикалық әдіс таңдаудың экономикалық негіздемесі