Арболиттен жасалған бұйымдар өндірісінің даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2015 в 08:10, реферат

Краткое описание

Арболит – минералды байланыстырғыш, су, химиялық қоспалар және органикалық целлюлоза толтырғыш (өсімдік табиғатынан) қоспаларының құрамынан таңдап алынатын үлкен қуысты жеңіл бетон. Фибролит, ағашбетон, ксиолит секілді аналогиялық материалдардан арболиттің ерекшелігі оны алу үшін қолданылатын табиғаты әр түрлі органикалық целлюлоза толтырғыштар (ағаш ұсақтамалары, зығыр оты, сора, қамыс, қоза сабақтары, күрiш сабандары), яғни өндіріс қалдықтары кең аталымға ие.

Содержание

Кіріспе
1. Шығарылатын өнім атауы
2. Өндіру тәсілін таңдау және оның негіздемесі
3. Арболиттен ұсақ даналы блоктарды өндірудің технологиялық әдісінің сипаттамасы
4. Технологиялық бөлім
4.1 Арболит қоспасына арналған шикізатқа талаптар
4.2 Арболит қоспасының құрамын есептеу
5. Технологиялық процессті және дайын өнімді бақылау
6. Арболиттен жасалған бұйымдар өндірісінің даму перспективасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

СРС2.doc

— 125.50 Кб (Скачать файл)

 

 

6. Арболиттен жасалған бұйымдар өндірісінің даму перспективасы

Бұл материалдар ұзақ мерзімді, қажетті беріктікке ие, салмағы аз, отқа төзімді, биотұрақты және механикалық өңдеуге қолайлы – жақсы егеледі және бұралады.

Арболитті жергілікті арзан шикізаттан даярлайтынын ескеретін болсақ, ол көптеген пайдалы қасиеттерге ие: оны еліміздің құрылыстарына кең қолданысқа жіберуге болады, соның ішінде әр түрлі климаттық жағдайларда аз қабатты үйлер салу үшін қолдануға болады.

Техникалық-экономикалық есептеулер ағаш, қамыс, кендір күлі, сол секілді ауылшаруашылық өнімдерінің қалдықтары шоғырланған аймақтар негізінде құрылыс құрылымдарын қоршайтын арболит бұйымдарын жасап шығаратын өндіріс ұйымдастыру қолайлы деп көрсетеді. Арболиттің қасиеттерін ескеріп қолдану және оларды дұрыс даярлау – олардан ұзақ мерзімді әрі арзан құралымдар алуға мүмкіндік береді. Еліміздегі арболиттен бұйымдар жасауға жарамды көп мөлшердегі шикізат көлеміне байланысты,  жуырда жеке құрылыс аймақтарындағы қабырға материалдары мен жабуға арналған жылытқыштардың жетіспеушіліктерін өтей алатын арболит өндірісін кеңейту қажет. Әсіресе, бұның ауылшаруашылық және қалалық аз қабатты құрылыста маңызы зор. Арболит бұйымдары көп мөлшерде ағаш қалдықтары бар орман кәсіпкерлігіне, ағаш өңдеу және қағаз өнеркәсібіне арналған ғимараттар құрылысында кеңінен қолданылуы тиіс.

Арболит бұйымдарын жаппай өндіру үшін шикізат (органикалық толтырғыштар) шоғырланған орындарда құрылысшылардың бұл өнімге мұқтаждығын ескере отырып, арнайы кәсіпорындар немесе жеке цехтар салу керек. Сонымен бірге, арболит толтырғыштарына арналған ағаш қалдықтарын, тікелей осы ағаш қалдықтары топталған жерлерде өңдеу мәселесін шешу қажет.

Арболит бұйымдарының өндірісінде қалыптау процессі маңызды технологиялық қайтадан жасау болып табылады. Сондықтан, бір жағынан, тығыздау мен илемдеудің таңдамалы әдістерімен арболит қоспасының тығыздау тәсілдерін жақсарту қажет, ал басқа жаығнан – бұйымдарды дайындауда жіті тығыздауды қажет етпейтін мүмкіндіктерді қарастыру қажет.

Қазіргі уақытта бұйым өндірісінде жетілдірілмеген жері қатаю процесі болып табылады. Жасалынған арболит қоспасын жылулық өңдеуде температураны жоғарылату органикалық толтырғыштардан цементке зиянды заттарды бөлу процесін жеделдетеді, нақты жағдайларда бұйымдар қалыптаудан кейін ұзақ уақыт тұруды қажет етеді. Бұл жағдай арболит өндіретін кәсіпорындардың өнімділігін кеңейтетін, арболит қатаюын жеделдетудің рационалды шешімдерін қарастыруды қажет етеді.

Арболит бұйымдарының өндірісін дамыту үлкен мәселе болып табылады, әрі бұл арзан құрылыс материалын кеңінен қолданысқа енгізу үшін халық шаруашылығының қызығушылығы жедел рұқсатты қажет етеді.

 

Қорытынды

Арболит – минералды байланыстырғыш, су, химиялық қоспалар және органикалық целлюлоза толтырғыш (өсімдік табиғатынан) қоспаларының құрамынан таңдап алынатын үлкен қуысты жеңіл бетон. Арболитті алу үшін қолданылатын табиғаты әр түрлі органикалық целлюлоза толтырғыштар (ағаш ұсақтамалары, зығыр оты, сора, қамыс, қоза сабақтары, күрiш сабандары), яғни өндіріс қалдықтары қолданылады.

Ұсақ даналы арболит блоктары тұрғын үй-жайлардың және шаруашылық жайларының (сиыр қора, шошқа қора, құс қора, сарай-қойма, гараж және т.б.) жеке құрылысында  қолданылуға арналған.

Блоктар арболит бетон қоспасынан дайындалады және ρ = 700 кг/м3 тығыздық пен 600×150×250 мм геометриялық өлшемдерге тең.

Блоктар МЕСТ 19222-84 және МЕСТ 19010-82 талаптарына сай дайындалады.

Бүгінде арболиттен жасалған бұйымдарды агрегатты-тасқынды, конвейерлі және жартылай конвейерлі технологиялар арқылы алады.

Арболиттен жасалған ұсақ даналы блоктарды өндіру үшін жүргізілген есептеулер бойынша құрамы анықталып, бұйымның жобалық тығыздығы ρ=700кг/м3, ал бетонның классы – В 2,5 болатын арболит қоспаларын қолданады.

Өндiрiстiк бақылау 3 түрге бөлінеді: кiргізу кезіндегі, операциялық, шығару кезіндегі.

Бұл материалдар ұзақ мерзімді, қажетті беріктікке ие, салмағы аз, отқа төзімді, биотұрақты және механикалық өңдеуге қолайлы – жақсы егеледі және бұралады.

Арболитті жергілікті арзан шикізаттан даярлайтынын ескеретін болсақ, ол көптеген пайдалы қасиеттерге ие: оны еліміздің құрылыстарына кең қолданысқа жіберуге болады, соның ішінде әр түрлі климаттық жағдайларда аз қабатты үйлер салу үшін қолдануға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. ГОСТ 10178–85.Портландцемент и шлакопортландцемент. Технические условия.
  2. ГОСТ 10181 – 2000. Смеси бетонные. (взамен ГОСТ 10181.0 – 81, ГОСТ 10181.1 – 81, ГОСТ 10181.2 – 81, ГОСТ 10181.3 – 81, ГОСТ 10181.4 – 81).
  3. ГОСТ 13015 – 83. Конструкции и изделия бетонные и железобетонные сборные.
  4. ГОСТ 19010 – 82. Блоки стеновые бетонные и железобетонные для зданий. Общие требования.
  5. ГОСТ 19222 –84. Арболит и изделия из него. Общие технические условия.
  6. Ибрагимов Ж.А. Производство мелкоштучных стеновых блоков для индивидуального строительства: Справ. Пособие. – М.: Стройиздат, 1994.
  7. Труды Алма-атинского научно-исследовательского и проектного института Строительных материалов. Сборник 9(11) / Г.А. Батырбаев, Р.Б. Еремекбаев, А.А. Акчабаев. – Алма-Ата: Министерство промышленности строительных материалов СССР, 1969. – 420 с.
  8. Ғ. Батырбаев, М. Садуақасов. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: Эверо, 2009. – 259 б.
  9. С.Қ. Хамзин, Ф.Б. Әбдүшкір. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар). Оқу-әдістемелік құралы. Астана – 2007. – 140 б.

 

Размещено на Allbest.ru

 


Информация о работе Арболиттен жасалған бұйымдар өндірісінің даму перспективасы