Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 08:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекет мемлекет нысанның түсінігін қазіргі кездегі даму жолдарын мазмұнын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
- мемлекет нысанның және азаматтық қоғам туралы тоқталу;
- құқықтық мемлекеттің даму жолдарын ашу;
Кіріспе........................................................................................................................3
І бөлім. Мемлекет нысанының түсінігі...............................................................5
1.1.Мемлекет нысаның жалпы сипаттамсы мен ұғымы.........................................5
1.2 Мемлекет нысанының ішіндегі президенттік басқару формасының түсінігі мен маңызы..................................................................................................................6
І бөлім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысан алдындағы алатын орны мен ерекшеліктері.........................................................................10
2.1. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде алатын орны...........10
2.2. Мемлекеттің құрылымдық және саяси басқару нысандары.......................11
ІІІ бөлім. Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет нысанының алатын орны мен маңыздылығы.........................................................................15
3.1 Азаматтық қоғам, оның мазмұны.....................................................................15
3.2 Құқықтық мемлекеттің бастаулары мен белгілеріның мемлекет нысанының ерекшеліктері.............................................................................................................17
3.3 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру кезіндегі саяси басқару нысандары.................................................................................................................19
Қорытынды..............................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................26
2.1. Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекет ретінде
Қазақстан Республикасының өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына он бес жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған он бес жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты зерттеуге болатын күн туды. Бүгінгі таңда саяси жүйесі мығым қалыптасқан мемлекеттер қатарында болғандықтан, мемлекетіміздің ішкі құрылымын, басқару жүйесін нақты зерттеп, оның мәндік-мазмұндық жағын айрықша көрсете білу әрбір тұлғаның перзенттік борышы. Себебі, мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да, қоғам мен мемлекеттің, оны жаңа түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдардың бірі болып табылады. Ол – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі нәтижесі. Ал, қоғам өзегі – адам. Сондықтан да, мемлекет құрылымы мен тұрпатын тану өз өзіңді танумен тең.
«Адамды танимын десең қолына билік бер» деп халық даналығында айтылғандай, билікті жүзеге асыра білу де оңай емес. Себебі, бір жеңнен қол шығара білу әр адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан да, біз қоғамды құраушы негіз ретінде биліктің, саясаттың жүзеге асырылуында тек кемшіліктерді көре білмей, керісінше екі жақты салыстырып, сараптай алатын дәрежеде болуымыз керек.
Қазіргі жаһандану кезеңінде мемлекеттің гүлденуінің ең басты алғышарттарының бірі болып ресми биліктің мемлекеттің ішкі мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануына саяды. Бұған куә көршілес елдердегі және Еуропадағы ішкі қақтығыстарды шешуде биліктің іс-әрекеттері болып табылады.Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдың ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құрутуралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Саяси режим – әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды. Осы аталған дәйектер дипломдық жұмыс тақырыбының таңдалуына себепші болды.
2.2. Мемлекеттің құрылымдық және саяси басқару нысандары
Саяси режимнің белгілеріне тоқталып кетсек:
- саяси өкіметті ұйымдастыру
тетігіндегі халықтың қатынасу
деңгейі және сондай
- мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының арақатынасы;
- жеке адамның бостандығының кепілділігі;
- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;
- халықпен саяси билікті
- ақпарат құралдарының жағдайы,
қоғамдағы ашықтық деңгейі
- мемлекеттік емес
- Заң шығару мен атқару
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін қорғайтын мемлекет ұйымдастырады. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің формасының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Форма мәнді, мән формалы. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған формадан өзінің көрінісін табады. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінің диктатурасы болса, оның формасы – шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет формасының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің формасы даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де өзгеріске шалдығады.
Саяси режим – мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.
Демократиялық режим – барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.
Демократиялық емес режим – халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.
1. Тоталитарлық – (латын сезінен
– totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік
билік бір топтың, бір партияның
қолында шоғырланған, елде демократиялық
бостандық пен саяси
1. Тек бір партия билік
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
3. Бір идеология ғана
4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.
5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.
Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді «бұқаралық қозғалыстың диктатурасы» деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша «Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда».
2. Авторитарлық (француз сөзі autoritaire
– билік) азаматтарды тырп еткізбей
мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің
айырмашылығы авторитаризм
3. Аристократиялық (грек сөзі –
aristokratia) – қоғамдағы ақ сүйектер
әулетінен құрылған топтардың
мемлекетте саяси билікті
4. Фашистік – (италия сөзі –
(fascismo) бірлестік, байлау) – бір ұлттың
билік жүргізуде үстемдігі
5. Либералдық – (латын сөзі –
liberalis ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен
парламенттік демократияны
Дипломдық жұмыстың мақсаты саяси режимнің түсінігін, табиғатын ашу болып табылады.
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді.
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
ІІІ бөлім. Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет нысанының алатын орны мен маңыздылығы
3.1 Азаматтық қоғам, оның мазмұны
Адам қоғамы қалай
қалыптасты, оның себептері қандай
-бұл туралы бір қорытынды
Қоғамдық
мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша
емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада
қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның
жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады.
Себебі қоғам - саналы адамдардың ерікті
түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ,
бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса,
ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер
еді. Адам - қоғамның бірінші клеткасы.
Қоғам - адамдардың күрделі әлеуметтік
бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс,
жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды
реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның
объективтік даму процесінің заңдарына
сүйене отырып адамдар өздері әлеуметтік
нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады.
Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды.
«Адамдар өз тарихын өздері жасайды, -
деп жазды Маркс, - бірақ олар оны өз қалауынша
жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан
қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады».
Қоғамның тарихи объективтік
қалыптасқан негізгі белгілері:
- саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп
одақ құруы;
- қоғамдық түпкілікті, нақты,
объективтік мүдде мақсаттың
қалыптасуы;
- адамдардың өзара ынтымақтастығының,
бірлігінің қалыптасуы;
- қоғамдық мүдде-мақсат,
тілек арқылы қарым-
- қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті
қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің
өмірге келуі.
Қоғам - саналы адамдардың бір
мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы
түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде
екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың
қалыптасуы және саналы адамдардың саналы
түрде бірігуі.
Адамның объективтік тарихи даму процесіне
және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның
бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам,
шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық
қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі,
ең түпкіліктісі — адаммен бірге дамып
келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның
басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады.
Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері,
кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты
көпке созылмайды.
Қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын
әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани
қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған
қатынасушылардың табиғи және азаматтық
құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық
даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық
қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді,
өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің
барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің ара қатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.
Республика Конституциясы Казақстандағы
қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке
бағындырмастан (оның айғағы — онда «Қоғам»
өлімнің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы
нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын
тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті
құқықтық жағдайлардың негізін қалайды.
Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын
мемлекеттік меншікпен жеке меншікті
(6-баптың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының
кең ауқымды және біртұтас кешенін (ІІ-бөлім);
отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің
қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси
әралуандылықты (5-бап) және тағы басқа
Конституцияда бекітілген қазақстандық
азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы
шарттарын жатқызуға болады.
Қазақстан
Республикасының Конституциясында елімізде
қоғамды қалыптастырып, демократиялық,
зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет
құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт
мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты
мүдде-мақсаты.
3.2 Құқықтық мемлекеттің бастаулары мен белгілеріның мемлекет нысанының ерекшеліктері
Билікті құқықпен, заңмен шектеу
идеялары — барынша ескі
Құқықтық мемлекет теориясындағы аса
маңызды мәселелердің бірі - биліктерді
бөлу қағидатын құрушылар Дж. Локк пен
Ш.Монтаскье болып табылады. Ш.Монтаскье:
«Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер
бір-бірін өзара ұстап тұратын тәртіптер
жүйесі қажет» деп дәлелдеді.
Г.Едлинек құқық және заңның үстемдігі
идеясын алдыға тарта оты-рып, сонымен
қоса мемлекеттің өзін-өзі шектеу теориясын
ұсынды. Орыс заңгерлері Н.М.Коркунов,
П.И.Новгородцев, Г.Ф.Шершеневичтердің
еңбектерінде құқықтық мемлекет тақырыбы
құқықтық мемлекетті шектеу тұрғысынан
қарастырылды.
Жоғарыда айтылған идеялар негізінде
кейінде төмендегідей белгілерімен ерекшеленген
құқықтық мемлекет концепциясы құрылды: