Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 08:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекет мемлекет нысанның түсінігін қазіргі кездегі даму жолдарын мазмұнын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
- мемлекет нысанның және азаматтық қоғам туралы тоқталу;
- құқықтық мемлекеттің даму жолдарын ашу;
Кіріспе........................................................................................................................3
І бөлім. Мемлекет нысанының түсінігі...............................................................5
1.1.Мемлекет нысаның жалпы сипаттамсы мен ұғымы.........................................5
1.2 Мемлекет нысанының ішіндегі президенттік басқару формасының түсінігі мен маңызы..................................................................................................................6
І бөлім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысан алдындағы алатын орны мен ерекшеліктері.........................................................................10
2.1. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде алатын орны...........10
2.2. Мемлекеттің құрылымдық және саяси басқару нысандары.......................11
ІІІ бөлім. Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет нысанының алатын орны мен маңыздылығы.........................................................................15
3.1 Азаматтық қоғам, оның мазмұны.....................................................................15
3.2 Құқықтық мемлекеттің бастаулары мен белгілеріның мемлекет нысанының ерекшеліктері.............................................................................................................17
3.3 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру кезіндегі саяси басқару нысандары.................................................................................................................19
Қорытынды..............................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................26
а) мемлекеттің құқыққа қайшы
келетін заңдарды шығаруға құқығы жоқ,
ә) мемлекет те, азаматтар да қабылданған
заңдарды бірдей орындауға міндетті дегенді
білдіреді.
3. Мемлекеттік билікті ұйымдастырған кезде билікті бөлу қағидатын іске асыру. Соған сәйкес мемлекеттік биліктің қалыпты өмір сүруі үшін оның ішінде салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелді емес мынадай биліктер болуы тиіс: парламентке тиесілі заң шығарушы, үкіметке тиесілі атқарушы, сотқа тиесілі соттық. Мұндай бөлудің мәні биліктің бір тұлғаның немесе адамдар тобының қолында жинақталып қалуына жол бермеу, сөйтіп тирандық және авторитаризмнің алдын алумен негізделеді.
4. Заңның үстемдігі қағидатын сақтау. Бұл жоғары заң күшіне ие және мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерін құрайтын Конституция негізгі заң болуы тиіс дегенді білдіреді.
5. Құқықтық мемлекетте
сот әділеттің және шынайы
сот төрелігінің салтанат
6. Құқықтық мемлекеттің негізі
— тұлғаның бостандығының, оның құқықтары
мен мүдделерінің, ар-ожданының бұлжымастығы,
оларды қорғау және кепілділігі.
Сөйтіп, құқықтық мемлекет — бұқаралық
билікті жүзеге асыру формасы, бұл жағдайда
азаматтардың саяси ұйымы құқық және заңның
үстемдігі негізінде жүргізіледі, әрбір
тұлғаның құқықтары, бостандықтары және
міндеттерін қорғау және қамтамасыз ету
құралы болып табылады.
3.3 Қазақстанда
құқықтық мемлекет құру кезіндегі
саяси басқару нысандары
Демократиялық мемлекет құру және дамыту туралы ой-толғамдар, идеяларды қазақ ойшылдарының шығармашылық мұраларынан да көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі Абай Құнанбаев болып табылады. Ол құқықтық мемлекеттің қағидаттарын құру мәселесі бойынша бірқатар салмақты ой-пікірлер білдірді, олардың біразы күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ. Ақын мемлекеттік егемендік позициясын жақтады, адамдарды ұйымдастыру мен қорғаудың жоғарғы формасы заң деп таныды. Заңның рөлі туралы Абай былай деп жазды: «бізге ата-бабаларымыздан мұра боп қалған заңдардың жиынтығын - Қасым салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның «Жеті жарғысын» білу қажет». Демократияның маңызды бір буыны, Абайдың пікірі бойынша, заңның салтанат құруы болып табылады. Соттық биліктің тәуелсіздігі туралы Абай идеялары Қазақстан Республикасы және дамыған елдер Конституцияларының сот туралы ережелерімен астасып жатыр. Ол соттарды шектеусіз мерзімге сайлауды жақтайды, олардың ауыстырылмауын қалайды: «білімді және білікті адамдарды, осы орында отыру мерзімін анықтамай-ақ, сайлау қажет, тек өз істерін адал атқармағандарды ауыстыру керек».
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның
қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға
ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен
сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция
Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы — адам, оның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары деп жариялады. Бұл
ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген
1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті.
Құқықтық мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік
билікті ұйымдастыруда биліктерді бөлу
қағидаттарын жүзеге асыру болып табылады.
Тұңғыш рет ол жүйе құрушы қағидат ретінде
1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақ
КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы»
декларацияның 7-бабында айшықталды. Соған
сәйкес, мемлекеттік биліктің барлық жүйесін
реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасы
Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында
Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы,
атқарушы және сот билігіне бөліну қағидатына
сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген.
Заң шығарушы билікті Қазақстан Республикасының
Парламенті, атқарушыны — Үкімет, сот
билігін — Жоғарғы сот және Қазақстан
Республикасының төмен тұрған соттары
жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік
жүйесінің болуы - жаңа Конституцияның
өзіндік ерекшелік-терінің бірі. Тежемелік
және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне
парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік
вотумын білдіру, Президенттің парламентті
таратып жіберу құқығы, Үкіметті және
оның мүшелерін орнынан босатуы жатады.
Қазіргі кезде конституциялық бақылау
механизмі құрылуда. Республикада конституциялық
бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет
құру туралы пайда болған конституциялық
бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты.
Басқа нормативтік актілерден Конституцияның
сөзсіз басым болуы құқықтық мемлекеттің
белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық
мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаты
мемлекеттің өзінің және оның органдарының
Қазақстан Республикасы Конституциясына
міндетті түрде бағынышты болуынан көрінетін
құқықтық үстемдігі болып табылады.
Конституциялық кеңес заңдар және басқа да нормативтік актілерді, егер олар Конституцияға қайшы келетін болса, Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алдыға тартады. Конституция саяси, заңдық және басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін, мемлекет пен түлғаның екіжақты жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Конституция Қазақстан Республикасында
азаматтық қоғам қалып-тастыруға ықпал
жасайды. Бұл Конституцияда идеологиялық
және саяси әралуандылық танылатынынан
айқын көрінеді (5-бап). Бұқаралық билікті
саяси әралуандылық негізінде жүзеге
асырады. Конституция саяси партияларға,
қоғамдық бірлестіктерге, қозғалыстарға
саяси және мемлекеттік өмірге қатысу
үшін тең мүмкіндік береді. Үстемдік етуші
ретіндегі қандай да бір идеологияның
белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық
қоғам мемлекет және азамат, тұтынушы
және өндірушінің әлеуметтік серіктестігі,
нарық шаруашылықтары меншік түрлерінің
әралуандылығымен сипатталады.
1995 жылғы Конституцияның басты бір жетістігі
барлық деңгейдегі соттардың тәуелсіздігінің
кепілдігі болып табылады. Сот билігінің
тәуел-сіздігі судьялардың өкілеттігін
сайлаудың, тағайындаудың және тоқтатудың
ерекше тәртібімен, сонымен бірге сот
құрамын құруға Жоғарғы Сот Кеңесі және
Әділет біліктілік комиссиясы сияқты
тәуелсіз органдардың қатысуымен айқындалады.
Судьялардың тұрақтылығы қағидаты бекітілген
(79-бап, 1-т.), судьялар өмірлікке сайланады
және тағайындалады. Қазақстан Республикасының
Конституциясына 1998 жылғы 7 қазанда Парламент
енгізген қосымшалар сот ісін жүргізуді
демократизациялауға бағытталған. 75-баптың
2-тармағына сәйкес қылмыстық сот ісін
жүргізу заңмен белгіленген белгілі бір
жағдайларда өзге де нысандар арқылы жүзеге
асырылады. 1995 жылғы 20-желтоқсанда қабылданған
"Қазақстан Республикасындағы соттар
және судьялардың мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңы, өзгерістері және толықтыруларымен,
соттарды жеке билік ретінде бекіткен,
соттар өз қызметінде заң шығарушы және
атқарушы биліктерден тәуелсіз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының
1-бабы Қазақстанды құқықтық мемлекет
деп жариялайды. Демек Қазақстан құқықтық
мемлекет құру және оның негізгі белгілерін
конституциялық бекіту жолында тұр.
Құқықтык
мемлекет дегеніміз - жеке адам және коғам
мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен
құқық принциптеріне негізделген мемлекет.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі
қоғамды демократияландыруға, құқықтық
тәртіптің және заңдылық принциптерінің
сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекеттің негізі:
- Құқықтық мәдениет;
- Азаматтық қоғам;
- Заңдылық және құқықтық тәртіп;
Құқықтық мемлекеттің белгі-нышандары:
Қорытынды
Курстық жұмысымды қорыта келе Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Демократиялық мемлекет Қазақстан, ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысы және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, есепке алынуына да мүмкіндіктер береді.
Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасы діни мекемелер мен дін ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Мемлекет органдары қағидалық заң емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның басының шаруасы болуы тиіс.
Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халыкаралық өлшем деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттін өзара жауаптылығының болуы, т. б.
Әлеуметтік мемлекет - жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес коғам мен адамға тұтас қызмет ететін мемлекет. Ол мемлекеттік қаржы көздері есебінен барлык азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңден бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.
Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік берілген білім беру, денсаулык сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған.
Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан бір тұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халык сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдің басқаруындағы, өзінің алдыңда жауапты Үкіметті тағайындайды.
Еліміздің 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына, Қазақстанның жаңа саяси бағытына келіп тоғысқандай. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру екендігін жариялаған Президентіміз халықтың көкейіндегі мәселелерді тап басып, алдағы міндеттерді көрегендікпен айқындап, келешегіміздің кемел көкжиегін көрсетті. Сонымен қатар, ол көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтардың бірқатарына жауап берді де. Мысалы, Қазақстанның мәңгілік тәуелсіз ел болып қалуының бағдарламасын айқындап, осы мақсатқа жету үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықша жұмылып қимылдаудың стратегиясын жасап берді. Бұл мақсатқа жету үшін өте ауыр жолдардан өтуіміз керек екенін басып айтты. «Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. XXI ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды» – деп қадап айтқан Елбасының сөзі үлкен қуанышпен қатар пәрменді жауапкершілікті де жүктері анық. Бұл Жолдауда қазақ ұғымына азаматтық ұғым ретінде қарауға бет бұру керек екені байқалады. Жалпы, «біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» – деген сауалдардың нақты жауабы осы.
Жолдауда 1997 жылы жарияланған «Қазақстан – 2030» бағдарламасының негізгі қорытындылары шығарылды. Егемендіктің арқасында ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасып, керегесі кең елге айналдық. Тұрақтылық пен келісім салтанат құрған тәуелсіз Қазақ елінің бағындырмайтын қамалы, алмайтын асуы жоқ екені белгілі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтушы күш болумен бірге, татулықтың ерекше үлгісі мен рәмізіне айналып отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: