Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 11:51, реферат
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
8. Арыз.
Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды
адамдардың аттарына хабарламалар (обращение)
жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша
болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген
лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет
пен басқару органының басшысы хабарламаны
дер кезінде карауға, ол жөнінде тиісті
шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде
нақты жауабын беруге міндетті.
Хабарламаның үш түрі
бар: арыз, өтініш
және ұсыныс. Олар мазмүны жағынан
әртүрлі болъш келеді: мысалы, өтініште
азаматтардың заңмен бекітілген жеқе
қүқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы
мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке
адам өзіне берілген қүқықтарды пайдалану
үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі
жүмыс істейтін үжымдарда, мекемелерде,
өзі түратын түрғын үйлерде, мемлекеттік
органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді
атап азады.
Арызда - азаматтардың
заң арқылы қорғалатын жеке қүқықтары
мен мүдделерінің бүзылу фактісі туралы
хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру
туралы талап-тілек айтылады, хабарламаижасаушының
ойынша іс-қимылы дүрыс жүргізілмейтіндіктен
өзінің қүқықтары мен мүдделерін бүзып
отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің,
үйымдардың, лауазымды адамдардың атына
сын айтылады.
Ұсыныс - белгілі бір
мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің
жүмысын жақсартуға жетілдіруге назар
аударатын, осыған байланысты қойылған
міндеттердің шешудің жолдары үсынылатын
хабарлама түрі.
Хабарламаның барлық
түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың
кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу
карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады.
1.1. Арыз
(өтініш, кейде шағым).
Арыз - ұйым басшысының,
лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның
атына белгілі бір ақпаратты, отінішті,
мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын
іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан
шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі
аралығында.
Арыз көбінесе жеке
адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған
мәселе бірден бірнеше адамның немесе,
үлкен үжымның мүддесш көздейтін үжымдық
(коллективтік) арыз түрлері де кездеседі.
Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады.
Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі.
Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы
бар адам атына жазылады.
Арыздың бірнеше түрі
бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз,
шағым турінде жазылатын арыз, түсініктеме
түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде
жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған
мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша
қарапайым десе де болады. Арыздың алты
реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазганы,
қүжат аты, мазмүны, қолы, датасы.
Арыз сиялы қаламмен,
таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу
машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға
болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға
жазылады.
Арыздың
құрылымы:
1) құжат адресациясы
(кімнің атына жазылғаны);
2) қүұат аты;
3) негізгі мәтін;
4) қосымша болса оған
сілтеме;
5) жазылу мерзімі;
6) қолы;
7) арыз мазмүнымен
келісушілер қолы,
Адресацияга лауазым иесінің, мекеме,
ұйым басшысының ресми қызметінің толық
аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні
кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала
жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне
бірден жазылып отырған болса олардың
барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда
фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі
қерек. Мысалы, Петропавл
қаласы сут заводының директоры Т.С.Пірімбетовке
Көшірмесі: Петропавл қаласы СЭСмеңгерушісі
Р.С.Садуовқа
Тақырыбы парақ ортасына адресациядан
төмен жазылады. Мысалы, ШАҒЫМ, АРЫЗ
ТҮСІНІКТЕМЕ
Негізгі
мәтін кіріспе сөзден басталады.
Мысалы, "Менін Сізге арыз беру себебім,".
Ары қарай қүжаттың мәнін ашатын, арыз
жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе
соз болады. Мәтін соңында қүнделіқті
қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана
отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі
жазылады. Мысалы, "Айтылғандарды ескере
отырып шара қолдануыңызды сүраймын",
"Нүсқау беруіңізді сүраймын" т.б.
Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан
төмен жазылады.
Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні,
айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі. Жазылу
мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парактың
сол жақ бөлігінде орналасады. Мысалы,
24 наурыз
2000 жыл.
Қолы. Арыз жазушының
атқаратын қызметінің толық ресми аты
жазылады, кол қойылады. Парақтың оң жағына
фамилиясы, аты-жөні жазылады. Мысалы,
Қазақ техникалық университеті
саясаттану кафедрасының
оқытушысы ________Бекенова А.К.
Егер арызға кол қоюшылар
бірнешеу болса онда олар иерархиялық
тортіппен я болмаса алфавит төртібімен
жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын
болса онда арызға қол қою парағы тіркелді.
Арыз мазмүнымен келісуші
қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша
ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін",
"Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы
жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.
Ескертулер:
1. Егер арыз бірнеше
адамның атына қатар жазылса, олардың
барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда
көрсетілуі керек.
2. Егер арыз бірнеше
адамның атынан жазылса, олар иерархиялық
тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады.
3. Арыз қолмен де, компьютермен
де қатесіз жазылуы тиіс.
Түсініктеме үлгілері.
Наурыздың алтысы күні өтілетін әдебиет сабағы наурыздың тоғызына ауыстырылды. Себебі ол күні мектепке кездесуге келуге тиісті ғалым кейінірек келетінін хабарлады.
Оқу ісінің меңгерушісі:
Наурыздың бесі, 2010 жыл.
9. Мінездеме.
Мінездеме,
оның түрлері.
Мінездеме - түрлі мекеме,
үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі
бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік,
адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында
жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік
мінездеме — мінездеменің айрықша
кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді
объективті өрі нақты мінездеу қажет болған
жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін
стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын
түйіндейді.
Мінездеме қызметкерді
басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына
үсыну мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған
адамның аталған ваканцияға қажет деген
мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі
айтылады.
Аттестациялық
мінездеме белгілі бір адамның
атқарыл отырған қызмет орнына лайық,
лайьгқ еместігін тексеру мақсатында
жүргізілетін аттестация қорытындысына
орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып
отырган қызметіне лайық", "қызмет
бабында жогары қызметке усынуга лайық" немесе "атқарып
отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді
сөздер жазылады.
Жеке (функциональды)
мінездемелер адамның жеке басының
мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген
т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт
бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылгандығы
атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек
келісімін ұзату ум/ш"т.б.
Мінездеме А4 форматты
параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы
керек. Мінездеме мотіні жазу машинкасында
басылады я компьютерде теріліп, кейін
принтерден шығарылады. Тақырыпты, омірбаяндык
мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді
үлкендеу шрифтімен беруге болады.
Кейде мінездеме жогары
жагында мекеменің аты, логатипі, фирмалық
белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде
де жазылады. Әр данасы есепте түратын
арнайы бланкілерге жазылган мінездемелер
мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің
қолымен расталады.
Барлық мінездемелерге
мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде,
бейтарап тонмен жазылады. Мотін баяндауышы
ашық райлы етістіктен жасалады(беріледі, орындады,
көріне білді, көрсетті).
Мінездеменің
мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1) тақырыбы;
2) мінездеме берілетін
адам туралы қысқаша мәлімет;
3) негізгі мәтін;
4) қорытынды;
5) мінездемені талап
етуші үйымның аты;
6) мінездеме берілген
күн, ай, жыл;
7) мінездеме берушінің
аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8) қосымша (егер болса).
Мінездеменің
тақырыбы парақтың жоғарғы жағын
ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен
жазылады.
Аттестациялық
мінездеме
Мінездеме
берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді:
фамилия, аты-жөні,
туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы
(-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі
атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер
қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом
бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)-
Негізгі
мәтінде атқарып жүрген қызметін,
өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі,
кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі,
қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі
жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық
портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас
жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны,
абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады.
Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға
жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.
Қажет деп табылған
жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары,
зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген
жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті
де кіргізіледі.
Мәтін көбіне жай сөйлемдермен,
қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін,
стандарт терминдерді қолдана отырьгп,
басы артық қысқартуларсыз жазылады.
Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген,
жиынтықталған бөлігі болып табылады.
Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның
перспективалық қызметіне байланысты
бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі
мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат
жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі
түйінді немесе үсынысты атап көрсетуге
болады. Мысалы,
ҚОРЫТЫНДЫ: /. Атқарып
журген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық
децгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін.
ескере отырып Н.С.Нуртазаевты копкурстық
Ііегізде статистика бөлімінің бастыгыны
қызметіне ұусынуеа болады.
Мінездемені
талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде
аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме
не мақсатпен берілгені атап айтылады.
Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп
барып жазылады. Мысалы, "Абай
атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ
қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".
Мінездеме
жазылған дата ұйым атынан кейін
1 интервал жіберіліп барып парақтың сол
жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша
беріледі. Мысалы, 26 мамыр 1999 жыл.
Мінездеме
беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің
ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні
кіреді.
Қосымша ретінде қажет деп
табылған жағдайда
1) белгілі үлгідегі
бірнеше фотосурет;
2) білімі туралы құжат
көшірмесі;
3) бүрьшгы мінездемелер
көшірмесі я одан алынған үзінді;
4) анықтамалар жіберіледі.
Егер мінездемеде қосымша
болатын болса ол жайында парақтың соңында
жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын
болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.
Мінездеменің жалпы
қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме
алушы адам парактың соңына "мінездемемен
таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын,
танысыскан күнін де жазады.
Мінездеме 2 дана етіп
дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге
жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің
жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін
іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп
бойынша жіберіледі.
Үлгімен
танысыңыз.
Мінездеме
Болат Сыздықов Бакытүлы,
1967 жылы туған, үлты - қазак, білімі -жоғары.
Қазақстан Республикасының азаматы. Болат
Сыздықов Бақытұлы — 1967 жылғы ақпан айының
15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы
Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған.
Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы
казіргі Ұлттық техникалык университетінің
компьютерлік техника факультетіне оқуға
түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген.
1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау
институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір
Қазақ үлттык техникалык университеті
металлургия өнеркәсібі факультетінін
аға мүғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дін
өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасьгнда
оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация
қорғады.
Б.Б.Сыздықов - өз ісін
жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше
ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздыковтың
"Металлургия өнеркәсібінің терминдері"
деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы
сыйлыққа ие болды.
Б.Б.Сыздыков қазақ,
орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ
/ЭВМ/ машиналарында жүмыс істей алады.
Б.Б.Сыздыков - студенттер мен әріптестерінің
арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық
орталықтың бас маманы қызметіне үсыну
үшін беріледі.
Мекеме басшысы Айы,
күні, жылы /аты-жөні, қолы/
Қазақ техникалық
университетінің
ассистент-профессоры
Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа
Мінездеме
Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы
5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы,
Баршатас ауылында дүниеге келген. ¥лты
- қазақ, білімі -жоғары, ҚР-ның азаматы.
Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы
ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетІне
түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген.
1985-88 жылдар аралығында - Ғылыми-жобалау
институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҮТУ
металлургия факультетінің аға оқытушысы.
1988-91 жылдар арапығында ҚазҰТУ-дың күндізгі
бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы
кандидаттық диссертация корғады.
Қ.Ө.Әлиханов - өз ісін
жетік білетін, тэжірибелі маман. Ол - бірнеше
гылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың
"Металлургия өнеркэсібінің терминдері"
атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы
сыйлыққа ие болды.
Қ.Ө.Әлиханов қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен
жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол - студенттер
мен эріптестерінің арасында беделді,
үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық
орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну
үшін беріледі.
Тау-кен металлургия
институтының директоры,
т.г.д., профессор А.И.Магзонов
қолы
Айы* күні, жылы
Қазақ спорт
және туризм академиясыныц 2000-шы жылғы
түлеғі,
еркін күрестен
бапкер Мақсат Ахметүлы Нүсіпбековке
Мінездеме
Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков
1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
қаласында дүниеге келген. 1990-2001 жылдар
аралығында Өскемен қаласындагы № 37 орта
мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннен
кейін Алматы қаласындагы ҚазҰТУ-га келіп
оқуга түсті.
М.А.Нүсіпбеков-қабілетті,
білімді, спортқа деген ынтасы зор. Республиқалық
жарыстарга қатысып, жүлделі орындарға
ие болган.
Компьютермен жұмыс
істей алады, ағылшын тілін жетік біледі.
Мінезі біртоға, сабырлы,
жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық
қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше
дұрыс шешім қабылдай алады.
Сынды дұрыс түсінеді,
кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.
Базалық дайындық деңгейі
мен қабілеттігін ескере отырып, М.А.Нүсіпбековты
халықаралық студенттік конференцияга
жіберуге ұсынуға болады.
Ө.А.Байқоңыров атындағы
Тау-кен металлургия
институтының директоры,
т.г.д., профессор М.О.Жарасов қолы
Айы, күні жылы