Өндірістік шаңдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:17, лекция

Краткое описание

1. Өндірістік шаңдардың жіктелуі, шаң ұстағыштар
2. Шаң зиянды өндірістік фактор ретінде организмге әсері және агрегаттық күйі
3. Улы заттардың тірі организмдерді өлтіру концентрациясы, жұмысшылардың шаң және улы заттар әсерінен қорғанудың жалпы әдістері: гигиеналық, санитарлы-техникалық зат шаралары

Вложенные файлы: 1 файл

өндірістік шаңдар Аекина ХТНВ 4.docx

— 120.80 Кб (Скачать файл)

3) Улы заттардың тірі организмдерді өлтіру концентрациясы, жұмысшылардың шаң және улы заттар әсерінен қорғанудың жалпы әдістері: гигиеналық, санитарлы-техникалық зат шаралары

Өндірістік шаңдардан  қорғанудың эффективті әдісі: фильтрмен  шаңды ауадан тазартатын ығыстыру желдеткіш; шаңсорғыш; тұнған шаңды ұстау және су әкету жүйесінде оны жуу; бұзылған тау массивтерін ылғалдау, шаңданған орынды суландыру; суландыру арқылы ауадан шаңды тұндыру; шаңданған қондырғыны гермитизациялау, шаңданған материалды ылғалдау, пневмотранспортты қолдану. Организациялы-техникалық шараларды ШРЕК қамтамасыз ету мүмкін болмаса индивидуалды қорғау құралдары, соның ішінде Ф-62Ш, "Астра-2", У-2С, "Лепесток", ПРШ-741, РПМ-73 типті шаңдануға қарсы респираторлар, пневмокостюмдер, скафандра, көзәйнек т.б қолданылады.

Шаңмен күресу шараларындағы  негізгі бағыт жұмысшы ғимараттарда оның ауаға түзілгені немесе түскені  туралы ескерту болып табылады. Технологиялық  процесс шаңды толығымен жоюға  немесе ең болмаса минимумға дейін  жеткізсе бұл да бір шаралардың бірі болады. Осы мақсатта құрғақ шаңды  материалдарды ылғал, пастотәрізді және ерітінділермен максималды ауыстыру қажет. Егер технологиялық шартта материалды құрғақ күйінде пайдалану керек  болса онда парашоктәріздестің орнына шаңдануы аз брикет, дәрі түрінде қолдану керек. Бұл дайын өнімге, қосымша өнімге, шикізат материалдарына, өндіріс қалдықтарына қатысты.

Жақсы гигиеналық эффект сусымалы материал транспорттарының шаңсыз түрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Оларға гидро- және пневотранспорт, виброқұбыр, герметикалық жабық шнектер жатады.

Кей жағдайларда кварц  мөлшерінен тұратын агресивті шаңдарды басқа материалдармен – құрамында  кварц аз немесе кварцсыз материалдармен асыстырған жөн. Сондықтан құю цехтерінде мысалы, құм ағынды құю тазалауының орнына бытыраатқыш қондырғыларын қолданады.

Егер техникалық себептерге байланысты шаңдардың түзілуін және бөлінуін жоюға қол жеткізу мүмкін болмаса, онда шаңды жойғыш ысырмалы желдеткіш қолданылады.

Шаңнан тазарту құралдары  жалпы және индивидуалды болып бөлінеді. Жалпы тазарту құралдарына ұнтақтау, ұсақтау, транспорттау, шаңданатын материалдарды  түсіру, технологиялық процестің  кей жағдайда өзгеруі т.б сияқты механизация процестері жатады. Шаңданған  жолды 20%-тік әкті хлор ерітіндісімен суды құю эффективті болып табылады, ол шаңданған ауаны 1,8-2,6 мг/м3 дейін төмендетеді.

Индивидуалды тазарту құралдарына – шаң өтпейтін арнайы киімдер, противогаз, пневмодулыға, пневмомаска, демалғаш, қорғаушы көзәйнек т.б қолдану, сонымен қатар жеке гигиенаны сақтау.     


Информация о работе Өндірістік шаңдар