Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 21:39, курсовая работа
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, кеудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі.
1 Құрақ құрау өнері
2 Құрақтың қыз-келіншектерге үйретері
3 Құрақтағы бояулар сыры
4 Қолөнердегі қазақ символы
5 Құрақтан жасалатын бұйымдар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Құрақ құрау өнерін дымытуды насихаттауымыздың мақсаты қолөнерді сақтап қалып, дәстүрімізді жалғастыру кешегі қажеттіліктен туындаған өнерді бүгінгі жастарды тәрбиелеуге пайдалану, өнерге баулып тәрбиелеу.
Құрақ – қызық, әрі құнды өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол еңбегін қажет ететін іс. Шын шеберлікке қоса табандылықты талап етеді. Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін құрақ өнерінен көреміз. Қорытындылай келе:
Қазақтың қолөнері бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай, жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді.
Пайдаланған әдебиеттер
2. «Мектептегі технология» №8 ,№ 10 2011
3. Шаңырақ энциклопедиясы, 145 бет
4. «Шебердің сиқырлы қалашығы»Шымкент баспасы, 2000ж
5. «Еңбекке үйрету» Республикаклық ғылыми әдістемелік журнал, №9-10, 2009