Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2015 в 20:28, курсовая работа
ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктерін қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:
- спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәнін ашу;
- спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;
- туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасымен таныстыру;
- туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістерін қарастыру;
- белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымын талдау;
- Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және туристің жорықтағы гигиенасын анықтау;
- Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау;
- Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау;
- Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективаларын қарастыру.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні................................5
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері................10
2ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТ……………………………………………………………..........15
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.............15
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы...................................................21
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі……………………………………………………….….…..23
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ ........................................................................................................28
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері...................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................36
Шаңғыларға негізгі талап - бұл мықтылық, жеңілділік. Жорықтарға араналған шаңғыларды үш типке бөлуге болады: спорттық-жүгіріс, туристік, слаломды. Спорттық-жүгіріс шаңғылары жаттығулар, жарыстар және демалыс күнгі жорықтар үшін қолданылады. Егер маршрут жазық немесе нашар қиылысқан жерлер, қалың тығыз қарлы жерлермен болса, бұндай шаңғылар көпкүнді жорықтар үшін де келеді. Спорттық-жүгіріс шаңғыларының ені 6 см, ұзындығы туристің бойына қарай таңдалынады. Шаңғы таңдаудың жалпы қабылданағн ережесі - вертикаль қойылған шаңғының басына жоғары көтеріліп тартылған қолдың білезік сүйектері жетуі тиіс.
Туристік шаңғылар өте күшті қиылысқан, бұдырлы қарлы және жолсыз жерлермен болатын жорықтарда ұсынылады. Олар спорттық шаңғылардан 2 см ендірек, оларға қарағанда қаттырақ және мықтырақ. Күрделі тау жорықтары үшін ені бүкіл ұзындығы бойынша кеңірек емес, бас жағы кеңірек шаңғылар жақсы келеді. Орманды, терең әрі бұдырлы қарлы жерлермен қозғалыс үшін шаңғылардың басының иілуі 12 см аз болмауы, ұзындығы шамамен 30 см болуы тиіс. Ұзындығы бойынша таңдау, спорттық-жүгіріс шаңғыларын таңдау сияқты таңдалады.
Слаломды шаңғылар ені бойынша туристік сияқты, бірақ, 15-20 см қысқарақ, айтарлықтай мықтырақ әрі ауырырақ. Оларды туристік жорықтарда күрделі асу маршруттарында тәжірибелі әрі күшті туристік топтар қолданады. Жазық асу көтерілімдері мен түсулері бар қарапайым тау маршруттарында ені 6-7 мм және қалыңдығы 1-1,5 мм болатын болаттан жасалған көмкермесі бар шаңғылар жарайды.
Шаңғы қыстырмалары жорық пен шаңғы жағдайларына байланысты таңдалынады. Спорттық-жүгіріс шаңғыларына қатты ранттық қыстырмалар салған жақсы болады. Олар жеңіл, ыңғайлы және сенімді. Осы қыстырмалардың алдыңғы бөлігінде шамамен биіктігі 6-7 мм болатын төрт шиптар болады. Шаңғы ботинкасының табанында олар үшін тесік бұрғыланады. Ботинкалар шиптардан шығып кетпес үшін оны металл дужкамен басады. Қатты қыстырмалардың екі түрін шығарады: 36-40 және 41-45 размерлі аяқ киімге арналған.
Көпкүнді күрделі жорықтар үшін раттық қатты қыстырмалар келмейді. Бұндай маршруттарда жартылай қатты қыстырмаларды қолданған дұрыс. Бұндай ботинкаларда ботинканың ранты реттеледі.
Дужкалардың орнына ремень қолданылады. Екінші ремень ботинканы өкшесі арқылы басып тұрады, оның артқа жылжып кетпеуіне және алға шығып кетпеуіне әсер береді. Ремень тартпалары үшін аранйы құлып салынады.Бұндай қыстырмаларды универсалды деп атайды, себебі оларды шаңғы ботинкаларын қыстыру үшін ғана емес, басқа да аяқ киімдерді қыстыруға арналады. Топтың барлық қатысушыларында бірдей қыстырмалар болғаны дұрыс. Бұл жөндеу қорпашасының салмағын азайтуға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ботинка өкшесіне қар жабысып қалмас үшінжүк площадкасына резина орнатпа салады. Ол 2-3 мм қалыңдықтағы микротесікті резинадан жасалғаны жақсы.
Шаңғы таяқтары дюроалюминий трубкалары, пластмассалар, ағаштардан жасалады. Ересектер үшін 4 размер: 1,25; 1,35; 1,45; 1,50 м шығарылады. Таяқтың ұзындығын таңдау кезінде мына ереже бар: таяқ шаңғышының қолтығынан биік болмауы керек. Жорықтарда тері ременьімен байланған ағаш немесе металл дөңгелектері бар таяқ қолданылады. Қолға киілетін ілгектер кең болады, таяққа қатты бекітілген болады.
Жорықтар кезінде шаңғы, қыстырма, таяқтарды жөндеу үшін инструменттер келесі жөндеу жиыны және материалдар, қосымша бөліктер қажет: бұрағыштар, қысқыштар, напильник, шило, балға, қайшылар, жеңіл қыстыртпалар, қыстыртпалар құлыптары, дөңгелектер, 5 адамға бір запас шаңғы, фанер, алюминийқаңылтыр пластинкалар, жез және темір сымдар, шпагат, ұсақ және ірі шегелер, әртүрлі размерлі шуруптар, арқан, жіптер.
Жөндеу үшін жалпы инстументтер мен материалдар үшін жолда әрбір турист рюкзагында пышақ, сым, шпагат болуы керек.
Жел мен бораннан қорғану үшін размері 2*20 см болатын фланелден жасалған, көз бен ауызға арналған тесігі бар маска қолданылады. [9,73б].
Су туризмін ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері
Cу туристік тобындағы қатысушылар саны оларды бір адамның қиындықсыз жетекшілік ете алатындай құрамда, барлық мүшелер үшін шаруашылық міндеттерді орындауда кедергі болмайтындай болуы тиіс. Ал қайықтар саны апат болған жағдайда өзара көмек көрсете алатындай болғаны дұрыс. Бұл талаптарды адамдар мен қайықтардың келесі минимальді әрі оптимальді санын қабылдай отырып қанағаттандыра аламыз:
Сонымен қайықтар екеуден кем болмауы тиіс. топ мүшелерінің саны 8-ден асып кетсе, кездейсоқ адамдар кірсе қайықты суда басқару қиынға соғатыны тәжірибе көрсетті. Бұл аз мөлшерде жетекшілігі әскери сипат алатын ялдардағы жорықтарда көрінеді.
Су саяхатында міндеттерді бөлу ерекшелінеді: су саяхатында қайық командирі (штурман) болады. Қайық командирлері қозғалыс үстінде және тұрақтаған кездерде басқарып отырады, олардың дұрыс жұмыс істеуіне және топтың жүтерінің сақталуын қарап реттейді, қатысушылармен қатар кезекпен ескекте және рульде отырады. Байдаркада командир соңғы орында отырады. Штурман жол есептеуін, жорық күнделігін жүргізеді, карталарды сақтайды, ауа райын беріп отырады.
Маршрутты таңдай кезінде тек су туризміне тән бірнеше ерекшеліктерін ескерген жөн. Суда турист тек өзен мен жағалауды ғана көреді. Сондықтан саяхаттар үшін көркем әрі түрлі ландшафты жағалауы бар өзендер болғаны жақсы. Жорықты өзеннің қызықты бастауынан бастаған жақсы.
Жорық үшін кіші, қайықтар аз жүретін табиғатта демалыс үшін үлкен мүмкінділігі бар өзенді таңдау қажет. ірі, қайықтар жүретін өзенде турист өзі білмейтін қалалармен танысады, бірақ олардың арасындағы жолды ескекті де, тіпті моторлы да қайықпен емес, теплоходпен жүрген ыңғайлы болады.
Су саяхаттарының туризмнің басқа түрлері алдында артықшылықтары бар. Су туристі палатканың көлемімен де, салмағымен де қысылмайды, ол өзімен бірге киім, балық аулау құралдарын, итін, көбірек азық-түлік алады.
Су саяхаттарының маршруттары жолдың күрделілігіне, ондағы бөгет-кедергілердің сипатына және ондағы қиыншылықты жеңіп өтуіне байланысты бес дәрежеге бөлінеді. 1-ші дәрежеліге туристтердің жеңіл өтуіне болатын кедергілері ғана бар ақырын ағыстағы жазықты өзендер жатады. 2-ші дәрежелі күрделілікке ағысы тез ағатын таулы, орманды өзендер тән. 3-ші дәрежелі саяхаттарға күрделірек бөгеттері бар өзендер мен көлдер бойынша маршруттар енгізіледі. 4-ші және 5-ші дәрежелі маршруттағы саяхаттар анық көрінетін спорттық сипатта келеді,бұндай саяхат әдістемесі арнайы жетекшілікпен болады.
2 ҚР ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ
ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері
Жорықтар және саяхаттардың ұйымдастырылуы арнайы дайындалған, кейбір жағдайларда лицензиясы бар, квалификацияланған мамандармен жүргiзiледi, оларға жататындар: туристік ұйымдастырушы; туристтік саяхаттың жетекшісі; туризм бойынша инструктор; гид-өткізуші; туризм бойынша судьялар; әдіскерлер; бақылау-құтқарушы қызметінің жұмысшылары. Осы мамандар туристік мекемелердің штаттық және штаттық емес (қоғамдық белсенділер) жұмысшылары болып табылады.
Жүретін туристік бағыттың мақсаты мен міндеттері, қаржы көздері, қауіпсіз өтуге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар толық сипатталған қажетті құжаттарды құрып дайындауды белсенді туристік жорықтарды тактикалық құру дейміз. Тактикалық құру жорық барысында топтың іс әрекетін айқындайтын ақпараттар сақталған жорық алды тактикалық іс әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Туризмнің белсенді түрлерін комерциялық пайдалануда бағыттың тактикалық құрылуы бастапқы маңызы болғандықтан өзалдына дербес туристік өнім болып табылады. Туристік бағытты тактикалық құру аяқталғанда жоспарланған жорыққа дайындық кезеңі басталып белсенді турды ішкі және халықаралық туристік нарыққа сабасталады. Туристік бағытты тактикалық құруынсыз тур мен сәйкес келетін прайс қағаздың бағасын, жарнамашараларын, қажетті материалдық-техникалық қамтамасызету, туристерді алып жүретін жолбасшы және құтқару қызыметін атқаратын топты анықтап жорықты өткізу мүмкін емес.
Комерциялық және спорттық белсенді турдың тактикалық құруының бір-бірінен айырмашылығы бар. Комерциялық және спорттық белсенді турдың тактикалық құрулар үшін бірінші дәрежеден аспайтын туристік бағыттар таңдалып, коммерциялық топқа сәйкес келетін құрал-жабдықтар , бірге жүріп, қауіпсіздінгін қамтамасыз ететін топ іріктеледі.
Спорттық топ болса, жорықтың күрделілігіне орай қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптарға, ережеге сәйкес топ құрамы анықталады. Ереже бойынша, 1-2 күрделілік дәрежесіндегі жаяу, тау, су, велосипед жорықтарының топ құрамы 4 адамнан кем болмауы керек. Шаңғы туризмінің 2 дәрежелік, жаяу, тау, су, велосипед 3 дәрежелік жорықтарының топ құрамы 6 адамнан кем болмауы керек.
Туристік бағытты тактикалық құру сегіз бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде белсенді туристік бағытты тактикалық құруды жан-жақты ойластырылған қауіпсіз, танымдық қызығушылық тудыратын, жазғы мерзімде ауа райы жақсы тұрақты болатын, бастапқы және соңғы нүкте көліктік қатынасқа жақын әрі қолайлы болатын бағытты таңдаудан басталады. Аталған белгілерге Текелі қаласы маңындағы Қора шатқалындағы Бұрқанбұлақ сарқырамасы мен Бүркітті Бүйен өзені бастауындағы тау мұздықтары, Лепсі өзені аңғарындағы Жасылкөл, Іле, Күңгей және теріскей Алатауларындағы таулы туристік бағыттар жатады. Саяхат өтетін ауданды таңдаған кезде жолдарды, жолға қажетті уақытты, саяхат шығындарын, көптеген басқа да факторларды ескеру қажет. Көмекші, кеңес беруші ретінде әртүрлі ақпарат көздері: кітап, БАҚ, карталар, интернет желілері, жерлерді жергілікті жерде таулы аумақтарды көп аралаған тәжірибелі адамдар болуы мүмкінЖас мөлшері, мүдделері, көзқарастары, техникалық, физикалық дайындық дәрежесі жақын болғаны жақсы.
Екінші бөлімде бағыттың барлық физикалық-географиялық қосындары, табиғи кедергілері (өзен, көл, асу, өткел, мұздық, батпақ, орман тағыда басқалар) көрсетілген жүретін жолдың желісін құру жұмыстары жүргізіледі. Оған тоқтайтын көретін демалатын негізгі және аралық қосындар көрсетілген тдәрежелі туристік бағыттың ғылыми-техникалық сипаттамасы мысал бола алады. Мысалы Іле және Күңгей Алатауының №2 бағытына төмендегідей сипаттама берілген. Алматы қаласы-Медеу шатқалы-Шыңбұлақ таулы-туристік базасы-Талғар асуы (дәрежесіз) – Солжақ Талғар –Туристер асуы (1а)-Көлдіасу(дәрежесіз) – Шоң-Кемин өзені-Жасық көл-Ақсу өзені-Солтүстік Ақсу асуы (1а), -Григоревка ауылы-Ыстықкөл (8күн 124 км).
Үшінші бөлімде бағыттың қозғалу кестесі сипатталады. Бағыттың бойымен жүру кезеңдерін уақытқа бөліп әр күнінде жүріп өтетін жол мен қонатын аялдайтын орындарды сандық немесе сызықтық кесте түрінде көрсетуді қозғалу кестесі деп атайды. Жоспарланатын жорықтың бағытының кестесін құру туристік жорыққа баруға дайындық кезінде құрылып туристік жорық кітапшасына қысқартылған түрде жазылады. Ал орындалу кестесі бағыт бойымен тікелей қозғалу барысында толықтырылып, жорық есебіне тіркеледі. Қозғалу кестесінде бағыт бойындағы бадарлармен уақытпен байланыстырылған бастапқы және соңғы нүктелер, қозғалыстың сипаты, сонымен қатар, сағаты мен минуты көрсетілген кезеңді жүріп өту уақыты, асулар мен олардың биіктік белгілері, қозғалу техникасы, сақтандыру шаралары, бадарлармен уақытпен байланыстырылған қауіпті жерлері танымдық маңызы бар көрікті орындары тіркеледі.
Бағытты тактикалық құрудың төртінші бөлімінде туристік бағыттың бойымен қозғалу, кедергілерден өту техникасы көрсетіліп әр күні, сағаты бойынша толық жазылады. Сөзбен жазылған сипаттамаға бағыт бойындағы қауіпті кедергілері бар телімдердің көз мөлшерімен кескінделген немесе топографиялық карталардыпайдаланып құрылған , сызба-нұсқасы мен көлденең қима-сызбасын қоса беру қажет. Сызба-нұсқаны өтуі қиын асулар, өзеннен өтетін өткелдер сыяқты ерекше қызығушылық танытатын орындары бар бағыттың бойындағы телімдерді анықтау үшін құрылады. Оның масштабы 1:100 000, 1:25 000 және оданда ірі болады. Оған жергілікті бағдарлар, табиғи кедергілермен олардан өту мүмкіндігі, магниттік меридианның бағыты, кескіндеу жұмысы жүргізілген мерзім көрсетіледі. Асулардың сызба-нұсқаларында перспективті кескінде шартты белгілермен бағыттың бойындағы жарықтар, қар көшкіні мен тас құлау қаупі бар телімдер, қонуға қолайлы орындар, көтерілетін және түсетін орындар биіктік белгілері, көлбеуліктері, асудан өту уақыты көрсетіліеді. Өзендердегі су бағыттары үшін жағалаудағы бағдарлар, су бетіне шығып жатқан және су астындағы тастар, ағыстың бағыты, қысылатын тар жерлері тағыда басқа табиғи кедергілер арнайы шартты белгімен кескінделеді. Табиғи кедергілердің көлденең қимасының суреті немесе жергілікті жердің перспективті суреті шын мәнінде салу немесе фото суретке түсіру арқылы жүзеге асырылады. Сызба-нұсқадағы біршама күрделі табиғи кедергілер жорық өтетін ауданның жалпы топографиялық сызбасымен немесе бағыттың желісімен байланыстырылуы тиіс. Төртінші бөлімде қонатын орындарда анықталып оған сипаттама беріледі. Қонатын орындарды кескіндеуге Алматы қаласындағы картофабрика мен Есемберлин көшесі 36 үйдегі Қазақстанның Аэрофотогеодезия кәсіпорыны шығарған 1:50000, 1:100 000 масштабты топографиялық карталар қолайлы.
Бағыт бойындағы ұйқтайтын және демалатын орынды түнейтін орын дейміз. Туристердің жүктерінің белгілі бір бөлігін бағыттың қандайда бір теліміне жеткізуді жүкті жіберу дейміз. Жүкті алдын-ала жіберу туристердің ағзасы мен арқақапқа (рюгзакқа) түсірілетін салмақты азайтады. Бағыттың белгілі бір теліміне алдын-ала жеткізілген жүк жақсылап жабылып жабайы жануарлардың жеуінен мықтап тығылуы тиіс.
Туристік жорыққа қатысушыларды іріктеу және оларды техникалық дайындау
Бесінші бөлімде туристік бағыттың қосымша және апаттық нұсқалавры қарастырылады. Туристік бағыттың қосымша нұсқасы негізгі бағыттан қысқа әрі тез жетуді көздейді. Оны жол бойымен қозғалу барысында ауа райы тез бұзылған, сонымен қатар қатысушылардың физикалық дайындығында күрделі жағдай туындағанда немесе негізгі бағыт өте ұзын болған жағдайда пайдаланады. Туристік бағыттың Апаттық нұсқасын құру барысында төтенше жағдайлар бағыттың кез-келген әсіресе күрделі телімінде болу мүмкіндігін ескеру қажет. Сондықтан бірнеше апаттық нұсқа құрылып жорық өтетін ауданның кез-келген нүктесінен туристік топ қалай жылдам шыға алады деген мәселені шешуі тиіс. Апаттық нұсқаны құру бағыттың жүріп өткен телімдерінен топ мүшелерін бастапқы нүктеге жеткізуге (эвокуациялауға) оңтайлы жолды анықтау қолайлы қайту нүктесін алдын-ала анықтаудан басталады. Қалған нақты нұсқалары ең жақын елдімекенге дейінгі жолдың қарапайымдығы мен қысқа болу белгілері арқылы анықталады. Туристік бағыттың апаттық нұсқасын құру барысында бағыттың жетекшісі де қыйын жағдайға душар болып, оның құтқару, тасмалдау іздестіру мүмкіндігі болмай қалу жағдайында ескеру қажет. Сондықтан туристерді алыпжүруші тәжірибелі топ мүшелерінің бірінен орынбаср тағайындау қажет. Сонымен қатар, апатқа ұшырағандарды тасмалдаушы, бастапқы нүктеген жеткізуші, жолбасшы нұсқаушыларды алдын-ала іріктеу қажет.
Информация о работе ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері