Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 08:55, реферат

Краткое описание

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасы етудәң өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы / Қаржы полициясы академиясының ғылыми еңбектері. 12 жинақ / автолар ұжымы. – Астана, 2012.
Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару заңнамасы және сот сараптамасы бөлімінің ғылыми қызметкері
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Вложенные файлы: 1 файл

баяндама.doc

— 111.50 Кб (Скачать файл)
  • мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жеке секторларда табысты жұмыс істеп жүрген тұлғалардың орташа еңбекақысы көлемінде есептелінеді;
  • пара беруші де, пара алушы да жақтарға қатаң шаралар қолданылады;
  • мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың мүлкі, активтері, қарыздары туралы жыл сайын тексеруші есеп жүргізіледі;
  • саяси сатылмайтын көшбасшылардың моральдық беделін қолдау үшін жоғары лауазымдардағы шенеуніктердің жемқорлыққа қатысты әрекеттеріне қатаң түрде қарау;
  • сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау;
  • шенеуніктерді алмастыру, «кездейсоқ сан әдісі бойынша» жоспарланбаған тексерулер жүргізу;
  • экономиканы дамыту үшін артық әкімшілік кедергілерді жою;
  • әр 3-5 жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген шараларға мониторинг, талдау, сараптама жүргізу.

Сингапурдің мемлекеттік қызметі меритократия (жеке еңбегінің жүйесі), бейтараптық, қоғамға есеп беру, адалдық, жемқорлыққа қарсы тәртіптілік негізінде қызмет етеді. Ол халықтың әр арызына мұқият көңіл бөледі. Әр Министрлікте жұмыс сапасын арттырумен шұғылданатын бөлімдер қызмет атқарады. Жұмыс сапасын арттыру мақсаттарының бірі — қызмет көрсету тұтынушыларын 15-20 минуттан артық күттірмеу. Мемлекеттік қызметті дарынды, қабілетті мемлекеттік қызметшілермен қамтамасыз ету үшін, мектеп қабырғасындағы келешегі зор, озық оқушыларды анықтап, оларды оқу барысында қолдап, университеттерге түсу үшін шәкіртақылар тағайындап, шетелдерде оқыту мәселесіне көңіл бөлген. Біртіндеп Сингапурдің мемлекеттік қызметінде ең дарынды әрі қабілетті, білікті мамандар жұмыс істей бастады. 
Сингапур ақша саясатына қатаң бақылау қоя білді. Мысалы, сайлау кампанияларында шығындарға қатаң шектеулер қою, жеке министрліктер мен парламент мүшелері үшін емес, тек саяси партиялардың пайдасына ғана қайырымдылық көрсету, үкімет саясатына пара беру арқылы әсер етпек болғандардың әрекеттеріне жол бермеу. Бұл мәселе төңірегінде қоғамдық пікірді қалыптастыруда, сыбайластық фактілерін әшкерелеуде БАҚ-ның атқарар мәні зор.  Сыбайлас жемқорлықпен күрес — Сингапурдің экономикалық өсуінің басты факторларының бірі. Сингапурдің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі күшті саяси ерік-жігер мен жалпы қоғам тарапынан түсінушілік пен қолдау болса, жемқорлықтың тамырына балта шабуға болатынын көрсетеді.

Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айтқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал. Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекеттерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар. Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді [3]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы заң талаптарын орындаудан жалтаруға мүмкіндік бермейтіндей өмірдің сан-алуан жағдайларын қарастыратындай жан-жақты мәселелерді қамтулары тиіс және өзекті мәселелерді қайталай қарастырып, қажетті жағдайда өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызу жағдайы да қарастырылуы абзал. Мемлекеттік қызметшілер мен саяси көшбасшылар арасында жемқорлық әрекеттерге баруды азайтудың жолдары ретінде олардың жалақылары мен кейбір берілетін жеңілдіктерін жеке сектордың деңгейіне салыстырмалы түрде  қарастырса, осы бағыттағы жұмыстың қомақты жетістігі болар еді. Басқа сөзбен айтсақ, саяси көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің төмен жалақысы лауазымдық қызметтері мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандықтан, жемқорлықтың түрлі сиқырына төтеп бере алмайды. Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бұл қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Яғни, мемлекеттік сектордың болашағына мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі қолайсыз жағдай тудыруы әбден мүмкін, өйткені, дарынды мемлекеттік қызметшілер жеке кампанияларға жұмысқа кетіп қалу қаупі бой көтереді. Себебі, онда жалақы әлдеқайда жоғары, ал қабілеті төмендер орындарында қалып, мардымсыз жалақыларының өтемін жемқорлық жолмен табуға тырысады [4].

Тағы бір масыл келтірер болсақ, парақорлық үшін АҚШ-та қылмысты қудалауға пара алушылар ғана емес, пара берушілер де жатады. Пара беруде кез келген азамат жауапқа тартылады. АҚШ-та сыбайлас жемқорлық мәселесімен негізінен этика жөніндегі Сенаттың арнаулы комитеті және өкілдер Палатасының лауазымдық тұлғалардың қызметтік тәртібінің стандарты жөніндегі Комитеті айналысады. Басты үйлестіруші ведомство болып Әділет министрлігі бекітілген.

Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлықпен күресумен қылмысты іс басқармасы тікелей айналысады, қылмыстық заңдарды сақтауға бақылауды жүзеге асырады, ашық бизнес және кәсіби одақтарға қосымша кіріс және тиым салынған қызмет түрлерін бүркемелеу үшін ұйымдасқан қылмыстың енуін анықтайды. Сондай-ақ күресте Тексерудің Федеральдық бюросына маңызды рөл берілген [5]. АҚШ–тың көптеген штаттарының қылмыстық кодекстері сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлерін қарастырады:

  • мемлекеттік қызметкер қызмет бабымен байланысты жеке кәсіпорыннан қаржылай пайда табу;
  • мемлекет қызметке біреуді тұрғызуға уәде беріп, сол үшін пара алу; жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға банктен қарыз алу, үкімет кепілдік берген депозиттерді алу үшін пара алып ұйымдастыру;
  • Фермерлік борышты ретке келтіргені үшін сыйақы қабылдау;
  • АҚШ құндылықтар немесе пайда табу үшін жалған құжаттарға ие болуы;
  • пошта ведомство ісінде жалған мекен жайлар жеке пайдасы үшін пайдалану және алаяқтық жасау;
  • радио қатынасы және теледидар хабарлары саласында қасақана теріс пайдалану.

Американың заңдары мемлекеттік қызметкердің жанама жалақы табуға шектеу қояды. Жанама жалақы негізгі қызмет жалақысынан 15% аспауы тиіс. Егер мемлекеттік қызметкер қызметте болған кезде өкіметтік лауазымды адам түрінде нақты мәселелерді шешуге қатысса, ал жұмыстан кеткеннен кейін біреудің мүддесін ресми және басқа түрде болсын көздей алмайды. Бұзушылар ақша түрінде айыппұл төлейді немесе 20 жыл бас бостандығынан айырылады [7]. АҚШ сенаторы сонымен қатар оның аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлер жеке және заңды тұлғадан сыйлықтарды алуға тиым салған. Сенатордың өз туыстарынан басқа сыйлықтардың да бағасы 300 доллардан аспауы тиіс, ал 75 доллардан аз болса онда ол жарияланбайды. Әдеп туралы заң жеке тұлғаларға іссапар түріндегі сыйлықтарға төлетуге шектеу қойған. Осы шектеулер сенат отбасының мүшелеріне таралады. АҚШ конгресі өкілетті палатасының мүшесіне 1 адамнан 1 жыл бойы 250 доллар салмағында сыйлық алуға болады. Әрбір 3 жыл сайын осы лимит қайтадан қарастырылады. Соның ішінде лауазымды адамдардың әйелдеріне 100 доллар шамасында сыйлық жасаған кезде оны бекітуге тиісті.

АҚШ шетелдік шенеуніктерді параға алуға тыйым салатын «Шетелдік жемқорлыққа қатысты тәжірибе туралы» 1977 жылы заң қабылдаған тұңғыш ел болды.

Қорыта келгенде ататынымыз, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында шет мемлекеттердің жетістікке жеткізген тәжірибесін бөлісіп, Қытайдың алған парасының көлеміне қарай бас бостандығынан айыру; Сингапурдың мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жеке секторларда табысты жұмыс істеп жүрген тұлғалардың орташа еңбекақысы көлемінде есептеуді; мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың мүлкі, активтері, қарыздары туралы жыл сайын тексеруші есеп жүргізуді; сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау; шенеуніктерді алмастыру, «кездейсоқ сан әдісі бойынша» жоспарланбаған тексерулер жүргізу; АҚШ-тың мемлекет қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуына тиым салу. Міне, осы озық тәжірибелерді мемлекетімізде қолданысқа енгізсек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың санын азайтып, экономикамыз бұдан да әрі көркейер ме еді.

Жаһандық деңгейдегі проблемалардың өсу беталысымен ерекшеленетін заманауи өмір шарттары кез-келген елдің мемлекеттік аппаратына қатаң тәртіптер қояды. 21-ғасыр талаптарының салдары оған дайын емес елдердің экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайлардың едәуір төмендеуіне әкеп соқтырады және әсірелеусіз авариялық салдары болуы мүмкін. Қазақстанның осы мәселелерді озық қарқынмен жұмыс істейтін күшті жайғасымы дүниежүзілік қоғамдастықта шын жүректен құрмет сезімін тудырады.

Біздің еліміздің дамуын онжылдықтар бұрын анықтайтын бағдарламалық құжаттарында - Президенттің «Қазақстан 2050» Стратегиясы жолдауы және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» мақалаларында бүгінгі және ертеңгі проблемалардың толық талдауы жасалған, оларға ден қоюдың айқын бағдарламасы белгіленген, оның түпкі мақсаты қазақстандықтарды олардың жағымсыз факторларынан қорғау, халықтың өмір деңгейінің өсуі болып табылады. Осы шаралардың мән-мәнісі ұлттық қаупсіздікке төнген қауіптің бірі ретіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше мән беріледі. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде бұл жұмыс тиісті деңгейге қойылған, соның ішінде ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінде шаралар өткізіледі, оның түпкі нәтижесі – бұл қоғамдық қауіпті құбылысты түп-тамырымен жоюға бағытталған. 
 Қазақстан Республикасы Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жүргізілетін саясатының аясында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Нұр Отан» ХДП жанындағы  Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша республикалық қоғамдық кеңес ұсынымдарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша үздіксіз мақсатты жұмыс жүргізіледі. 
 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілерін жою бойынша шаралар қолданылды,  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу жағдайларының алдын алу жөнінде шаралары қолданылады. Барлық деңгейдегі құрылымдық бөлімшелер басшыларын өздеріне тапсырылған  бөлімдердің қызметкерлері жіберген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың әр фактісіне, міндетті түрде дербес жауапқа тарту практикаға енгізілген. 
Жүйелі түрде ТЖД құрылымдық бөлімшелер ұжымында – ТЖ аудандық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын қатаң сақтау мәселелері бойынша жиындар өткізіледі, әр қызметкермен сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдай тудыратын барлық фактілер бойынша әңгімелер жүргізіледі. 
 Департамент басшылығы объектілердің жәй-күйін тексеру кезінде қызметкер әрекетінің заңдылығын үздіксіз бақылауды іске асырады. Объектілерді, аяқталған құрылыстарды, қайта жасалып жатқан объектілерді және т.б. қолдануға қабылдау кезінде қызметкерлер жағынан жеке тұлғалардың мүддесіне ықпал жасамау, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілер ісіне қызметкерлердің заңсыз араласуына жол бермеу жөнінде жұмыстар жүргізіледі. 
Сыбайлас жемқорлық көріністердің пайда болу себептерін жою бойынша алдан алу шаралары өткізіледі. «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, басқа да сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша нормативтік-құқықтық актілерін жүзеге асыруға бағытталған, жаңа құқықтық актілер жеке құрам назарына уақытылы  жеткізіліп отырады. Департамент қызметкерлері мен олардың зайыбының табыстары туралы салық декларациясын уақытында тапсыру қатаң бақылауға алынған. Департаментке қызметке қабылдау кезінде табыс туралы салық декларациясының болуы міндетті. Тоқсан сайын департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау тақырыбына Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық басқармасымен салыстырып тексеру жүргізіледі. 
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітілген Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде, ведомстволарда, аумақтық органдарда және ведомстволық бағынысты ұйымдарда кәсіптік оқыту ұйымдастыру қағидаларына сәйкес департаментте ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға қатысты мәселелерді түсіндіру жөнінде сабақтар өтеді. 
 Бөлімшелерге экстремистік діни ағымдар мен ұйымдасқан қылмыстарды жақтаушылардың енуіне тосқауыл жасау бойынша алдын алу шаралары ұйымдастырылған, сыбайлас жемқорлық көріністернің пайда болу мүмкіндіктері бар «тәуекел тобы» мен учаскелері анықталған. Департамент бастығының бұйрығымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мүмкіндігі жоғары лауазымдар тізімі  бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша салалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2013 жылға арналған шаралар жоспары бекітілген.  «Тәуекел тобына»  жататын тұлғалармен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы әңгімелер жиі өткізіліп тұрады. 
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және әкімшілік тосқауылдарды төмендету мақсатында, департаментте ішкі бақылау бөлімі жұмыс істейді. Департамент қызметкерлері «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңының талаптарын   мүлтіксіз орындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi заңмен бекітілген мерзімге сәйкес уақытында қарастырылады. Рұқсат құжаттарын беру кезінде «бір терезе» үдерісі қатаң сақталады, жауапты тұлғалар белгіленген, қатаң бақылау жүргізіледі. 
Департаменттің кадр жұмысы бөлімі 2013 жылғы 15 ақпанда СҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс өткізу аясында табыс туралы  декларацияларды дұрыс толтыру мәселелері бойынша салық заңнамаларын түсіндіру жөнінде семинар өткізді. 
 Облыстың қоғамдық бірлестіктері және кәсіпкерлерімен өзара әрекетті қамтамасыз етуге жүйелі көзқарасты жүзеге асыру мақсатында СҚО ТЖ департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселесі жөнінде қоғамдық кеңес құру бойынша жұртшылыққа ұсыныс жасады. 2013 жылғы 18 ақпанда өткен «дөңгелек үстел» шешімінің негізінде облыстағы барлық қоғамдық бірлестіктердің басшылары ынтымақтастық меморандумына  және қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде ережелеріне қол қойды. «Дөңгелек үстел» жұмысына облыс кәсіпкерлерінің күрделі қоғамдық бірлестіктерінің «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық бойынша істерді ашу және алдын алу басқармасының, облыстық Салық департаменті  Салық заңнамаларын түсіндіру басқармасының өкілдері қатысты. 
2013 жылғы сәуірде және тамызда департаментте қоғамдық кеңестің 2 отырысы өтті, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты мәселелер қарастырылды. Бірінші отырыста департамент басшылығы кіші бизнес субъектілерін СҚО ТЖМ қызметкерлерінің және қоғамдық кеңес мүшелерінің ішінен қадағалаушылардың қатысуымен кезекті тексеріс жүргізу туралы ұсыныс енгізді. Бұл ұсынысты оның мүшелері қолдады және жеке кесте бойынша жүзеге асыру қабылданды.  
Солтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаменті өткізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жұмысы өзінің тиімділігін сөзбен емес, іспен көрсетті: соңғы 3 жылда ТЖМ аумақтық бөлімшелер қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға жол берген жоқ. Демек – осы бағыттағы жүйелі мақсатты жұмыстың нақты нәтижелері бар, және сыбайлас жемқорлықтан құтыла алмаушылық және оны түзеуге келмеушілік туралы дәлелдері шүбә тудырауы мүмкін.

 


Информация о работе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет