Канализационная насосная установка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:32, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі өркениет пен технологияның дамыған заманында электр энергиясы болмаса ештеңе өнбей, адам өмірі қиындап кетеді. Электрификация барлық құрылыс атаулының атасы болып табылады. Халықтық шаруашылықтың бастапқы салалары да осы электрификацияның негізінде.
Қазақстанда қазіргі кезде өндірісті дамытуда алғаш тапсырмалардың бірі өндіріске түрлі дамыған технологияларды, жоғары өнімділікті қондырғылар мен технологиялық бейімделу, сондай – ақ жұмысты ұйымдастыру мен басқаруда заманауи амалдарын енгізу болып табылады.

Содержание

Кіріспе
I. Кәріз сорғылау қондырғылары туралы мәлімет
II. SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғыcы
2.1 SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғыларының жалпы және техникалық мінездемесі
2.2 SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғысының артықшылығы
III. Техникалық қауіпсіздік ережелері
IV. Өрт қауіпсіздігі
V. Еңбекті қорғау
VI. Қоршаған ортаны қорғау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая КНУ.doc

— 637.50 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны:

Кіріспе

  1. Кәріз сорғылау қондырғылары  туралы мәлімет
    1. SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғыcы

2.1 SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғыларының жалпы және техникалық мінездемесі

    1. SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғысының артықшылығы
    1. Техникалық  қауіпсіздік ережелері
    2. Өрт қауіпсіздігі
    3. Еңбекті қорғау
    4. Қоршаған ортаны қорғау

Қорытынды

       Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Қазіргі   өркениет  пен  технологияның   дамыған   заманында    электр энергиясы    болмаса  ештеңе  өнбей,  адам  өмірі   қиындап  кетеді.  Электрификация барлық құрылыс атаулының атасы болып табылады. Халықтық шаруашылықтың бастапқы салалары да осы электрификацияның негізінде.

Қазақстанда қазіргі  кезде өндірісті дамытуда алғаш  тапсырмалардың бірі өндіріске түрлі  дамыған технологияларды, жоғары өнімділікті қондырғылар мен технологиялық бейімделу, сондай – ақ жұмысты ұйымдастыру мен басқаруда заманауи амалдарын енгізу болып табылады.

Жұмыс өнімділігінің, өнім сапасының жоғары деңгейде болуын ең алдымен жаңа қондырғы түрлерін енгізу қамтамасыз етеді. Жалпы мақсаттағы қондырғылар күрделене түсті, дәлділігі жоғарылады, қуаты, жылдамдық көрсеткіштері, функционалдылығы жоғарылады.

Өңдеудің жоғары өнімділікті әдісі технологияның  одан әрі күрделілігін талап етеді. Ауыстырмалы элементтері бар конструкциялы, топтық технологиялық процесстерде қолданылатын, реттеу құрылғылары және тозуды компенсациялауы бар конструкцияларды енгізу қолға алынып отыр.

Электр энергетикасының  дамуымен қатар  электр  қондырғылары да жаңа сатыға көтерілді. Еліміздің барлық өндірісінде, машина құрылысында, химия өндірісінде,  тау – кен өнеркәсібінде,  мұнай энергетикасында қондырғылар мен жабдықтардың пайдаланылуы олардың жылдан жылға дами түсуіне ықпал етіп отыр. Мен осы жұмысымда сорғылардың түрлерін айта отырып, олардың ішінде  кәріз сору қондырғыларына толығырақ тоқталғым келіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Кәріз сорғылау қондырғылары туралы мәлімет

 

Заманауи кәріз қондырғылары кәріз жүйесінің қауіпсіз жұмысына кепілдік етеді. Олар экологияның қауіпсіздігін  қамтамасыз ете отырып, өте қиын жұмыстардың бірін атқарады. Тек қана тұрмыстағы емес, шаруашылықтағы лас ағын суларды сорғылау қызметін атқарады.

Кәріз жолындағы  лас, тозаңдар, батпақ, қатты бөлшектер (абразив болып табылмайтын) бөлшектер сорғы жұмысын қиындыққа апарып соқтырады.

Осы тәрізді  мәсілелерді болдыртпау үшін соңғы  үлгідегі сорғылар ағын жолының арнайы геометриясымен жабдықталған. Жұмыс  дөңгелектері үш каналды болып жасалып, үлкен ағын жолына ие болады.

Тіпті ірі қоқыстардың  болуына қарамастан сорғылардың  ағын жолының бітілелуіне апармайды.

Ішіндегі қозғалтқышқа су тимеуі үшін сорғы конструкциясында арнайы толықтырулармен жабдықталған. Әдетте, соңғы үлгідегі сорғылардың құрылысында майлы камералар болады.

 Камералардың  болуы, судың қосымша бөлшектерге  енуіне мүмкіндік бермейді, соның арқасында  подшипниктер мен электр қозғалтқыштарынан артық жылуды сорып алады. Мен өз курстық жұмысымда сорғының GRUNDFOS  компаниясының SOLOLIFT+ маркалы сорғылар сериясын таңдадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. SOLOLIFT+   қондырғысы

 

SOLOLIFT+ құрылғысы заманаиу революциялық  қосымшаларының арқасында бір жағынан кәсіби сенімді болса, екінші жағынан пайдалануға ыңғайлы. SOLOLIFT+ сериясының құрамына 5 модель кіреді.

Қондырғы тұрмыстағы, өндірістегі белігілі бір құрылыс себептеріне немесе бүгу диаметрі аз, кішкентай құбырлар болған жағдайда лас ағындарды  жинауға және кәріз жолына жіберуге арналған. Бұл қондырғы конструкциясының жаңалығының бірі ішіне кескіш механизм орнатылған, ол мықты қозғалтқышымен бірге лас ағын құрамындағы түйірлерді оңай ұсататады. Бұған дейін еш өндірушінің құрылғысында мұндай қосымша болмаған болатын. Белгілі бір жағдаймен құрылғының кескіш механизмінің жұмысы бұзылса, тұтынушы отверткамен  сорғы валын айналдыру арқылы жұмысын қалпына келтіре алады. Қондырғыны ашып, жөндеудің қажеті болмайды.

Қондырғының сорғылайтын  ағынының температурасы 500 – тан 900 - қа дейін болады, бұл қондырғыны тіпті ыдыс жуғыш және кір жуғыш машиналар кәрізі жүйесіне орнатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мықты корпусын, дыбыссыз жұмысы мен заманауи дизщайнын алға тартуға да болады.

SOLOLIFT+ сериясының модельдік түрлері:

  • SOLOLIFT+ WC-3 және WC-1;
  • SOLOLIFT+ D-2;
  • SOLOLIFT+ C-3;
  • SOLOLIFT+ CWC-3.

Sololift+ сорғы  қондырғыларының техникалық мінездемесі:

Мінездеме:

Sololift+ сорғы типі

Модель түрі:

WC-1

WC -3

CWC -3

C-3

D-2

Салмағы, кг

5,4

5,5

4,9

4,7

3,5

Максималды  берілісі,

м3/сағ, (л/мин)

5,7 (95)

5,7 (95)

4,5 (75)

3,9 (65)

3,6 (60)

Максималды тік ағыны, м.

8

8

6

6

5,5

Сорғыланатын  сұйықтықтың максималды температурасы, °С

40

40

40

70

40

Қосылу

/сөну деңгейі, мм

63/40

63/40

85/62

85/55

55/30

 

Тұтынатын қуаты, кВт

400

400

350

300

270

Номиналды тогы, А

1,8

1,8

1,6

1,5

1,35

 

Өлшемдері

Д*Ш*В, мм

430*189*279

430*189*279

451*138*291

451*138*291

295*162*144


   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Электр жетектерінің ерекшеліктері мен сорғы қозғалтқышының қуатын таңдау

 

Сорғылар жұмысы режимі жалғалмалы және тұрақты кернеумен  жұмыс жасайтын механизмдер болып  табылады.

Сорғы агрегаттартының  электрлік реттелуі болмаған жағдайда, әдетте сорғы агрегаттарында қысқаша тұйықталған асинхронды қозғалтқыштар қолданылады, қорек көзінен 380 Вт.

Қуаты 100 кВт-тан асатын сорғылардың жетегі үшін  6 және 10 кВ асинхронды және синхронды тікелей қосылатын қозғалтқыштар қолданылады, яғни жүйенің толық қуатына қосылуы үшін.

Кәріз сорғылары  жылдам жүрісті болып келеді, сондықтан  олардың жетек қозғалтқыштарының  жылдамдықтары үлкен болады (w150 – 300 рад/с) және сорғы валымен жалғасады.

 Сорғы қуаты Рқозғ мына формуламен анықталады:


 

 

Мұндағы; р –  сорғыланатын лас ағынның тығыздығы, кг/м3

g – 9,81 бос қулаудың үдеуі, м/с2;

Q – сорғы  өнімділігі, м3/с;

Hc – статкалық  ағыс;

∆H – сорғы  қондырғысының құбыржелілердегі ағын күшінің (напор) жоғалуы;

η ном –сорғы КПД-сы (кәріз сорғылары үшін қысым шамасы 0,4 ·105 Па)

η п – беріліс КПД = 0,9 – 0,95

κз – қор коэффициенті (қозғалтқыш қуатына байланысты 1,1 – 1,3)

 

Мен өзім таңдаған сорғының қуатын осы формулағы салып  есептедім:

Рқозғ = 1,2 (4·9,81·7,4·5,5/0,4·10 ·0,9) 10-3 = 279,67 ≈ 280 Вт

Сорғылар үшін бұрыштық жылдамдықты дұрыс таңдау маңызды, себебі, сорғы өнімділігі Q, оның туындататын ағыны (напор) Н, моменті М мен қозғалтқыштың қуаты Р барлығы бұрыштық жылдамдыққа тәуелді.

Бір сорғыға  арналған Q1, H1, M1 және P1   мәндері Q2, H2, M2, P2 мәндерімен сәйкес келеді:


 

     Берілген кестеде 1-5 кәріз сорғысының Q – H мінездемесі берілген. Сорғының Q және H параметрлерін анықтау үшін сорғы (d және c қисықтары) жұмыс жасайтын тұтынушылардың мінездемесін білу керек. Сорғы мен тұтынушының мінездемелерінің түйісуі Q – H – тың мәнін береді, яғни жұмыс дөңгелектерінің әр түрлі жылдамдық кезіндегі механизмдерінің жұмыс режимін  анықтайды.

    Жүйеде толық ағын күші (напор) статикалық Нс және динамикалық Ндин ағындарынан құралады. Және мұндағы бір ағын жылдамдықтың квадратына және сорғы өнімділігі квадратына пропорционал, яғни:

 

 

          Жүйеде статикалық ағын күшінің (напор) болуы (С-қисығы) қозғалтқыш жылдамдығының w1 – wном - дан w3 – ке дейін аз ғана өзгерісі кезінде сорғы мінездемесі жүйе мінездемесімен қиылыспайды. Бұл сорғының су соруы тоқталады деген сөз. Бұл құбылыс көбінесе асинхронды жетекті сорғылардың орын алуы мүмкін, яғни желі кернеуінің төмендеуі қозғалтқыштың жылдамдығының азаюына, кейін сорғы жұмысының тоқтауына әкеледі.

       Ал егер жүйеде динамикалық ағын күші (напор) болса (d қисығы), онда Uж желі кернеуінің азаюы қозғалтқыштың тоқтауына апармайды, дегенмен сорғының өнімділігі азаюы мүмкін. Синхронды жетек кезінде кернеу азаюы қозғалтқыштың жылдамдығын азайтпайды, және жүйеге келетін  сұйықтық тоқтамайды, есесіне ол ротордың статордан қалу бұрышының θ ұлғаюына, синхронды қозғалтқыштың Мmax азаюына әкеледі. Кернеудің елеулі азаюының нәтижесінде қозғалтқыш синхронизмінен қалыс қалады да жұмысы тоқтайды.

Q – H мінездемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғысының жалпы және техникалық мінездемесі

 

Sololift2 компактты,  монтаждан өткен, автоматты кәріз  сорғылау қондырғысы болып табылады. Кез – келген ғимаратта лас  ағындарды экскременттерсіз  сорғылау  үшін орнатыла алады. Қондырғы EN 12050-2 сертификатына сәйкес құрастырылған.

Қолдану аймағы:  Sololift+ қолжуғыш, душ, ағызу багынен бөлінген лас ағынды сорғылауға арналған. Қондырғыны фронтальды түрде жарға монтаждауға немесе раковина астындағы шкафқа орнатуға болады.  

Қондырғының әдеттегі қолдану себептеріне жатады:

  • Кәріз құрылысынан төмен орналасқан жертөледе;
  • Немесе кәріз құбыры құрылыс орталығынан алыс орналсақан кезде, ғимаратқа қайта жөндеу жасау мен заманға сай құрылыс кездерінде, немесе лас су бөлінуі өз күшімен жүрмеген кезде

 

 

 

Мінездемесі:

  • Екі қосымша бүйір келтіруші келтеқұбыр (потрубка) Ø32 және Ø40. Бір майысқақ жалғағыш шланг ажырғылармен комплектке деген кіреді.
  • Екі бүйір келтіруші қайта бапталу клапанды келтеқұбыры бар, олар сұйықтықтың қайта артқа ағуынан қорғайды. 
  • Сорғы түйіндерін жалғау үшін автоматты құбырлы муфта
  • Бір түйінге жалғанған сорғы мен электр қозғалтқыш резервуарда төрт винтпен бекітіледі.  Резервуардың ішкі құбыржелісіне жалғанатын келтеқұбыр автоматты түрде резервуар ішіндегі құбырлы муфтаға жалғанады.
  • 1,2 м кабель және штекер.
  • Сорғылаушы құбыржелілерінің Ø32 и Ø40 диаметрлі майысқақ шлангасы
  • Еденге монтаждауға арналған тіреулер, винттар мен дюбельдер
  • Бүгу үшін (нагнетания) Ø22 және Ø32 диаметрлі қайта баптау клапаны мен ауыстырғыштар
  • Ағызу шлангі ажырғымен (хомут) және шүмекпен.

Техникалық  мінездемесі

Салмағы

4,3 кг

Резервуар сыйымдылығы

2,0 л

Майысқақ ағын келтеқұбыры

Ø22/32

Мүмкін болатын  кіру өлшемдері

2 x Ø36/40/50 бүйірінен

Іске қосу және тоқтату деңгейі

Қосу деңгейі : 58 мм еден деңгейінен Сөндіру деңгейі: 35 мм еден деңгейінен

Сорғыламалы сұйықтықтың pH мөлшері

4 - тен 10 – ға дейін

Сұйықтықтың максималды температурасы 

50 °C 

Максималды ағу күші

5,5 м

Максималды шығын

119 л/м

Қоршаған орта температурасы

от +5 °C до +35 °C

Жұмыс жасау режимі

S3-50 % - 1 мин. 
(30 сек. қосу.; 30 сек. сөнд.)

Қоректену кернеуі

1 x 220-240 В - 10 %/+ 6 %, 50 Гц

Пайдалану қуаты, P1

Макс. 280 Вт

Номиналды ток

1,3 A

Қуат коэффициенті (cos )

0,90/0,95

Айналу жиілігі

2800 мин-1

Қорғау классы

IP44

Оқшаулау классы

F

Байланыс кабельі

1,2 м, 0,75 мм2 (H05VV-F-3G)

Қосылуы

220-240 В/ 50 Гц

Максималды  өнімділігі

7,4 м3/час

Шуыл деңгейі

- дБ

Электрлік қуаты

280 Вт

Информация о работе Канализационная насосная установка