Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 09:18, контрольная работа

Краткое описание

Қаржылық құқығының: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері.
2. Бюджет заңдары, бюджет жүйесі.
3. Салық құқығының түсінігі.
III Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

Қаржы құқығы.docx

— 40.86 Кб (Скачать файл)

      Салық салу объектісіне экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ кондесатының көлемі экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектісі болып табылады.

      Өзінің аты айтып тұрғандай, негізінен халықтың әлеуметтік қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына өтеуге жұмсалады. Салықты төлеушілер мыналар: 1) жеке кәсіпкерлер; 2) жеке нотариустар, адвокаттар Қазақстан Республикасының резидентті – заңды тұлағалар; 3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.

      Резидент тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік салық төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.

      Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесілігіне қарай мынандай санаттарға: 1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге; 2) елді мекендер жерлеріне; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шауашылығы емес мақсаттағы жерлерге; 4) ерекшк қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жерлерге; 5) орман қорының жерлеріне; 6) су қорының жерлеріне; 7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.

     Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген: 1) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстармен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері; 2) тұрғын үй қоры , соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

     Жердің мынандай  санаттары: 1) ерекше қорғалатын табиғи  аумақтардың жерлері; 2) орман қорының  жерлері; 3) су қорының жерлері; 4) запастағы жерлер салық салуға  жатпайды.

       Аталған  жерлер тұрақты жер пайдалануға  немесе бастапқы өтеусіз уақытша  жер пайдалануға берілген жағдайда  белгіленген тәртіппен салық  салынуға тиіс.

       Жер салығының мөлшері мен иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шауашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

      Жер салығы: 1) меншік құқығын, тұрақты жер  пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша  жер пайдалану құқығын куәландыратын  құжатттар; 2) жер ресурстарын басқару  жөніндегі уәкілітті орган әр  жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша  берген жерлердің мемлекеттік  сандық және сапалық есебінің  дерекетері негізінде есептеледі.

     Төлеушілер  мынандай: 1)жеке меншік құқығындағы; 2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы; 3) бастапқа өтеусіз уақытша жер  пайдалану құқығындағы салық  салу объектілері бар жеке  және заңды тұлғалар жер салығын  төлеушілер болып табылады.

Салық төлеушілер меншік құқығында  салық салу объектілері бар еке  тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу  немесе оралымды басқару құқығында  салық салу объектілері бар заңды  тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – заңды тұлғалар) көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Мыналар: 1) Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілейтін  көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде біріңғай жер салығын  төлеушілер; 1-1) меншікті ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы  техникасы бойынша біріңғай жер  салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шауашылығы өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы  техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейді; 2) мемлекеттік  мекемелер; 3) салық салу объектісі  болып табылатын бір автокөлік  құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілетін адамдар; 4) салық салу объектісі  болып табылатын бір авто көлік  құралы бойынша – меншігінде мотоколяскалары  мен автомобильдері бар мүгедектер; 5) салық салу объектісі болып  табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының батырлары  мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі «Даңқ» орденімен және «Отан» орденімен  наградталған көп балалы аналар; 6)ауыл шаруашылық құрылымынан шығу нәтижесіндепай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі  жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары  салығын төлеушілер болып табылмайды.

 Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар; 2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.

  Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

  Мыналар мүлікке салынатын  салықты төлеушілер болып табылмайды: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі  белгілейтін қажеттілік номативтері  шегінде салық салу объектілері  бойынша біріңғай жер салығын  төлеушілер. Салық салу объектілері  бойныша біріңғай жер салығын  белгіленген қажеттілік нормативтерінен  артық төлеушілер мүлікке салынатын  салықты осы бөлімде белгіленген  тәртіппен төлейді;2) Мемлекеттік  мекемелер; 3) уәкілетті органның  қылмыстық жазаларды атқару саласындағы  түзеу мекемелерінің мемлекеттік  кәсіпорындары; 4) діни бірлестіктер.

 Көрсетілген салықтардан басқа ҚР- да мынандай алымдардың түрі бар:1)Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; 2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; 3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмлілерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. 3-1) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым; 4) радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; 5) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; 6) Теңіз, өзен кемелері мен көлемді кемелерді мемлекетік тіркегені үшін алым; 7) Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым; 8) дәрі– дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым; 9) Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы; 10) Аукциондардан алынатын алым; 11) жеекленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; 12) телевизия және родио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қаржы құқығы мемлекеттің  дамуының әрбір нақты кезеңінде  оның міндеттері мен қызметтерінің  үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету  үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығы.

Қаржылар мемлекеттің  өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.

Сондықтан қаржылар мемлекеттің  материалдық тірегі, базасы болып  табылады және базистік құрамына жатады.

Қаржылық құқықтың маңызы әсіресе экономиканы нарықтық негізге  көшіру, түрлендіруге байланысты өсіп отыр.

Қаржы құқығы мемлекеттің  дамуының әрбір нақты кезеңінде  оның міндеттері мен қызметтерінің  үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету  үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығы.

Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.

Сонымен қаржылар көпқырлы ұғым екенін байқадық. 
Экономикалық категория ретінде қаржылардың өте маңызды екендігін білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Худяков  А.И.Финансовое  право РК.  Общая  часть  Алматы:  қаржы- қаражат  1995 ж.
  2. Худяков А.И. Основы  теории  финансового  права.  Алматы:  Жеті жарғы  1995ж.
  3. Худяков А.И.“Налоговая  система РК”.  “Подоходный налог”.  Алматы;  Баспа   1997ж.
  4. Найманбаев  С.М.    “ҚР қаржылық құқығы”.  Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.
  5. Найманбаев  С.М. Р салықтық құқық”. Алматы:  Жеті  жарғы  1996 ж.
  6. Гурбоновой  О.М.  Финансовое  право,  учебник под ред.  М.”Юрист”, 1996
  7. Химичева  Н.И.     Финансовое  право.  М,  Бек,  1996
  8. Google.kz сайты

Информация о работе Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері