Акционерлік қоғамның нарықта алатын орны мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2014 в 15:38, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы акционерлік қоғамдардың қаржыларын зерттеуге арналып, бұл бағытта кәсіпкерлік ұйымның бір түрі ретіндегі акционерлік қоғамдарды қызметінің құқықтық астарын ашуға бағытталған.
Мен курстық жұмыста келесі сұрақтарды қарастырдым: акционерлік қоғам ірі кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде, акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде ұйымдастырылу ерекшеліктері, акционерлік қоғамды басқару ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдар қызметінің ерекшеліктері, акционерлік қоғамдар қаржыларының ұйымдастырылуы, Қазақстанда акционерлік қоғамдар және құнды қағаздар нарығының жағдайы, Қазақстанда акционерлік қоғамдарды дамытудың проблемалары мен дамыту жолдары

Вложенные файлы: 1 файл

KIRISPE.docx

— 66.78 Кб (Скачать файл)

Голландияда корпорациялардың дамуы жоғары деңгейге жеткенде, Францияда енді ғана корпоративтік қызмет қолға алынды. Корпоративтік құрылым Францияда мемлекеттің қолында болып, оның үстемдік етуі, үнемі компанияларды қадағалауда ұстауы кәсіпкерліктің басқа мемлекеттерге қарағанда өзгеше дамуына әкелді.

Француздық компаниялар арнаулы үкіметтік актімен құрылып, мемлекеттің бастапқы кезеңнен қадағалауы компанияларға пәрменді саяси, қаржылық күш берді. Кейбір зерттеушілер компания қызметін заңи реттеу үкімет тарапынан тікелей қадағалау мен қамқоршылыққа айналды деп есептейді. Мәселен, әрбір компанияда мемлекеттік агенттің болуы, артықшылықты компания жалпы жиналысына тіптен корольдің қатысуы тәріздес жағдайлардың болуы кездесетін.

Франциядағы банктік акционерлік компаниялардың бірі Лауевтік банк 23 мамыр 1716 жылы Генуэздік банктің үлгісімен "Лау және К" фирмасы атауымен құрылды. Алғашқыда коммандиттік сипатқа ие болып, 4 желтоқсан 1718 жылы акционерлік компанияға айналды.

Акционерлік заңшығарушылықта аса ірі құбылыс ретінде 1807 жылы Францияның Сауда кодексін қабылдауы танылады. Кодекс жасырын (акционерлік) қоғамның және акциядағы коммандиттік серіктестіктің түсінігін енгізеді.

Code de Commerce акционерлік қоғамдарды  заңдастырады. Онда акционерлік  қоғамдар үшін құрылудың рұқсат  етуші тәртібі қарастырылады. Кодекс  қоғам атауы қатысушылар есімдерінен  өзгешеленуін, оның қызмет ету  пәні көрсетілуін анықтады.  Сондай-ақ, Сауда кодексінде қатысушылардың  шектеулі жауапкершілігі, жарғылық  қорды қалыптастырушы акциялардың  екі түрге (атаулы және ұсынбалы) бөлінетіндігі туралы ережелер  көрініс табады. Бұл құжаттың  басты өзгешелігі, ол акционерлік  қоғамды алғашқы рет жария  құқық емес, жеке құқықтың институты  екендігін мойындайтындығында.

Наполеон уақытында 1852 жылы жылжымалы несиелендіруді жүзеге асырушы ағайынды Перейерлардың әйгілі акционерлік банкісі ашылады.

Зерттеушілер "компаниялар пайда болған және белсенді қызмет етіп жатқан кездерде, ешкім оларды ерекше ұйымдық-құқықтық нысан ретінде қарастырмады" деп пайымдайды. ХVІ ғасыр соңымен ХVІІ ғасыр басындағы бірде-бір әйгілі ғалымдар акционерлік қоғам тәріздес ерекше құқықтық конструкция туралы сөз қозғамайды. Сондықтан да, отаршылды компанияларды бастапқыда толық және сенім серіктестігінің, сондай-ақ өзге бірлестіктер нысандарының сипатына ие "квази-акционерлік қоғамдар" ретінде қарастыруға болады. Әлбетте, тек отаршылды компанияларға тән белгілер де  оларды ерекше ұйымдық нысан ретінде қарастыруға мүмкін етпеді .

Дегенмен, кейін отаршылды компаниялар акционерлік қоғамдар болып танылғанымен, ХVІІІ ғасырға дейін оларда үлеске бөлінген тұрақты жарғылық қор болған емес. Шектеулі жауапкершілік болса, бұл белгі алғашқы рет Францияның отаршылды компанияларында пайда болды. Голландтық Ост-Индтік компания қатысушылардың шектеулі жауапкершілік қағидасы жөнінде бейхабар болды, бірақ ол іс жүзінде сақталатын. Англияда шектеулі жауапкершілік тек ХІХ ғасырда пайда болды. Отаршылды компанияларды басқару тәртібі, үнемі қазіргі заман акционерлік құқық қағидаларына сәйкес болмағандығын айтып кеткен жөн. Басты қатысушылар компанияны басқаруға қатысып, өзгелер тек соңғы есеппен танысуға құқылы болды. Ал барлығы болса, басқа мемлекеттен алып келген тауар түрінде толық не ішінара дивиденд алып тұрды. Алайда отаршылды компаниялар кейінірек акционерлік қоғамдардың ерекшелеуші  белгісі болатын сипаттарға ие болды. Олардың ішінде - қатысушылардың анағұрлым саны болу мүмкіндігі, мүліктің акционерлерден оқшаулануы, және т. б. белгілер кездеседі. Сондықтан, серіктестіктердің өзге түрлерімен салыстырғанда отаршылды компаниялар таза капиталистік ұйымдық нысан.

Англия, Франция, Голландияда кәсіпкерлік қызмет қарқынды дамып, отаршылық жүйе дамығанда, Германия, Дания, Норвегияда енді ғана корпорациялар туындай бастайды. Олар корпоративтік саланың дамуына ешбір үлестерін қоспаса да, олардың атқарған қызметтері кейін басқа мемлекеттер үшін үлгі болады. Акционерлік қоғамдардың әрі қарай дамуы тарихтағы капиталистік кезеңнің басталуынан кейін мүмкін болды. Өндіруші күштердің өсуі, өнеркәсіптік төңкеріс және Еуропадағы буржуазия-лық саяси төңкерістер "толыққанды" акционерлік компаниялардың туындауына әкелді. Тауар өндіру, сақтандыру, несиелендіру саласындағы ірі мәселелерді шешу қажеттілігі  акционерлік нысанды сол қызметтерді жүзеге асырудағы ең ыңғайлы ұйымдық нысан ретінде танытты. Көптеген авторлар акционерлік қоғамның туындауына әсер еткен бірден-бір фактор - өндірістің капиталистік әдісі деп мәлімдеді. Капиталистік экономикалық қатынастың туындауы-на ықпал етуші экономикалық табиғат акционерлік қоғам тәріздес ұйымдық-құқықтық нысанның пайда болуы мен дамуына әсер етті. Әйгілі орыс цивилисті М.И. Кулагин: "Еуропада ХІХ ғасырға дейін акционерлік қоғамдар әдеттегі тәртіп емес, ерекшелік болды. Әдеттегі емес капиталды концентрациялауды талап еткен тек өнеркәсіптік төңкеріс қана акционерлік қоғамдардың тез арада таратылуының әлді тездеткіші болды". Сол сәтте капиталдың екі түрі пайда болады: өнеркәсіптік (қызмет етуші) және ақшалай (қаржылы) капитал.  М.И. Кулагин: "Капиталистік өндірісті жүзеге асыру үшін қызмет етуші капиталист натуралды нысандағы өндіріс құралына, меншік құқығына ие болуы керек" екендігін көрсетеді .

Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттеріндегі акционерлік қоғамдар туралы заңнаманың әрі қарай дамуы ХХ ғасырмен байланысты. Негізгі еуропалық мемлекеттер акционерлік қоғам қызметін жан-жақты реттейтін арнайы заңдарды даярлау жолымен жүрді. Мәселен, осындай заң Германияда 1937 жылы қабылданып, нацистік елде қабылданған заң Демократиялық Германияда 1965 жылға дейін әрекет етіп келді. Англияда арнайы заң 1948 жылы қабылданып, 1985 жылға дейін ағылшындық акционерлік қоғамдардың қызметін реттеді.

Акционерлік қатынастың туындауына біз тарихи экскурс жасау барысында, олардың өршуі не айналымнан күрт жоқ болып кету жағдайларымен кездестік. Әрине, бұған мемлекеттің экономикалық  хал-ахуалы, мемлекеттік билік басында отырушылардың жеке бір көз-қарастары, жалпы пайда табу мақсатын көздеуші жеке тұлғалардың іс-қимылдары, биржалық алыпсатарлық және т.б. факторлар әсер етті.

Акционерлік қоғамдар қазіргі таңда шаруашылық қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі. Акционерлік қоғамдар туралы шетелдік заңнаманың даму тенденциясын бақылай отырып, Еуропалық экономикалық қауымдастық аясында акционерлік заңнаманың жақындасу, бірыңғайландыру жөніндегі мәселелерді ойластыру жөн. Еуропалық тәжірибе, акционерлік қоғамдар туралы шетелдік заңнаманың даму дәрежесі қазақстандық акционерлік қоғамдардың тәжірибелік қызметінде ескерілуі жөн, себебі кез келген акционерлік қоғам өзінің бағалы қағаздарын халықаралық қаржы рынокторында айналыста    бол-ғандығын қалайды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмыста мен келесі мәселелерді қарастырдым: акционерлік қоғам  ірі  кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде, акционерлік қоғам заңды тұлға  ретінде ұйымдастырылу ерекшеліктері, акционерлік қоғамды басқару ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдар қызметінің ерекшеліктері, акционерлік қоғамдар қаржыларының ұйымдастырылуы, Қазақстанда акционерлік қоғамдар және құнды  қағаздар нарығының жағдайы,    Қазақстанда акционерлік қоғамдарды дамытудың проблемалары мен дамыту жолдары

Бұл бағытта қазіргі кезде акционерлік қоғамдар қызметінің жетлідіру жолдары ұсынылды.

Зерттеу жұмысы барысында келесі қорытындылар жасауға тура келеді:

Өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам деп танылады.

Қоғамның өз акционерлерiнiң мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады және олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қоғам өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауап бередi. Қоғамның акционерi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзiне тиесiлi акциялардың құны шегiнде қоғам қызметiне байланысты залалдарға тәуекел етедi

Қоғамды құру туралы шешiм қабылдаған жеке және заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.

Акциялар орналастырыла бастағанға дейiн құрылтайшылардың кейiннен бiрнеше жиналысын өткiзуге жол берiледi. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бiрiншi құрылтай жиналысында қабылданған шешiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiледi

Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретiндегi құқықтық мәртебесiн айқындайтын құжат болып табылады. Жұмыс iстеп тұрған акционерлiк қоғамның акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген тұлға қол қоятын жарғысының жаңа редакциясын) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi қол қоюға тиiс

Қоғамның органдары мыналар болып табылады:

жоғары орган - акционерлердiң жалпы жиналысы (барлық дауыс беретiн акциялары бiр акционерге тиесiлi қоғамда - сол акционер);

басқару органы - директорлар кеңесi;

атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгiленетiн атқарушы орган қызметiн жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.

Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне және қоғам жарғысына сәйкес өзге де органдар.

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлары мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiппен және мерзiмдерде табыс етiледi. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Қоғам акционерлердiң жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткiзiп отыруға мiндеттi. Акционерлердiң өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады. Акционерлердiң бiрiншi жалпы жиналысы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгеннен және акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесi жасалғаннан кейiн шақырылуы және өткiзiлуi мүмкiн. Акционерлердiң жыл сайынғы жалпы жиналысында қоғамның жылдық қаржы есептiлiгi бекiтiледi, өткен қаржы жылындағы қоғамның таза табысын бөлу тәртiбi және қоғамның бiр жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерi белгiленедi. Акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы, шешiм қабылдау қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған, басқа да мәселелердi қарауға құқылы. Акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн бес ай iшiнде өткiзiлуге тиiс.

Қоғам бөлiну немесе бөлiнiп шығу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын қоғамның кредиторлары осы қоғам борышкер болып табылатын мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын және залалдардың өтелуiн талап етуге құқылы. Егер қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өз қызметiн тоқтатса, оның акциялары шығарылымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен күшi жойылуға тиiс.

Екi немесе бiрнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бiрiгу туралы шарттың негiзiнде және өткiзу актiлерiне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бiрiгуi деп танылады. Қоғамдардың бiрiгуi жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының Ата заңы, Алматы, 2004.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Жалпы және ерекше бөлімі, Алматы қ-сы, «ЮрИнфо» Компаниясы» ЖШС баспасы, 2005.
  3. 2006 ж. 31 қаңтардағы №124-III ҚРЗ «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң. «Бико» Баспа үйі, 2006 ж.
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. Екі кітаптағы құрастырушылардың түсініктемелері. Жауапты редакторлары: М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы: «Жеті жарғы», 2003.
  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлімі.Түсініктемелер. 2 - басылым. Жауапты редакторлары: М.К. Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы: «Жеті жарғы», 2003.
  6. Басин Ю.Г. Юридические лица по Гражданскому кодексу Республики Казахстан. Ұғымдар және жалпы сипаттама. Алматы, 1996.
  7. Кәсіпкерлік қызметті құқықтық ретке келтіру. В.В Лаптеваның ред. М., 1995.
  8. .Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері. Кәсіпкердің шағын орталығы» мекемесі. Алматы, шілде, 2003 ж., І бөлім, № 8; қараша, 2003 ж., ІІ бөлім, № 12.
  9. Кәсіпкер және құқық. № 10, мамыр, 2005 ж. «Бико» Баспа үйі.
  10. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша заңды тұлғалар. Алматы, 2002.
  11. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник /под. ред. Е.С. Стояновой. — М.: изд-во «Перспектива», 1996.
  12. Чечета А.П. Анализ финансового состояния предприятия. /Бухгалтерский учет. 1992 г., №5.
  13. Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту». -
  14. Москва, Финансы и статистика, 2006.
  15. Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией».// Финансовый директор. - 2005. - №4.
  16. Попова М. «Как вывести предприятие из финансового кризиса».// Финансовый директор.-2005. -№3.
  17. Румянцева Е.Е «Новая экономическая энциклопедия».-Москва, Инфра-М, 2006.
  18. Биржевая деятельность: Учебник для студентов ВУЗов / Под ред. А.Т. Грязновой. - М.: Финансы и статистика, 2005.
  19. Введение в предпринимательство. Романов А. Н., Корлюгов Ю. Ю., Красильников С. А. и др. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2004.
  20. Суворов Н.С. Об юридических лицах по римскому праву. -М.:“Статут”, 2000.С.205.

Информация о работе Акционерлік қоғамның нарықта алатын орны мен мәні