Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:37, курсовая работа
ЕСКЕРТУ: Бүкiл мәтiндегi "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы" деген сөздер "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылды, "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыз N 929 Бұйрығымен.
IХ-бөлiм. Қосылған
құнға салынатын салық
босатылған айналымдар мен импорт<*>
31. Мынадай тауарларды, жұмыстарды, және
қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналыс
құнына салынатын салықтан босатылады:
1) Қонақ үйде тұрған ақыдан, учаскені
айырмалау және автокөлікті немесе өзге
де көлік құралдарын сақтау үшін берілетін
ақыдан, учаскенің кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға берілетін ақыдан басқа үйлерді
сату, иелік құқық және жерді пайдалану,
сондай-ақ үйлерді жалға алу және (немесе)
жер учаскелері салынған объектіні бірінші
сату.<*>
Ғимаратты жалға бергенi үшiн төленетін
төлемдер амортизациялық аударымдар мен
жалға беру процентiнiң (кiрiстiң) сомаларынан
құралатын төлем деп ұғынылады.
Үй атауы еңбек, тұрғын үй, тұрғындарға
әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және
материалды құндылықтарды сақтаудан тұратын
архитектуралық-құрылыс объектісі болып
түсініледі.<*>
Осы Нұсқаулықтың 2-тармағына сәйкес пәтер
меншiк кооперативтерiнiң (ПМК) тұрғындардан
алған және кооператив мүшелерi тұрып
жатқан тұрғын үйлердi ұстауға және пайдалануға
арналып алынған қаражаттар қосылған
құнға салынатын салықтан босатылады.
ПМК-ның сыртқа көрсетiлген қызметтерi
жалпы белгiленген тәртiпте қосылған құнға
салынатын салық алуға жатады.
Салынған объектiнiң бiрiншi сатуы болып
тапсырыс берушi объектiнi қабылдау бойынша
комиссияның қол қою актiсiнiң сәтi танылады.<*>
Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның
ішінде рыноктағы тауарлар саудасында
жер учаскесінің (жері) берілуі жалпы белгіленген
тәртіпте қосылған құнға салынатын салық.<*>
2) сейфтік операциялардан, сондай-ақ құнды
қағаздар сақтау бойынша қаржылық қызмет
көрсетулер.<*>
Қаржылық қызмет көрсетулер былай түсіндіріледі:
а) банкілік операциялар;
б) құнды қағаздармен операциялар;
в) сақтандыру және сақтандырылып қою
бойынша операциялар;
г) чектер, вексельдер, депозитті сертификаттар
айналысымен байланысқан операциялар;
д) лизинг (қаржылық жал);
е) зейнеткерлік қаражаттар басқармасы
бойынша қызмет көрсетулер.
Зейнеткерлік қаражаттар өзіне зейнеткерлік
қор жинау қорында зейнеткерлік төлеуді
қамтамасыз ету мен жүзеге асыру үшін
белгіленген қаражаттар қосады.
Банкілік операцияларға мыналар жатады:
а) заңды тұлғалар депозиттерін қабылдау;
б) жеке тұлғалар депозиттерін қабылдау;
в) банкілік операциялардың жеке түрлері,
сондай-ақ банкілердің металды есептері
жүзеге асырылатын банкілер мен ұйымдарда
корреспонденттік есептер ашу мен жүргізу;
г) кассалық операциялар: қабылдау, қайта
есептеу, майдалау, ауыстыру, сұрыптау,
қаттама және банкнот пен монет сақтау;
д) аударма операциялары: ақша аудару
бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырманы
атқаруы;
е) есеп операциялары: вексельдер және
өзге заңды және жеке тұлғалардың міндетті
борыштары есебі (дискон);
ж) несие операциялары: ақша қалпында
кредиттер беру;
з) жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде
олардың банкілік есебі бойынша банк-корреспонденттер
тапсырмасы бойынша есептер жүзеге асырылады;
и) сенімді (трастылық) операциялар: мүдделер
мен сенімхат беруші тапсырмасы бойынша
ақшалар басқармасы;
к) клиринг операциялары: алым, салыстырып
тексеру, сұрыптау және төлемдерді растау,
сондай-ақ олардың өзара есеп жүргізу
және клиринг қатысушыларының бос позициясы
айқындалады;
л) ломбард операциялары: депозитке салынатын
жеңіл сатылатын құнды қағаздар мен жылжымалы
мүліктерді кепілге қысқа мерзімді кредиттер
беру;
м) төлем карточкаларының шығарылымы;
н) шетел валюталарымен ауыстыру операцияларын
ұйымдастыру;
о) төлем құжаттарын (вексельдерден басқа)
инкассамен қабылдау;
п) чек кітапшаларының шығарылымы;
р) құнды қағаздар рыногында клиринг
қызметі;<*>
с) инкассация.
2-1) Бағалы қағаздармен операцияларға
бағалы қағаздар рыногы мәселелерiн реттейтiн,
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес
жүзеге асырылатын бағалы қағаздарды
сатып алу-сату бойынша операциялар, оларды
есептеу және олармен келiсiмдердi тiркеу
бойынша операциялар, брокерлiк, дилерлiк
қызмет көрсетулер және басқа операциялар.<*>
2-2) Банк операцияларының кейбiр түрлерiн
жүзеге асыратын, банк немесе ұйым болып
табылмайтын заңды және жеке тұлғаларда
депозит үшiн сыйақы (мүдде) сату бойынша
жалпы айналымға енгiзiлмейдi.<*>
3) почта маркалары (коллекциялық маркалардан
басқалары), маркiленген конверттер және
открыткалар;
4) егер олар балаларды, қарттарды және
мүгедектерді қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыру
жөніндегі қызметтерді, мәдениет, ғылым,
дене шынықтыру және спорт саласындағы
қызметтерді көрсетуге, діни ұйымдардың
жоралғылар мен рәсімдер өткізуіне байланысты
болса, коммерциялық емес ұйымдар жүзеге
асыратын жұмыстар немесе қызмет көрсетулер.<*>
5) мемлекеттiк баж алуға байланысты оған
өкiлеттi органдардың орындайтын қызметтерi;
нотариалдық кеңселердің қызмет көрсету
кезінде мемлекеттік баж алынбайтын қызметтеріне
жалпы белгіленген тәртіппен қосылған
құн салығы салынады.<*>
6) жерлеу-рәсiмдiк қызмет көрсетулер, жерлеу
және крематорий қызметтерiн көрсету;
7) геологиялық барлау және геологиялық
iздеу жұмыстары. Бұл жеңілдік геологиялық
барлау ұйымдарына, сонымен қатар геологиялық
барлау және геологиялық іздестіру жөнінде
қызмет көрсетуші қосалқы мердігерлерге
қолданылады.
Геологиялық барлау және геологиялық
іздестіру жұмыстарына мыналар жатады:
- жер қойнауының жай-күйіне мониторинг
жүргізу, сейсмикалық болжам жасау;
- геологиялық, географиялық, гидрогеологиялық,
инженерлік-геологиялық, геоэкологиялық
түсірімдер;
- пайдалы қазбалардың болашағын анықтау
мақсатында республика аумағының геологиялық
құрылымын зерделеу;
- теңіз геологиялық-геофизикалық, ғылыми
және тақырыптық зерттеулер;
- ғылыми-геологиялық зерттеулер;
- жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық
негізі болып табылатын мемлекеттік геологиялық
карталарды жасау;
- пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру
және барлау, оларға баға беру;
- геологиялық барлау және геологиялық
іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті
заттарды тасымалдау;
- геологиялық барлау және геологиялық
іздестіру жұмыстарына қатысты лабораториялық,
топография-геодезиялық, карто жасайтын,
бұрғылау, кен ұңғылау және басқа жұмыстар;
- пайдалы қазбалар өндірілетін кен орнын
дайындауға байланысты жұмыстар.
Бұл орайда арнаулы, ілеспе жұмыстарды
және шығындарды, олардың көлемі мен құнын
қоса, геологиялық жұмыстардың нақты түрлерінің
тізбесі есептеліп, зерттеудің және геологиялық
объект ерекшеліктерінің ғылыми-техникалық
мүмкіндіктердің геологиялық жұмыстарды
жүргізуге қойылатын геологиялық әдістемелік
талаптардың жер қойнауын және қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі талаптардың
мақсаттарын ескере отырып, әрбір геология
(ғылыми-геологиялық) объектінің жобалық-сметалық
құжаттары айқындалады. Арнаулы жұмыстардың
жекелеген түрлері (сызба-рәсімдеу, сараптау
және т.б.) басқа да мамандандырылған кәсіпорындардың
күштерімен орындалуы мүмкін және барлау
және геологиялық іздестіру жұмыстарының
үлесі болып табылады. Бұл жұмыстардың
орындалу қажеттігі геологиялық объектінің
жобалау-сметалық құжаттарында негізделеді
және көрсетіледі. Бұл орайда жеңілдік
геологиялық барлау ұйымы мен осы жұмыстардың
орындалуына арналған шарттар тікелей
жасалғанда ғана қолданылады.<*>
8) лотерея билеттерiн сату бойынша айналыстар,
оларды сату бойынша көрсетiлген қызметтерден
басқалары;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды
және қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша
айналыстар;
10) Қазақстан Республикасының Ерiктi мүгедектер
қоғамының Асырауында балалары бар мүгедек
әйелдердiң республикалық қоғамы "Бибi-ана",
Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар
қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi
болып табылатын және толығымен солардың
қаражаттары есебiнен құрылған өндiрiстiк
ұйымдардың тауарлар сату (жұмыс орындау,
қызмет көрсету) бойынша айналымдары,
бұған сауда-делдалдық қызметiндегi тауарлар
сату (жұмыс орындау, қызмет көрсету) жөнiндегi
айналымдар және акцизделетiн тауарларды
өндiру мен сату жөнiндегi айналымдар қосылмайды;
11) тауарларды немесе жолаушыларды халықаралық
тасымалдауға байланысты қызмет көрсету
және жұмыстарды орындау жөніндегі айналыстар.
Қазақстан Республикасы қатысушы болып
табылатын халықаралық шарттарда қарастырылған
жағдайларды қоспағанда халықаралық тасымалдауға
байланысты төменде аталған жұмыстар
мен қызметтер қосылған құн салығынан
босатылады:
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасының
кеден аумағынан экспортталатын (импортталатын)
тауарларды тасымалдауға (оның ішінде
құбырлы тасымал), тиеуге, түсіруге, қайта
тиеуге байланысты қызметтер, Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден
(өзге де жағдайлар көздейтін халықаралық
келісімдер жасалған елдерді қоспағанда)
тысқары шығарылатын транзиттік жүктерді
қамдауға байланысты қызметтер олар бірыңғай
халықаралық тасымалдау құжаттарымен
рәсімделген жағдайда ғана.
Тауарларды тасымалдауда құбырлы тасымал
көлігі пайдаланылған кезде жеңілдікті
пайдалану үшін негіздеме тауар берушімен
оны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
мүше мемлекеттерден тысқары (өзге де
жағдайлар көздейтін халықаралық келісімдер
жасалған елдерді қоспағанда) тасымалдауға
жасалған келісім-шарт (шарт), тасымалдауға
арналған тауардың алынғанын растайтын
құжаттар, сондай-ақ олардың аумақтары
арқылы тауар нысанды жеріне өтетін транзиттің
тасымалдаушы мемлекеттерімен жасалынған
жүк тасымалына келісім-шарт бойынша есеп
жүргізуді (шот-фактура және (немесе) төлемдік
тапсырма) растайтын құжаттар болып табылады:<*>
- халықаралық қатынаста, оның ішінде
Қазақстан Республикасының аумағында
почтаны және жолаушылар мен олардың жүктерін
тасымалдау жөніндегі қызметтер, олар
бірыңғай халықаралық тасымалдау және
қайта тасымалдау құжаттарымен рәсімделген
жағдайда ғана;
- шетелдік әуе кемелерін жүргізу (шетелдік
кемелерді жүргізу үшін штурмандар беру);
- халықаралық қатынастарға техникалық,
коммерциялық, аэронавигациялық және
аэроайлақ қызметін көрсету (Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығына мүше басқа
да мемлекеттердің жүзеге асыратын қатынастарын
қоспағанда);
- жанар-жағар материалдар жөнінде салық
төлеуден босату жөніндегі жағдайлар
айтылатын әуе қатынастары туралы жасалған
халықаралық келісімдерге сәйкес ресми
тасымалдаушы болып тағайындалған шетелдік
компаниялардың жүзеге асыратын халықаралық
қатынастарындағы ұшақтарға май құю қосылған
құн салығынсыз баға бойынша жүргізіледі.<*>
12) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру;
13) жарғылық капиталға жарналар;
14) мектеп оқулықтар мен балалар әдебиетінің
мектеп оқу құралдарын, сондай-ақ арнаулы
орта және жоғары оқу орындарына арналған,
уәкiлеттi орган пайдалануға рұқсат берген
оқу құралдарын шығару және сату бойынша
айналым;<*>
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау,
білім және спорт министрлігімен" "Рауан"
және "Атамұра" баспаларында басылып
шығатын қазақ, орыс, ұйғыр және басқа
тілдердегі барлық оқулықтар, оқу және
әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар
мектептер және орта арнайы оқу орындарында
пайдалануға жіберілді.<*>
Жоғары оқу орындарында пайдалануға рұқсат
етілген оқу құралдарының тізбесін айқындайтын
уәкілетті орган болып ғылым және жоғарғы
білім министрлігі саналады.<*>
"Балалар әдебиеті" түсінігі өзіне
балалардың дүние танымының жалпы дамуына
әсер етуші оқу-танымдық әдебиеттің барлық
түрлерін, мектепке дейінгі және мектептен
тыс мекемелерге көмек, сондай-ақ сыныптан
тыс жұмыс жүргізу үшін енгізеді.<*>
15) "SОS-Қазақстан Балалар қалашықтары"
қорының ұйымдастырылуына, құрылысына
және жұмыс iстеуiне байланысты қызметтi
жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының
резиденттерi сатып алатын тауарлар, орындалатын
жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер.
16) газет және журнал өнімдерін өндіру
және өткізу жөніндегі айналыстары.
Жарнама жөніндегі қызметтерге, сондай-ақ
газет және жарнама өнімдерін шығаратын
ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерге
жалпы белгіленген тәртіппен қосылған
құн салығы салынады.<*>
Осы жеңілдiк шығарушы өзi сататын газет
және журнал өнiмiне байланысты қолданылады.
Тұтынушылар үшiн осы өнiмдi жеткiзу бойынша
газет және журнал өнiмiн шығаратындар
үшiн көрсетiлетiн қызметтер жалпы белгiленген
тәртiпте қосылған құн салығымен салық
салынады.<*>
17) дәрілік субстанцияларды қоса, оның
ішінде ішкі аптекалық дайындаудағы дәрілік
заттар; протез-ортопедиялық бұйымдар;
дәрілік заттарды шығару үшін материалдар;
медициналық мақсаттағы және медициналық
техникадағы өнімдер, сондай-ақ оларды
шығару үшін материалдар және жинақтаушылар.
Дәрілік заттарға өзіндік фармакологиялық
белсенділігі бар шыққан тегі (май, малдың
майы, синтетикалық, минералдық, биотехнологиялық
және басқа
да) әртүрлі заттар және ауруларды емдеу-сауықтыру,
аурудың түрін анықтайтын және емдеу үшін
қолданылатын осы заттардың дәрілік формалары
жатады. Бұдан басқа, дәрілік заттарға
аурулардың түрін анықтау, емдеу-сауықтыру
және ауруларды емдеу мақсаттары үшін
пайдаланылатын медициналық өнімдер де
теңестіріледі.
дәрілік заттардың, протездік-ортопедиялық
бұйымдардың, медициналық мақсаттағы
және медициналық техникадағы өнімдер
тізбесі, сондай-ақ оларды шығару үшін
материалдар және жинақтаушылар осы Нұсқаудың
12-қосымшасында көрсетілген.
Дәрілік-субстанцияны қоса дәрілік заттар,
сондай-ақ протездік-ортопедиялық бұйымдар
негізінде қосылған құн салығы бойынша
босату 1998 жылдың 18 шілдесінен бастап
енгізіледі. Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы және медициналық техника
өнімдерін шығару үшін материалдар бойынша,
сондай-ақ оларды шығару үшін материалдар
және жинақтаушылардан босату 1999 жылғы
1 сәуірден бастап енгізіледі.
Жеңілдетілген салық салу тәртібіне көшкен
кезде салық төлеушілер, олардың жалғыз
қызмет түрі дәрілік-субстанцияларды
қоса дәрілік заттарды шығару және сату,
сондай-ақ протездік-ортопедтік бұйымдар
болып табылатын және оларда 1998 жылғы
18 шілдедегі жағдай бойынша сатылған тауарлар
негізінде есептелген салық сомасынан
қоса есептеуге жатқызылған қосылған
құн салығы асқан болса, аталған асу шеттетілуі
тиіс және тауарлар құнына апарылады.
Шеттетілу шілде айы (III тоқсан) үшін жасалған
ҚҚС негізінде декларация бойынша 19а жолының
200 (1-97) нысаны немесе 11 жол 200S (5-97) нысанынан
асқан сома көрсету жолымен жүргізіледі.
Егерде салық төлеушілердің қызметі дәрілік-субстанцияны
қоса алғанда, сондай-ақ протездік-ортопедиялық
бұйымдарды тек қана сату және (немесе)
шығарумен байланысты жағдайда болса,
онда аталған салық төлеушілер олардың
салық салынатын көрсетілген құралдары
мен бұйымдары бойынша жеңілдік жағдайларға
көшкен кезде 1998 жылғы 18 шілдедегі жағдай
бойынша аталған тауарлардың (осы нұсқаудың
55а-тармағына сәйкес импортталатын тауарлардан
тыс) қалдықтарына түгендеу жүргізуі және
аталған қалдықтар бойынша бұрын қоса
есептеуге жатқызылған қосылған құнға
салық сомасын айқындауы тиіс, ол одан
кейін қоса есептеуден шығарылуы (шеттетілуі)
қажет және тауарлардың құнына жатқызылуы
қажет.
Осы мақсаттарда 1998 жылғы 18 шілдеден бастап
салық төлеушілер сатылған дәрілік заттарының
дәрі субстанцияларын қоса өнімдер атауы
бойынша протездік-ортопедиялық бұйымдармен
есебін жүргізуі тиіс. Егерде есепті кезеңде
сатылған өнім атауы есепті кезеңнің басындағы
қалдықтарда бар түгендеу тізімдемесіне
сәйкес өнім атауымен сәйкес келсе, онда
мұндай жағдайда міндетті тәртіпте ҚҚС
сомасын қоса есептеген бұрын жатқызылған
шеттетілу жүргізіледі, ал сатылған өнім
сомасына келесі есепті кезеңге өткізілетін
өнім қалдығына азайтылады.
Одан кейінгі әрбір есепті кезең басына
түгендеу тізімдемесі бойынша атаулар
негізіндегі тауарлар қалдықтарын айқындау
бойынша ай сайынғы есеп айырысулар жоқ
болған кезде декларация бойынша шеттетілуге
жататын қосылған құнға салық сомасы 1998
жылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша түгендеу
тізімдемесі негізінде тауарлардың қалдығына
келетін салық сомасынан аспағанда есепті
кезеңде жүргізілген сату құнын ескере
отыра айқындалады. Бұл жағдайда келесі
есепті кезеңге өтетін тауарлар қалдығының
құны есепті кезең мерзімінде жүргізілетін
сату құнына есепті кезең басына түгендеу
тізілімі бойынша бар тауарлар қалдығы
құнын азайтумен айқындалады.
Шеттетілу 19а жолындағы 200 (1-97) нысанында
немесе 11 жолдағы 200S (5-97) нысанындағы тауарлар
қалдығы бойынша қоса есептеуге бұрын
жатқызылған қосылған құнға салық сомасын
көрсете отыра ҚҚС негізіндегі декларация
бойынша жүргізіледі.
Жоғарыда аталған тәртіпте дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техникаларды өндіруді жүзеге
асыратын, сондай-ақ оларды өндіру үшін
материалдар және жинақтаушыларды, сондай-ақ
салық төлеушілер үшін 1999 жылғы 1 сәуірден
бастап дәрілік заттарды өндіру үшін материалдарды
өндіру және (немесе) сатуды жүзеге асыратын
салық төлеушілер үшін 1999 жылдың 1 қаңтарынан
бастап салудың жеңілдетілген тәртібіне
көшу жүзеге асырылады. Медициналық мақсаттағы
және медициналық техникалар, сондай-ақ
өндіріс үшін материалдар және жинақтаушылар.
17-1) өкілдіктер мен жеке және заңды тұлғалар
бойынша органдардағы анықтау жүргізу,
алдын-ала тергеу және соттардағы қызмет
көрсетулер;
18) түзету мекемелері жүргізетін өзі шығарған
(жұмыс, қызмет көрсетулер) тауарларды
сату бойынша айналымдар, Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрлiгi қылмыстық-түзеу
жүйесiнiң түзеу мекемелерiнiң республикалық
мемлекеттiк кәсiпорындарымен;<*>
19) білім беру қызметіне құқық беретін
лицензия; бойынша жүргізетін заңды тұлғалармен,
сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк
қызметiмен айналысатын жеке тұлғалармен
мектепке дейінгі балалар, орта, арнайы
орта және жоғары білім салаларындағы
білім беру қызметтерін көрсету бойынша
айналымдар.<*>
Орта және арнайы орта білім беру саласындағы
білім беру қызметіне құқық беретін лицензия
беру бойынша уәкіл орган болып Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау, білім
және спорт министрлігі саналады.
Жоғары білім беру саласындағы білім
беру қызметіне құқық беретін лицензия
беру бойынша Қазақстан Республикасы
ғылым және жоғарғы білім министрлігі
уәкіл орган болып саналады.
20) медициналық қызмет жүргізуге құқық
беретін лицензия бойынша косметологиялықтардан
тыс жүзеге асыратын заңды тұлғалармен,
сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк
қызметiмен айналысатын жеке тұлғалармен
медициналық қызмет көрсету бойынша айналымдар.<*>
Медициналық қызмет көрсетуге құқық беретін
лицензиялар беру бойынша Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі
уәкіл орган болып, сондай-ақ оның аумақтық
органдары саналады;
21) әскери бөлімдер үшін коммуналдық қызметтерді
жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын
болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі саналады;<*>
22) осы Нұсқаудың 38-тармақшасында аталғандардан
басқа аффинаждалған бағалы металлдар
- алтын және платинаны сату бойынша айналымдар.<*>
ЕСКЕРТУ. 7)-тармақ толықтырылды, 11)-тармақ
жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі
Салық комитетінің 1998.05.02. N 39
V980083_ бұйр
ЕСКЕРТУ. 31-тармақтың 2)-тармақшасы жаңа
редакцияда жазылды,
4), 5)-тармақшалары жаңа абзацтармен және
16),
17)-тармақшалармен толықтырылды - ҚР Қаржы
министрлігінің Салық комитеті Төрағасының
1998 жылғы 10 қазан N 62
бұйрығымен. V980546_
ЕСКЕРТУ. 31-тармақтың толықтырылды - ҚР
Мемлекеттік Кіріс
министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы
N 519
Бұйрығымен. V990826_
ЕСКЕРТУ: 31-тармақ өзгертілді және толықтырылды
- ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999 жылғы 4 тамыздағы N 929
Бұйрығымен. V990963_
31-1. Қосылған құнға салынатын салықтан
босатылатын тауарлардың импорты:
1) ұлттық валютаның, шетел валютасының
(нумизматтық мақсатта пайдаланылатындарынан
басқасының), сондай-ақ бағалы қағаздардың
импорты;
2) осы Нұсқаулықтың V тарауының ережелерiне
сәйкес импортталатын тауарлар;
3) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiткен тауарларды басшысыз әкелу
нормаларына сәйкес нормалар бойынша
тауарлар импорты;
4) республикалық және жергілікті бюджеттер
қаржылары, сондай-ақ мемлекеттік сыртқы
займдар бойынша алынған технологиялық
құрал-жабдықтар импорты.
Жеңілдік беру тәртібі "Қазақстан Республикасы
аумағына әкелінетін тауарларға қатысты
қосылған құнға салық және акциздер қолдану
тәртібі туралы" V990743_ 1999 жылғы 14 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс
министрлігінің N 243 Нұсқауымен белгіленген";<*>
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
өз мұқтаждары үшiн жүзеге асыратын тауарлар
импорты;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн
тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнетiн
тауарлардың акцизделетіндерін қоспағанда
импорты;<*>
7) техникалық көмек көрсетудi қоса алғанда,
мемлекет, үкiметтер, халықаралық ұйымдар
желiсi бойынша қайырымдылық мақсатында
әкелiнетiн тауарлардың акцизделетіндерін
қоспағанда импорты;<*>
8) шетелдiк дипломатиялық және оларға
теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы
үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
қатысушы болып табылатын халықаралық
шарттарға сәйкес босатылатын, өздерiмен
бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда,
осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық
қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн
әкелiнетiн тауарлардың импорты;
9) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
арқылы өткiзiлетiн Қазақстан Республикасының
кеден заңдарымен белгiленген кеден режимдерiнiң
шеңберiнде босатылатын тауарлардың импорты,
бұған "Еркiн айналысқа арналған тауарларды
шығару" режимi қосылмайды.
10) дәрілік заттарды, дәрілік-қосалқы
заттарды, оның ішінде дәріхананың ішінде
жасалатындарын қоса, протездік-ортопедтік
бұйымдарды; диагностикаға, дәрі өнімдерін
шығару үшін материалдар; медициналық
мақсаттағы және медициналық техникадағы
өнімдер, сондай-ақ оларды шығару үшін
материалдар және жинақтаушылар.<*>
ЕСКЕРТУ. 31а-тармақтың 6), 7)-тармақшалары
өзгертілді және
10)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Қаржы
министрлігінің Салық комитеті Төрағасының
1998 жылғы 10 қазан N 62
бұйрығымен. V980546_
ЕСКЕРТУ. 31а-тармақтың толықтырылды және
өзгертілді - ҚР Мемлекеттік Кіріс министрлігінің
1999 жылғы 19 мамырдағы N 519
Бұйрығымен. V990826_
ЕСКЕРТУ: 31а-тармақ 31-1-тармақ болып саналды
- ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999 жылғы 4 тамыздағы N 929
Бұйрығымен. V990963_
32. Егер салық төлеушi жұмыс iстеп тұрған
кәсiпорында немесе кәсiпорынның дербес
жұмыс iстеп тұрған бөлiгiн басқа салық
төлеушiге берсе (сатса), мұндай беру (сату)
қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Осы Ереже жер қойнауын пайдалануға арналған
келiсiм-шартпен жасалатын құқықтарды
қайта беруге де қолданылады.
Кәсіпорынның қызмет етіп тұрған жеке
бөлімі деп онда функционалдық басшы белгілі
функциялар, жұмыстар (өндірістік, технологиялық,
әлеуметтік, жобалық және т.б.) шеңберін
орындауды қарайды, ол кәсіпорынның басқа
объектілерінен және басқа да құрылымдық
бөлімшелерінен жеке кәсіпорын бөлімі
түсініледі.<*>
Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынды немесе
дербес жұмыс iстейтiн кәсiпорынның бөлiгiн
беру (сату) бөлшектенген және алдын ала
берiлген немесе кәсiпорынның жойылған
балансы негiзiнде қосылған құнға салынатын
салықтан тапсырылатын активтерді, олардың
жинақталатын көздерін және (немесе) оларға
байланысты міндеттемелерді көрсете отырып
босатылады.<*>