Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 09:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден бекеттерінде төлеу тиімділігі және кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы заңдарды жетілдіру мәселелері үшінші тараудан орын алады.
Сондай-ақ бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімін құрайды.
Бітіру жұмысы Қазақстан заңдарына және көпжақты және екіжақты халықаралық келісім-шарттарға сүйене және оларды талдай отырып жазылған.
Сонымен қатар, осы тақырыпты зерттеу барысында қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды.

Содержание

Кіріспе

І.тарау. Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы
Кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама
салықтар жүйесіндегі ролі
Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы
Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге
асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасы

ІІ.тарау. Кедендік төлемдерді алуға қолданып жүрген механизм
2.1. Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді
салу тәртібі мен шарты
2.2. Тауардың кедендік құнын анықтаудың әдіс-тәсілдері
2.3. Кедендік төлемдерден түскен төлемдерді талдау және
оның мемлекеттің бюджетін қалыптастырудағы ролі

ІІІ.тарау. Қазіргі кездегі кедендік төлемдерді алу ерекшелігі
3.1. Банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден
бекеттерінде төлеу тиімділігі
3.2. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету
жөніндегі шаралар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

айбар.doc

— 872.50 Кб (Скачать файл)

Шекарадағы бақылаушы органдармен және СЭҚ-қа қатысушылармен өзара іс-қимыл күшейтілуде. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу  пункттерінде бірыңғай бақылау -өткізу пункттері құрылуда, бұл жерде  барлық бақылаушы органдардың  өкілдері орналасқан, олардың өзара іс-қимыл және «бір аялдама» қағидасы бойынша өздерінің бақылаушы  функцияларын жүзеге асрыу тәртібі  айқындалған.

Бірыңғай бақылау өткізу пункттерін салу бағдарламасына сәйкес 5 ББӨП: Оңтүстік Қазақстан облысында Ғ.Мұратбаев атындағы, Павлодар облысында «Шарбақты», Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл», Солтүстік Қазақстан облысында «Қарақоға» және Қостанай облысында «Ұбаған» қолданысқа енгізілді.

Ресей және Қырғыз тараптарымен біріккен кедендік бақылауды жүргізу және шекарада бірыңғай бақылауының құрылысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Кедендік әкімшілендіруден нысандары мен әдістері жақсару үстінде. Тәуекелдерді талдау және басқару жүйесі енгізілуде. Кедендік құнды кедендік бақылаудың халықаралық стандарттарына сәйкес айқындауға жеңілдіктер мен преперенцияларды ұсыну заңдылығына бақылау жүргізілуде. Тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуда. Үкіметтің қаулылары мен ақпараттың  ресми көздері ретінде Қазақстан Республикасының аумағына  әкелінетін негізгі тауарларға бағалы каталогтар бекітілді. Бұл кедендік құнды төмендету фактлерін болдырмауға ықпал етеді. Құны өндірушіден, брендтен және басқа да құрамдастардан өзге спецификалық түрдегі тауарларға бақылауды жеңілдетеді.

Бюджеттің әлеуметтік ортаға шығыс бөлігінің өсуіне байланысты инфляцияның өсіміне жол бермеу бойынша әсерлі шараларды қолдану шағын және орта бизнес санаттарына жатқызылатын СЭҚ-қа қатысушылардың салықтық салымын жеңілдету мақсатында комитеттің бастамасымен ҚР Үкіметінің өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған бірқатар шараларды көздейтін үстіміздегі жылдың 7 наурызындағы №217 және үстіміздегі жылдың 5 мамырдағы №430 екі қаулы қабылданды. Жекелеп алғанда жеке адамдардың тауарларды жеңілдетілген тәртіппен әкелудің салмақтық нормалары 10 есе, ал жеміс-жидек өнімінің 5 есе жоғарлады. Бұдан басқа тұтыну кәрзіңкесіне кіретін бірқатар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға кедендік баждарды жаңа төмендету ставкелері қабылданды.

Барлығы үстіміздегі жылдың 8 ай ішінде Республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне 204,4 млрд. теңге сомасында кедендік төлемдер мен салқытар келіп түсті. 2002 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 108,7 млрд теңгені құрады немесе 2,1 есе өсті.

2005 жылғы 27-28 мамыр күндері Шымкент қаласында  Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау  департаментінің негізінде  кедендік рәсімдеу  және  бақылауларды жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық семинар өткізілді.

Семинар Қаржы Вице-министрі – кедендік бақылау Комитетінің төрағасы Б.М.Сапарбаевтың төрағалық етуімен өтті.

Бұл іс шараға Өзбектсан Республикасы мемлекеттік кедендік комитеті төрағасының орынбасары  С.Х.Насыров және Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік кедендік инспекцияның  диреткоры С.Т.Омарқұлов, Көлік және коммуникациялық, ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызмет, «КазАТО» халықаралық автокөлікпен  тасымалдаушылар одағының  өкілдері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар  қатысты. Өзбек кеден қызметінің басшылары және ҚР ҚМ КБК департамент, басқарма, кеден бекеттерінің басшылары қатысты.

Семинар – кеңестің барысында  кедендік рәсімдеулерді оңайлату және сыртқы экономикалық  қызметке қатысушыларға қолайлы жағдайларды  жасау мәселелері  жан-жақты  талқыланды. Кедендік кодексті пайдалану тәжірибесіне жан-жақты  талдау жасау және  кәсіпкерлердің ұсыныстарын еске алу  негіздерінде кедендік Заңнамаларды жетілдіру, Кодекске өзгерістер енгізу  жөнінде  жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, кеден мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде  кедендік рәсімдеудің  оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ тәуекелділік басқару жүйесін  қолдану кезінде  таңдалған  кедендік режимдерге сәйкес ұсынылатын құжаттардың  тізбесін қысқарту  нормалары (12-ден 5-ке дейін), «уақытша сақтау орындары» туралы баптарға  алдын ала және мерзімдік декларациялау рәсімдерін,  тауарларды кедендік  рәсімдеудің оңайлатылған тәртібін пайдаланған кездерінде  уақытша сақтау  мен төлемдердің  төленуін қамтамасыз етуді енгізбей-ақ кедендік  декларацияны беруге рұқсат етіледі, тауарларды өткізетін  тұлғаның  негізделген сұрау салу бойынша  транзиттік заттарды жеткізу  мерзімдері ұзартылады.

Кедендік қызметтің ашықтылығын күшейтудің, кедендік бақылау мен рәсімдеу процестерін жеделдетудің  негізгі кілті – оларды автоматтандыру  болып табылады. Сондықтан да тауарлардың жеткізілуін  бақылайтын автоматтандырылған  жүйе, контейнерлерді сканерлеу стационарлық  жүйесі («ТС-SCAN»), кәсіпкер тұлғаларды тіркеудің  автоматтандырылған пункттері (кедендік дүңгіршек), радиоактивтік материалдарды анықтайтын «Янтарь» стационарлық және «Web-декларант» жүйелері іске қосылды.

Семинарға қатысушылар атап өткендей соңғы кездері кедендік органдарының басқа бақылаушы  ұйымдармен шекарадағы қарым-қатынасы  арта түсуде. Мысалы мемлекеттік шекарада бірыңғай бақылау-өткізу  пункттері (ББӨП) құрылуда.  Оларда барлық бақылаушы органдардың  өкілдері «бір аялдама» қағидаты бойынша  өздерінің тексеру функцияларын атқарады. Қазіргі таңда 3 бірыңғай бақылау-өткізу пункті жұмыс істейді. Келер жылдың  аяғына дейін осындай әдіспен  жұмыс істейтін барлығы 8 ББӨП енгізілмекші.

Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік кедендік  инспекциясының директоры С.Т.Омарқұлов кедендік рәсімдеуді  және негізу  тәуекелдік басқару жүйесін оңайлатылған жол керектігін айтты.

Сонымен қатар оның айтуынша ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында қабылданған Қырғыз Республикасының Кедендік Кодексі Киот конфенциясына қатысты жасалып, ең бастысы кедендік рәсімдерді оңайлатуға бағытталған. Омарқұлов мырзаның пікірінше қызметте электронды ақпараттарды  кең қолдану керек деген  ұсыныс айтты, сонымен қатар  көошілес  елдердің кеден органдарымен электрондық қарым-қатынас ұйымдастыру жөн болар деді.

Өзбекстан Республикасының  мемлекеттік кеден комитеті төрғасының  орынбасары С.Х.Насыровтың ойынша кедендік рәсімдеудің оңайлатылған жолы шешілсе, тауар айналым және кедендік рәсімдеудің жолы әлде қайда жедел түрде өтеді. Ол кеңеске қатысушыларға көбісі Қазақстан Республикасының кедендік кодексінен алынған кедендік тариф  жөнінде және Өзбекстан елінің кедендік кодексі жобасы жасалып жатқан жөнінде ақпарат берілді.

Біріккен бірыңғай бақылау-өткізу  пункттерін іске асыру қаржы шығындарын екі есеге, ал кедендік рәсімдеуді жүргізу  уақытын үш есеге азайтуға мүмкіндік береді.

Әуежайлар қызметтерінің тиімді және  сапалы жұмысына қол жеткізу  мақсатында, әуежайлардың «ҰШУ» залында  бақылаудың үш кезеңдік  жүйесі енгізілуде, бұл әуежайларда бақылау рәсімдерін өту уақытын едәуір  қысқартуға мүмкіндік береді. Басқа мемлекеттер кеден органдарының біріздендіру құралдарымен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеруге тыйым салу енгізілді.

Тексеру ұлттық қауіпсіздікке, адамның өімірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп төнген жағдайда, транзитте мәлімделген тамуардың сәйкессіздігі, сондай-ақ безендіру құралдарының бұзылуы сияқты ерекше жағдайларда ғана жүргізілді.

Қазақстан кәсіпкерлерінің форумында Елбасының берген  тапсырмасына сәйкес Комитетте  және оның  аумақтық  органдарында  Консультативтік  кеңестер құрылды, ақпараттық-консультативтік  пункттер, «сенім телефондары» жұмыс істейді. «Дөңгелек үстелдер», кеден органдарының  кәсіпкерлерімен  кездесулері өткізілді, біз олармен «кеден кәсіпкерлер үшін» қағидаты бойынша серіктестік, сенімді қатынастарды орнатуға ұмтыламыз.

Елбасының жолдауынан  туындайтын  әлеуметтік салаларға бөлінетін бюджеттің  шығыс бөлігінің көбеюіне  байланысты ақшаның құнсыздануын болдырмау, шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың күнделікті сұраныс  тауарларына  қажеттілігін қанағаттандыру  мақсаттарында  Комитеттің  ұсынысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы жылғы 7-ші наурықдағы №217 «Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы  арқылы  кәсіпкер-тұлғалардың тауарларды өткізулерінің кейбір мәселелері»  және 5-ші  мамырдағы №430  «Тұтыну рыногындағы  бағаны тұрақтандыру  жөніндегі  кейбір шаралар туралы» қаулыларды қабылданды.  Оларда өнімдердің өзіндік  құнын азайтуға және тасымалданатын заттардың салмақтық нормаларын көбейтуге  бағытталған шаралар қамтылған. Мысалы, тауарлардың барлық  категориялары бойынша 2 тоннаға  дейін, жеміс-жидек  пен бау-бақша көкеністерін  5 тоннаға дейін өткізуге  рұқсат етілген. Сонымен қатар жиынтық кедендік төлемдердің  айрықша бөлігі (бір килоға 0,5 ЕВРО-дан кем емес деген) алынып      тасталып, төлем ставкасы кедендік құнының 17 пайызын  құрайды. Бұл жеке адамдар шығындарының сомасын едәуір қысқартуға  мүмкіндік береді, кедендік рәсімдеу  рәсімдерін өту уақытын қысқартады. Бірақ, бұл үшін облыс, аудан, қала әкімшіліктерінің басқа  мемлекеттік органдарының бірлескен  үйлесімді және үйлестірілген жұмысы қажет.

Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтарды  өндіріп алу саласында кедендік әкімшілендіру әдістерін жетілдіру негізгі бағыттарының бірі болып қалады.

Кедендік құнының халықаралық қағидаттарына сәйкес келетін құнды айқындауды бақылау жүзеге асырылады, тарифтік және тарифтік емес шаралар қолданылады. Жеңілдіктер мен преференцияларды ұсынудың заңдылығын бақылау күшейтіледі. Ең алдымен, импортталған тауарлардың кедендік құнын дұрыс  айқындау, тауар номенклатурасының кодтарын, сондай-ақ шыққан елін дұрыс айқындау мәселелеріне баста назар аударылады.

Қабылданған шаралар бюджетке түсімдерді едәуір жоғарылтауға мүмкіндік  береді. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғандап 20,3 млрд. теңгеге немесе 28,9% артық.

Одақтан кейінгі кезеңде кеден саласына төлем карточкалары арқылы бюджетпен қолда бар ақшасыз есеп айырысу  жүйесі алғаш рет  рет негізілді. Төлем карточкасы ретінде, аймақтық филиалдар жүйесі  ең дамыған екінші деңгейдегі банктер эмитенттенген карточкалар  пайдаланылады. Жүйені енгізудің  оң белгілерінің  бірі басқа елдерде көзделгендегідей бюджетке төлемдерді төлеу  үшін арнайы төлем карточкасын әзірлеу  қажеттілігінің жоқтығы болып табылады.

Семинар-кеңеске қатысушылар  «Ғ.Мұратбаев» атындағы бірыңғай бақылау-өткізу пунктінде болып, тауарлардың жеткізіліуін бақылайтын автоматтандырылған жүйесін көздерімен көріп,  жұмысымен танысты.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Кеден проблемасын алу проблемасын зерттеу келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Кедендік баж – бұл Қазақстан Республикасының территориясында тауарды  сыртқа шығарғанда Қазақстан Республикасы кеден органдарымен өндіріліп алатын төлем.

Кедендік тариф – бұл нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қызметтерді реттеудің маңызды құрамы болып табылатын кедендік баждардың жиынтығы.

Кедендік тариф Қазақстан Республикасының импорттық саясатының артықшылығын көрсете отырып, импорттық құрылымын жетілдіруге  және валюта шығындарын тиімділеуге ықпал етуге құрылады.

Баждардың жеке тауарлар мен тауарлар тобына қатысты  көлеміне тәуелді кеден тарифі, не отандық өндірушіні шетел бәсекелестерінен қорғау, не отандық және шетелдік өндірістердің  шараларына жағдай жасап, сондай-ақ отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, кеден тарифі сыртқы экономикалық қызметтердің жаңа нысандарының дамуына  ықпал етіп, біздің тауардың импорттерлеріне әртүрлі жеңілдіктер бере отырып, Қазақстаннан экспортты шығаруды  ынталандыру.

Нарықтық экономикаға және сыртқы экономикалық қатынастарды диберализациялау жағдайында кеден баждары маңызды экономикалық реттеушіге айналды. Кеден баждарының көмегімен  мемлекет сәйкес тауарлардың әкелінуі мен шығарылуын  ынталандырады немесе  оларды  шектейді. Отандық тауарды өндірушілер тауарлар мен шетелдік  баламаларын бірдей экономикалық  жағдайға қояды,  белгілі бір экономикалық ғылыми, техникалық, экологиялық, валюта қаржылық, сыртқы экономикалық қатынастар  саласында жүргізіп, сыртқы экономикалық қатынатсар субъектілерінің қызметтерін  жалпы мемлекеттік, ұлттық мүдделердің  арнасына бағыттайды.

Кеден баждары,  импорттық және отандық тауарлар өндірісіне бәсекелестік жағдайларын теңестіреді және қайсыбіріне артықшылықтар берместен реттеушілік қызмет атқарады:

  • протенционистік қызметін отандық нарыққа импорттық тауарлардың  келуіне шек қоя отырып,  баждық кедергінің деңгейі жоғары болған жағдайда мұндай әкелуге тіптен тыйым сала отырып жүзеге асырады;
  • тауарлар импорты үшін кең мүмкіншіліктер жасай отырып, ынталандыру қызметін жүзеге асырады.

Әлемдік тәжірибе тауарлар қозғалысының  бағыттаушы байланысты  кедендік баждар: импорттық, экспорттық, тарнзиттік, маусымдық арнайы, антидемпингтік, компенсациялық болып бөлінеді.

Кеден баждарының басты бөлігін іс жүзінде  әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, импорттық баждар құрайды.

Кеден саясаты мемлекеттік биліктің  орталық органдарының қарауына жатады, дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасының МКМ-г.

Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаты:

Қазақстандық нарықты қорғау; өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; экономиканы дамытуды ынталандыру; экономикада құрылымдық қайта құруды  жүргізуге ықпал ету; бәсекелестікті қолдап, монополизмге қарсы әрекет ету; экспортты, импортты алмастырушы өндірісті ынталандыру; шетел инвестициясын тарту; сауда саясатының мәселелерін шешу; мемлекеттік биліктің орталық органдарымен анықталған басқа да мақсаттар.

Кедендік баждарды алудың бір проблемасы  Қазақстан Республикасының  кедендік шекарасынан өтетін тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтау.

Қазақстан Республикасының кедендік территориясынығ сыртқа шығарылатын тауарлардың кедендік құны счет-фактурада көрсетілген тауарлар  бағасы негізінде, сондай-ақ, келесі  нақты шығындары, түсіру, қайта тиеу, жеткізу шығындары; сақтандыру сомалары, сондай-ақ сатушының тартқан залалдары (комиссиондық және брокерлік сыйақылар, контейнерлер құны, қаптардың құны).

Импорталатын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін бағалардың 6 әлісі қолданылады жән олар келесідей кезекте пайдаланылады:

Информация о работе Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері