Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 09:44, курсовая работа
Қазақстан Республикасындағы банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден бекеттерінде төлеу тиімділігі және кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы заңдарды жетілдіру мәселелері үшінші тараудан орын алады.
Сондай-ақ бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімін құрайды.
Бітіру жұмысы Қазақстан заңдарына және көпжақты және екіжақты халықаралық келісім-шарттарға сүйене және оларды талдай отырып жазылған.
Сонымен қатар, осы тақырыпты зерттеу барысында қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды.
Кіріспе
І.тарау. Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы
Кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама
салықтар жүйесіндегі ролі
Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы
Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге
асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасы
ІІ.тарау. Кедендік төлемдерді алуға қолданып жүрген механизм
2.1. Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді
салу тәртібі мен шарты
2.2. Тауардың кедендік құнын анықтаудың әдіс-тәсілдері
2.3. Кедендік төлемдерден түскен төлемдерді талдау және
оның мемлекеттің бюджетін қалыптастырудағы ролі
ІІІ.тарау. Қазіргі кездегі кедендік төлемдерді алу ерекшелігі
3.1. Банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден
бекеттерінде төлеу тиімділігі
3.2. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету
жөніндегі шаралар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
-
әкелінетін тауарлармен
2002-2005
жылдардағы мемлекеттік бюджет
табыстарына кеден
2002 жылдардағы 7994 млн. теңгеден 2005 жылғы 18472 млн. теңгеге дейін мемлекеттік бюджети табыстарының жалпы сомасында кедендік төлемдердің үлес салмағы 2005 жылы 3,5% - ға дейін өсті. Бұл кеден төлемдерінің өсу қарқынының табыстары мен салықтардың өсу қарқынынан жоғары болумен түсіндіріледі.
Кеден және салық заңдарына сәйкес кеден төлемдерінен басқа тауарларды кедендік территорияға әкелгенде кеден органдарымен мемлекеттік бюджет табыстарына салықтық төлемдер есептелініп төленеді: ҚҚС және акциздер 2005 жылы импортталатын тауарлардан т үскен ҚҚС 2004 жылмен салыстырғанда 55,3%-ға ұлғайғандығын атауға болады. Сонымен бірге, импортталатын тауарлардан акциздердің түсуін 7,1%-ға төмендеген.
Кедендік табыстардың түсу мөлшері мемлекеттік бюджет табыстарының жалпы көлемінде: 2002 жылғы 7,0%-дан 2005 жылдың екінші жартысында 10,8%-ға дейін өсті.
Мемлекеттік бюджетке 2005 жылғы кедендік төлемдер мен салықтар түсімін талдау біршама облыстарда кеден түсімдерінің едәуір бөлігі Алматы қаласының Салық комитетіне (19054 млн. теңге); Батыс Қазақстан облысы (67,17 млн. теңге); Қарағанды облысы (5221 млн. теңге) келуі.
Алайда, жоспардың барынша орындалуы Ақмола облысының Салық комитетіне (46,3%), Атырау облысына (45,4%), Солтүстік Қазақстан облысына (29,7%) келеді.
Кедендік төлемдер мен салықтар Республикалық және жергілікті бюджет арасында тартылады, мұнда, олардың басым бөлігі Республикалық бюджетке келеді. Осылайша, 2005 жылы Республикалық бюджетке 55726 млн. теңге немесе 98,2% жалпы сомадан келген табыстары түссе, жергілікті бюджетке 1042 млн. теңге немесе 1,8%-ға түсті. Мемлекеттік бюджетке кеден баждары мен салықтардың түсу жоспарының орындалуы 2005 жылы 5,7% құраса, көбінесе баждар бойынша жоспардың орындалу есебінен қорғау шаралары ретінде алынатындары 51,8%, экспорттық кдеен баждарын алумен байланысты 46,6%, кедендік бақылау және процедуралар бойынша алымдардан 26% импортталатын тауарларға ҚҚС –ның жоспарының орындалуы 6% құрады.
Бұл Қазақстан Республикасының кеден органдарының белсенді шаралар жүргізгендігін көрсетеді.
Болжамдық есептегі төлемдер мен алымдағы жинақтарының ұлғаюы үкіметпен қабылданған заңнаманы жетілдіру шаралары есебінен, сондай-ақ кедендік бақылауды күшейту жолымен.
Қаражаттарды жинауда елеулі өнімді кедендік және салықтық жеңілдіктерді экспорттаушыларға салмау және энергия тасушыларға бақылауды жоспарлаудан әкеледі.
Әкелу баждары ұлттық бағалар динамикасы мен деңгейіне, ішкі өндіріс жағдайына сыртқы экономикалық қызметтерден келетін мемлекеттің табыстарының деңгейіне ықпал етеді.
Баждар деңгейі ұлттықбағалар деңгейіне тікелей әсер етеді және олардың арасында тура пропорционалдық байланыс бар: бағалардың төмендеуі ішкі бағалардың төмендеуіне әкеледі, ал жоғарлауы өсуіне.
Кеден тарифтеріне қатысты айтсақ, олар ұзақ мерзімдік болашаққа айтарлықтай роль атқармайды, бірақ сауданы либерализациялаумен байланысты қысқа мерзімді жоспарда пайданың көзі ретінде маңызды роль атқарады. Сонымен бірге импортқа тарифтер құрылымы бірқатар критерийлерге жауап беру керек:
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың көмегімен экономикалық өсудің мүмкіндігі пайда болады.
Қазақстан Республикасының экспортын мемлекеттік реттеудің жүйесінің орталық буыны бұл кезеңде сыртқа шығарудың қаржы несие механизмі болуы керек, яғни, өзіне ішкі нарық пен экспорттық операцияларды сақтандыруда қызмет ететіндерге қарағанда қолайлырақ жағдайда берілетін экспорттық несиелер, сондай-ақ, экспортты ынталандыру қаржы тетіктері – салықтық жеңілдіктер мен тікелей субсидиялар, экспортерлерге шикізатты шығару кезіндегі жеңілдіктер, егер олар қайта экспорттау үшін қолданылса.
Сыртқы сауда
(Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша)
Сыртқы сауда айналымы
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы кеден статистикасының ұйымдаспаған сауданың есебінсіз деректері бойынша 2005 жылдың қаңтар-маусымында 21206,5 млн. АҚШ долларын құрады және өткен жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 49,2% -ға өсті, соның ішінде экспорт – 13077,9 млн. АҚШ доллары, 53,1%-ға өсті, импорт (тасымалдау және сақтандыру шығыстарын есепке алғанда) – 8128,6 млн. АҚШ доллары болып 43,4%-ға өсті.
Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылары: Швейцария (17,6%), Италия (14,0%), Ресей Федерациясы (12,4%), Франция (10,0%), Қытай (9,7%), Нидерланды (3,2%), Израиль (2,6%), Иран (2,4%), Польша, Виргин аралдары және АҚШ (2,0-дан%), Кипр және Ирландия (1,7%-дан), Испания (1,6%), Германия (1,4%), Канада (1,2%).
Талдау кезеңі ішінде экспорттың жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі 16,5% -ды құрады (2004 жылғы қаңтар- маусымында – 23,2%).
Инвестициялық тауарлар 2005 жылдың қаңтар- маусымында импорттың жалпы көлемінде 3852,5 млн. АҚШ долларды немесе 47,4% (2004 жылдың қаңтар-маусымында – 2566,0 млн. АҚШ долларды немесе 45,3%) құрады.
ӘЛЕМНІҢ БАСҚА ЕЛДЕРІМЕН СЫРТҚЫ САУДА
2005 жылдың қаңтар – маусымында
әлемнің басқа елдерімен
Минералдық шикізаттың әлемнің басқа елдеріне шығарылған тауарлардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2005 жылдың қаңтар- маусымында 77%, (2004 жылдың қаңтар- маусымында – 69%), металлургия өнеркәсібінің өнімдері – 17% (24%) құрады.
2005 жылдың қаңтар- маусымында
әлемнің басқа елдерінен
Аса маңызды тауарлармен ел қажеттілігін қамтамасыз етуде әлемнің басқа елдері үлкен роль атқарады: осы елдерден әкелінген машина жасау өнімдерінің көрсетілген тауарлардың жалпы әкеліміндегі үлесі 2005 жылдың қаңтар – маусымында 72% (2004 жылы қаңтар- маусымында - 66%), фармацевтикалық тауарлар – 84%, (83%), киім – 83% (87%), азық-түлік тауарлары – 51% (53%) құрады.
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер