Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 23:30, курсовая работа
Сақтандыру нарығы – ол ерекше әлеуметтік экономикалық орта, экономикалық қатынастардың белгіленген аясы, онда сату-сатып алу объектісі – сақтандыру қорғауы. Сақтандыру нарығының объективтік негізі – ол үздіксіз қайта өндіру процесін қамтамасыз ету қажеттілігі (қайта өндіру процесі (үдерісі) – ол материалдық игіліктердің, жұмыс күшінің және өндірістік қатынастарының үздіксіз өндірісі) сәтсіз оқиғалардан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсету жолымен.
КІРІСПЕ........................................................................................................3
1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ.
1.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні. Сақтандыру нарығының қызметтері..........................................................................................5
1.2. Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуы.........................8
2. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚР-ҒЫ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ.
2.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуын талдау..... ...............................................................................................................13
2.2. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жолдарын толық жетілдіру......... ......................................................................................................16
2.3. Әлеуметтік сақтандырудың қажеттілігі...........................................21
3. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӨРІСІНІҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ......................................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................32
ҚОСЫМША ...............................................................................................33
- сақтандыру жүйесінің
әлуетiн республика
2) өмiрдi сақтандыруды, аннуитеттер жүйесiн
және сақтандырудың өзге де әлеуметтiк
мәнi бар түрлерiн жедел дамыту;
3) толыққанды сақтандыру статистикасын
қалыптастыру, сондай-ақ мониторинг бойынша
және сақтандыруда (әcipece экологиялық сақтандыру,
ауылдық өндiрiстегi сақтандыру саласында
және т.б.) пайдалану үшiн әртүрлi қауіптi
өндiрiстiк тәуекелдердi бағалау бойынша
салалық инфрақұрылым құру;
4) сақтандыру
рыногында сақтандыру қызметi тарифтерiн
төмендеуiне, сақтандыру өнiмдерінің сапасын
арттыруға, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің
қызметінде айқындылық пен сенімділіктi
қамтамасыз етуге негiзделіп кездесетiн
адал бәсекелестiктi дамыту үшiн оңтайлы
жағдайлар құру. Сақтандыру (қайта сақтандыру)
пулдерiн, оның iшiнде мемлекеттің нақты
экономикалық міндеттерін жүзеге асыруға
ықпал ететіндерiн құруды ынталандыру;
5) көлемi жыл сайын
ұлғайып отыратын тәуекелдердi
қабылдау бойынша ұлттық
6) сақтандыру рыногына
шетелдiк сақтандырушылардың
7) сақтандыру ұйымдарын шоғырландыруды
және олардың кәсiби деңгейін одан әрi
арттыру, сондай-ақ медициналық, жинақ
және өмiрдi ұзақ мерзiмге сақтандыру, туристiк
салада сақтандыру, жылжымайтын мүлiктi,
банктiк және кәсіпкерлiк тәуекелдердi
сақтандыру сияқты осындай перспективалық
бағыттағы ролiн арттыруды ескере отырып,
нақты мамандандырылған сақтандыру ұйымдарын
рынокта орнату және т.б.
8) сақтанушыларға және сақтандыру ұйымдарының
салық салу режимiн жұмсарту жөнiнде қосымша
шаралар қабылдау (өзiнің қызметкерiн республиканың
аумағында оқытуға бағытталған сақтандыру
ұйымдарының қаражатын салықтан босатуды
қоса алғанда);
9) сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын
және төлем қабiлеттiлiгiн арттыруды қоса
алғанда, сақтандыру қызметiн мемлекеттік
реттеу және оны қадағалау жүйесiн одан
әрi жетiлдiру, олардың негiзгi және инвестициялық
қызметінің нәтижелерi бақылаудың неғұрлым
тиiмдi әдiстерiн пайдалану, сақтандыру
резервтерiн орналастыруға және сақтандыру
ұйымдарының инвестициялық саясатына
қойылатын нақты талаптарды кезең-кезеңiмен
ырықтандыру, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен олардың лауазымды тұлғаларының аффилиирлендiрiлуiн
тексеру мәселелерi, сақтандыру қызметi
субъектілерiнің холдингтерге және өзге
де корпоративтiк бiрлестiктерге қатысу
талаптары, сақтандыру секторы арқылы
заңсыз капиталды ақтауға қарсы күрес
шаралары жөнiндегi заң нормаларын күшейту.
Сонымен бiрге, негiзгi қызметi экспорт
келiсім-шарттары мен инвестицияларды
сақтандыру және қайта сақтандыру арқылы
қазақстандық өндірушілерінің тауар экспортына
тікелей ықпал ететiн әрi қызмет көрсететiн
экспортты сақтандыру жөнiндегi компания
құру ойластырылуда. Экспортты сақтандыру
жөнiндегi компанияның негiзгi бағыттары
Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында
көрсетiлдi.[6,368 б]
2.3 Әлеуметтік сақтандырудың қажеттілігі.
Қоғам дамуының объективтік факторының бірі кейбір жағдайлардың салдарынан қоғамдық еңбекте қатыса алмайтын, сондықтан тұрмыс жағдайы төмен тұлғаларды материалдық қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.
Қоғамның осындай мүшелерін асырап күту үшін осы мақсаттарға арналған валдық (жалпы) табыстың бөлігі жіберіледі. Тауар-ақша қатынастар қызметінің жағдайларында қоғамдық өнімнің бұл бөлігі белгіленген ақша қорларын қалыптастыру (құру) және пайдалану арқылы қолданады.
Әлеуметтік сақтандыру – қатынастар жүйесі, оның көмегімен (ол арқылы) материалдық қамтамасыз етілмеген тұлғалар үшін ақша қаражаттар қорлары құрылып, жұмсалады.
Азаматтардың еңбек ету қабілетінен, жұмысынан айырылу немесе асыраушысынан айырылуына әкеліп соқтыратын жағдайлар туындағанда, оларды әлеуметтік қорғау мақсатында құрылған, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі екі жылдан бері жұмыс істеп келеді.
2007 жылғы 10 қаңтарда
өткен Парламент палаталарының
бірлескен отырысында
Үкімет басшысы К.Мәсімовтің, Парламент депутаттарының, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен 2007 жылдың 22 қаңтарында өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ағымдағы жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметімен халықты қамтамасыз етуді ұлғайтудың негізгі міндеттері сараланды.[11]
“Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа барлық азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. 2005, 2006 және 2007 жылдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жылдары болып заңмен қарастырылған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдардың ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу нысанынан 2005 жылға – 1,5 %, 2006 жылға – 2 %, 2007 жылға – 3 % мөлшерінде белгіленген.
Осылайша, қорға әлеуметтік аударымдарды төлеу әлеуметтік аударымдардың белгіленген ставкасы бойынша жүргізіледі. Жалдамалы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарынан төленеді. Өздеріне табыс әкелетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, алатын табыстарынан әлеуметтік аударымдар төлейді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен әлеуметтік аударымдардың мөлшері 38 866 587,2 мың теңгені құрады, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды уақытында төлемегені үшін өсімақы – 204 299,7 мың теңге болды. Орташа алғанда 2005 жылдың басынан бері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бір қатысушысына 14 938,8 теңге сомада әлеуметтік аударымдар төленген. Желтоқсан айында өсімақыны қоса есептегенде бір адамға төленген әлеуметтік аударымдардың мөлшері – 872 теңгені құрады.
2006 жыл үшін 25 163 209,4 мың теңге сомада әлеуметтік аударымдар түсті, бұл 2005 жылғыдан екі есе көп, яғни 2005 жылы түскен әлеуметтік аударымдардың мөлшері 13 703 377,9 мың теңгені құрады. Сонымен қатар 2006 жылы түскен өсімақының мөлшері 151 999,2 мың теңге болды, бұл 2005 жылға қарағанда 3 есе көп.
Желтоқсан айында 3 205,3 мың адамға әлеуметтік аударымдар төленді, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға тиіс халықтың 64,2%-ын құрайды. Желтоқсан айында әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істеген барлық кезеңіндегі ең жоғарғы көрсеткіш болды. 2006 жылдың желтоқсан айында олардың саны алдыңғы айға қарағанда 2,8 % және 2005 жылдың желтоқсан айына қарағанда 11,3 % көп.
“Міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы” Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес
соңғы 24 айда ең болмаса 1 рет
әлеуметтік аударымдар
Әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны мен әлеуметтік төлемдер алуға құқы бар адамдар санының арасындағы аздаған айырмашылық төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды жүйелі түрде төлемегендігімен байланысты болуы мүмкін.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің мөлшері 205 284,4 мың теңгені құрады, оның ішінде:
l еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша – 135 142,4 мың теңге;
l асыраушысынан айырылуы бойынша – 67 513,3 мың теңге;
l жұмысынан айырылуы бойынша – 2 628,7 мың теңге.
2006 жыл үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 9 595 алушыға 195 070,4 мың теңге сомаға әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:
l еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша 7 056 алушыға – 128 761,6 мың теңге;
l асыраушысынан айрылуы бойынша 2 324 алушыға – 63 737,5 мың теңге;
l жұмысынан айырылуы бойынша 215 алушыға – 2 571,3 мың теңге сомаға.
2006 жыл үшін төленген әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2005 жылы жүргізілген әлеуметтік төлемдерден 19 есе көп.
Желтоқсан айында алынған әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері:
l еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша бір алушыға – 2 883 теңге;
l асыраушысынан айырылуы бойынша бір алушыға – 4 148 теңге;
l жұмысынан айрылуы бойынша бір алушыға – 11 410 теңгені құрады.
Желтоқсан айындағы әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап төленген ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Оның саны 2006 жылдың қараша айымен салыстырғанда 499 адамға немесе 6 % көбейді, ал 2005 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 6857 адамға немесе 4,7 есеге артты.
2006 жылы 8 215 алушыға қайтадан әлеуметтік төлемдер тағайындалған, осы кезеңге 322 алушыға әр түрлі себептер бойынша әлеуметтік төлемдерді беру тоқтатылған. 2006 жылы әлеуметтік төлемдер алушылардың жалпы саны 9 595 адамды құрады.
2006 жыл бойы алушылар саны ай сайын орта есеппен 17 % өсіп отырды.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік саладағы мемлекет саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Еңбек процесіне тартылмаған әр түрлі әлеуметтік топтағы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға қол жеткізу үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге жасалатын жағдайлардың бірі болып табылады. [1, 359 б]
Енді Қазақстан сақтандыру нарығы, 2008 жылдың
үш тоқсанының қорытындысына келетін
болса, /RP Newsline/ 2008 жылдың үш тоқсанының
қорытындысы бойынша қазақстандық сақтандыру
нарығының жиынтық сыйлықақысы 125,1 млрд.
теңгені құрап, өткен жылғы осыған ұқсас
көрсеткішті қайталап отыр, өсім бар болғаны
0,6%. Бұл туралы «Евразия» 29 қазанда хабарлады.
Сақтандырушылар
жинаған сыйлықақылардың жиынтық көлемінің
54%-ы сыйлықақы жинаудың бес көшбасшысының
үлесінде. Оның ішінде нарықтың 14,4%-ы «Евразия»
СК-ға, 13,4%-ы «Викторияға», 10,4%-ы «Қазақшетсақтандыру»
ШСК-ға, 7,8%-ы «Альянс-Полис» СК-ға және
7,6%-ы «Казкоммерц-Полис» СК-ға тиеді.
2008 жылдың 9 айының
резидент емес тұлғалардан қайта сақтандыру
шарттары бойынша қабылданған сақтандыру
сыйлықақыларының мөлшері 9 167 млн теңгені
құрады. Мұның 8 972 млн теңгесі немесе Қазақстандағы
резидент емес тұлғалардан алған сыйлықақының
жалпы көлемінің 97,87%-ы «Евразия» СК» АҚ-ның
үлесінде. Бүгінгі таңда «Евразия» СК
қызметін әлемнің 75-тен астам елінде жүзеге
асырып отыр.2008 жылдың 1 қазанындағы жағдай
бойынша компания активтері 43,739 млрд теңгеге
жетті, бұл 2007 жылдың қаңтар-қыркүйегімен
салыстырғанда 50%-ға артық. 25,274 млрд теңгені
құраған капитал да бір жыл бұрынғы ұқсас
көрсеткіштен 30%-ға артық. «Евразия» СК»
АҚ 1995 жылы құрылған. 2007 жылы A.M. Best халықаралық
рейтинг агенттігі «Евразия» СК» АҚ-ның
«B++» деңгейіндегі қаржылық тұрақтылық
рейтингін және «bbb» кредит рейтингін
растап, тұрақты деген болжам жасады. A.M.
Bestтің бұл рейтингі ТМД, Орталық және Шығыс
Еуропа елдерінің ішіндегі ең жоғарғысы
болып табылады. /29.10.08/ Статистикаға сүйенсек,
сақтандыру қызметтерінің ішінен бірінші
орында - қаржылық сақтандыру тұрса, одан
кейінгі орындарды - азаматтық-құқықтық,
мүліктік сақтандыру түрлері иеленеді.
Ал келесі жылы сақтандыру компанияларының
біріккен активтерінің құны 2 миллиард
долларға жетеді деп күтілуде. 2009 жылдың
1 қаңтарында компания активтері 41,086 млрд
теңгені (ағымдық 150,43/$1), капиталы 26,568 теңгені
құраған. «Евразия» СК-ның 2008 жылы қабылдаған
сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық
көлемі 19,857 млрд теңгені құрады, бұл өткен
жылдың ұқсас көрсеткішінен 7,8%-ға асып
түседі. Есепті кезеңде компания сақтандыру/қайта
сақтандыру шарттары бойынша 2,5""Евразия"
СК 2009 жылы жарғылық капиталын $200 миллионға
дейін ұлғайтады. Капитал бір жыл бұрынғы
ұқсас көрсеткіштен 18,9%-ға көп 25,568 теңгені
құраған.
«Евразия» СК 2008 жылы қабылдаған сақтандыру
сыйлықақыларының жиынтық көлемі 19,857
млрд құрады, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен
7,8%-ға асып түседі. Есепті кезеңде компания
сақтандыру/қайта сақтандыру шарттары
бойынша 2,594 млрд теңге төледі, бұл 2007 жылғы
жүзеге асырылған төлемнің жалпы көлеміне
сәйкес келеді.
«Евразия» СК» АҚ 1995 жылы құрылған. 2008
жылы A. M. Best халықаралық рейтинг агенттігі
«Евразия» СК» АҚ-ның "B++" деңгейіндегі
қаржылық тұрақтылық рейтингін және "bbb"
кредит рейтингін, «Тұрақты» деген болжамды
растады. A. M. Bestің бұл рейтингі - ТМД, Орталық
және Шығыс Еуропа елдерінің ішіндегі
ең жоғарғысы 94 млрд теңге төледі.[14]
ІІІ. Сақтандыру қызметтері дүниежүзілік өрісінің даму үрдістері және қазақстандық сақтандыру нарығының болашағы.
Дүниежүзілік сақтандыру нарығын жаһаңдандыру бұл біртұтас сақтандыру кеңістігінің қалыптасуына, әдетте, құрылымдық өзгерістерге әкелетін ұлттық сақтандыру шаруашылықтарында заң шығарушылық және экономикалық кедергілердің жойылу үдерісі. Өткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ-тың сақтандыру нарығы алған сақтандыру сыйақысының үлесі, дүниежүзілік сақтандыру сыйақысының жалпы көлемінде 50%-ға жуық, еуропалық елдердің үлесі 26%-ға жуық, ал Азия елдерінің үлесі —20%-дан кем болды. Не бары 10 жыл ішінде, экономиканың Еуропа мен Азияда жандануымен іс жүзінде бұл үлестер теңесті, әрі 32%-ға жуық болды. Дүниежүзілік сақтандыру нарығының жалпы құрылымындағы басқа елдердің үлесі алынған сақтандыру сыйақысы жалпы көлемінің 5%-нан аспайды.
Дүниежүзілік сақтандыру нарығы даму ерекшелігі ауқымды сіңіру мен бірігу болды. 1997 жылдан 2000 жылға дейін, барлығы үш жыл ішінде, компанияның бірігу мен қосылу бойынша мәмілелердің жалпы сомасы Мұнда 2,6 трлн АҚШ долларынан асты, сонымен біргс мәмілелердің көпшілік бөлігі трансшегаралық сипатта болды.
Әлемдік сақтандыру нарығындағы тағы бір үрдіске сақтандыру және қайта сақтандыру қоғамдарының шоғырлануы мен сіңіруінің салдары халықаралық мегаброкерлердің қалыптасуын жатқызу керек.
Осы заманғы телекоммуникациялық технологиялардың, интернеттің дамуы, түтынушының оған тікелей қол жеткізуіне мумкіндік берді, жаңа тәуекелдіктер себепкер болған залалдарға өтемақы төлейтін арнайы сақтандыру қызметтеріне сұранымды қалыптастырды. Сақтандырушылары үшін интернет сақтандыру қызметтерін «тікелей» сату тәсілі болып табылады, оның дамуына шығындар тұтынушылардың компьютер желілерін пайдалану мүмкіндіктеріне байланысты. Интернет технологияны енгізу заң шығару базасын өзгертуде, сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша мәмілелерді жария ету нысандары мен тәсілдері туралы баптарды енгізуді талап етеді. Осындай проблема трансшегералық саудада сақтандыру (қайта сақтандыру) операцияларына да қажет. Көптеген елдердің ұлттық зандарында мұндай мәмілелер жасауға шектеулер бар.[5, 475 б]
2 008 жылғы халықтың жан басына шаққандағы сактандыру сыйақысы
Елі |
Сақтандырудың барлық түрлеру бойынша жиынтық көрсеткіші |
Өмірді сақтандырудан өзге сақтандыру |
Өмірді сактандыру |
Швейцария |
4290,00 |
1297,00 |
2993,00 |
Жапония |
3896,00 |
804,00 |
3092,00 |
АҚШ |
2571,00 |
1404,00 |
1167,00 |
Ұлыбритания |
2452,00 |
731,00 |
1721,00 |
Франция |
2204,00 |
693,00 |
1511,00 |
Голлаңдия |
2192,00 |
959,00 |
1233,00 |
Қазакстан |
6,37 |
6,3 |
0,04 |