Сақтандыру нарғы және оның қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:30, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”.

Содержание

Кіріспе………………………………..……………………………………..2
І. Сақтандырудың экономикалық мәні.......................................3
Сақтандыру түсінігі мен функциясы......................................3
Сақтандырудың түрлері мен онын негізгі қызметі................5
Сақтандырудың даму тарихы...............................................10
ІІ. Сақтандыру нарығының жағдайы және оны талдау...........................11
2.1. Сақтандыру нарығының түсiнiгi мен оның мәні......................................11
2.2 Сақтандыру нарығының жағдайы және құрамы мен құрылымы....................................................................................142.3. Сақтандыру нарығын талдау және оның мәні............................……17
IІІ. ҚР-да сақтандыру нарығының мәселелері және оларды жетілдіру бағыттары ...........................................................................................20 3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын
талдау...........................................................................................20
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.................................................................................27
3.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................30
Қорытынды……………………………..…………………..…………...33
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

Курсавой Сактандыру нарығы және оның қызметтері.docx

— 153.49 Кб (Скачать файл)

         Құқық жүйесiндегi сақтандыру. Сақтандыру қатынасында, бiрiншiден, сақтандыру келiсiмшартының жақтары — сақтанушы мен сақтандырушы, екiншiден, жеке және заңды тұлғалар — сақтандырылған сақтандыру агенттерi мен брокерлер, банк мекемелерi, қаржы, салық, құқық қорғау органдары, мемлекеттiк үкiмет ұйымдары қатысады. Сақтандыру обьектiлерi ретiнде материалдық құндылықтар, өмiр, денсаулық, еңбек қабiлеттiлiгi, кiрiстi жоғалту шығады. Осылайша, сақтандыру қайта бөлу орбитасына бiрқатар, анықталған құқықтар мен мiндеттердi алып жүрушi субьектiлер де қатыстырылды. Сақтандыру қызметiнде олардың өзара қатынасын реттеу тек заңның көмегiмен ғана мүмкiн. Басқаша айтқанда, экономикалық сақтандыру қатынастары заңды тұрде ену керек.Барлық,сақтандыруға қатысты, құқықтық қатынастар екi топқа бөлуге болады: сақтандырудың өзiне қатысты, реттеушi құқықтық қатынастар, яғни сақтандыру резервтерiн пайдалану және құру процесiне қатысты, екiншi, сақтандыру iсiн ұйымдастыруға байланысты құқықтық қатынастар, олардың банк мекемесiмен байланысы, бюджет, мемлекеттiк басқару, бақылау және реттеу қарым-қатынасы.

     Айта кету  керек, құқықтық реттеудiң алғашқы  тобы  азаматтық құқық нормаларын  реттейдi, ал екiншi – әкiмшiлiк,  қаржылық, қылмыстық, процессуалды  тағы басқа құқық салаларына  байланысты.Азаматтық құқыққа құқықты  реттеудiң әкiмшiлiк әдiсi тән.  Әкiмшiлiк, қаржылық құқыққа құқықтық  реттеудiң әкiмшiлiк әдiсi тән.Өз  кезегiнде азаматтық құқөықтық  қатынастар меншiктiк құқықты  қамтиды. Себебi сақтандыру құқықтық  қатынастар, сақтандыру категориясының  мәнiн сипаттайды, мiндеттi жақтар  қарама-қатынасы формасы мiндеттi  құқықтық қатынасының түріне  жатады. Сақтандыруға қатысушы екi жақтың бiрi — сақтандырушы  сақтандыру жағдайында өзiне сақтандырушыға  төлем төлеу мiндетiн жұктейдi.Ал  екiншi жақ — сақтандырушы келiсiлген  сақтандыру төлемдерiн төлеуге,  сақтандырушыға болған жағдайды  хабарлауға, басқа да сақтандыруға  қатысты iс-әрекеттердi орындауға  мiндеттенедi. Сондықтан, сақтандыру  мiндеттерi толтырылуы тиiс: сақтандыру  қызметiне сақтандырушы сақтандыру  жарнасын төлеуi тиiс. Мiндеттi  құқықтық қатынастар тек сақтанушы  мен сақтандырушыны ғана емес, басқа да субьектiлер — медицина, банк, құқық қорғау мекемелерiнiң  қызығушылығын қозғайды.

     Айта кету  керек сақтандыру келiсiм шарт  мiндеттерiнiң маңызды ерекшелiгi  бар. Егер жай келiсiм шарт  мiндеттемелерi екi жақтың қалтқысыз  келiсiмшарт жағдайын орындау  керек екенiн және әрқашан сақтанушы  сақтану жарнасын төлеу керек,  ал екiншi жақ—сақтандырушы сақтандыру  жағдайында сақтандыру төлемдерiн  төлеу керек екендiгiн мiндеттейдi. Сақтандыру келiсiм шартының негiзгi шарты мыналар: Сақтанушы мен  сақтандырушының аты  Сақтандыру  обьектiсi Сақтандыру жауапкершiлiгi  көлемi Сақтандыруды қамтамасыз  ету  Сақтандыру мерзiмi Сақтандыру  төлемдерiнiң тарифтiк ставкасы  Сақтандыру қосындысы. Сақтандыру  құқықтық қатынастар арнайы сақтандыру  заңдылықтарымен бөлшектенiп, бекiтiледi. Бұрынғы СССР-де сақтандыру жайлы  заңның қажетi жоқ едi, себебi  сақтандыру iсiне мемлекеттiк монополия  бар едi. Совет республикасының Азаматтық кодексiнiң кейбiр стадияларында ғана құқықытық реттеуге қатысы бар едi. Тек дамыған сақтандыру нарығы жағдайында, көп сақтандырушылар – сақтандыру тауары сататын бар кезде ғана, сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу қажет болды.Дамыған сақтандыру нарығы қалыптасуы үшiн арнайы сақтандыру заңдылығы қажет, бiрiншi кезекте сақтандырушылардың құқығын қорғап, авантюризмге жол бермеу керек. Сақтандыру заңдылығы тек клиенттердiң ғана емес, сақтандыру ұйымдарының көзқарастарын қорғау тиiс.Қазақстан Республикасында сақтандыру бизнесiн реттейтiн заңдылықтар жүйесiн құру созылып кеттi. “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру” жайлы алғашқы заң 1992 жылы 3 шiлдеде қабылданып, 1 қыркүйектен күшiне ендi. Тұтастай заң сәттi болмады. Кемшiлiктерiмен қатар, онда негiзгi – сақтандыру ұйымдарын тiркеу, сақтандыру қызметiн лицензиялау және мемлекеттiк бақылау болмады. Осы себептi заңды жұмыс жасалмады.

      Шет елдегi  сақтандыру. Қазіргі  әлемде капиталды  орталықтандыру және концентрациялау  процесi сақтандыру iсiнде де жүрiп  жатыр. Экономиканың басқа саласында  iс жүргiзетiн, iрi корпорациялармен  байланысы бар күштi сақтандыру  монополиялары құрылуда. Олар әлемдiк  сақтандыру нарығына бақылау  жасап, ондағы сақтандыру сыйлықтарын  басқарады. Әсiресе дамыған елдерде  осындай акционерлiк сақтандыру  қоғамдарың саны көп. Акционерлiк  сақтандырудың үлесi сақтандыру  операцияларында әртүрлi:әсiресе  µлыбритания, Германия, Франция да  көп, ал АІШ-та аз, себебi онда iрi акционерлiк сақтандыру компаниялары  өзара сақтандыру қоғамы болып  қайта құрылған. Интернационализм  процессi Европалық сақтандыру  нарығында орын алған. Сақтандыру  нарығында позицияларды жақындастыру, алғашқы кезекте, мүлiктiк сақтандыруда iрi қауiптi жабуға жұмсалады. Шет  елдiк клиенттермен сақтандыру  келiсiм шартына отыру жағдайлары  жақсаруда.Бiрақ сақтандыру нарығын дамытуға жеке кедергiлер де кездеседi. Европалық Экономикалық Қоғамдастық құрылғанға дейiн ақпаратпен алмасу және Европалық Экономикалық Қоғамдастықты ұйымдастыруда қатысушы елдердi таныстыру және дамытуда Европалық Сақтандыру Комитетi құрылды. Алғашында Европалық Сақтандыру Комитетiне 18 елдiң сақтандыру компанияның ұлттық ассоциациясы, сонымен бiрге бақылаушы ретiнде Югославия сақтандыру қоғам ассоциациясы кiрдi. Осы уақыттан бастап үлкен өзгерiстер болды. Бiрiншi жоспарға Европалық Іоғамдастық елдер қызметi шығарылды. Европалық Сақтандыру Комитетi 11жаңа елдер ендi 1993 жылы – Исландия, Кипр және Мальта, кейiн Польша, Венгрия, Чехия және Словакия ассоциациялық мүше ретiнде ендi, ал 1996 жылдан - Словения, Эстония, Литва және Латвия ендi. Қазіргі  таңда Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 29 мүшесi бар. Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 18 салалық комитеттерi бар. Олар әртүрлi сақтандыру түрлерiн өзара кураторлыққа бөлген және жылсайын 200-ге жуық жиналыс өткiзедi. Европалық Сақтандыру Комитетi сақтандыру бойынша кеңестiк қызмет көрсетедi. Жыл сайын отызға жуық, Европалық Сақтандыру проблемасы талқыланатын жиналыстар ұлттық ассоциация iшiнде өткiзiлетiн берiлген тақырыптарға дискуссияның катализаторы болады. Сонымен қатар сақтандырудың техникалық және құқықтық жақтары да қараусыз қалмайды.Европалық Сақтандыру Комитетi жыл сайын өз қызметi бойынша есеп берiп, Европадағы сақтандыру жетiстiктерiн сипаттайды.  Атап өтетiн жағдай, Европалық Сақтандыру Комитетiнiң қызметi Бiрiккен Европалық нарықтан тыс жерлердi де қамтиды.

 

                     1.3.Сақтандырудың даму тарихы

 

     Ежелгi тұрмыс уақытысынан  бастап, адамзат мүлiкке ие бола бастаған уақыттан, ол оны ұрлау, өрттену қаупi, су алып кету, басқа да жағдайлардан сақтану жайлы ойлай бастады. Өндiргiш  күштер дамыған сайын және материалдық  байлық  жинақталған сайын өндiрiстiк қоғамда әр меншiк иесiнде өз мүлкi үшiн сабырсыздық, және тәуекелдiк факторлары белең ала бастады. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткенде, алапат құбылыс кезiнде үлкен аймақтың өзiнде шаруашылықтың барлығы шығынға Үшырамайды, және алапат құбылыс — сирек кездесетiн құбылыс. Бұл жағдай жеке материалдық немесе ақшалай резерв құру емес,  жинақтау жасау, бiрақ қоғамдық кассаға қатысушылар көп болған сайын, әрқайсысына аз бөлiгi берiледi. Осылай, адамдар қоғамында бiрiккен тiзбектелген жинақтау тұтыну негiзiнде қоғамдық қатынастың жаңа категориясы, сақтандыру деп аталатын, алғашқы мағынасы     қорқыныш, сөзiнен алынған. Сақтандырудың алғашқы түрі натуралды сақтандыру запастары: бидай, фураж, тағы басқа өнiмдер және әр жақтан натуралдық жарна ретiнде алынған материалдардан құрылған қор. Бiрақ тауарлы-ақшалай қатынастар дамыған сайын сақтандырудың Бұл түрі шығынды жабу мүмкiндiктерiн қанағаттандыра алмады. Сондықтан уақыт өткен  сайын натуралды түрі бiртектi запастар көлемiнде ғана қолданыла бастады және ақшалай тұрде ауыса бастады. Сақтандырудың  ақшалай түрі прогрессивтi, ыңғайлы және жұмсақ болып, алғашында өзара сақтандыруда, одан кейiн қатысушылар өзара шығындарын ақшамен жаба бастады

     17 ғасырдың  басында нарықтық қатынастар  дамыған сайын алдынғықатарлы елдерде, қаржылық және несие-банктiк жуйе дамып және бекiген сайын өзара сақтандыру жеке сақтандыруға өстi, бизнестiң жеке дамыған түрі ретiнде, арнаулы сақтандыру кәсiпорындары ретiнде қалыптаса бастады. Сол уақыттан бастап сақтандыру жайлы ғылым пайда болып, дами бастады. Отандық сақтандыру ғылымы жиырмасыншы жылдан бастап өсiп және мемлекеттiк сақтандыруды  дамытумен, оның қоғамдық өндiрiс процессiнiң дамуына қатынасы, ұлттық кiрiстi бөлу, халықтың материалдық жағдайымен айналыса бастады.Қазіргі  таңдағы қазақстандық сақтандыру ғылымы алдында отандық сақтандыру нарығын дамыту проблемасы, әсiресе нарықтық экономикаға көшу периодында , мiндетi тұр.

     Қазақстандық сақтандыру нарығы мемлекетiк сақтандыру жүйесi, 90 жылы түпкiлiктi өзгерiске  Үшыраған монополие базасы негiзiнде құрылды.  Отандық нарық, дамыған сайын монополиялардан арыла бастады. Тәжiрибеге жаңа сақтандыру түрлерi енгiзiлуi, сақтандырушылар алдында жауапкершiлiктi күшейттi.Дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бiрi. Мүлiк немесе кiрiсi жоғалғанда, шығынды жабуға кепiлдiк бере отырып адамдарды қорғау арқылы, қоғамда сақтандыру әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етедi. Сақтандыру компанияларының резервтерi  өндiрiстiк және өндiрiстiк емес сфералардың салаларында инвестицияның тиiмдi көзi болып есептеледi.

      Ірi көлемдi табиғи немесе техногендi үлкен көлемдi алапаттар кезiнде шаруашылық субьектiлерiнiң бұзылуы әсерiнен адамдар өмiрiне қауп әкеледi. Сақтандыру жүйесi арқылы оның макроэкономикалық ситуацияға әсерiн бiлуге болады.Қазақстанға өндiрiстiк және өндiрiстiк емес салалардың байланыс деңгейiнде сақтандырудың потенциалды ролi жоғары. Бiрақ сақтандыру резервтерiнiң жеткiлiксiздiгi стихиялық апат, авария немесе техногендi катастрофа болған жағдайда өнiмдi тұтыну, жинақтау, бөлудi жоспарлауды бұзуға әкеледi. Сондықтан нарықтық экономикада халық шруашылығы комплексiн жандандыру жүрiп жатқанда, сақтандыру, елдiң тағдырын анықтауда негiзгi экономикалық мiндеттердi шешуде  шетте қалмауы тиiс.Өкiнiшке орай, кейбiр сақтандыру компанияларына, жабайы нарық, рецидивтерi кедергi жасайды. Сақтандыру iсi мамандарының бiлiктiлiгiнiң төмендiгi, сақтандырудың теориялық және практикалық сұрақтарда жақсы бағыт ала алмайтындығы байқалады.

   

            ІІ. Сақтандыру нарығының жағдайы және оны талдау

 

            2.1. Сақтандыру нарығының  түсiнiгi мен оның мәні

 

    Сақтандыру  келісім  шарттарын жасауға және сақтық  операцияларының нәтижелігіне жетуге  ынталы тараптардың өзара іс- қимылы сақтандыру нарығында   жүргізіледі.Сақтандыру нарығы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі “ерекше тауар” — сактык, кызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары мыналар болып табылады:сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері сақтық агент:; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәккілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлгалар.Сақтық қызметі сактык (кайта сактандыру) ұйымы жузеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынадай турлерін: инвестициялық қызметі; тиісті жинақтаушы сактандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сактандыру ұйымы уипн); сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру ушін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызмеі  жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшінн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы ушін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.

     Сақтандыру  ұйымдары таратылған жағдайда  сақтық ұйымдары, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға,  пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін  жүзеге асыруға кепілдік беретін  қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім,  Сақтандыру төлемақыларын кепілдендіру  қоры құрылған.

Мемлекет Қазақстан Республикасының  Үкіметі арқылы ғана сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымының кұрылтайшысы және акционері бола алады.Жарғылық капиталының 50 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі  ұйымдар  сақтандыру  ұйымдарының  құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табы латын  сақтандыру  ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражатың  шегінде жауапты болады.

Сақтандыру  ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық органдар құра алады: директорлар кеңесі - басқару  органы; басқарма — атқарушы орган; тексеру комиссиясы - бақылау органы.Сақтандыру ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттык валютамен төлеуге міндетті.Құрылатын сақтандыру ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден откізген кезге дейін толық төлеуге тиіс.Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін жасау мен колдау және ұлттык сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру; сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау; сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу; сақтанушылардың, сақтандырушылардыц және пайда алушылардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғау.Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтандыру нарығындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыры шегінде жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде тікелей  көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың  лауазымды адамдарыньң сақтандыру  ұйымы мен сақтандыру брокерінің  сақтандыру қызметіне араласуына  тыйым салынады.Уәкілетті орган — Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес сақтандыру нарыгын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттілті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.Сақтандыру  уйымыньң төлем қабілеттігі оның өз қаржылық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау қабілетімен аныкқталады. Сақтандыру ұйымы төлем кабілеттігінің көрсеткиштері, активтердің өтімділігі ескеріле отырып, қабылданған міндеттемелер арасындағы нормативік арақатынастардың сақталуы болып табылады. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылғы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер етуі мүмкіндігін ескере отырып, сақтандыру және кайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өзінің төлем қабілеттін сақтау қабілетімен айқындайды.Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері мыналарды кіріктіреді: жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерін; активтердің құны және олардың әртараптандырылу дәрежесін; сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелерінің мөлшерін; төлем қабілеттігінің көрсеткіштерін; сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер келемінің арақатынасын; көрсетілген сақтандыру және қайта сақтандыру қызметінің пайдалылығын (пайда келтіруілуін); жүзеге асырылатын инвестициялык саясаттың тиімділігін.

Информация о работе Сақтандыру нарғы және оның қызметтері