Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:30, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”.
Кіріспе………………………………..……………………………………..2
І. Сақтандырудың экономикалық мәні.......................................3
Сақтандыру түсінігі мен функциясы......................................3
Сақтандырудың түрлері мен онын негізгі қызметі................5
Сақтандырудың даму тарихы...............................................10
ІІ. Сақтандыру нарығының жағдайы және оны талдау...........................11
2.1. Сақтандыру нарығының түсiнiгi мен оның мәні......................................11
2.2 Сақтандыру нарығының жағдайы және құрамы мен құрылымы....................................................................................142.3. Сақтандыру нарығын талдау және оның мәні............................……17
IІІ. ҚР-да сақтандыру нарығының мәселелері және оларды жетілдіру бағыттары ...........................................................................................20 3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын
талдау...........................................................................................20
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.................................................................................27
3.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................30
Қорытынды……………………………..…………………..…………...33
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................34
Нарықтың негізгі көрсеткіштерін, соның ішінде нарық сыйымдылығын арттыру және шетелде қайта сақтандыру үлесін төмендетуді ынталандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі сақтандыру ұйымдарының капитализациялаудың үш жылдық жоспарын дайындады. Сонымен қатар, осы бағдарламаның мақсаты болып сақтандыру ұйымдарының жеткіліктілігінің негізгі көрсеткіштерін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру табылады. Бұл өз кезегінде ұйымдардың қаржылық жағдайын нығайтуға және сақтанушылардың тарапынан сенімділіктің жоғарылауына көмегін тигізеді. Жаһандану және интеграция жағдайларында эффективті сақтандыру секторы жалпы инвестициялық қызықтылығы жағынан да, жеке ірі жобаларды жүзеге асыру жағынан да тиімді. Кешенді түрде сапалы сақтандыру қор нарықтарындағы қаражаттардың шоғырлануына, арзандау несие ресурстарын тартуға және шетел компанияларымен келісім-шарт жасасуға көмегін тигізеді. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибені пайдалану, жаһанды масштаб бағдарламаларына қатысу қажеттілігі анық көрінуде. Және де қазіргі кездегі Қазақстанның сақтандыру нарығындағы позитивті тенденцияларды қарай отырып, 2010 жылға қарсы біз әлеуметтік және қаржылық қауіпсіздікті максималды қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған қаржы қызметтерінің нарығына жетеміз деп айтуға болады. Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады.
Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішіндеәлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті. Бүкіл әлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын. Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық. Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда. Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік. Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд - адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне сөзсіз әкеледі.
3.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының
даму перспективалары
Елдің сақтандыру нарығын дамыту
саласында сақтандырудың бірқатар міндетті
түрлері енгізілді,сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры, мемлекеттік аннуитеттік
компаниясы, экспорт-импорт кредиттерін
сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорация
құрылды, отандық сақтандыру нарығына шетелдің
қатысу мүмкіндігі кеңейтілді.
Сақтандыру секторы: мақсаты мен міндетi. Орта
мерзімді перспективада сақтандыру нарығын
дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерімыналар
болып табылады: - азаматтардың, заңды
тұлғалардың, мемлекеттің сақтандыруды
қорғаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру
жəне мемлекет экономикасын дамыту үшін
ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстарды
шоғырландыру жөніндегі шараларды əзірлеу
жəне іске асыру; - халықты əлеуметтік
қорғаудың құралы ретінде өмірді сақтандыруды
дамыту міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру;
- халықтың сақтандыру ұйымдарына сенімін
жəне сақтандыру қатынастары барлық субъектілерінің
сақтандыру мəдениетін арттыру; - үздік
халықаралық практика негізінде сақтандыру
қадағалауын жетілдіру. Ағымдағы жағдай. Соңғы
жылдары республика экономикасының тұрақты
өрлеуі жəне ұлттық сақтандыру индустриясын реформалау
жөнінде мемлекет қабылдаған шаралар
осы саланың шапшаң дамуына ықпал етті.
Сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштерінің
бірнеше жыл ішіндегі серпініне оң баға
берілуде. Дегенмен, елде өмірдісақтандыру
жəне жинақтаушы жəне ұзақ мерзімді сақтандырудың
өзге түрлері нарығы жеткіліксіз дамыған.
Қазіргі кезде өмірді
сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарының
инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту
мəселесі өзекті болып қалып отыр. Сақтандыру
ұйымдарын капиталдандыру төмен деңгейде,
олар жинаған сақтандыру сыйлықақыларының
басым бөлігі қайта сақтандыру арналары
арқылы шет елдерге беріледі. Бұдан басқа,
міндетті сақтандыру жүйесінде бірқатар
проблемалар бар. Айталық, міндетті сақтандырудың
ұлттық жүйесінің өзінің барлық əлеуетін
толық көлемде пайдалануға мүмкіндік
бермейтін бірқатар проблемалары бар.
Міндетті сақтандырудың тиімділігін төмендететін
басты проблемалардың қатарына мыналарды
жатқызуға болады: сақтандырушылардың
міндетті сақтандыру туралы заңнаманы
сақтауын мемлекеттік қадағалау деңгейінің
жеткіліксіздігі мен қолданыстағы заңнаманың
жетілдірілмегендігі; міндетті сақтандыруды
қолдану туралы нормаларды қамтитын салалық
заңдарды əзірлеуді шектеу қажеттілігі.
Көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ын міндетті
сақтандыру сақтандырудың бұқаралық түрлерінің
бірі болып табылады, бұл көлік құралдары
иелерінің жəне жол қозғалысының басқа
қатысушыларының мүдделерін қозғайды. Сондықтан
сақтандыру нарығында осы сақтандырудың
проблемалары неғұрлым өткір сезіледі.
Жақын арадағы жылдары сақтандыру нарығының
инфрақұрылымын дамыту бөлігіндегі маңызды
мəселе өзара сақтандыру жүйесін дамыту
болады. Өзара сақтандыру қазіргі заманғы
сақтандыру нарығы элементтерінің бірі
болып табылады. Өзара сақтандырудың қажеттігі,
ең алдымен əрқилы себептерге: көп шығынға,
сақтандыру сомаларының жоғары мəніне
байланысты коммерциялық сақтанушылар
сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын
тəуекелдердің көп болуымен негізделген.
Бұдан басқа, сақтандыру ұйымдарында тəуекелдерді
басқару жүйесі дамытуды талап етеді. Негізгі
шаралар: 1. Сақтандыру ұйымдары қызметінің
ашықтық деңгейін арттыру (шоғырландырылған қадағалауды
жүзеге асыру) - осы сəтте қолданыстағы
шоғырландырылған қадағалау туралы заңнамада қаржы
ұйымының нақты меншік иесін, қаржы ұйымының
шешімдерін анықтайтын аффилиирленген тұлғалар
тобын анықтау мүмкіндігі көзделді, қаржы
ұйымы қабылдайтын шешімдерге елеулі
əсер ететінқаржы ұйымдарының акционерлерін
анықтау бөлігінде банктермен сақтандыру
жəне зейнеткерлік заңнаманы біріздендіру
жүргізілді.
Жүйелік тəуекелдері бар
неғұрлым ірі сақтандыру ұйымдары банк
конглометрлеріне жатады жəне оларды шоғырландырылған
негізде реттеу банк конглометрі арқылы
жүзеге асырылады. Сонымен қатар банк
конгломератына жатқызылмаған 24 сақтандыру
ұйымына шоғырландырылған негізде пруденциялық
реттеуді жүзеге асыру мүмкіндігі аз қолданылады.
Бұл кең көлемде олардың арасында қаржы
кангломератын құрайтын заңды тұлғалар
тобының іс жүзінде жоқтығымен түсіндіріледі.
Осылайша осы бағыттағы келесі саты осы
сақтандыру ұйымдары мен олар құрған топтар
үшін шоғырландырылған негізде пруденциалдық
реттеуді жүзеге асыру болады. 2. Міндетті
сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру.
Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті
сақтандыру жүйесі, тұтастай алғанда қалыптасты.
Міндетті сақтандырудың енгізілген түрлері
субъектілердің ауқымды шеңберін түрлі,
оның ішінде қаржылық,
əлеуметтік, экологиялық, табиғи, техногендік
тəуекелдерден сақтандырумен қамтиды.
Сонымен қатар, міндетті сақтандырудың
ұлттық жүйесінің өзінің барлық əлеуетін
толық көлемде пайдалануға мүмкіндік
бермейтін бірқатар проблемалары бар.
Міндетті сақтандыру жүйесін неғұрлым
нақты ұйымдастыру жəне оның жұмыс істеуі
мақсатында мыналар: сақтандыру ұйымдарының
сақтандырудың міндетті түрлері бойынша
қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялар
алу үшін шарттар анықтау; қаржылық есептілік
нысандарын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды
жалғастыру;
Үкімет тарапынан сақтандырушылардың
міндетті сақтандыру туралы заңнаманы
сақтауын мемлекеттік бақылау жүйесін
ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау
жөніндегі бірқатар шаралар жүргізілетін
болады. Осымен бір уақытта міндетті сақтандыру
жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша
шараларды қабылдау қажет.Көлік құралдары
иелерінің АҚЖ сақтандыру өзекті мəселелерінің
бірі сақтандыру тарифтері мөлшерінің
республикадағы жол қозғалысы тəуекелдерінің
деңгейіне барабарлығы мəселесі болып
отыр. Төмен рентабельдікке, ал кейбір
сақтандыру ұйымдарында сақтандырудың
осы түрі бойынша операциялардың шығындылығына
байланысты сақтандыру ұйымдарының сақтандыру
төлемдерін жүзеге асырудан бас тартатын,
сақтандыру шарттарын жасасудан бас тартатын,
агенттік пункттер санын қысқартатын
жағдайлар орын алып отыр, бұл сайып келгенде,
сақтандырушыларға жəне жол-көлік оқиғасының
нəтижесінде зардап шеккен тұлғаларға
келеңсіз əсер етеді. Жолдарда апаттардың
жоғары деңгейін, елдің автопаркінің икемсіз
өсуін жəне сақтандыру төлемдерінің көлеміне
əсер ететін өзге факторларды ескере отырып,
көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыруының
жəне тарифтерге байланысты проблемаларға
жедел əрекет етудің тұрақты мониторингін
ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
Көлік құралдары иелерінің
АҚЖ сақтандыру жөніндегі, оның ішінде
сақтандыру жағдайын қарау тəртібін жеңілдету
жəне қысқарту жəне сақтандыру төлемін
жүзеге асыру мақсатында заңнаманы жетілдіру
жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
Халықаралық тəжірибені жəне осы жүйені
қолдану практикасын ескере отырып, шығындарды
тікелей реттеу жүйесін енгізу мүмкіндігі
əзірленетін болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның
əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы Қазақстан
өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»
атты 2007 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру мақсатында Қазақстан Республикасының
Президентінің 2007 жылғы 11 сəуірдегі №
86 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы əзірленген
болатын, оның негізгі мақсаттары көлік-коммуникациялық
кешенін одан əрі дамыту, сондай-ақ Қазақстанның
көлік жүйесін дүниежүзілік көлік жүйесімен
ықпалдастыру болып табылады. Жоғарыда
көрсетілген стратегия атап айтқанда
Қытай мен Ресей сияқты елдерді қамтитын
пайдалы, сенімді жəне қол жетімді транзиттік
бағыттарды құра отырып, елдер арасында
өсіп отырған сауда байланыстарын қамтамасыз
етуге бағытталған. Осыған байланысты
Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ),
немесе Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ)
шеңберінде қолданыстағы «Жасыл карта»
халықаралық автосақтандыру жүйесіне
ұқсас көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін
сақтандырудың халықаралық жүйесін құру
мүмкіндігі əзірленетін болады. ЕурАзЭҚ
немесе ШЫҰ шеңберінде көлік құралдары
иелерін сақтандырудың халықаралық жүйесін
енгізу Қазақстанның «Жасыл карта» жүйесіне
қосылуы жөніндегі жұмысты жалғастыруға,
сондай-ақ мемлекетаралық автомобиль
қатынасы проблемасын шешуге мүмкіндік
береді.
Отандық практиканы жəне
халықаралық тəжірибені ескере отырып,
қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін
орындау кезінде зиян келтіргені үшін
жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыруды жүргізу ережелері
мен тəртібін одан əрі жетілдіру жөніндегі
жұмысты жалғастыру қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сақтандыруды барлық
елдер үшін маңызды институт деп және
нарықтық экономиканың тұрақты дамуының
факторы деп тану экономикалық аксиома
болды. Сақтандыру кез-келген елдің тұрақты
және тепе-теңдік дамуына себебін тигізетін
ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі.
Біздің республикамызда соңғы жылдары
сақтандырудың пайда болуы мен дамуы өтуде.
Сақтандырудың қалыптасуы мен дамуы бірқатар
проблемалармен ұштасуда. Сақтандыру
қызметі нарығы реформаланушы экономиканың
төмендегілерге әсер ететін маңызды секторларының
бірі: мүліктік нұқсан мен табыстағы жоғалтуларды
толық және уақтылы өтеуге; сақтандыру
компанияларының инвестициялық қызметі
арқылы сақтандыру қорларының уақытша
бос ақша қаражаттарын (сақтандыру резервтерін,
меншік капиталын) тиімді пайдалануға;
елдің мемлекеттік бюджетінің табыстық
бөлігін сақтандыру операцияларынан түсетін
табыс есебінен толықтыруға.
Жоғарыдағы
талдау негізінде төмендегідей қорытындыға
келдім:
Нарықтық экономика сақтандыру нарығының
дамыған инфрақұрылымын көздейді. Оның
құрамына мыналар кіреді: сақтандыру операцияларын
реттеудің құқықтық тетігі; сақтанушыларға
қызмет ететін субъектілер, заңды тұлғалар;
банктік ұйымдар, кеңес беруші фирмалар,
кадрлар дайындау бойынша мекемелер, ақпарат,
баспа, жарнама, т.б. органдары. Сақтандыру
нарығын мемлекеттік реттеу екі фактімен
анықталады: тұтынушы қорғанысымен және
үкіметтің жүргізетін экономикалық саясатымен.
Инвестициялық қызметті жетілдіру үшін,
оның ақырғы нәтижелерін жақсарту үшін
сақтандыру компанияларына қаржылық ресурстарды
басқаратын бөлім құру керек. Бұл бөлім
уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялаудың
нарықтық жағдайларын зерттейді, көптеген
инвестициялық жобалардың ішінен тиімдісін
таңдаумен айналысады.
Банктік тәжірибені зерттеу
көрсеткендей, қаржы нарығының дамуымен
банктік және сақтандыру институттарының
жақындасуы байқалды. Дәл осы банк және
сақтандыру қызметтерінің ұштасуында
соңғы он жылы революциялық өзгерістер
болды. Бұл “ банктік сақтандыру” идеясымен
байланысты. Банктік сақтандыру – халық
пен корпоративті клиенттерге сақтандыру
және банк қызметтерін бірге ұсыну. Сақтандыру
компанияларының тиімді жұмыс істеуінде
олардың сақтандыру нарығындағы алатын
орны маңызды рөл алады. Бұл көрсеткіш
екі өзара байланысты компоненттерге
байланысты: қаржылық және қоғамдық. Рейтингті
анықтау зерттеулердің түрлі тәсілдерімен
анықталады.
Қаржылық-экономикалық дағдарыс және экономикалық тұрақсыздық жағдайында сақтандыру нарығы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын экономикалық тетіктердің бірі болып саналады. Ол халық қаражаттарын ел экономикасына тарту арқылы экономиканың өсуіне алғышарт жасайды, сондай-ақ, азаматтар мен ұйымдарды сақтандыру арқылы оларға сенім ұялатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ