Шағын және орта бизнесті несиелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 14:16, курсовая работа

Краткое описание

Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру.

Вложенные файлы: 1 файл

санчо1.doc

— 202.50 Кб (Скачать файл)

            Қазіргі жағдайда капитализмге  ауысу жолында қоғамдық меншікті  жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды  таратып, ұсақ , шағын және орта  мөлшердегі кәсіпорындар құрылып  жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар  жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы болып отыр. Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік тәжірибеде экономикада тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысты көптеген факторлармен байланысты. Шынында да ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.

             Шағын кәсіпорындардың дамуы  нарықты тауар және қызметтермен  толықтырады, экспорттың потенциалын  арттырады және жергілікті шикізат  ресурстарын тиімді пайдалануға  мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе жартылай фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері сондай-ақ, жеке адамдар да болуы мүмкін.

            Шағын бизнестің басты проблемасы - ол  несие беру саясаты. Несие  тек қана  кепілдеме ретінде  мүлікке беріледі. Ал кепілдікке  жарайтын  мүлік кәсіпорында жоқтың  қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың  керекті несиесіне кепілдік  бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті  қолдайтын арнайы  банк, несие  банктің бір  бөлімі болуы керек.

             Шағын кәсіпорындар  кадрларды  даярлау, банктік несие  алу және  информациялық  қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпкерлік  фирмалар қазіргі  жағдайда делдалдық сферада,  сонымен  қатар  тез айналатын  сала сауда - саттық, қоғамдық  тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және  машиналарды жөндеу, т.б. салаларда  орын алып отыр.Жоғарыда келтірілген осы жағдайлардың барлығы кәсіпорындағы басқару шараларына келіп сүйенеді. Қазіргі таңда қызметтерді басқару саласы экономиканың көптеген жақтарына маңызды әсерін тигізетін бірден бір факторлардың бірі болып табылады.

              Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заңдар еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, әкімдердің басқарушылық және құқықтық сауаттылығына, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болады.

          Қазіргі  күрделі жағдайда аймақтарда  әртүрлі ұйымдық - құқықтық  пошымдағы  шағын кәсіпкерлікті дамыту бірінші кезектегі іс. Айта кетелік, шағын кәсіпкерлікке заңды тұлға құрмай - ақ кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметтерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

        Қазақстан  Республикасында қолданылып жүрген  заңдар бойынша шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне мемлекет нақты  қолдау көрсетеді.

        Айта кетейік, қызметкерлерінің жылдық орташа  саны 50 адамнан аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар.

         Аймақтарды  дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей қаражат жұмсауды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісімшарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай - ақ одан кейінгі 5 жылға дейінгі кезеңге табыс салығыны, жер салығының  және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту, үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізатпен материалдар импортына кеден бажын салудың толық немесе ішінара босату.

         Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін - өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады.                   Кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық - құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белсенді қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да  соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымдық - құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ  емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай - ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

             Бүгінде аймақтарда  кәсіпкерліктің  бәрінен көп кездесетін субъектілері  әзірге азаматтардың заңдық тұлға құрмай - ақ, дербес яки біріккен  кәсіпкерлік  болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай - ақ, тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс.

 

Қорытынды 

 

 

 

Курстық жұмысты аяқтай келіп,жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға болады. Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы  көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып  жатқандығы айқын. Алайда, шағын бизнестің  дамуына тежеу болатын күрделі  проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі  негізгі проблемалар: шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі заңдық базаның  шыңжаулығы; шағын кәсіпкерлікті  қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы; білімді кадрлардың жетіспеуі. Ал шағын бизнестің басты  проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде  мүлікке беріледі. Ал кепілдікке беруге жарайтын мүлік шағын кәсіпорындаодың  керектігі несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын кәсіпорындардың  керектігі банк, несие банктің  бір бөлімі болуы керек шағын  кәсіпорындар кадр даярлау, банктік  кредит алу информациялық қызметтерге  мұқтаж.

Жалпы Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық саясатқа бағдар алуына байланысты, күнделiктi өмiрiмiзде орын алған шағын және орта бизнес секторының ел экономикасын көтерудегi басты қағидаларына тоқталып өтілді . Шағын бизнес экономикалық өсудiң басты факторы екендiгi анық, олай болса оны неге әлемдiк деңгейге көтермеске. Сондай ақ шағын және орта бизнес өзiнен өзi дамитын механизм емес, оған әрине мемлекет, қоғам,  әрбiр тұлға жағдай жасауға талпынулары қажет. Өйткені еліміздің жерінің өте үлкен аймақтарды алып жатуына байланысты шағын бизнесті дамыту мүмкіндігі мен қажеттігі ешкімнің қарсылығын туғызбауы керек. Еліміз аграрлық мемлекет болғандықтан шағын және орта бизнесті ұйымдастыруды және несиелеуді ауылдардан бастау және қолдау керек екендігі зерттеу барысында атап айтылды.

Шағын бизнестiң дамуының бiрден бiр көзi болып банктiк несие табылса, сол несиеге қалайша қол жеткiзуге болатындығы, оны тиiмдi пайдаланып, дер уақытында банкке қайтару мәселелерi жұмыста зерттеліп қарастырылды. Тәжiрибе жүзiнде шағын бизнес субъектiлерiнiң банктiк ресурстарға мұқтаж болуы бүгiнгi күннiң көкейтестi мәселелерiнiң бiрi екендiгi аталып, шағын бизнестi несиелеуге құштарлық танытпай отырған банктердi қалайша ынталандыруға болатыны жайында пікірлер айтылды. Сонымен бірге, нақты жоба бойынша, банктiк несиеге арыз берген заңды тұлға жобасының үлгiсi бойынша несие мақсаты, несие мерзiмi, несие қайтарымдылығы, несиенi қамтамасыз ететiн кепiл мүлкiн бағалау негiздерiмен қатар, бұл құжаттардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес рәсiмделуi, қарызды беру, қайтару механизмдерi зерттелді.

Қазақстанда кеңiнен орын алып келе жатқан шағын бизнестi шетелдiк банктердiң көмегiмен банктер және әртүрлі шағын және орта бизнесті дамыту қорлары арқылы, мысалы Еуропалық Даму және Қайта Құру банкiнiң бастамасымен,  Қазақстан Республикасында шетел инвесторларының шағын бизнестi көтеру бағдарламасына, оның тәртiбiне  тоқталып олардың қызметіндегі тәжірибелік материалдар талданылды.  

 Шағын және орта бизнестің    2020 жылға дейін  арналған міндеттері:

  • шағын және  орта бизнес  дамуын   сипаттайтын     көрсеткіштер деңгейін    сақтау;
  • өңірдің   жалпы   өнімінде    шағын  және орта бизнестің үлесін  20%-  ға  дейін     арттыру;
  • «Бизнестің жол картасы-2020»   бағдарламасын    іске  асыруға    қатысу;
  • Бизнесті дамыту     бойынша    өңірлік     корпорациялардың    тиімді   жұмысын    ұйымдастыру   және қамтамасыз  ету;
  • Кемінде  400,0 млн.теңге    көлемінде   ауыл тұрғындарын    қаржыландыру   бойынша  шағын  несие  ұйымдарының    қызметін   жандандыру;
  • Аудандық  және ауылдық    деңгейде   қолдау   инфрақұрылымы   элементтерін  − шағын бизнес   адвокатурасы,  орталықтандырылған    бухгалтерлік   қызметтер,  бизнес  орталықтарды құру  мүмкіндіктерін  қарау.

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

Қолданылған әдебиеттер 

 

  1. С.Б.Мақыш, А.Ә.Ілияс «Банк ісі» Алматы «Қазақ университеті»- 2004ж
  2. С.Б. Мақыш. «Комерциялық банктер операциялары»
  3. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша несие банктер» Алматы-экономика -2001ж
  4. М.Р.Насыров,С.Р.Тоқсанбай «Современный экономически русско-казахский толковый словарь-справочник» Алматы- 2003ж
  5. Егемен Қазақстан -2006ж. – 12 мамыр
  6. Экономика негіздері-2006ж.-№2 (14)
  7. Экономика негіздері- 2006ж-№3 (15)
  8. Егемен Қазақстан-2006ж-17 наурыз
  9. «Қазақша- орысша,орысша-қазақша терминалогиялық сөздік экономика және қаржы.» Алматы -2000ж

12.   Қазақша -орысша ,орысша –қазақша оқушыларға ,студенттерге  арналған сөздік» Алматы-2002ж

13.     «Банки Казахстана»- 2007ж-№10

14.  «Банктегі бухгалтерлік  есеп және есептеме»- лекциялар  жинағы-26.09.07ж 

15.    Мадиярова Д.М,  Мочевский В.С «Основы современного банковского дела». Алматы: Экономика, 2001 г.

16.   Модаев В.И «Банки  изучает мнение клиентов». Москва: Деньги и кредит, 2002 г.

17.    Полфреман Д., Форд Ф. «Основы банковского  дела». Масква: Информ, 1996 г.

18.  Панова А. «Анализ  финансового состаяния коммерческого  банка». Москва: Финансы и статистика 1986г.

19.  .«Еуразиялық Банк» АҚ-ның 31.01.2010 жылы аяқталған қаржы жылындағы топтастырылған есеп беру мәліметтері.

20.  «Еуразиялық  банк»  АҚ-ның бухгалтерлік балансы 2008-2009 жж

21.«Еуразиялық Банк» АҚ-ның  қаржылық жағдайы туралы есебі  2008-2009ж.

  1. Ақтөбе облыстық  қоғамдық  саяси-газет 3 ақпан 2010жыл Облыс  әкімі Е.Н.Сағындықовтың «Ақтөбе облысының  жылғы  әлеуметтік  экономикалық  даму қорытындысы және  жылға арналған міндеттері  туралы» есебінің  тезистері
  2. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжомартов Е., Досқалиев С., Жәйшібеков Ж. «Экономикалық теория негіздері» Оқулық – Алматы, «Санат» 1998
  3. Жесенбай Қ. «Шағын бизнес өркендесе жұмыссыздық азаяды» Ана-тілі 2003 жыл 4 қыркүйек.
  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. «Экономикалық теория негіздері» Қарағанды – 1997
  5. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.  Астана, 2006 жылғы 1 наурыз.
  6. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері // ҚазЭУ хабаршысы № 2 /2007 ж. 165-169 бет, 0,4 б.т.
  7. ҚР  Азаматтық Кодексі. Алматы, 1995. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1998.
  8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы»  оқулық, А:2000
  9. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов Б.А, Байжомартов Ү.С, «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе – 2004, «А-Полиграфия»

31. http://www.aikyn.kz

32.  http://kaz.gazeta.kz/

33. www.eubank .kz

34. www.egov.kz

35. www.rudny.kz/info/busyness

36. rudny.kz//

 

 

 

 


 



Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелендіру