Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 21:21, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты, ол шағын және орта бизнесті несиелендірудің негізін ашу, олардың ұғымын атап өту.
Сонымен қатар бұл курстық жұмыста мынадай сұрақтар қарастырылады:
─ қатысатын субъектілер;
─ шағын және орта бизнестің бәсекелестері;
─ шағын және орта бизнесті несиелендірудің нәтижесі;
─ шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері соны өткізетін құжаттары;
Кіріспе 2
I-бөлім. Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшелігі 4
1.1 Шағын және орта бизнеске қатысатын субъектілер 4
1.2 Шағын бизнестің жалпы экономикалық орта процесіндегі ролі 7
1.3 Қазақстанда бәсекелік ортаны қалыптастырудағы шағын және орта бизнес 8
1.4 Шағын бизнестің несиелік тиімділінің кестесі мен бағасы 12
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 26
Бизнестегі проблемалар
рейтингісінде сауалнамаға
Терең сұхбат пен фокус- топтар барысында кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету қағидаттарының екінші деңгейдегі банктер тарапынан бұрмаланғаны жайлы көптеген фактілер келтірілді. Кәсіпкерлік ортада банктердің жергілікті бөлімшелерінде мемлекеттік органдарға қарағанда сыбайлас жемқорлық барынша кең етек алған деген стереотип қалыптасып отыр.
Мемлекеттік қолдаудан саналы түрде бас тарту фактілерінің жиілеп бара жатқаны да ерекше назар аударарлық болып отыр. Бұл - бастапқы қатысу кезінен, тіптен, кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу іргесінде тұрған сәтінен-ақ, олар мемлекеттік бақылау органдарының жіті назарына алынып, үздіксіз тексеруге ұшырайтынымен байланысты болып отыр.
Кәсіпкерлердің басым көпшілігі «Даму» Қорының кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын (КҚО) құру-ұйымдастыру жөніндегі жоспарын жоғары бағалады. Сонымен бірге, зерттеуге қатысушылар тиімді және пайдалы болу үшін, КҚО ағартушылық жұмысына емес, кәсіпкерлерге нақты проблемаларды шешуде нақты көмек беруге ыңғайлануы керектігіне сенімді. КҚО-ның ұсыныстары мен кеңестері, оны кәсіпкерлер салық және өзге мемлекеттік органдармен болуы мүмкін дауларда дәлел ретінде қолдана алатындай салмақты болулары тиіс деген ұсыныс жиі айтылуда.
Жалпы, кездесетін барлық қиындықтар мен проблемалар бола тұрса да қазақстандық шағын және орта бизнесте оң көзқарас басым. Зерттеу нәтижесі ғылыми, саяси және қоғамдық ортада кең таралған қалың кәсіпкерлік ортадағы құлазыған көңіл-күйдің үстемдігі туралы пайымдарды біршама теріске шығарды. Пікір сұралғандардың 47% астамы өз бизнесінің айқын болашағы туралы хабардар етті. Сауалнамаға жауап берушілердің жартысынан көбі өз кәсіпкерлік қызметінің көлемін ұлғайтуға ниет білдіріп отыр. 59%- дан астамы бизнес ті әртараптандыруға талпынып, оның жолдарын қарастыруда .
Кәсіпкер біздің әлеуметімізде әлі лайықты орнын ала қойған жоқ , дегенмен бүгінде қазақстандық бизнес қоғамның барынша белсенді және серпінді бөлігі н өз қатарына шоғырландырып отыр .
Ақпарат үшін:
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі «Кіші кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» №665 Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуіне ықпал ету және мемлекеттің кіші кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы ресурстарының жұмсалу тиімділігін арттыру мақсатында жабық Акционерлік қоғам түріндегі банктік емес қаржы институты ретінде құрылған. 2006 жылдан - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ 100% акциясы «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорына» тиесілі ұлттық даму институтына айналды. Бүгінде «Даму» Қоры – шағын және орта кәсіпкерліктің, Қазақстандағы микронесиелік ұйымдардың сапалы дамуына жәрдемдесуді және көрсетілетін қаржылық, консалтингтік қызметтердің негізгі үйлестірушісі болып отыр.
«Бизнес Кеңесші» бағдарламасы
аясында еліміздегі кәсіпкерліктің
қазіргі жай-күйіне талдау жасау
бағытындағы республикамыздағы
алғашқы кең көлемді
Қорытынды
Қорыта келгенде шағын және орта бизнесті несиелендіру, шағын кәсіпорынды несиелендіру бойынша тәуекелділіктер мен шығындарды төмендетуді қамтамасыз ететін несиелендірудің принциптері
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарған А.Умбетовтың пікірінше қайта қаржыландыру мен несиелік кепіл тәуекелін бөлу арқылы несиелік схемаларды пайдалану керек. Мұндай схемалар банктің несиелік қаржыларын шағын бизнеске орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда тәуекелшілікті бөлу пропорциясын анықтау керек: оның жоғарғы шегі – бюджет үшін мүмкін шығындарды қамту керек, ал төменгі шегі қаржылық тетік пен банк қызығушылықтарын сақтауы қажет. Сонымен қатар серіктестік негізінде несиелендірудің шетелдік тәжірибелері бар. Ол шағын несиелерді ұсыну үшін қолданылады. Шағын бизнесті қаржылық қолдану түрлері ретінде қаржылық лизинг, ипотекалық несиелеу (әсіресе ауылшаруашылығы үшін) франчайзинг кепілдік схемасы жеңілдетілген микронесиелендіру жүйесін қолдану мүмкіндіктері пайда болып жатыр. Жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін несиелендіру құралдарымен объектілері елімізде әлі кең көлемде қолданылмайды. Меншікті капиталы шектеулі мөлшерде болса да негізгі қорларды иемденуге және мүлікті тездетіп амортизациялау мүмкіндік беретін лизингтік несиелендіру шағын бизнес үшін тиімді болып табылады. Батысы жай қаржылық лизингті белгілі салықтық, кедендік және валюталық жеңілдіктер қолдайды. Бұл арнайы жеңілдіктер лизингтік операциялар қатысушыларына ғана қолданылады.
Ипотекалық несиелендіру ─ ауылшаруашылық кәсіпкерлері үшін айналым және негізгі құралдарын қаржыландырудың ыңғайлы құралы болып табылады.
Өтімділік нарығын қамту мен кәсіпкерлік тәуекелділікті төмендетуге мүмкіндік туғызатын бизнесті ұйымдастыру әдісі ретінде франчайзинг шағын және жеке кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді формасының бірі ретінде қарастырылуы мүмкін және тиімді болып табылады. Осы кезде жергілікті бизнесі жақсы дамыған бинесмен-сатушы оның бизнесін сатып алушыға банк несие алу кезінде гарант бола алады.
Несиелендіру процесінің тиімді жалпылама көрсеткіші ретінде нақты экономиканың банктік несиедегі жалпы көлемі шағын бизнеске берілетін несиенің салыстырмалы мөлшері болып табылады. Ол факторлар жиынтығының әсерін жалпылайды және оның төмендеуі немесе өсуі шағын бизнесті несиелендіру жүйесіндегі жағымды немесе жағымсыз жағдайы болып табылады. Шағын және орта бизнесті несиелендіру бағдарламасы бұрын жүргізілген өнеркәсіпті делдалдық және басқада фирмаларды несиелендіру бағдарламасымен өндіріс және басқа да қызмет саласында орта және шағын бизнесті қаржыландыру бағдарламасын біріктіреді және бұрынғы екінші бағдарламаның қолдануын тоқтатпайды. Біздің көзқарасымыз бойынша шағын және орта бизнестің субъектілерін несиелендіруі нашарлаған көрінеді. Себебі 1998ж банктің шағын кәсіпкерлік субъектілер сыйақысының ставкасы 20% көлемінде болған. Ал қазіргі кезде 2004ж сыйақы ставкасы 15% - дейін төмендеп кеткенін көруге болады. Екінші деңгейлі банктер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелері 12.98ж 17158 теңгені құраған. Ал қазіргі кезде 01.04ж 110413 теңгені құраған. Бұл жағдайға қарап әлдеқайда жақсарғанын көруге болады.9
Университета 1992 84 б.