Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 14:10, контрольная работа

Краткое описание

Осы Стандарт бас ұйымның бақылауындағы ұйымдар тобының шоғырландырылған қаржы есептілігін əзірлеу мен ұсыну кезінде қолданылуы тиіс.
Осы Стандарттың ұйымдар бірлестіктерін есепке алу əдістеріне жəне ұйымдар бірлескен кезде туындайтын іскерлік бедел-абыройын қоса алғанда, олардың шоғырландыруға тигізетін ықпалына қатысы болмайды (қараңыз, 3 Бизнес бірлестіктері (IFRS) ХҚЕС).
Осы Стандарт сондай-ақ ұйым өз еркімен жəне жергілікті нормативтік-құқықтық актілерге сəйкес жеке қаржы есептілігін ұсынған жағдайларда еншілес, бірлесіп бақыланатын жəне қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестицияларды есепке алу кезінде қолданылуы тиіс.

Содержание

Кіріспе 3
1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы 4
2. Шоғырландыру рәсімдері 6
3. Жеке қаржы есептілігінде еншілес, бірлесіп бақыланатын және қауымдасқан ұйымдарға инвестициаларды есепке алу 10
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14

Вложенные файлы: 1 файл

каржы.docx

— 39.54 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе                                                                                                            3

1. Шоғырландырылған қаржылық  есептілікті қолдану аясы                     4

2. Шоғырландыру рәсімдері                                                                        6

3. Жеке қаржы есептілігінде  еншілес, бірлесіп бақыланатын  және қауымдасқан ұйымдарға инвестициаларды есепке алу                                 10

Қорытынды                                                                                                 13

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                  14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Осы Стандарт бас ұйымның  бақылауындағы ұйымдар тобының  шоғырландырылған қаржы есептілігін  əзірлеу мен ұсыну кезінде қолданылуы тиіс.

Осы Стандарттың ұйымдар  бірлестіктерін есепке алу əдістеріне жəне ұйымдар бірлескен кезде  туындайтын іскерлік бедел-абыройын қоса алғанда, олардың шоғырландыруға тигізетін  ықпалына қатысы болмайды (қараңыз, 3 Бизнес бірлестіктері (IFRS) ХҚЕС).

Осы Стандарт сондай-ақ ұйым өз еркімен жəне жергілікті нормативтік-құқықтық актілерге сəйкес жеке қаржы есептілігін  ұсынған жағдайларда еншілес, бірлесіп бақыланатын жəне қауымдасқан ұйымдарға  салынған инвестицияларды есепке алу  кезінде  қолданылуы тиіс.

Шоғырландырылған қаржы  есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындаған  болып ұсынылатын  қаржы есептілігі.

Бақылау – ұйымның қаржылық жəне операциялық саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару  өкілеттігі.

Топ - өзінің барлық еншілес  ұйымдарымен бірге алынған бас  ұйым.

Азшылық үлесі – бас  ұйым еншілес құрылымдары арқылы тікелей немесе жанама иелік етпейтін бір бөлігі.

Бас ұйым – бір немесе бірнеше еншілес ұйымдары бар  ұйым.

Жеке қаржы есептілігі – бас ұйым, қауымдасқан ұйымның  инвесторы немесе бірлесіп бақыланатын  ұйымның кəсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда 

инвестицияларды есепке алу  есептілікте ұсынылатын нəтижелердің жəне инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей қатысу үлесі негізінде  жүргізіледі. 

Еншілес ұйым – басқа  ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік тəрізді корпорацияланбаған ұйым.

Қауымдасқан ұйымның инвесторы  немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның  кəсіпкері бас ұйым немесе еншілес  ұйым бола алады. Мұндай жағдайларда осы Стандартқа сəйкес дайындалып ұсынылған шоғырландырылған қаржы есептілігі 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар (IAS) жəне 31 Бірлескен қызметке қатысу (IAS) Халықаралық стандарттарына сəйкес келетіндей етіп жасалуға тиіс.

Әңгіме болған қаржы есептілігін толықтыру үшін дайындалып ұсынылатын есептілік сипатталған ұйымға қатысты жеке қаржы есептілігі болып табылады. Жеке қаржы есептілігінің осындай есепті толықтыруы немесе қоса берілуі міндетті емес.

Еншілес ұйымы, қауымдасқан  ұйымы немесе бірлесіп бақыланатын  ұйымда қатысу үлесі жоқ ұйымның  қаржы есептілігі жеке қаржы есептілігі болып табылмайды.

Шоғырландырылған қаржы есептілігінен босатылған бас ұйым тек қана жеке қаржы есептілігін ұсына алады.

Егер де жəне тек қана егер де:

- бас ұйымның өзі басқа ұйымның толық немесе ішінара меншігіндегі еншілес ұйымы болып табылса жəне егер олай болмаған күнде дауыс беру құқығы жоқ иеленушілерді қосқанда, оның басқа иелік етушілері бас ұйымның шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынбайтыны туралы  хабардар етілген болса жəне оған қарсылық білдірмесе;

- егер бас ұйымның борыштық немесе үлестік құралдары ашық нарықта (ішкі жəне шетелдік қор биржасында немесе жергілікті жəне аймақтық нарықтарды қосқанда,  биржадан тыс нарықта) айналымда жүрмесе;

- егер бас ұйым ашық нарықта қандай да бір құралдар класын шығару мақсатында бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға немесе басқа реттеуші органға өзінің қаржы есептілігін жібермеген болса жəне жіберу барысында

болмаса;

- егер осы  бас ұйымның соңғы немесе кез келген аралық бас ұйымы еркін қол жету үшін Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сəйкес келетін шоғырландырылған қаржы есептілігін жарияласа, онда бас ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынудан босатылады.

 

1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы

- Осы Стандарт бас ұйымның  бақылауындағы ұйымдар тобының  шоғырландырылған қаржы есептілігін  әзірлеу мен ұсыну кезінде  қолданылуы тиіс.

- Осы Стандарттың ұйымдар  бірлестіктерін есепке алу әдістеріне  және ұйымдар бірлескен кезде  туындайтын іскерлік бедел-абыройын  қоса алғанда, олардың шоғырландыруға  тигізетін ықпалына қатысы болмайды (қараңыз, 3 Бизнес бірлестіктері  (IFRS) ХҚЕС).

- Осы Стандарт сондай-ақ  ұйым өз еркімен және жергілікті  нормативтік-құқықтық актілерге  сәйкес жеке қаржы есептілігін  ұсынған жағдайларда еншілес,  бірлесіп бақыланатын және қауымдасқан  ұйымдарға салынған инвестицияларды  есепке алу кезінде қолданылуы  тиіс.

- Бас ұйымның шоғырландырылған  қаржы есептілігіне оның барлық  еншілес ұйымдарының қаржы есептілігі  кіргізілуі тиіс.

- Бас ұйым еншілес ұйымдары  арқылы ұйымның дауыс беру  құқығының жартысынан астамына  тікелей немесе тікелей емес  ие болған жағдайда, мұндай иелену  бақылауды қамтамасыз етпейтінін  айқын көрсететін айрықша жағдайлардан  басқа кезде бақылаудың болуы  көзделеді. Егер бас ұйымның: 

- басқа инвесторлармен  келісім бойынша дауыс беру  құқығы бар акциялардың жартысынан  көбін басқару мүмкіндігі болса; 

- жарғыға немесе келісімге  сәйкес ұйымның қаржылық және  операциялық саясатын айқындау  өкілеттігі болса; 

- директорлар кеңесі немесе  басқа ұйымның сондай басқару  органы мүшелерінің көпшілігін  тағайындау немесе ауыстыру құқығы  болған бұл ретте ұйымды бақылауды  осы кеңес немесе орган жүзеге  асырса; немеce

- директорлар кеңесінің  немесе осындай басқару органының  мәжілістерінде дауыс көпшілігіне  ие болу мүмкіндігі болса, онда  бас ұйым ұйымның дауыс беру  құқығының жартысынан аспайтын  мөлшеріне ие болған жағдайда  да бақылау болады.

Бас ұйымның шоғырландырылған қаржы есептілігіне оның барлық  еншілес ұйымдарының қаржы есептілігі кіргізілуі тиіс.

Бас ұйым еншілес ұйымдары арқылы ұйымның дауыс беру құқығының  жартысынан астамына тікелей немесе тікелей емес ие болған жағдайда, мұндай иелену бақылауды қамтамасыз етпейтінін айқын көрсететін айрықша жағдайлардан басқа кезде бақылаудың болуы көзделеді. Егер бас ұйымның

- басқа инвесторлармен келісім бойынша дауыс беру құқығы бар акциялардың  жартысынан көбін басқару мүмкіндігі болса;

- жарғыға немесе келісімге сəйкес ұйымның қаржылық жəне операциялық саясатын айқындау өкілеттігі болса; 

- директорлар кеңесі немесе басқа ұйымның сондай басқару органы мүшелерінің көпшілігін тағайындау немесе ауыстыру құқығы болған бұл ретте ұйымды бақылауды осы кеңес немесе орган  жүзеге асырса;

- директорлар кеңесінің немесе осындай басқару органының мəжілістерінде дауыс көпшілігіне ие болу мүмкіндігі болса, онда бас ұйым ұйымның дауыс беру құқығының жартысынан аспайтын мөлшеріне ие болған жағдайда да бақылау болады.

Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған опциондарға, жай  акцияларға айырбастауға болатын борыштық жəне үлестік құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында осы ұйымды дауыс құқығымен қамтамасыз етуге немесе басқа ұйымның қаржылық жəне операциялық саясатын айқындауға (əлеуетті дауыс құқығы) қатысты мəселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға қабілетті сол сияқты құралдарға ие бола алады. Басқа ұйым ие болып отырған əлуетті дауыс құқықтарын қосқанда, ағымдағы сəтте іске асырылатын немесе айырбасталатын əлуетті дауыс құқықтарының болуы жəне оның əсері ұйымның басқа ұйымның қаржылық жəне операциялық саясатын басқару қабілетін бағалау кезінде есепке алынады. Егер, мысалы, əлеуетті дауыс құқықтары болашақта белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар іске асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды.                                              

Əлеуетті дауыс құқықтарының бақылаудың дəрежесін көтеру қабілетін  бағалай отырып,  ұйым басшылықтың  талап-тілектерін жəне осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мəселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктерді қоспағанда, əлеуетті дауыс құқықтарына ықпал ететін фактілер мен жағдайларды (оның ішінде əлеуетті дауыс құқықтарын іске асыру талаптарын жəне  басқа шарттық келісімдерді жеке-жеке немесе бір-бірімен байланыста) зерделейді.  

Еншілес ұйым инвестордың  рөлін тəуекелдікті капиталы, өзара қоры, трасты немесе дəл сол сияқты құрылымы бар ұйым атқаратын себепті ғана шоғырландырудан шығарылмайды.

Өзінің қызметі топтың құрамындағы басқа ұйымдардың қызметінен өзгеше болуы негізінде еншілес ұйым шоғырландырудан шығарылмайды. Мұндай еншілес ұйымдарды шоғырландыру жəне шоғырландырылған есептілікке қосу жəне шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі олардың қызметінің əр алуан түрлері туралы қосымша мəліметтерді ашу маңызды ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Мысалы, ақпаратты 8 Операциялық бөлімдер (IFRS) ХҚЕС-ының талаптарына сəйкес ашу топ ішіндегі қызметтің əр алуан түрлерінің ауқымын түсіндіруге көмектеседі.

 

2. Шоғырландыру рәсімдері

Ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін əзірлеу кезінде активтердің, міндеттемелердің, капиталдың, кірістер мен шығыстардың бір текте баптарын қосу арқылы бас ұйым мен оның еншілес ұйымдарының қаржы есептілігін біріктіреді.

  Шоғырландырылған қаржы есептілігі біртұтас экономикалық ұйым ретіндегі топ туралы қаржы ақпараты секілді болу үшін мынадай іс-əрекеттер жасау қажет:

- бас ұйымның əрбір еншілес ұйымға инвестицияларының қаржылық жағдай

туралы есептік құны жəне бас ұйымға тиесілі əрбір еншілес ұйым капиталының бір бөлігі алынып тасталады (қараңыз, 3 (IFRS), онда бірігу нəтижесінде пайда болатын кез келген іскерлік бедел-абыройды есепке алу тəртібі қарастырылған);

- есептік кезең ішіндегі шоғырландырылған еншілес ұйымдардың пайдасындағы немесе шығынындағы азшылық үлестер айқындалады; жəне

- шоғырландырылған еншілес ұйымдардың таза активтеріндегі азшылық үлестері бас ұйым акционерлерінің капиталынан бөлек көрсетіледі. Таза активтердегі азшылық үлесі мыналардан:

- 3 (IFRS) қаржы есептілігіне сəйкес есептелген бастапқы біріктіру күніндегі

осы азшылық үлестері сомасынан;

- бірігу күнінен бастап болған капитал өзгерістеріндегі азшылық үлесінен тұрады.

Əлеуетті дауыс құқығы болғанда, пайда мен шығынның жəне капиталды бас ұйым мен азшылық  үлестеріне бөлген кездегі өзгерістердің  арақатысы үлестерді ағымдағы иелену негізінде айқындалады жəне əлеуетті дауыс құқығының орындалуы немесе айырбасталуы мүмкін екенін көрсетпейді.

Топ ішіндегі есеп айырысулар бойынша қалдықтар, мəмілелер, кірістер жəне шығыстар толық шығарылып тасталуы тиіс.

Топ ішіндегі есеп айырысулар бойынша қалдықтар, мəмілелер, кірістер, шығыстар жəне дивидендтер толық шығарылып тасталады. Топ ішіндегі мəмілелердің нəтижесі болып табылатын жəне қорлар мен негізгі құралдар тəрізді активтердің құрамында танылған пайдалар мен шығындар толығымен шығарылып тасталады. Топ ішіндегі шығындар шоғырландырылған қаржы есептілігінде тануды талап ететін құнсыздануды

көрсете алады. 12 Пайдаға  салынатын салықтар (IAS) ХҚЕС топ ішіндегі мəмілелердің нəтижесі болып табылатын пайдалар мен шығындар шығарылып тасталуы салдарынан туындайтын  уақытша айырмаларға қатысты қолданылады.

Шоғырландырылған қаржы  есептілігін дайындау кезінде пайдаланылатын бас ұйым мен оның еншілес ұйымдарының  қаржы есептілігі бірдей есептік күнгі жағдайы бойынша дайындалуы тиіс. Бас ұйым мен оның еншілес ұйымының есептік күндері сəйкес келмеген  кезде, шоғырландыру мақсатында еншілес ұйым, егер орындау іс жүзінде мүмкін болса, бас ұйым дайындайтын күнге қосымша қаржы есептілігін дайындайды.

Шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындау кезінде пайдаланылған еншілес ұйымның қаржы есептілігі бас ұйымның есептік күніне сəйкес келмейтін есептік күнге  дайындалған кезде, маңызды мəмілелердің жəне осы күн мен бас ұйымның есептік күні аралығында орын алған оқиғалардың əсеріне түзетулер жасау қажет. Қалай болғанда да, еншілес ұйым мен бас ұйымның есептік күндерінің бір-бірінен кешігуі үш айдан аспауы тиіс. Есептік кезеңдердің ұзақтығы жəне есептік күндердің арасындағы кез келген айырма кезең сайын бірдей болуы тиіс.

Информация о работе Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы