Люминесценттік талдау әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:41, реферат

Краткое описание

Люминесценттік талдау. Люминесценция - сыртқы энергия көзінің әсерінен кейбір дененің жарық шығаруы. Люминесценция кезінде шыққан жарықтын жиілігі оны қоздырушы жарық жиілігінен өзгеше.

Вложенные файлы: 1 файл

Койшыманов Т.docx

— 45.04 Кб (Скачать файл)
 

Анорганикалық қосылыстарды талдау


Флуоресценттік сәуле шығаратын анорганикалық қосылыстардың саны бірен-саран. Сондай иондардын бірі және осы негізде толығымен дерлік сандық, тұрғыдан флуоресценттік әдіс бойынша анықталатын уран (VI). Уранның флуоресценциясын қалыпты жағдайдагы фосфор қышқылының он проценттік ерітіндісінде немесе натрий фторидінің балқымасында байқауға болады. Оны құрғақ мұзға енгізілген метан мен күшті қышқыл қоспасында да көру мүмкін. Натрий фторидінің балқымасындағы уран (VI) 365 нм болғанда қоздырылады, ал флурресцентті сәуле шығару 536, 555, 557 және 606 нм болғанда өзінін ең үлкен мәніне жетеді. Көптеген анорганикалық иондар қанықпаған байланысты органикалық қосылыспен әрекеттесігі, флуоресценгтік сәуле шығаруға бейім кешенді қосылыс түсуге қабілетті. Мысалы, 8-оксихинолин- мен, моринмен, ацети-лацетонмен және т.б. Осы немесе осы сияқ- тыларды пайдалана отырып, алюминий, мырыш, галий, талий және басқа да катиондарды анықтайды. Флуориметрия әдісінің спектрофотометриядан артықшылығы - едәуір сезімталдылығы. Өйткені бұл әдісте басқалардан гөрі заттын тұрақты концентрациядағы флуоресценция интенсивтігімің едәуір жоғары монін алу үшін одан да жоғары интенсивтігі бар коздырылған сәуле шығаруды пайдалануға болады. Атап айтқанда, спектрофотометрия 10−5 М-ге дейінгі затты, ал флуориметрлік әдіс 10−8 М-ге дейінгі затты анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай жоғарғы сезімталдықка жету үшін. әрине, онда қолданатын ыдыс, реактив т.б. өзі өте таза болуы керек.

 


Информация о работе Люминесценттік талдау әдістері