Алапаттың зардабын аластатайық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 19:21, реферат

Краткое описание

Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат-Кармет» АТАҚ (жылына 361,5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138,4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299,4 мың тонна, сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96,2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.

Содержание

Кіріспе ………3
Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы…….5
Алапаттың зардабын аластатайық………7
Су тазалығы — тəн мен жан тазалығы………10
Қалдықтан алынатын өнім мол……12
Өлкенің экологиялық орталықтары……14

Вложенные файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 31.56 Кб (Скачать файл)

Бұл заттар ағзаға тыныс жолдары, тері жəне асқазан арқылы түскенде адамды уландырады. НДМГ тыныс жолдарын, қан құрамын бұзады. Қимыл-əрекеттерге, аяқ-қолдың сіңірінің тартылуына əсерін тигізеді. Тағы бір ғалымдардың айтуына қарағанда гептил адамның табиғи клеткаларының түзілісін бұзады. Демек бұл ұрпақ үшін қауіпті. Екінші буында дене бітімі, іш құрлысы жəне ақыл-ойы кеміс балалардың тууына себепкер. Байқоңыр ғарыш айлағы мен Сарышаған зымыран полигоны 40 жылдан бері айналадағы ортаға кері əсерін тигізіп, сынағын тоқтатқан Семей полигоны мен Байқоңыр космодромы, Сарышаған зымыран полигоны облыстың экологиялық жағдайын қиындатып, нашарлатып келеді.

Сарышаған ядролық, ракеталық сынақтарды жүзеге асыру үшін салынған полигон. Бұл ерекше кешен. Онда ракетаға қарсы қорғаныс жұмыстары (ПВР) жүргізілді. Соған орай Ресейдің Капустин Яр, Жаңа Жер, Плесецк полигондарынан оқу-жаттығу мақсатында ұшырылған зымырандарын Сарышағаннан жіберілген зымыранмен Сарыарқа жерінде атып түсірген. Осы туралы кезінде нақты деректер берілген жоқ.

Сарышағанда адам өміріне кері əсер ететін зымыран отыны мен оның құрамды қоспалары өте көп мөлшерде сақталады. Зымыран ұшырылған кезде оның ұшыру аппараттары жерге жанып құлайды. « Сарышаған» зымыран сынау полигоны бойынша табиғат қорғау заңнамасын орындау жөнінде келісім жоқ болғандықтан зымыран полигонының қоршаған ортаға ықпалы қаншалықты екендігін зерттеу мүмкін емес. Осы Сарышаған туралы əлі күнге дейін жабық тақырып болып келеді,оның қаншалықты зиян əкелетіні айтылмай жүр. Өйткені, бұл өте аз зерттелген объекті. Ол үшін Қазақстан-Ресей үкіметаралық келісім қажет.

Əдебиеттер:

Айтуғанов Қ. Ресей зымырандарын құлатпауға мүдделi: Экология жəне бизнес// Орталық Қазақстан.- 2000.-26 қаңтар

Аққұлұлы С. Байқоңыр мəселесi Парламентте қаралды // Қазақстан ZAMAN.- 2002.-8 ақпан (N6).-3 б.

Ақпамбетова К. Гептилдiң зардабы зор: Ѓалым көзқарасы // Орталық Қазақстан.- 2002.- 12 қазан.-8 б.

Ақылбаев Ж. Ѓарыш айлағы қандай пайдасы мен зияны бар? // Орталық Қазақстан.- 2000.-9 желт.

Ақылбаев М. Батырға лайық Бақия / М.Ақылбаев// Орталық Қазақстан.- 2002.- 16 қаңтар

Əбеуов И. Экология — өзектi мəселе// Орталық Қазақстан.- 2000.-3 маусым

Су тазалығы — тəн мен жан тазалығы.

Су – жердің нəрі. Ол болмаса барлық тіршілік атаулы жойылар еді. Таза сулы таулы аймақтарда өсімдіктердің мəңгі жасыл болып тұратындығы сондықтан. Суды таза сақтау — өмір нəрін таза сақтау, яғни бұл денсаулық кепілі деген сөз.

Орталық Қазақстан шөлейт-шөлді, табиғи су қорлары жеткіліксіз аймаққа жатады. Облыстың климаты күрт құрғақты, айқын құрлықты, оте құбылмалы, жазы тым ыстық жəне аңызақ əрі шаңды желді, қысы аязды, суық желді жəне боранды ерекшеліктерімен сипатталады. Өзен мен көлдері кішігірім тұйықтығымен, ауыз суының корының тым аздығымен өзгешеленеді.

Қарағанды облысындағы су ресурстарының қоры Ертіс-Қарағанды каналын қоса есептегенде жылына 3,4 миллиард текше метр. Оның жыл сайын 2-2,3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай-Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс-Қарағанды каналы, Каракеңгір жəне Жезді өзенідері, Балқаш көлі болып табылады.

Аймақ өзендеріне техногендік əсерлердің салдарынан Қаракеңгір жəне Жезді өзендерінде мұнай өнімдері, мыс, мырыш, өнімдері көбейіп, лас сулар қатарына қосылады. Нұра, Шерубай-Нұра, Соқыр өзендері мұнай өнімдері, аммони азоты, ниттраттар, органикалық заттары көп суларға жатады. Облыс суларының сапалық жағынан жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған кəсіпорындар «Испат-Кармет» ААҚ, «Карбид» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Балқаш» АҚ, Облсуканал» су-канал шаруашылығы басқармасы, «Қарағандырезинотехника» АҚ, энергетика, көмір өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары. Сол сияқты суармалы алқаптарда тыңайтқыштар мен улы химикаттарды пайдалану, мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін орналастыруда да қолайсыздықтар бар. Облыстың ағын суларына 90 тазалау қондырғысы қойылатын болса, оның 7-і тиімді жұмыс істемейді.

Нұра Орталық Қазақстан аймағындағы ең үлкен өзен болып саналады. Оның бассейні Қазақстанның орталық бөлігін алып жатыр. Қарағанды мен Ақмола облыстарының жерін басып өтеді. Бұл аймақ күрт континентальды, ауаның температурасы күрт ауытқуымен қоса жыл бойына жауын-шашын мөлшері де тұрақты емес.

Нұра өзенінің жалпы ұзындығы 910 км. Бассейннің ауданы 50 мың шаршы километрден астам. Нұра Орталық Қазақстандағы ірі көлдердің бірінен саналатын Қорғалжын көліне барып құяды. Басқа өзендердің ішінде Нұра ғана толассыз ағады. Мұның өзі өзеннің өн бойының тұщы сулы болып сақталуына жағдай туғызады. Өзеннің суы маңайындағы суармалы алқаптарды суаруға, адамдардың дем алуына, балық аулауға пайдаланылады.

Ең бір қиыны- осы Нұраның суы мен өзен табаны техогендік қалдықтармен ластанған. Олар пайдаланылған суы Самарқанд су қоймасына барып қосылатын «Испаткармет» ААҚ, Теміртау химияметаллургия зауыты, «АБС Энерго» жəне «КарГРЭС-1» кəсіпорындары. Мұнымен қоймай жыл сайын бір рет Қарағанды тоған шаруашылығының лас суы да қосылады.

Ал «Карбид» АҚ болса, бұл өзенді сынаппен ластандырушы. Осы кəсіпорынның өндірістік аумағын зерттеген кезде топырақтың үстіңгі қабатындағы сынап құрамы 375 мгркг, ал кейбір жерлерінде 3000-6000 мгркг. дейін жетеді. Алдын ала зерттеулерге қарағанда «Карбид» АҚ аумағындағы сынап кем дегенде 50 тоннаға жуық.

Өзен жағалауының сынаппен ластануымен қоса қоңыр көмір пайдаланатын «КарГРЭС-1-дің» электростанциясынан шығатын күлдің шаңымен де ластанады. Бұған алуан жəне табиғаты мəлімсіз қалдықтары бар «Испат-Карметтің» болат өндірісі мен химия комбинатының да қалдықтары қосылады.

Осы өзенді сынаптан тазартып, жұртшылықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мəселесіне байланысты жұмыстар қолға алынып жатыр. Денсаулықты сақтау кепілі- Нұра суының тазалығын күшейтіп, ластанудан қорғай білейік.

Балқаш көлі-Каспий жəне Арал теңіздерінен кейінгі ірі көлемдегі жəне ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы –614 км, ені-3,5-ден 44 км-ге дейін. Ең терең жері 26 метрге дейін жетеді. Айдын көл беті 18200 шаршы км болса, тоғандарының ауданы 413000 шаршы километр

Қазір Балқаш араша сұрайды. Азаматтан сауға сұрайды. Ендеше неге үнсіз қаламыз.

Мамандардың айтуына қарағанда су деңгейі 2,5 метрге дейін төмендеген. Көл суы жағалаудан 100 метрге дейін шегінген. Бұрын балықшылар жылына 10 мың тоннаға дейін балық ауласа, кейінгі кезде оны 1000 тоннаға дейін əзер жеткізетін болды.

Экологиялық апаттағы Балқаш көлін қорғап қалу бəріміздің ортақ міндетіміз. Көл тағдыры –  біздің келешегіміздің тағдыры.

Қалдықтан алынатын өнім мол.

Еліміздің экологиялық жағдайы нашар облыстың бірі – Қарағанды. Өйткені мұнда зауыттар мен шахталардың 236 қазандығынан тонналаған денсаулыққа зиянды қалдықтар, улы газдар атмосфераға шығарылып, ауа кеңістігін ластайды.

Халықтың денсаулығына, халық шаруашылығына жəне қоршаған ортаға қалдықтардың келтіретін зиян көлемі де өсе түсуде.

Қарағанды аймағының экологиялық проблемаларыныңерекшелігі метан газы қалдықтары мен шахталардан ағызылған төкпе судан атмосфераның ластануы болып табылады. Жыл сайын бірнеше бірнеше жүз миллион текше метр метан газы атмосфераға шығарылады.

Қазіргі кезде күлтөкпеге, қалдық заттарды сақтауға, күл-қоқысты төгуге арналған жалпы жер көлемінің өзі 6 мың гектар. Оларда 1,5 миллиард тоннаға жуық өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтар сақталуда.

Қалдықтардың химиялық құрамында неше алуан заттар бар. Олардың ішінде қоршаған ортаны ластандыратын, адамның жүрегін айнытатын химиялық қосындылар көптеп саналады.

Сондықтан да барлық қалдықтарды, оның ішінде бас айналдырып, жүрек айнытатын қалдықтардың құрамына физикалық-химиялық талдау жасап, топыраққа, жер астындағы суға, ауыл шаруашылығы өнімдеріне жəне экологияға зиянды заттарды есепке алудың маңызы зор.

Металлургтер қаласы Теміртауда 21 өнеркəсіп жəне алты автотранспорт кəсіпорыны жұмыс істейді. Олардың өндірістік қызметінің салдарынан көптеген қатты қалдықтар ашық ауаға төгіліп, табиғатты ластандыруда.

Облысымыздың аймағында өнеркəсіптік кəсіпорындар мол шоғырланған. Соның ішінде көмір байыту жəне көмір өндіру қалдықтары, кен өндірісінің породалары, отын-энергетика комплексінің қалдықтары, күл, металлургия шлактары жəне басқалары бар.

Қарағандының көмір ғылыми- зерттеу институты кен өнімін мол да сапалы өндіру мəселесімен көп жылдан бері үздіксіз шұғылданып келеді. Сонымен бірге институт ғалымдары экологияның тазалығын сақтауға да айтарлықтай үлес қосуда.

Ал экологияның тазалығын сақтауда шахталардан көмір өндірумен бірге, метан газын айырып алудың да маңызы зор. Өйткені метан газы өнеркəсіп пен тұрмысқа қажетті өнім.

Көмір өндіру кезінде жыл сайын Қарағандыда 200 миллион текше метр өнеркəсіпке қажетті метан газы алынатын болса, оның тек 12 миллион текше метрі ғана, яғни 10 проценті пайдаланып, шахтаның қазандықтарында жағылып жүр. Қалған метан атмосфераға шығарылып, ауа кеңістігін көмір қышқылымен ластауда.

Міне, сондықтан Қарағандының көмір ғылыми-зерттеу институтының бағдарламасында өндіріліп алынған метан газын тұтастай өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қажетке пайдаланып, жұмсау ерекше атап көрсетілуде. Бұдан былай да экологияның тазалығы үшін метан газын айырып алудың жаңа əдістері мен тəсілдерін жасай беретіні, ауа кеңістігін ластауды азайту жолында институт ғалымдары өздерінің мүмкіндіктері мен ішкі резервтерін пайдалана береді.

Қарағанды металлургия комбинатының қалдық суды тазалағыш жабдықтары арқылы жыл сайын өнеркəсіп өндірісінің сұйық заттарды сақтайтын ыдыстарынан 100 мың тоннадан аса лай тұнбаларын шығарады. Ал бұл экологиялық қалдықтардың құрамында Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бар екені ғылыми зерттеулерде дəлелденген. Қалдық су тұнбасы дəнді дақылдың шығымын арттыруға пайдалануға, яғни дақыл өнімін мол өндіруге септігі болатыны байқалды.

Қазіргі кезде Қарағанды қаласында шығарылатын тұрмыстық қалдық заттар сұрыпталмай, өңделмей қалалық көң-қоқыс төгілетін жерге апарып көміліп тасталады. Қалалық коммуналдық көлік басқармасының дерегіне қарағанда ай сайын мұнда табиғатты ластандыратын 180 тонна полимерлік, пластмассалық қалдық заттар тасылады екен. Ал мұндай қалдықтардың шіруі үшін кем дегенде 200 жыл керек.

Қалдықтардың морфологиялық құрамына талдау жасаған кезде 1 текше метр қалдықта 22 процент қағаз, 38 процент тамақ қалдықтары, 6 процент тоқыма бұйымдары, 4 процент металл, 3,8 процент шыны, 18 процент пластмасса жəне полимерлік қалдықтар бар екендігі анықталған.

Шикі зат алу үшін кеніштерді қопарғанша қалдықтардан алынған заттарды қайта өңдеген əлдеқайда тиімді болмақ. Егер осы қалдықтарды өңдесе, қағаз қалдықтарынан- картон, престелген қағаз-картон табақшаларын, сүйектерден – сүйек ұнын, тамақ қалдықтарынан- компост (органикалық тыңайтқыш), полимерлер мен пластиктерден- құрылыстық жəне тұрмыстық бұйымдарға, металл құбырлардың сыртын жабуға арналған шикізат алуға болады. Қарағанды қаласына көң-қоқысты, өндірістік қалдықты жəне тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт қажет. Бұндай зауыттан өндірілген өнімдерден алдымен өндіріс үшін шикізат қажет етпейді, ол қалдықтарды өңдеу кезінде алынады, өндіріс үшін қымбат бағалы химикаттар қажет емес, қатты қысымға жəне жоғары ыстыққа шыдамды жабдықтарды керек етпейді, қалдықтар залалсыздандырлатындықтан атмосфераға жəне су көздеріне зиянды қоспалар таралмайды, кез-келген жуандықтағы жəне ұзындықтағы құбырлар полимер қалдықтарымен қапталатындықтан коррозияға ұшырамайды.

Əдебиеттер:

Əмiреева К. Тозған жерде тоқшылық болмайды // Орталық Қазақстан.-2004.-5 маусым

Балқаштың өнiмiн американдықтар тұтынады: Қазақстанда жасалған//Мысты өңір.-2004.-18 маусым              

Өлкенің экологиялық орталықтары.

Жер-ана табиғат біздің тал бесігіміз, тірі жан атаулыға атам заманнан ортақ қазына.

Ѓылымның шамадан тыс дамып, оның жойқын күшке айналуына байланысты адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдік табиғаттың сорына қарай күрт өзгерді. Адамзаттың табиғатты ойсыз да күрделі күйзеліске ұшыратуының зардаптарынан соңғы 20 жыл төңірегінде экология ғылымына деген көзқарас бірсыпыра жанданды. Қазір қоғам алдында тұтастай экологиялық білім жүйесін құру міндет тұр. Облыста қоршаған ортаны қорғау жөнінде бірнеше ұйымдар құрылған.

Экологиялық «Сарыарқа» клубы, «Экомузей», «Экоцентр», «Экообраз», «Табиғат қорғау сақшысы» ұйымы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың экология бөлімшесі, облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жəне басқа ұйымдар мен қоғамдар бір-бірімен тығыз байланыста бірлесе жұмыс жүргізуде.

Экологиялық ұйымдар мен қоғамдар негізінен туған өлке табиғатын, тарихын сүйіп өсуге, оны қорғауға, патриотизмді қалыптастыруға, адамдардың экологиялық білімі мен таным деңгейін көтеруге бағыт ұстануда. Сонымен бірге облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесе ағаш, бұта, гүл отырғызу яғни көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарымен шұғылданады.

«Таза өзен» деп аталатын акцияны облыстық ЭкоМұражай қызметкерлері 1998 жылдан бері өткізіп келеді. Содан бері 23 рет акция өткізілген. Мұндай акция өткізудің мақсаты үкіметтік емес экологиялық ұйым жергілікті су ресурстарының жағдайы нашар екендігіне жұртшылықтың назарын аударып, жақын маңайдың тұрғындарының өзенге деген көзқарасын өзгерту, балалар мен біздің болашағымызға немқұрайды қарамайтындардың басын біріктіру болып табылады. Коғамдық ұйымдардың, еріктілердің жəне мектеп оқушыларының күшімен қала ішіндегі шағын өзендердің арналары мен жағаларынан 40 текше метрден астам тұрмыстық қалдық жиналып келеді.

Қарағанды қаласында еліміздің ғалым – зоологтары қатысқан қоршаған ортаны қорғауға байланысты өткен семинар-кеңесте облыста сиреп бара жатқан құстарды сақтап қалумен шұғылданатын ғылыми орталық ашу жөнінде айтылды. Бұндай ғылыми орталық 2004 жылы ашылмақ. Қаладағы зоопарк базасында құрылатын ғылыми орталыққа суда жүзетін құстарды сақтау шаралары жүзеге асырылады. Қызыл кітапқа енгізілген суда жүзетін құстардың 21 түрінің 5- еуі осы зоопаркте қамқорлыққа алынған.

Əдебиеттер:

Информация о работе Алапаттың зардабын аластатайық