Арал теңізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 21:03, реферат

Краткое описание

Арал теңізі - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім
Арал теңізі
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал экологиялық дағдарысы
Арал теңізінің құрғаған табанының ағаштар отырғызу арқылы мелиорациялау.
Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру шаралары
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Арал теңізі.doc

— 176.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар.

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім
    1. Арал теңізі
    1. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
    2. Арал экологиялық дағдарысы
    3. Арал теңізінің құрғаған табанының ағаштар отырғызу арқылы мелиорациялау.
    4. Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру шаралары

  1. Қорытынды.
  1. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АРАЛ ТЕҢІЗІ

Арал теңізі - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады.  Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлықка қосылған.  
А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғак, ауаның орташа темпрасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жь\ылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап келге құятын өзен ағыңдысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теніз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбьшмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%о-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі терендікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балыктан арал шоқы-ры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды.  
А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.

Арал  теңізінің экологиялық ахуалы

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал  өңірін игеру қолға алынды. Осы  аймақтағы игерілетін жер көлемі  бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5,Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Арал  апатына себеп болған факторлар:


  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда – 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл  өңірде соңғы мәліметтер бойынша  туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда  жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі.

Жалпы, адам үшін бірінші  байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамындатыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.

 

 

Арал экологиялық  дағдарысы

Арал  экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.

Соңғы ондаған  жылдар бойында халық санының  көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе  ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж.40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.

1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегіндеантропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.

Теңізді құтқарудағы болжамдар

 

Арал теңізінің 1960-2010 ж.ж. аралығындағы көрінісі

Арал теңізінің  болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағыауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Кіші Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
  5. Жер асты суларын пайдалану.
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.[4]

Әрине, бұл жобалар  болашақтың ісі болғанымен, уақыт  талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа  кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат  қауымының білімі мен біліктілігіне  байланысты екені анық.

Қазіргі кезде  аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

Арал  теңізінің құрғаған табанының ағаштар отырғызу арқылы мелиорациялау.

Аралдың құрғаған ауданы 20мың км2 құрайды. Сол теңіздің табанынан құралған шаң мен тұз айналаға шашылып жатыр жыл сайын теңіз табанынан 150 млн тұз, шаң, құм көтеріліді және радиусы 10 км 1000 км-ге дейін аймақа шашылды. Аймақтан флора мен фаунаның 200 дей өкілі жоғалып кетті. Жерлердің құнарлығы төмендеді міне осындай жағымсыз әсерлерді жақсарту үшін ғалымдар фитомилорация әдісін ұсынады . Қызылорда облысының  орман шаруашылық мекемелері 1989-1993 жж аралығында 50-мың гектар жерге ағаштармен бұталар екен еді, бірақ солардың басым бөлігі өнімділігі өте төмен болып шықты. Қазақстанның орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми зертеу институты 1998 ж құрылған арал теңізінің табанында егілетін ағаштардың ассортиментті және мелиорациялық екпе ағаштарды отырғызу технологиясы бойынша ұсыныстар енгізді.

Орман мелиорациясы жүргізілетін талаптарды талдап алу, жергілікті жағдайда ағаштармен бұталардың өсуін  анықтайтын негізгі факторлар: Топырақтар мен грумптың тұздану сипаты және тұздану дәрежесі әсіресе ағаштардың тамыры таралатын жоғары қабаты. Жер асты суларының орналасу тереңдігі ,олардың  мелиорияциясы. Топырақ беттінің эрозияға ұшырауы деңгейі және көшпелқұмдардың болуы .

Теңіз табанының біршама тегістелген бөліктерінде ағаштар мен бұталардың өсіруінің 3 тобы анықталады:

  1. Ағаштармен бұталар өсу жағдайы жақсы, тегіс жерлер, шөгінділер, құм немесе құмдауық сипатта. Олардың физика-механикалық көрсеткіштері топырақ құрамының біртекті құмды болуымен сипатталады. Топырақта оңай еритін тұздардың  мөлшері 0,8% дан аспайды. Жерасты сулары 1,5-2 метр тереңдңкте минералдануы 45 гр/л аталған жерлерде сексеуіл және жынғыл жақсы өсіп кетеді. Мұнда адамдар келешекте игеруге өте қолайлы топырақтарының тұздану сипаты хлоридті-сульфадты, сульфады-хлоридті.
  2. Ағаштар мен бұталардың өсу жағдайы қанағатанарлықоларға біршама теңіз беттін көшпелі құм жабқан жерлер жаттады. Физтка-химиялық көрсеткіштері: 30 см тереңдіке дейін байланған құм, одан тереңде құмдық, сазды қабаттар. Тұздардың максималды сипаты 2,2% ға дейін, жер асты сулары 1,8-2 м тереңдікте орналасқан. Судың минералдануы50 гр\л , тұздану сипаты хлоридті-сульфатты, сульфатты-хлоридті.

Информация о работе Арал теңізі