Арал теңізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 21:03, реферат

Краткое описание

Арал теңізі - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім
Арал теңізі
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал экологиялық дағдарысы
Арал теңізінің құрғаған табанының ағаштар отырғызу арқылы мелиорациялау.
Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру шаралары
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Арал теңізі.doc

— 176.50 Кб (Скачать файл)

Сексеуіл мен  жылғылдың өніп кетуі және өсуі I топқа қарағанда нашарлау.

  1. Ағаштар мен бұталар егуге шарты түрде жарамды деп есептелінеді. Бұлар тегістелген алқаптар топырақтың механикалық құрылымы ауыр шөгінділерден құралады .

 

Арал  теңізін сақтау және қалпына келтіру  шаралары

Арал  теңізі мәселелері жөніндегі келісім

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарындаТашкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш.Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.

Келісімнің  арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы  экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды.

Арал  теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес


Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.[5]

Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су мәселелері жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. "Сырдария" және "Әмудария" алабының су шаруашылығы басқармаларын Кеңестің су моселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын "Халықаралық Арал қорымен" және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді. [6]

Арал  теңізін сақтау жөніндегі халықаралық  шаралар


Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.

Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апатыкеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. « 
Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.[7]

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ↑ Аральское море: кладбище кораблей
  2. ↑ Образовательный сайт Казахстана, Арал теңізі және экологиясы, Temakosan
  3. ↑ 5,0 5,1 Қазақ энциклопедиясы I том
  4. ↑ Gazeta kz, Арал теңізінің мәселелері жөніндегі арнайы кеңес,
  5. ↑ Қазақ энциклопедиясы IV том
  6. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
  7. ↑ Аральская Атлантида
  8. ↑ Орыс уикипедиясы, Аральское море

Арал  теңізі


Информация о работе Арал теңізі