Арал теңізі және семей полигоны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 00:36, реферат

Краткое описание

Радиация деген не? Радиацияның қандай түрлері бар,Қазақстан аумағына қанша көлемде күннен радиация түседі? Деген сұрақтарға жауап берейік.
Күн радиациясы Күннен шығатын сәулелі энергия.Белгілі бір уақытта 1 см жер бетіне түсетін күн радиациясы Дж/м мен есептеледі.Күн радиациясының Жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады.Неғұрлым оңтүстікке орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түседі де,атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді,жылуды да соғұрлым көп береді.Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы азайып,атмосфераны ұзаз жолмен,көлбеу бұрышпен кесіп өтеді.сол себепті жылуды да аз алады.

Содержание

I Кіріспе бөлім:
II Негізгі бөлім:

а) Радиация және жалпы сипаттамасы
ә) Қазақстандағы радиациямен ластану проблемасы.
б) Радиация таралған аймақта жүру ережесі

III Қорытынды бөлім:

Вложенные файлы: 1 файл

Арал теңізі және семей полигоны.doc

— 403.00 Кб (Скачать файл)

Жоспары:

 

I  Кіріспе бөлім:                                                                                              

 

II  Негізгі бөлім: 

                           

 

                            а)  Радиация және жалпы сипаттамасы

                           ә)  Қазақстандағы радиациямен ластану проблемасы.

                    б)  Радиация таралған аймақта жүру ережесі

 

 

III Қорытынды  бөлім:

                         

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Радиация  деген не? Радиацияның қандай түрлері бар,Қазақстан аумағына  қанша көлемде күннен радиация түседі? Деген сұрақтарға жауап берейік.

Күн радиациясы Күннен шығатын сәулелі энергия.Белгілі  бір уақытта 1 см жер бетіне түсетін  күн радиациясы Дж/м мен есептеледі.Күн  радиациясының Жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады.Неғұрлым оңтүстікке орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түседі де,атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді,жылуды да соғұрлым көп береді.Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы азайып,атмосфераны ұзаз жолмен,көлбеу бұрышпен кесіп өтеді.сол себепті жылуды да аз алады.

Радиация  дегеніміз-Жер бетіне түсетін күн  сәулесінің 20 пайызын атмосфера  кері шағылыстырад.Қалған бөлігі жер  бетіне жетеді,яғни жер бетіне тура түскен күн сәулесін т у р а  к ү н  р а д и а ц и я с ы деп атайды.

-Күн сәулесінің біраз бөлігін  атмосферадағы су булары,мұз түйіршіктері,шаң-тозаңдар,бұлттар  өздеріне сіңіріп және шашыратып  таратады.Мұндай жағдайда Жер  бетіне ш а ш ы р а н  д ы радиация жетеді.

-Жер бетіне келетін тура және  шашыранды радиацияның қосындысын  ж и ы н т ы қ  радиация  деп атаймыз.

-Жиынтық радиацияның біраз бөлігі  жерге топырақ,су,қар жамылғысы  арқылысіңіп жылынады,оны ж ұ  т ы л ғ а н радиация  деп атайды. Ал біраз бөлігін  жер беті кері шағылыстырады, оны ш а ғ ы л ы с қ а н радиация дейміз.Күн радиациясының жер бетіне жетуі географиялық ендікке ғана емес,атмосфераның мөлдірлігіне және күн сәулесінің түсу ұзақтығына да байланысты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ядролық жарылыстың өткір  радиациясы дегеніміз – гамма сәулелену мен нейтрондар ағыны.

Биологиялық ұлпа арқылы өткен гамма кванттар мен нейтрондар тірі жасушылардың құрамына енетін атомдар  мен молекулаларды иондандырады, нәтижесінде қалыпты зат алмасуы  бұзылып, сәуле ауруының туындауына әкеп соғады.

Сәулелену мөлшеріне  қарай сәуле ауруы 4 түрлі дәрежеге бөлінеді:

  • 1) 1 дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 150-250 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 аптаға созылады, содан кейін сырқаттың күйі нашарлап, жалпы әлсіреу, лоқсу, басы айналу, температурасы көтерілу сияқты белгілер байқалады. Қанда ақ түйіршіктер азаяды. 1 дәрежелі сәуле ауруын емдеуге болады.
  • 2) 11 дәрежелі сәуле ауруы (орташа) сәулеленудің жиынтық мөлшері 250-400 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі 1 аптаға созылады. Ауру белгілері айқын білінеді. Белсенді түрде емдесе, ауру 1,5 – 2 айда сауығады.
  • 111 дәрежелі сәуле ауруы (ауыр түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 400-700 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағатқа созылады. Ауру жылдам және ауыр түрде өтеді. Сәті түссе, 6-8 айдан соң жазылып кетеді.
  • 1V дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 700 радианнан асқанда басталады, өте қауіпті болып саналады. 5000 радианнан асқан мөлшерде адам бірнеше минуттан кейін-ақ ұрысқа қабілеттілігін жояды.

Күші 1 мың т нейтронды оқ-дәрінің  әуеде жарылуы кезіндегі сәулелену  мөлшерінің есептік мәні.

Жарылыс эпицентрінен қашықтығы, м

Сәулелену мөлшері, радиан

Гамма сәулелену бойынша

Нейтрондар бойынша

Жиынтық

300

100 000

400 000

500 000

500

30 000

70 000

100 000

700

5 000

10 000

15 000

1000

800

1200

2000

1200

350

500

850

1500

100

100

200

1800

45

30

75

2000

15

5

15


Сәулелену тығыздығы  жоғары (қорғасын, құрыш, бетон) материалдарда  көбірек әлсірейді. Нейтрондар сығымы жеңіл элементті ядролары бар (су, полиэтилен) жеңіл материалдарда жақсы әлсірейді.

Өткір радиацияны әлсіретудің  ең үлкен шамасына фортификациялық (бүркемеленген орлар) құрылыстар ие.

Адам ағзасына иондалған  сәулелену әсерін әлсірету үшін әр түрлі радиацияға қарсы құралдар (радиопротекторлар) қолданылады.

 

 

Қазіргі  кезеңнің өзекті  мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр.  Радиоактивті  ластанумен  күресу  тек алдын алу сипатында ғана  болады.  Себебі  табиғи  ортаның мұндай  ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдіс-турі  де , басқада механизімдері де  жоқ . Қоректік  тізбек  бойын-ша  тарала  отырып  радиоактивті  заттар  азық-түлік өнімдерімен бірге адам  ағзасына  түсіп , адам  денсаулығына  зиянды  мөлшер-ге  дейін  жиналуы  мүмкін.

Қазақстан  териториясында  қуатты  ядролық  сынақтардың  ең  көп  мөлшері  жасала   Адамзат тарихында бірнеше өте үлкен яадролық және атом электр станцияларында жарылыстар болды. Тек Қазақстанның өзінде семей полигоны, Капустин Яр, өте қауіпті радиациялық заттар шығаратын Байқоңыр ғарыш аймағы т.с.с. 

 

        Олар  қазақстан   территориясының  біраз  бөлігінің   радиа-циялық  ластануына  әкелді. Шығыс  қазақстан  тұрғындары  Хиросима – Нагасаки  мен   Чернобыльдан  кейінгі  ең  үлкен  иондаушы  сәулелену  дозасын  алған. Радиациялық  әсерғе  бай-ланысты  туған  аурулар  туралы  мәліметтер  1989  жылға  дейін  құпия  сақталып  келді. Ресми  емес  көздердің  мәліметтеріне  сүйенсек  лейкемиядан  қайтыс  болғандар  саны  ондаған  мың  адамды  құрайды.

 Қазақстан  территориясында   радиациялық  ластану  себеп-теріне  мыналар  жатады: Семей  ядролық   полигонында  жасалған  жарылыстардың   салдары,  радиоактивті  материялдарды   пайда-ланатын  атомдық  өнеркәсіп   орындары,  ғаламдық жауын-дар,халық  шаруашылық  маселелерін  шешу  мақсатында  жасал-ған  жер  асты  ядролық  жарылыстар,  табиғи  радиоактивтілік,  радиоактивті  қалдықтар.

КСРО заманында Қазақстан аумағында  атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Семей полигонына жақын нақ сол  аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді.

Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.

Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.

Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді.


 

 

 

Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9)  ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып келеді.

           Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Үйден шықпай тұрғанда, сыртқы киімдердің түгел төмелелерді салып, биік аяқ киімді киіп, ауызын және мұрынды марльдан жасалған повязкамен жабу керек.
  2. Радиация жерінен желге перпендикуляр бағытымен шығуі керек. Сонымен бірге жерге отыруға, шылым шегуге, шанмен журуге, орманда жидектерді жеуге және суға түсуге болмайды.
  3. Егер сіз далаға шыға алмай қалсаңыз, онда үйдің есіктерін, терезелерің, вентиляционный тесіктерді жабыныз. Терезенің тесіктерің бегітіп және скотчпен жабыстыру керек. Кірер есіктің алдында суға толған шелекті және аяқты сүрту үшін дымқыл шөберекті қойып қою керек.

Тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды сабынмен жуып және ауызды аз қосылған содамен шайю керек. Азық-түлікті жақсы жабылатын банкілерде және холодильникте сақтау керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арал теңізі.

 Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
  5. Жер асты суларын пайдалану.
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар  болашақтың ісі болғанымен, уақыт  талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа  кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат  қауымының білімі мен біліктілігіне  байланысты екені анық.

Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.                         

 

Семей полигоны.

 Бір кездері ядролық  полигон нақ Семей жерінде  неге құрылды деген сұрақтың  жауабын іздегенде сол кезде  бұл өңір Кеңес Одағының адам  ең аз қоныстанған, сонымен  бірге негізгі коммуникация жерлерінен  оншалықты қашық емес деген  сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма?

1989 жылдың ақпанында  Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық».

Информация о работе Арал теңізі және семей полигоны