Демографиялық дағдарыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 22:38, реферат

Краткое описание

XX ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзі халықтары алдына көптеген шиеленіскен және күрделі мәселелерді қойды. Олар ғаламдық мәселелер деген атқа ие болды. Бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атайды. Адамзат тарихының бүкіл өн бойында дерлік Жер шарында халықтың саны өте баяу өсуі. Оның жедел өсуі XX ғасырда басталды.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
1. Демографиялық дағдарыс.
2. Демографиялық өсімнің тоқтау себебі.
3. Демографиялық проблемаларды шешудің елдік моделі
4. Шетелдердегі демографиялық ахуал.
5. Қазақстандағы демографиялық ахуал
III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Реферат демографиялық дағдарыс ЭКОЛ.doc

— 168.50 Кб (Скачать файл)

Сондықтан  демографиялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстарды бірнеше бағыттар бойынша жүргізу қажет:

  • отбасылардың, әсіресе көп балалы отбасылар мәртебесін көтеру;
  • көп балалы отбасыларына пәтер алуға және жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға басым құқықты заңнамамен белгілеу;
  • адамдардың санасына отбасылық, үш және төрт балалары бар отбасылық өмір  салтын тұрақты орнату қажет;
  • отбасылық өмір салты сөзсіз әлеуметтік норма болуы тиіс;
  • ата-аналар еңбегін отбасы жоқ кәсіпқой мамандардың еңбегімен заңнама арқылы теңестіру қажет, бұл үшін «отбасылық еңбекақы» енгізу керек, яғни бала тәрбиелейтін әйелге ең төменгі өмір сүру деңгейін ескере отырып және отбасындағы балалар санына қарай белгіленген ең аз еңбекақы төлеу қажет;
  • қызметкерлердің (немесе әйел қызметкердің) еңбекақы бөлінісі проблемасын шешу керек, өйткені ол бүгінде отбасы мүшелерінің қажеттілігіне арналған шығыстарды көздемейді және жекелеген жағдайларда жеткілікті болып табылмайды;
  • тұрақты демографиялық, әсіресе екінші және үшінші бала туу мониторингін жүргізу қажет;
  • балалары жоқ отбасы жұптарын емдеуді мемлекеттік деңгейде қаржыландыру қажет;
  • шетел тәжірибесі негізінде бала тууды материалдық ынталандыру  қажет;

бала тууға қабілетті  әйелдерді тегін емдеу жүйесіне баса назар аудару қажет.

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

        Қорыта   келе демографиялык саясат  қазақтың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін дегім келіп тұр.

Қазақстанның демографиялық  ахуалы қыл үстiнде тұр. Бұған  мемлекеттiк саяси жүйеге деген  сенiмсiздiк, экономикалық дағдарыс және әлеуметтiк жағдайдың төмендеуi, тiптi рухани құлдырау сеп болуда. Сарапшылардың  айтуынша, халықтың санын арттыру үшiн, әуелi, елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн түзеу қажет. Елдiң әл-ауқатын өсiруге мемлекет мүдделi. Сондықтан бiрiншi кезекте дәл қазiр әлеуметтiк саясатты жүйелеген абзал. Сондай-ақ көшiп-қону саясатын қайта қолға алу, әсiресе, iшкi миграция мәселесiне жете мән берген жөн.

    Халықаралық сарапшылардың деректерiне үңiлсек, Қазақстан халқы қартаюға тап болған елдердiң санатында. Бұл көрсеткiш тек қана халықтың емес, мемлекеттiң де құлдырауына ықпал етедi. Сондықтан болар, демографиялық мәселе көлденең шыққан республикалар дабыл қағып, қолдан келген бар амал-шарасын жасауда. Мәселен, көршi Ресейде жыл сайын халық саны азайып келедi. Сарапшылар 2050 жылға дейiн құлдырап кету қаупi бар екенiн алға тартуда. Мақсатқа жету қиынның-қиыны екенiн бiлсе де, Ресей билiгi демографиялық ахуалды жақсарту үшiн жанталасуда. Мәселен, тууды көбейту үшiн “Ана капиталы” атты ұлттық жоба жасады. Бүгiнде мемлекет тарапынан берiлетiн “жөргекпұл” көлемi 307 мың рубльге дейiн көбейтiлдi. Көпбалалы отбасы құндылықтарын насихаттау жаппай қолға алынып, мәселен, Мәскеудiң өзiнде көпбалалы отбасыларға арнап зәулiм үйлер салынуда.

  Болашақтағы болжамға  келсек,2018-2019 жылдары елдегі қазақтардың саны 70 пайызға жетеді. Оған себеп – соңғы жылдары бала табу деңгейі де өсіп келеді, елге келетін оралмандар саны да артты. 2012-2015 жылдар аралығында елдегі бала табу саны өзінің шарықтау шегіне жетеді. Және ондай жоғары және тым тез өсім, 21 ғасырда бұдан кейін қайталанбайды.

 

                         Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Цыганков П.А. Международные отношения: Учебное пособие. – М.: Новая школа, 1996.

2. Антюхина-Московченко В.И., Злобин А.А., Хрусталев М.А. Основы теории международных отношений. – М., 1988.

3. Новейшая история стран Европы и Америки. ХХ век. Под ред. М.В.Пономарева и А.М.Родригеса. М, 2003 г.

4. Н.Н.Яковлев., Г.Л.Розанов. Новейшая история  1917-1945 гг. М, 1990 г.

5. Информационно-аналитический отчет по контрольной и правоприменительной деятельности Иртышского департамента экологии за 2009 г. – Павлодар, 2009 г. – 120 стр.

6. Новиков Г.В., Дудурев А.Н. Санитарная охрана окружающей среды современного города. – М.: Химия, 2001, 239с.

7.«Земледение с основами почвоведение и агрохимии» А.М.Лыков, А. А. Коротко, Т. Г. Громокова

8. «Земледение с почвоведением» А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков «Почвы Казахстана»

9. В. В. Добролький «География почвы»

10.Х. П. Миримонян «Почвоведение»

11.«Общее земледения с почвоведением»

12.М. Құспанов «Топырақ, өсімдік, тыңайтқыш»

13.Н. А. Димо «Шөлейт облыстарда»

14. Н. А. Каинский «Топырақ, оның қасиеттері және тіршілік» 1959 ж.

15. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0

 

 

 

 

 

 

 

Мамандық: Есеп және аудит

Топ: 309104

Студенттің аты-жөні: Сулейменова Гульдана Сулейменовна

Пән: Экология

Оқытушы: Беккалиев Б.Ү.


Информация о работе Демографиялық дағдарыс