Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2012 в 21:58, реферат
"Қызу әсерiнiң" салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша ықтимал қатер төндiредi.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.
сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі;
тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.).
Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты. Мұндағы басты міндеттер мыналар:
экологиялық факторларды біріктіру;
қаланы және оның маңайын жоғары сапалы экологиялық инфрақүрылыммен қамтамасыз ету;
пайдалануды, қалдықтарды және т.б. экологияландыру;
қалалық ортаны құруға қатысы
бар барлық адамдар санасында
экологиялық этика негізін
Қазірдің өзінде бірқатар елдерде қалалар
алып жатқан территориялардың үлесі көп.
Мысалы, Бельгияда - 28%, Англияда - 12%, Данияда
- 11% ел территориясы қалалардың үлесіне
тиеді. Мұндай үлкен урбанизацияланған
аумақтарда қалалар мен табиғат арасындағы
экологиялық тепе-теңдікті сақтау мүмкін
емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуы нашар
басқарылатын қалалардың қоршаған ортаға
тигізетін жағымсыз әсерлері көбейе түсті.
Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік
тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында
қала халқы шамамен 0,2-ден 2,9 млрд адамға
көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны
1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге
дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз
ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда
бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып
жатыр.
Урбанизация процесінің дамуына байланысты
қалалық ортаның көптеген проблемалары
(урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық,
технологиялық, әлеуметтік, экологиялық)
пайда болды. Оның ішінде қала саны мен
көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының,
транспорттың, тұрғындар санының артуы
да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне
байланысты ауыл мен қала тұрғындарының
саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының
саны және қалалар саны мен көлемдері
де өсуде. Қала халқының сандық пайызы
әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай.
Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған
елдері - Солтүстік Америка мен Европаның
үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі
көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің
еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен
және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы
жүздеген километрге жететін урбанизацияланған
ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне
алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис
«Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы
біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн
адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория
Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді.
Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан
асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды
«жұтып қойды».
Қалалардың демографиялык,
және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен
экожүйеге техногенді әсердің артуы тек
қала маңында ғана емес, олардан біршама
қашықтықтарда да біліне бастады. Осыған
байланысты қаланың экологиялық жағдайы
көптеген өнеркәсіпті қалаларда нашарлап
кетті. Қалалар планетамыздың азғана бөлігін
алып жатуына байланысты, қалған табиғаттың
бөлігін аман сақтап қалуға мүмкіндік
бар. Қалалар - адамзаттың болашағы. Аристотель
айтқандай - «Біз қалаларды тұрғызамыз,
алқалалар бізді қалыптастырады». Урбанизацияның
экожүйелер үшін жағымсыз болуы міндетті
түрде емес, ал оны экологияландыру жағымды
құбылыс. Қала және қалалық орта сонда
өмір сүретін халықтың Қажеттіліктерін
өтеуге, денсаулығына, өмір сапасына қатты
әсер етеді. Сондықтан қазіргі таңда қалалық
ортаны экологияландыру адамзат үшін
өмірлік қажеттілік болып табылады.
==Халың санынық өсуі. ==
Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді. Климаттың өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар тобының (IPCC) болжамы бойынша - 2040 жылы Европада жаздың күндері 2003 жылдың жазғы күніндей температура 38°С- 48°С-ты құрайтын болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардың көптеп өлуі емес, өсімдіктер өспей Европада азық-түлікті өсіру тоқтаудың алдында болады - дейді. Бұл ұйым тобының есебінше, 2040 жылы Сахара шөлі Европаның ортасына, тіпті Берлинге дейін жылжиды. Әлеуметтік-экономикалың проблемалар. Азың-түлік тапшылығы. Әлем бойынша астық, ет, балық және басқа тағам түрлерін адам басына шаққанда өндірілуі 1985 жылдан бері төмендеп келеді. Болжамдар бойынша, 2010 жылға қарай бидай мен күріштің бағасы екі еседен аса қымбаттайды деп күтілуде. Бұл кедей елдерде халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырауына алып келуі мүмкін. Азық-түлік тапшылығының басты себебі - 1956 жылдан бері адам басына шаққанда егістік жерлерінің көлемінің қысқарып, басқа мақсаттарға пайдаланылуы және топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты. «Жасыл революцияға» байланысты 1970- ші жылдары жаңа сорттарды енгізу, суғару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалану арқылы өнімнің төмендеуі тоқтатылды. Алайда суғару үшін судың тапшылығына байланысты Австралияда, Африкада бұл әрекеттер іске аспады. Қазіргі таңда суғару жұмыстары үшін судың тапшылығы Азияда, Америкада байқалуда. Сондай-ақ балық қоры да күрт азайды. 1950 жылдан 1989 жылға дейін әлем бойынша балық аулау 19 миллионнан 89 миллионға жетті.
[өңдеу]«Жасыл революция» және оның салдары.
«Жасыл революция»
ғылыми-техникалық революцияның бір көрінісі
- ауыл шаруашылығының қарқынды:
техникаларды пайдалану);
жаңа сорттарын қолдану;
пайдалану);
жолдармен дамуы.
«Жасыл революцияның» екі түрі бар.
1. XX ғасырдың 60-70 жылдары пайда болды. Оның
бастамасын көтерген мексикандық селекционер
Норман Берлоуг болды. Ол ескі сорттарға
қарағанда өнімді 3 есе көп беретін жаңа
«Мексикале» сортын сұрыптап шығарды.
Н.Берлоугтан кейін басқа селекционерлер
де жаңа жүғері, мақта, күріш сорттарын
сұрыптап шығара бастады. Тек жем-шөппен
ғана емес, витаминдермен, антибиотиктермен,
сондай-ақ салмағы тез артуы үшін - өсу
стимуляторларымен өсірілген өнімділіғі
жоғары жануарлар пайда болды. Осы революцияның
арқасында астықты дақылдардың өнімділігі
2-3 есе артып, өнімдердің ассортименті
екі есе көбейді. Қазіргі шығарылып жатқан
өнімдердің жартысынан көбі 1950 жылдарға
дейін шығарылмаған. Кейбір дамушы елдер,
мысалы, Үндістан астыққа деген сұранысын
өзі қамтамасыз ете бастады. «Жасыл революция»
халықтардың тағамға деген сұранысын
қанағаттандырғанмен, көптеген жағымсыз
жағдайларға: топырақтың деградацияға
ұшырауына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің
төмендеуіне және т.б. алып келді.
2. 80-ші жылдардың ортасынан бастап ғалымдар, егер ауыл шаруашылығы антропогендік энергияны дәл осылай жұмсай берсе екінші «Жасыл революцияның» болатыны туралы айта бастады. Оның негізінде - ауыл шаруашылы дақылдарын, мал шаруашылығы өнімдерін экологиялық технология бойынша өңдеуге ауысу принциптері жатыр.
Селекционерлер «рекордшыл» сорттарға қарағанда қолайсыз жағдайларда, тыңайтқыштың аз мөлшерінде, арам шөптерге, зиянкестерге және ауруларға шыдамды біршама жоғары өнім беретін сорттарды шығаруға ауыса бастады. Бұл үшін жергілікті мәдени өсімдіктер популяциясы кеңінен қолданылуда. Екінші «Жасыл революцияның» бір бағыты, экожүйелерге антропогендік әсердің салдарларымен күресетін «экологиялық таза» әдістерді қолдану. Ал негізінен - қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайту, антропогендік энергияны төмендетіп, өсімдіктер зиянкестерімен күресу де биологиялық әдістерді пайдалану болып табылады.
Экологиялық қауіп. Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады.
Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зардаптың қауіптің деңгейі басты мәселе болып табылады. Экологиялық қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау қажет. Осының негізінде әртүрлі шешімдердің ішінен ең қолайлысы таңдап алынады. Экологиялық қауіп — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы.
Экожүйе өздігінен дамиды, табиғи тепе-теңдік пен жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі толтырып, қалыпқ а әкеліп отырады. Тепе-теңдікті бұзатын, қауіпті көздер - табиғи стихиялы құбылыстар (жер сілкінісі, топан су), тірі табиғат (эпидемиялар, эпизотиялар), сондай-ақ антропогендік факторлар (авариялар, катастрофалар) болуы мүмкін. Экологиялық қауіп - адам қателігі, адамзат қоғамының іс-әрекеті нәтижесінде тіршілік ағымының бұзылу ықтималдығы. Жақсартуға талпынамын деп, адам көбіне керісінше қарама- қарсы нәтиже алып жатады. Бір жүйені жақсартамын деп, басқа жүйелердің мүмкіншілігін ескере бермейді.
Техникалық ғимараттар мен
коммуникацияларды пайдалану
Рефераты на Stud24.ru |
Войти Поиск Новые рефераты Задать вопрос На сайте 128256 рефератов |
Список предметовЭкология
Дата добавления: 26 Октября 2011 в 17:33
Автор: Пользователь скрыл
имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (44.83 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать Открыть
— 208.50 Кб
Ғаламдық экологиялық
проблемалар
Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне
өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары
қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және
жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының
артуы. Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда
– 18-32 км биіктікте орналасқан. Егер қабаттағы
озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы
3 мм құрайды. Атмосфераның жоғары қабатындағы
озон оттегі молекулаларының ультракүлгін
сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде
түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына
қосылуынан озон түзіледі. Соңғы жылдары
атмосфераның жоғары қабатындағы озонның
мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік
жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде
бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша
озонның 1%-ға кемуі терінің ісігімен ауыру
деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін. Озонның
ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде
жойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның
мөлшері 40-50% -ға кеміген. Озонның концентрациясының
кемуі нәтижесінде түзілетін тесіктерді
«озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің»
көлемі жылына 4%-ға артып отыр. Қазіргі
кезде оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен
артық. Сонымен қатар, көшіп жүретін тесіктердің
пайда болуы жиілеп барады. Оның мөлшері
10-100мың км2. «Озон тесіктерінің» пайда
болу себептері әлі де болса толық анықталмаған.
Олар алғаш рет осы ғасырдың 80-жылдарында
байқалған. Аз уақыттық бақылау қандай
да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік
бермейді. Қазіргі озон қабатын бұзатын
негізгі антропогенді фактор фреондар
(хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор
көміртектер бөлме температурасында қайнайды.
Олар тоңазытқыш құрылғыларда, әр түрлі
баллондарда тасымалдаушы газ ретінде,
т.б. қолданылады. Көптеген мемлекеттер
фреондардың өнідірісін 50% кеміту және
оларды басқа пропиленттермен алмастыру
туралы міндеттеме қолданды. Бірақ, жоғары
дәрежедегі тұрақтылығына байланысты
фреондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала
алады. Сонымен қатар, озонның түзілуі
мен жиналуына электромагнитті сәулелер,
лазер сәулелері, электр разрядтары әсер
етеді. Озон қабаты интенсиві түрде көктемде
бұзыла бастайды. Себебі, қыстағы төмен
температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың
құрамындағы хлордың бөлініп шығуына
әкеледі. Ал көктемдегі температураның
жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады.
Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының
интенсивті түрде бұзылуын осы аудандардағы
озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды
топпен аз мөлшерде жабылуына байланысты.
Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі
ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын
негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы
аталады. Космосқа ұшу апппараттарын шығару
атмосферадағы ядролық жарылыс, атмосфераның
жоғарғы қабаттарына азот оксидтері мен
кейбір көмірсулардың шығарылуына әкелетін
ірі өрттердің озон қабатының бұзылуын
Галлей кометасымен де байланыстырады.
Атмосфераның төменгі қабаттарында озон
күшті антиоксидант және бактериоцид
болып табылады. Ол жағымсыз иістерді,
кейбір канценрогенді заттарды бұзуға
қабілетті. Бірақ, жоғары концентрацияда
озон күшті у болып табылады. Адамда ол
тыныс алуды қиындатады, көзді тітіркендіреді,
өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын
зақымдап, хлорофилді бұзады.
Парниктік газдардың әсерінен жылулық
баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін
болатын жер шарының температурасының
ғаламдық артуын – парниктік эффект деп
атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл
газы болып табылады. Көмірқышқыл газының
парниктік эффектіге қосатын үлесі әр
түрлі мәліметтер бойынша 50%-дан 65%-ға дейін
жетеді. Басқа парниктік газдарға метан,
(шамамен 20%), азот оксидтері (шамамен 5%),
озон, фреондар және басқа да газдар (парниктік
эффектінің шамамен 10-25%) жатады. Барлығы
30-ға жуық парниктік газдар, олардың атмосферадағы
мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір
молекулаға әсерінің салыстырмалы белсенділігіне
де байланысты болады. ХІХ ғасырдың ортасынан
бастап атмосферадағы СО2 мөлшерінің өзгерісі
12-15% артқан.
Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін
сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік
газдар арқылы өзгермей өтеді. Парниктік
газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне
кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға
түскендей болып жиналады да ауаның температурасының
артуына әкеліп соқтырады. Мәліметтер
бойынша парниктік газдардың әсерінен
соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық
температурасы 0,3-0,60С –ға артқан. Әр түрлі
болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа
жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына
әкеледі. Ауа райының жылынуы әсерінен,
мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік
мұхит 1,5 -2 м көтерілуі мүмкін, ол шамамен
5 млн. км2 құрлықтың су астында қалуына
әкеледі. Ауа райының жылынуы әлемдік
мұхитттың деңгейінің көтерілуінен басқа
да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық
дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі,
жануарлармен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының
артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Көмірқышқыл
газының атмосфераға түсуінің негізгі
техногенді көзі - органикалық отынды
жандыру болып табылады. Қазір тек жылу
энергетикасынан атмосфераға шамамен
жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе
Жер шарында жылына 6 млрд. т бөлініп шығады.
Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін
кемітетін негізгі факторлар фотосинтез
бен мұхиттың сіңіруі болып табылады.
Мұхит адам қызметінің нәтижесінде түзілген
көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді.