Ноосфера биосфераның жоғарғы эволюция сатысы ретінде. В.И.Вернадский ілімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 21:57, реферат

Краткое описание

Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми – техниканың қоғам өміріне жедел енуімен xx ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы оң жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс xx ғ. Ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ноосфераның дамуы және пайда болуы
2.В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы концепсиясы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

срс.docx

— 30.84 Кб (Скачать файл)

-қалпына келмейтін табиғи ресурстарды (топырақ, орман т.б.) олардың қалпына келу уақытына жеткізбей пайдалану;

- үлкен мөлшердегі қалдықтар  мен қоршаған ортаның өзін- өзі  тазалауына мүмкіндік бермей  ластауды қарастыруға болады.

     В.И.Вернадскийдің  «Ноосфера туралы бірер сөз»  деген мақаласы 1944 жылы жарық  көрген ең соңғы еңбегі болды.  Ноосфера – сана, ақыл – ой  қаба-ты, ноосфераның төрт заңы. Ағылшын ғалымы Б.Комменер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым – қаты-настарды төрт заңға біріктірген.

     Біріңші заңы  – барлығы барлығымен байланысты. Бұл занның негізінде тірі  табиғаттағы жалпы байланыстар  принципі жатыр. Аталған принцип  бойынша табиғаттағы күрделі  трофтық немесе басқа да байланыстарда  қандай да бір бөлігінің жойылуы  күтпеген нәтижелерге әкеліп  соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген  басқа түрлермен байланыста болады.

     Адамның табиғатқа  араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға  әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде  ДДТ препаратының көмегімен масаларға  қарсы күрес жүргізілген. Масалар  толық жойылады. Бірақ, біраз уақыттан  соң осы бунақденелермен қореқтенетін  кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижесінде тышқандардың саны күрт артып кеткен.

     Кесіткелердің  жойылу нәтижесінде термиттер  көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін  зақымдаған. Олай болса масалар  да қалыптасқан экожүйенің маңызды  құрам бөлігі болып табылады.

     Ноосфераның  екінші заңы – материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір  түрден екінші түрге өтеді.  Кез келген табиғи жүйеде бір  ағзалардың элементтері мен қалдықтары  екіншілері үшін азық болып  табылады. Жануарлардың тыныс алу  нәтижесінде бөлініп шығатын  қалдық көмірқышқыл газы жасыл  өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер  жануарлар тыныс алуы кезінде  сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қал-дықтары – оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары – бейорганикалық заттар (азот, фосфор, калий, көмір қышқыл газы және т.б.) – өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

     Үшінші заң  – табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі  антро-погенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандайда жаңа органикалық зат жасалмайды.

     Тірі ағзада  жасалатын кез келген органикалық  затты ыдырататын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді. Бұған улы химикаттар – пестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады. Табиғатқа ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін бола алатын экологиялық нәтижелері қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері – Сырдария және Әмударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады. Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендейіне әкелді.

     Төртіңші заң  – тегін еш нәрсе жоқ. Ғаламдық  экожүйе біртұтас бүтінді құрайды.  Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Ноосфера – биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі, онда адамның са-налы ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі фактор болып есептелінеді. В.И.Вернадский ноосфера ұғымына толық түсінік бер-ді.Оның ілімі бойынша адамзаттың ғылыми ой-санасы  және еңбегі арқылы биосфераны жасампаздықпен өзгерте отырып көркейту, яғни адамзаттың өзі және келешек ұрпағы үшін сақтап қалу, әрі тіршілік атаулыға барынша қолай-лы жағдай жасау болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл Жер  бетіндегі халық-тарды толғандырып,отырған мәселе-биосфераның тепе-теңдігін сақтай оты-рып,оны көркейту болып отыр.

     Ол үшін бүкіл адамзат бірлесе отырып ынтымақтастықпен жұмыс істеуі шарт.Сонымен бірге тығыз байланыс жасай отырып, өзара үнемі пікір алмасып,биосферадағы тіршілікке зиянды әсері жоқ жаңа энергия көздерін тауып пайдалану қажет.

     Қазіргі кезде мемлекеттерде Күн энергиясын пайдалану арқылы теңіз суын тұщылндыру,аурулурды емдеу және басқа да шаруашылық салаларында пайдаланужұмыстары қолға алынған.Ғалымдардың деректері бойынша қазіргі кездегі қоры белгілі дүние жүзіндегі жылу және электр энергиясымен 80 жылға және әлі ашылмаған жер қойнауындағы қорларды есептегнеде 140-160 жыл мөлшерінде қамтамасыз етуге ғана жетеді екен.Тек қана Алматы мен Талдықорған облысында техника жағынан игеруге ыңғайлы , әрі арзан табиғи энергия көздері бар.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет.
  2. Ж.Шілдебаев, Ж.Қожантаева, Л.Аманжолова  «Биология»
  3. Т.Қасымбаева, Л.Аманжолова, Ж.Әкімов, Р.Сәтімбекұлы «Тіршіліктану»
  4. Ү.И.Кенесариев, И.Ж.Жақашов  «Экология және халық денсаулығы»
  5. Интернет желісі (www.google.kz, www.yandex.kz)

Информация о работе Ноосфера биосфераның жоғарғы эволюция сатысы ретінде. В.И.Вернадский ілімі