Тау жыныстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 14:28, реферат

Краткое описание

Тау жыныстары — жер қабығында бірнеше тектен қосылған минералдық тау жыныстары, минералдардың немесе органикалық заттың қатқан немесе қатпаған жиынтығы. Тау жыныстары шығу тегіне қарай мынадай үш үлкен топқа бөлінеді:
магмалық тау жыныстары
шөгінді тау жыныстары
метаморфтық тау жыныстары

Вложенные файлы: 1 файл

Тау жыныстары.docx

— 23.46 Кб (Скачать файл)

Тау жыныстары — жер  қабығында бірнеше тектен қосылған минералдық тау жыныстары, минералдардың  немесе органикалық заттың қатқан немесе қатпаған жиынтығы. Тау жыныстары  шығу тегіне қарай мынадай үш үлкен  топқа бөлінеді:

магмалық тау жыныстары

шөгінді тау жыныстары

метаморфтық тау жыныстары

 

Минералдардың барлығы «мономинералды»  және «полиминералды» болып екіге  бөлінеді. Мономинералды дегеніміз  — тек бір ғана химиялық қосылыстан (мысалы, кварц, пирит), ал полиминералды  дегеніміз — бірнеше химиялық қосылыстан (минералдардың басым  көпшілігі) тұратын минерал. Минералдар жиынтығының құрылуының бірнеше  жолы бар:

Жер бетіндегі үдерістердің кезіндегі шөгінді тау жыныстарын құрайтын дәндердің қосылып өсуі немесе бөлінуі;

Атпалы тау жыныстарын құрайтын магманың кристалдануы; және

Сыртқы жағдайдың (мысалы, қысым мен температура) өзгеруі  нәтижесінде метаморфозды тау жынысын  құрайтын заттың қатты күйіндегі  қайта кристалдануы.

 

Тау жыныстың осы үш түрі бір-бірінен дәндерінің арасындағы қарым-қатынасымен (текстурасымен) ерекшеленеді.

 

Шөгінді тау жыныстары  келесі сипаттармен ерекшеленеді:

Дәнаралық шөкпе немесе ұсақ дәнаралық лай ұстап тұрған жұмыр  немесе қырлы дәндер;

Ұзын біліктерінің негізгі  бағытын көрсететін саз минералдардың  ұсақ жиынтықтары;

Дәндердің арасында түзу шеттері  мен үштік жалғастарды көрсететін минералдардың кристалды жиынтығы (мысалы, кәлсит);

Кәлситтің кесекаралық шөкпесі  немесе ұсақ кесекаралық лай ұстап  тұрған қазбалы кесектердің жиынтығы;

Органикалық заттың жиынтығы (мысалы, лигнит немесе көмір).

 

Барлық атпалы тау жыныстар байланыспалы текстурасын көрсететін минералдардың жиынтығымен ерекшеленеді.

 

Метаморфозды тау жыныстары  келесі сипаттармен ерекшеленеді:

Ұзын біліктерінің негізгі  бағытын көрсететін кристалды минералдардың  жиынтықтары;

Теңмөлшерлі және еркін бағытты  теңмөлшерлі емес минералдардың  кристалды жиынтығы;

Жапсарлы, ангедралды, кейде  сорайған минералдардың өте ұсақ дәнді жиынтығы

 

 

 

Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары —  магма немесе жанартаулық атқылаулардан  жер бетіне төгілген лаваның суынуынан  және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: эффузивтік (жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып  жер бетінде қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары  арасында қатып қалған түрлері. Эффузивтік тау жыныстары тез қату салдарынан, әдетте, майда түйіршікті болып келеді, кейде ірілеу кристалдары да кездеседі. Интрузивтік тау жыныстары жер  қойнауының тереңдіктерінде баяу қату салдарынан қалыптасқандықтан толық  кристалдық түйіршік тәрізді болады. Магмалық тау жыныстарыдың өте маңызды  бөлшектері силикаттар мен кварц. Олардың  басты құрамдас бөлігі кремний оксиді (Sі2O). Мөлшеріне қарай Магмалық тау  жыныстары 5 топқа бөлінеді:

ультранегізді (Sі2O<40%)

негізді (40 — 50%)

орташа негізді (56 — 60%)

қышқылды (65 — 70%)

ультрақышқылды жыныстар (>75%).

 

Құрамында силикаты жоқ Магмалық тау жыныстары (мыс., карбонатиттер) өте сирек. Құрамындағы сілтілік металдар мөлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары қалыпты және сілтілі (граниттер, нефелинді сиениттер, фонолиттер) топтарға бөлінеді. Магмалық тау жыныстары  құрылыс (артиктік туфтар, лабрадориттер, т.б.), абразивті (пемза), жылу оқшаулағыш (пемза, перлит) материалдар ретінде  қолданылады.

 

 Магматикалық тау жынысы (Грекия). Ашық жолақтары арқылы  лава ағыны бағытын байқауға  болады

 

 

Атылу сипатына (лаваның ағыл-тегіл  ағуына не жарылыспен атқылануына) байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті  тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Сондай-ақ, жанартаулық тау жыныстарының аралық типі — туфолавалар және игнимбриттер ажыратылады. жанартаулық тау жыныстар қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді болып ажыратылады. Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады. Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып күмбез пішінді болып қатаюынан қалыптасады. Бұл екі топтың жыныстарының петрографиялық сипаттамасы бірдей, айтарлықтай айырмашылығы болмағандықтан, оларды бірге эффузивті жыныстар деп қарастырады. Олар құрамындағы SіO2-нің мөлшері бойынша ультранегізді, негізді, орта және қышқыл жыныстар болып бөлінеді. Құрылымы порфирлі, микролитті, жартылай шынылы; нақышы жолақты, ақпалы, тығыз, қуысты болады. Эффузивті жыныстардың сыртқы кейпі қатты өзгерген көне түрлері палеотипті, ал кейпі сақталған жасырақтары кайнотипті жыныстар деп аталады. Кайнотипті жыныстардың көп тараған түрлері: базальттар,андезиттер, трахиттер; химия құрамының сәйкестігі жағынан палеотипті сыңарларына: диабаздар, базальтты және андезитті порфириттер, трахитті және липаритті порфирлер жатады. Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді. Эффузивті кесекті жыныстарға лавамен цементтелген лава кесектерінен тұратын кластолавалар мен гидрохимия материалдармен цементтелген лава кесектерінен тұратын лавокластолиттер жатады. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері — пирокластардан тұрады. Шөгінді жанартау кесекті жыныстарда пирокластық материал 50 — 90%, ал шөгінді материал 10 — 50% құрайды. Олар туффиттер деп аталады. жанартаулық тау жыныстар Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған. Олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің,алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады.Мазмұны  [жасыру]

1 Магмалық тау жыныстарының  жалпы қасиеті

2 Тағы қараңыз

3 Сілтемелер

4 Дереккөздер

 

[өңдеу]

Магмалық тау жыныстарының жалпы қасиеті

 

Магмалық тау жыныстары  жер қабатында магманың суып қатаюынан  немесе вулкандық атпалардан жер  бетіне төгілгені лаваның суып қатаюынан  пайда болады. Магмалық тау жыныстары  әр түрлі белгілеріне — шығу тегінің  жағдайларына, химиялық кұрамына, минералдық құрамына т.б. қарай жіктеледі. Шығу және қатаю жағдайларына қарай олар тереңдік немесе интрузивтік және төгілме  немесе эффузивтік болып бөлінеді.

 

Егер магма жердің ішкі қабатында қалатын болса, ол келешекте  бірте-бірте суынады да, оның жақсы  кристалдануына мүмкіншілік туады, сондықтан тереңдік магмалық жыныстарда кристалды түйірлі құрылыстар пайда  болады. Егер магма жер бетіне төгілсе, ол тез салқындайды да, көбінесе кристалсыз шыны немесе порфир құрылыс түзіледі, олардан төгілмелі жыныстардың вулкандық түрлері пайда болады.

 

Төгілмелі магмалық тау жыныстары  өз алдына кайнотип және палеотип болып  екі түрге бөлінеді. Грек тілінде  кайнос — жаңа, палеос — алғашқы  немесе ескі деген сөз. Палеотип төгілмелі  магмалық жыныстардың химиялық жолмен күшті бұзылып өзгерген, ескірген түрі, ал кайнотип төгілмелі жыныстардың  өзгермеген түрі. Магмалық тау жыныстары  ішіндегі кремний тотығының мөлшеріне  қарай 5 топқа бөлінеді.

Ультрақышқыл жыныстар, Si02 > 75%, яғни құрамында бос кварц  өте көп.

Қышқыл жыныстар, Si02 —75—65%, яғни құрамында бос кварц кеп.

Орташа жыныстар, Si02—65—52% яғни құрамында бос кварц аз. Мұнда  сілтілі жыныс, яғни кварц орнында  сілтілі минералдар бар.

Негізді жыныстар, Si02 —52—45%, яғни құрамында бос кварц жоқ.

Өте негізді жыныстар, Si02 —45%, яғни құрамында кваритіпті жоқ.

 

Ультрақышқыл және қышқыл магмалық жыныстарға кіретіндер: аляскит, гранит, гранодиорит, дацит және олардың  төгілмелі түрлері (аналогтары). Орташа магмалық жыныстарға кіретіндер: диорит және олардың төгілмелі түрлері  сілтілер — сиенит, нефелинді сиенит. Негізді магмалық жыныстарға кіретіндер: габбро және лабрадорит, базальт. Өте  негізді магмалық жыныстарға кіретіндер: перидотит, дунит, пироксенит. Сонымен  қатар тау жыныстарында сілтілі  металдар тотықтары көп болса, ал кремний мен алюминий тотықтары  аз болса, оны сілтілі жыныстар деп  те атайды. Нефелинді сиенит осыған жатады.[1]

 

 

 

Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho – өзгеру), метаморфизм  әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде  бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан  Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды.

 Метаморфтық тау жыныстары  геологиялық қалыптасу жағдайына  қарай катаклаздық, жапсар-термалық, аймақтық және метасоматоздық  болады. Катаклаздық Метаморфтық  тау жыныстары тектоникалық қозғалыстарға  байланысты туатын қысымның әсерінен  қалыптасады. Уатылу дәрежесіне  қарай олардың тектоникалық брекчиялар, катаклазиттер, милониттер сынды  түрлері пайда болады. Жапсар-термалық  Метаморфтық тау жыныстары интрузиялардың  сыртында жылудың әсерінен қалыптасады.  Онда силикатты тау жыныстары  мүйіз тастарға, карбонаттылар мәрмәрлерге,  кремнийлілер кварциттерге айналады. Олардың минералдық құрамы бастапқы  тау жыныстарының құрамы мен  температурасына байланысты әр  түрлі болып келеді.

 Аймақтық метаморфизмде  жылудың, қысымның, ерітінділердің  әсерінен тақтатастар, гнейстер, гранулиттер, амфиболиттер, мәрмәрлер,  кварциттер, мигматиттер, эклогиттер  қалыптасады. Оларға тақтатастық,  сирек шомбал бітім, әркелкі  түйірлі құрылым, кордиерит, андалузит,  силлиманит, кианит, ставролит, омфацит,  альмандин, пироп сияқты типоморфтық  минералдар тән.

 Магмалық және шөгінді  жыныстар жердің терең қабатына  түссе немесе жаңадан көтерілген  магмалық ыстық лебіне ұшыраса,  олар қысым күшінің және ыстық  лептің әсерінен әр турлі өзгерістерге  ұшырап, өзінің бастапқы құрылыс  түрін жоғалтады, сонымен қатар  олардың минералдық және химиялық  құрамы да өзгереді. Осындай өзгерістен  пайда болған жыныстарды метаморфтық  жыныстар деп атайды. Мысалы, ізбестас  метаморфтық әсерден кристалданып, тығыздалып мраморға айналады. Демек,  мрамор — метаморфтық жыныс.  Сазтастар әсерінен жаншылып, кристалды  тақтатасқ а айналады. Граниттер  мен құмтастар метаморфизм әсерінен  жаншылып, кристалданып тақталанады,  оны гнейс деп атайды. Габбро  өзгергенде онан амфиболит атты  жыныс шығады. Қазақстан жеріндегі  де кембрийлік белдемдерінің  кешендері эпидот – амфиболиттік, жасыл тастық фациялардың түзілу  темп-раларына сәйкес орта, жоғарғы  қысым жағдайларында пайда болғаны  анықталған. Бұл кешендер белдеулік  (Үлкен Қаратау, өлытау) және тең  өлшемді [[[Мақбел]] (Мақпал), Шу, Көкшетау  көтерілімдері] болып бөлінеді.Мазмұны  [жасыру]

1 Метаморфизм түрлері

2 Метаморфтық жыныстарды  сипаттау

3 Пайдаланылған cілтемелер

4 Тағы қараңыз

 

[өңдеу]

Метаморфизм түрлері

 

Әрбір тау жынысы белгілі  бір жағдайда пайда болатынын  көрдік. Сол жағдайлары езгеретін  болса, ол жыныс та соған қарай  бейімделіп өзгермек. Сонда тау жыныстарының сырт бейнесі де, минералдық құрамы да және ішкі құрылысы да езгереді. Тау  жыныстарын өзгертуші әрекеттердің негізгі түрлері мыналар: 1) жоғары температура, 2) жоғары кысым, 3) магмадан бөлінген заттардың әсері, 4) су ерітінділерінің  әсері. ұлардың алғашқы үшеуі  магманың әсері болып табылады және олар бір-біріне байланысты келеді. Сонымен  қатар жоғарғы қысым магмасыз жерде де, тау жынысы қалың қабаттар астына түскенде де немесе тау қ  ұрылу әсеріне ұшырағанда да болады. Осы айтылған әсерлердің басымдығына  және түріне қарай метаморфизм мынадай  түрлерге бөлінеді: 1) термалық (пиро) метаморфизм  — яғни қызу әсерінен болатын метаморфизм. Бұл магманың ыстық лебінен болатын  өзгеріс; 2) контактылық метаморфизм  — магманыд айнала жапсарында, соған  жанасу әсерінен болатын метаморфизм. Мұнда термалық та, қысым да, магмалық заттар әсері де бірдей болады; 3) динамометаморфизм  — тау жынысы тереңге түскенде немесе тау құрылу қозғалыстарына ұшырағанда болатын қысымдық метаморфизм; 4) гидратометаморфизм — су ерітінділерінід әсерінен болатын  метаморфизм. Метаморфизм басталған орнынан әрі қарай қашықтаған сайын жыныстың өзгерісі әлсірей береді, ақыръінда ол езгермеген бастапқы жыныстарға жалғасады. Метаморфтық жыныстардың басында қандай жыныстан шық қанын осы арқылы білуге болады. Метаморфтық жыныстар басында шегінді жыныстан шықса, оның алдына «пара» деген жұрнақ қосады, мысалы парагнейс. Ал егерде бастапқы жыныс магмалық болса, оған «орто» деген жұрнақ жалғанып, ортогнейс болар еді. Кысым күшінен жаншылып өзгерген кезде жыныстың структурасы да, текстурасы да өзгереді. Сонымен, қысым кезінде пайда болған минералдар, кристалдар сол қысымның бағытына қарай созылып, соған бейімделіп өседі. Осының арқасында метаморфтық жыныстардың структурасын зерттеуге, олардың жаратылысын тануға және сол жсрде болған қозғалысты айыруға болады. Метаморфизм әрекеті әр түрлі дәрежеде кездеседі. Оның ен әлсізіп эпизона дейді. Мұнда альбит, хлорит, серпентин, тальк, серицит, актинолит, эпидот, кварц минералдары кездеседі. Екінші орташа метаморфизмды мезозона деп атайды. Мұнда орта плагиоклаздар, анарлар, амфиболдар, слюдалар (биотит, мусковит), кианит, ставролит сияқты минералдар кездеееді. Үшінші — ең күшті метаморфизмды катазона деп атайды. Мұнда негізді плагиоклаздар, пироксендер, анарлар, кордиерит, силлиманит, шпинель сияқты минералдар болады.

[өңдеу]

Метаморфтық жыныстарды сипаттау

 

Гнейстер — көбінесе кварц, дала шпаты және слюдалардан тұратын  тақталанған жыныстар. Гнейс кұраушы  минералдар оның тақтасына қарай  реттеліп, қабаттар құрап іріктелген. Соның салдарынан кейде оның жол-жол  таңдайлы түрлері болады. Ортогнейстер кебінесе граниттен немесе сол құрамды  жыныстан пайда болады. Гранит пен  гнейске ортақ түрлерін гарнитогнейс деп атайды. Парагнейстер көбінесе аркоз кұмтастарынан пайда болады. Гнейстер көбінесе ерте замандардағы тау жыныстары арасынан жиі кездеседі. Оларды кұрылыс материалы ретінде  қолдануға болады. Кристалдытақ татастар . Тақтатастардыд метаморфтық кристалды  түріне кіретіндер — слюдалы, хлоритті, талькты тақтатастар. Олардың құрылысы тақталы, кристалды келеді, парақтары  сол тақтасына қарай жазылған. Осы минералдардын, түріне қарай  слюдалы тақтатас хлоритті тақтатас , талькты тақтатас деп атайды. Сонымен  қатар олардың арасында басқ а  минералдардың да едәуір қоспалары  болады. Мысалы, слюдалы тақтатаста кварц, дала шпаты, анар, турмалин, кейде  графит, хлоритті тақтатаста магнетит ,актинолит, эпидот, альбит т. б. кездеседі. Осы тақтатастардың кейде араласқ  ан түрлері де ұшырасады. Кварцит  — кварц түйіршіктерінің кварцті  цементпен біріккен, сонымен қатар  түтас кварцтан тұратын метаморфтық  тығыз тау жынысы. Ол өте берік, өңдегенде әдемі тегістелетін қатты  жыныс. Кварцит құрылыс ісінде қолданылады. Кварциттер арасында кейде темір  рудалары (гематит, магнетит) болады, оларды темірлі кварцит дейді. Кривой Рогтың, Курск облысының және Карсақпайдың темір кендері осындай темірлі  кварциттен тұрады . Оның қайталама  кварцит аталатын бір түрі бар. Ол — көбінесе майда кварц түйіршіктерінен  құралған, қышқыл магмалық жыныстардың  метасоматикалық алмасуынан пайда  болған жыныс. Осы алмасуда гіайда болған, қайталама кварциттермен тығыз  байланысты кендер Казақстан жерінде  көп кездеседі. Мысалы, Коңыраттың мыс  кені, Семізбүғы корунд кені т. б. Роговиктер — микрокристалды шыны сияқты ақшыл  сұр қатты тыгыз жыныс. Оның құрамында  кварц, биотит, ортоклаз, магнетит, пироксендер, амфнболдар болады. Роговиктерді сазды  тақтатастар мен жасыл түсті  эффузивтердің гранитпен кездескен  контактылық метаморфизмынан жаралады деп есептейді. Кей жерлерде роговиктер арасында түсті метал кендері  де кездеседі. Мысалы, Алтайдағы полиметалл кендері көбінесе осы роговик арасынан табылады. Яшма. Кұрылысы және жаратылысы жағынан роговикке жақын яшма атты метаморфтық жыныс бар. Бірақ мұның минералдық құрамы көбінесе квард пен халцедоннан тұрады. Оның арасында аздаған гематит, эпидот, хлорит кездеседі. Яшманың әдемі түсті түрлерін көркемдік істерінде қолданады . Яшма Оралда, Қазақстанда (Алтайда) көп кездеседі. Скaрн — қоңырқай түсті, ірі кристалды контактылық метаморфизмда пайда болатын жыныс. Оның минералдық құрамы құрделі және өзгермелі келеді. Скарн минералдарына көбінесе анарлар, пироксендер, кальцит, магнетит, волластонит, эпидот т. б. жатады. Скарн арасында кейде едәуір ірі кендер: магнетит (Магнитогорск), мыс сульфиды (Урал), вольфрамит, шеелит, молибденит (Кавказ, Алтай, Орта Азия) кездеседі. Амфиболит көбінесе амфиболдар мен дала шпаттарынан тұратын метаморфтық тау жынысы. Құрамында анарлар, эпидот, пироксендер және биотит болады. Амфиболит габбромен диориттердің метаморфизмынан жаратылады, кейде магнезитті мергельден пайда болуы мүмкін. Метаморфизмның күшті жерінде амфиболиттер көбінесе ірі кристалды, тығыз, түсі қара қоңыр болып келеді; метаморфизмның әлсіз зонасында тақталанған қара сүр түсті болады. Амфиболиттер көп тарағам тау жынысы емес, олар тек слюдалы тақтатастар мен гнейстер арасында шағын денелер түрінде кездеседі. Мрамор — біркелкі кристалл түйіршікті, ізбестастың өзгеруінен пайда болған тығыз жыныс. Оның құрамы ылғи кристалды кальциттен тұрады, кейде арасында аздап кварц, анар, пироксен, дала шпаты кездеседі. Метаморфизм күшті әсер ететін жердегі мрамор ірі кристалды, сарғыш қызғылт түсті келеді; онан қашықтаған сайын майда кристалды кегілдір сұрғылт түске айналады. Мрамор қ ұрылыста, орнамент жасауда, көркемдікке, скульп- тура жасауда қолданылады. Мрамор кендері әсіресе Оралда, доломиттен шыққан бір түрі Карелияда, Кавказда, Қазақстанда т. б. жерлерде кеп кездеседі. [1][2]

Информация о работе Тау жыныстары