Шектеуші факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 14:16, реферат

Краткое описание

Экологиялық факторлар - тірі организмге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын ортаның кез-келген әрі қарай бµлшектенбейтін бµлшегі. Экологиялық факторларды үш топқа бµледі: абиотикалық - µлі табиғат факторлары; биотикалық – особь пен популяция және табиғи бірліктер популяциясы арасындағы µзара қатынас; антропогенді – адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерінің жиынтығы. Экологиялық факторлардың әрқайсысының µзінше маңызы бар. Мысалға, жылудың кемшілігін мол жарықпен, ал организмге қажетті минералдық элементтерді сумен алмастыруға болмайды. Организмнің тіршілік етуіне неғұрлым қолайлы қарқынды факторды - тиімді (оптималды) деп атайды. Организмнің тіршілік етуіне мүмкіндік жоқ шекараны – шыдау шегінің тµменгі және жоғарғы деңгейі деп атайды. Егер де қайсыбір фактордың мәні шыдау шегінен шығып кетсе онда ол – шектеуші фактор деп аталады. Қоршаған ортаның қолайлы немесе қолайсыз жағдайларын тексергенде алдымен организмдердің өмір сүруіне аса қажетті факторларға көңіл аударған жөн.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Шектеуші факторлар
2.2 Эврибионттар және Стенобионттар
2.3 Экология бөлімдері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

экология шектеуші факторлар.doc

— 74.50 Кб (Скачать файл)

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                          ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

СӨЖ

 

 

Пән: Экология

Тақырыбы: Шектеуші факторлар

Тексерген:

Орындаған: Мухамбаев Б.Р. Е315-топ

 

 

 

 

 

                            Семей 2014                                                         

 

 Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

              2.1     Шектеуші факторлар

              2.2      Эврибионттар және Стенобионттар

               2.3    Экология бөлімдері.

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе.

         Экологиялық факторлар - тірі организмге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын ортаның кез-келген әрі қарай бµлшектенбейтін бµлшегі. Экологиялық факторларды үш топқа бµледі: абиотикалық - µлі табиғат факторлары; биотикалық – особь пен популяция және табиғи бірліктер популяциясы арасындағы µзара қатынас; антропогенді – адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерінің жиынтығы. Экологиялық факторлардың әрқайсысының µзінше маңызы бар. Мысалға, жылудың кемшілігін мол жарықпен, ал организмге қажетті минералдық элементтерді сумен алмастыруға болмайды. Организмнің тіршілік етуіне неғұрлым қолайлы қарқынды факторды - тиімді (оптималды) деп атайды. Организмнің тіршілік етуіне мүмкіндік жоқ шекараны – шыдау шегінің тµменгі және жоғарғы деңгейі деп атайды. Егер де қайсыбір фактордың мәні шыдау шегінен шығып кетсе онда ол – шектеуші фактор деп аталады. Қоршаған ортаның қолайлы немесе қолайсыз жағдайларын тексергенде алдымен организмдердің өмір сүруіне аса қажетті факторларға көңіл аударған жөн. Адамдардың ортаға жасайтын әсерін, пайда - зиянын анықтағанда ең басты шектеуші факторларды іріктеп алып, жеке организмге, бір түрлі организмдер тобына, бірге өмір сүретін әр түрлі организмдер тобына жасайтын ықпалын білу маңызды.  

 

2.1 Шектеуші факторлар физикалық, химиялық және биологиялық сипатта болады. Мысалы, бірге өмір сүретін организмдер тобының арақатынасы биологиялық сипатта болса, организмдердің жылы мен суыққа, құрғақшылық пен жауынға әсерлестігі физикалық сипатта, қоршаған ортада көмір қышқыл газының көбеюі - химиялық сипатта болады.  
Табиғаттың көптеген шектеуші факторларының ішінен климатқа жататындарын бөліп алып қараған дұрыс, себебі олардың адам өміріне, шаруашылық жүргізуге жасайтын әсері өте үлкен. Мысалы, адамдардың солтүстіктің кейбір жерлеріне қоныс тебуіне жылудың жетіспеушілігі шектеуші фактор болса, керісінше кейбір оңтүстік аймақтарда су тапшылығы мен температураның µте жоғарлығы шектеуші фактор болып табылады. Себебі, адам организмдерінің бейімделу мүмкіндіктері де шектеулі. Бірақ, қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесінде бұл шектеуші факторлары бар аймақта да тірішілікке қажетті жағдайларды адам қолымен жасап қою мүмкіндігі бар. Табиғаттың шектеуші факторлары адамдардың қолайлы өмір сүруі үшін керекті жағдайларды жасауына әкеледі.  
Климаттың шектеуші фактор болатыны ондағы өзгерістер мен құбылыстар адамдардың еркімен жүрмейді, тек табиғат заңдарына ғана бағынады. Сондықтан, қандай да болмасын өндрісті ұйымдастырғанда, өмір сүруге қолайлы жағдай жасағанда сол жердің климат ерекшеліктерін ескеріп, олардың пайдалы жағын пайдаланып, зиянды жағын азайту бағытында қызмет істеу қажет. Организмнің сол жердің климаттық шектеуші факторларына бейімделуін ескеру керек. Климаттың шектеуші факторларына ауаның температурасы, күн сәулесі, жылу, ағын су, жел және атмосфералық қысым жатады. Климаттағы өзгерістер мен құбылыстар табиғи жолмен және антропогенді факторлар нәтижесінде де болып жатады.  
Табиғи жолмен болатын өзгерістер милиондаған жылдар бойы жүріп келеді. Жер шарының әр түпкірінен табылған ауа райы туралы деректерді салыстырғанда бірнеше миллион жыл бұрын климаттың басқаша болғаны, содан бері айтарлықтай өзгергені мәлім болды.  
Адамдардың іс-әрекетіне байланысты болатын өзгерістер ормандарды кесіп, жерді игеріп, қала мен су қоймаларын сала бастаған кезден жүріп келеді.  
Шаруашылық жұмыстарымен айналысқанда биосфераның өсу заңдарын ескеріп отыру, болашақта болатын пайда-зиянды анықтап алған дұрыс. Мысалы су электр станциялары құрлысын бастамас бұрын өзеннің ағысы мен жауын шашын мөлшері бұрынғы қалыпта сақталама, болмаса азайып кетеме, су астында қалатын құнарлы топырақпен кесілген орманның орнын су электр станциясы беретін пайда толтырама, әлде зиян әкелеме, сол сияқты мәселенің тағы басқа жақтарын есептеп білуі керек. 

 

 

 

 

2.2 Эврибионттар және Стенобионттар

Орта – организмнің  өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен  таралуына тікелей немесе жанама әсер ететін қоршаған орта компаненттерінің жиынтығы, яғни особьтарды (популяцияны, қауымдастықты) қоршап, оған әсер ететін факторлардың жиынтығы. Тірі организмдер  – ашық жүйелер, сондықтан қоршаған ортамен зат және энергия арқылы алмасып отырады. Организмдер үнемі  өзгеріп тұратын қоршаған ортаның  әсерін сезініп, бейімделе отырып, өздері де осы жағдайларды өзгертіп тұрады.

Тіршілік ортасы – организмнің  өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан  орта. Кез келген тіршілік иесі үнемі  өзгеріп отыратын күрделі әлемде, сол өзгерістерге қарай реттеп отырады. Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатынтөзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі(толеранттылығы) деп атайды.

Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің  тіршілігін тоқтуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В. Шелфорд  енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттық (төзімділік) заңында көрсетілген. Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды:

- организмдердің белгілі  бір ортада орналасуы немесе  тіршілік етуі, органимзнің белгілі  бір шыдамдылық (толеранттылық, латынша tolerantia – шыдам, төзім) шектері бар  кешенді экологиялық факторларына  байланысты. Организм тек осы  минималды (ең төмен) және максималды ( ең жоғарғы) мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады.

Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды. Экологиялық валенттілік – организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршрған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валенттілігі де соғұрлым жоғары болады. Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар(грекше eurus –кең) диапазонында (әртүрлі айыпмашылығы бар орталарда) тіршілік ете алатын организмдер. Мысалы, эвритермді түрлер – темпеатураның үкен ауытқуына төзімді организмдер, ал эврифагтар – әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер және т.б. Стенобионттар – (грекше stenos – тар) –тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын (ортаның шамалы ғана ауытқулрына төзе алатын) организмдер. Мысалы, стенобатты түрлер – қысымның ауытқуына шыдай алмайтын организмдер, стеногалинді – су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер. Осыдан эврибионтты организмдер стенобионттарға қарағанда жер бетінде кең таралатындығын көреміз. 

 

1-ші ситуациялық мысал.  Егер де біз өнеркәсіптерді 10 есеге арттырсақ, тек біз ғана  уланбаймыз, сонымен қатар сонау  солтүсті полюстегі Арктикаға  да улы заттар барады. Олар  бұл жерге ауа ағындарымен  келіп түседі. Ал біз сонда  тірішілік ететін ақ аюды алайықшы. Олар улы газдар кесірінен  жүні түседі, одан температураны  қалыпты ұстау шамалары келмей  қалады. Ал қар жауу үдерісінен  кейін суға түседі. Судың құрамына  химиялық заттар көбейіп, аю  қорегі балықтардың кейбіреуі  тірі қалып мутациялық өзгерістерге  ұшырайды, ал қалғандары өз тіршілігін  жояды. 

    1. Одан аюдың азағы болмағандықтан, сол балықтармен қоректене бастайды.
    2. Ең басында аю ауамен демалғандықтан, оның тек организмі уланады. Қоректенгеннен кейін организмі химиялық заттарға төтеп бере алмай ауырады. Бірақ адаптациялану арқылы үйреніп кетеді, ағзасы мутациялық өзгерістерге ұшырайды. Яғни бес аяқты, үш көзді болып туу, және де өмір ұзақтығы да қысқарады.

2-ші ситуациялық мысал.  Егер біз қалталы аю – коаланы  таулы аймаққа, Гималайға апарып  тастадық дейік. Ол онда екі  фактор бойынша ғана өз тіршілігін  жояды: 

    1. Ол өзінің қорегі эвкалипт ағашының болмауы. Ал эвкалипт жапырағының құрамы аз ақуыз бен көпшілік жануарларға улы болып келетін фенолдық, терпендік қосылыстар бар.Сондықтан оның ағзасы шөпқоректілікке икемделген.
    2. Өзінің паналайтын жерінің болмауы, себебі олар ағаш үстінде бүкіл өмірін өткізеді.

3-ші ситуациялық мысал.  Егерде антеннариетүрлік еңлікгүл  біз қарапайым орманға алып  келсек, онда ол өз тіршілігін  жояды. Өйткені:

    1. Ол жарық жерді жақсы көреді.
    2. Оны қоршайтын өсімдіктер тек қана қыналар болу керек және соның арқасында ол күн көзін мол алады.
    3. Еңлiкгүлдiң аймағы сонымен бiрге тек қана тау және аласа таулы кешенге тау ұштасқан - қиыршық тасы бар қатқылдарда өмір сүреді.
    4. Теңіз деңгейінен 300 метр биіктікте қана өмір сүреді.

4-ші ситуациялық мысал.  Итбалықтардың бір түрі- сивучтарды  басқа аймаққа     апарсақ  та, ол өзінің қалыпты тіршілігін  жалғастыра береді. Себебі:

    1. Оның жүні жұқа әрі сирек болғанымен, ол +20ºСдан -24ºСға дейін шыдайды.
    2. Құрлықта 20-25 м биіктікте өмір сүрсе, суда да жақсы жүзеді.
    3. Қорегі әртүрлі болып келеді: кальмарлар, камбала, корюшкалар, сирек итбалықтар. Сондықтан сивучтар бар аймақта тіршілік ете береді.

5-ші ситуациялық мысал. Теңіздің ең түбінде өмір сүретін  балықтардың бірі Pseudoliparis amblystomopsis-ті аквариумға апарып қойсақ, ол тіршілігін жояды. Себебі:

    1. Судың түбінде 6-7 км тереңдікте;
    2. Мүлдем қараңғы ортада;
    3. Гидростатикалық қысымы 600-700 am;
    4. Қалыпты төменгі температурада;
    5. Қалыпты төменгі тұздылықта өмір сүреді.

Қазіргі кезде өндірістердің  өзгешелігі табиғи материалдар мен  табиғи затайналым топтамасынан алшақтап бара жатыр. Өндіріс кезінде экологиялық  жүйе мен табиғи ландшафттарға жат  заттар:синтетикалық пластиктар, детерогендер, фреондар, пестицидтер. Ксенобионттармен бірге ортаға биогенді элементтер де түсіп, ассимиляциалану нәтижесінде  жиналады. Экологиялық сыйымдылық – бұл табиғи жүйеден алынған ресурсты қалпына келтіру көрсеткішін көрсетеді. Сонымен қатар антропогендік факторлардың зияндылығын бейтараптауын көрсетеді. Табиғи ортаның толық экологиялық сыйымдылығы анықталады:

  1. Негізгі табиғи ресурстар көлемімен: ауа бассейні, су айдындары, ағын сулар, жердің аудандары және жер, флора, айуанаттар дүниесінің биожиынтықтың босалқы қорлары.
  2. Биогеохимиялық айналымының резервуарының құрамын қалпына келтіретін тасқынының күшімен: жергілікті атмосфералық газалмасу жылдамдығын, таза судың көлемін толықтыру, топырақ қалыптасуының үдерісі мен биоттың азықтылығы.

Аймақтың экологиялық сыйымдылық өндіріс үдерісіне, адам ластаушы іс-әрекеттеріне шек қоятын шектеуіш. Табиғи-социалдік комплекстердің территориялық қауіпсіздік бағасынсыз табиғи және техногендік потенциалды территорияларды зерттей алмайсын. Негізгі критерийлердің бірі: тұрақтылық болу үшін антропогендік әсерлер экожүйе потенциалынан аспау керек. Антропогендік әсерлер екі фактордан тұрады: халық тығыздығы мен аумақтың техногенді қанықтығы. Территория классификациясын көрсеткіш - эргодемографический индекс (ЭДИ):

ЭДИ = R s S ,

R s- күннің радиациясы км 2/жыл

S- территория ауданы км2

Территорияның экологиялық  сыйымдылығына экологиялық сыйымдылық кіреді. Ол дегеніміз территорияның  жалпыланған сипаттамасын айқындайтын  экожүйенің өздігінен қалыптасасын потенциал және максималді техногендік  ауыртпашылықтардың санына жуық, сонымен  қатар ол ұзақ уақыт бойы структуралық және функционалдық құрылымының  бұзылуынсыз реципиенттер мен экологиялық  жүйенің жиынтығына шыдайтын және өткізе алатын болуы керек.

Егерде ортаның үш компонентіне,яғни ауа,су,жерге 1,2,3 деген индекс берсек, онда территорияның экологиялық  техносыйымдылығы мынаған тең болады:

Тэ- ТЭТтің бағасы т/жыл

Еі- ортаның экологиялық сыйымдылығының бағасы

Хі- ортадағы негізгі субстанцияның жиілігінің коэффициентінің вариациясы  

Ті- қоспалардың қауіпсіздік коэффициенті

Үш компоненттердің экологиялық  сыйымдылығы мына формула бойынша  есептелінеді:

Е=VCF,

V –экстенсивтік параметр

С – сол ортадағы экологиялық негізгі субстанциялардың құрамы

F – көлемнің қысқа  қалпына келуінің жылдамдылығы.  
  
  
 

2.3 Экология бөлімдері.

Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.

1.Аутэкология  - особьтар экологиясы.                             

  Аутэкология  бір түрдің  өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

Қоршаған орта факторларына :    

 а.) Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.           

 б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.           

 в.)  Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің  әсерлері.

2.  Демэкология - популяциялық экология.

Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.           

 Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы  мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3.  Синэкология  - қауымдастық экологиясы.           

 Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда  мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған,  тірі  организмдер жиынтығы.           

 Синэкология организмдердің  тіршілік жағдайларын , өзара және  қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын  зерттейді. Синэкология экожүйелердің  шекараларын салумен айналысады, сондықтан  оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

                   Пайдаланған әдебиеттер

1Ақбасов А.Ж., Сагимбаев  Г.Ә. «Экология» Алматы 2003.

2 Оспанов Г.C. Бозшатаев  Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік  құрал» А.2000.

3Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А. 2000

Информация о работе Шектеуші факторлар