Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 21:22, шпаргалка
«Жасыл революцияның» екі түрі бар. Біріншісі 20 ғасырдың 60-70жылдары пайда болды. Оның бастамасын көтерген мексикандық селекционер Норман Берлоуг болды. Ол ескі сорттарға қарағанда өнімді үш есе көп беретін жаңа «Мексикале» сортын сұрыптап шығарды. Н.Берлоугтан кейін басқа селекционерлер де жаңа жүгері, күріш,мақта сорттарын сұрыптап шығара бастады.
Фосфор айналымы Фосфор нуклеин қышқылдарының,клетка мембраналарының, энергия тасымалдаушы жүйелердің (АДФ, АТФ), сүйек ұлпасының,дентиннің (тістің негізгі бөлігін құрайтын сүйек ұлпасының бір түрі) құрамына кіреді. Фосфор айналымының ерекшелігі - редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде. Фосфордың айналымын тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады. Фосфордың айналымы құрлықтада мұхиттада жүреді. Фосфориттер мен аппатиттер құрамында фосфоры бар тау минералдары. Атмосфералық физикалық және химиялық үгілу нәтижесінде тау жыныстары бұзылады. Бұзылған өнімдер су, жел, мұз арқылы, ары қарай табиғи сулар арқылы әлемдік мұхитқа келіп түседі. Бұл жерде фосфор фитопланктонның құрамына енеді. Қоректік тізбек бойынша фосфор теңіз жануарларының организміне түседі. Ары қарай теңіз құстары, жануарлары арқылы (балық аулауға байланысты) фосфор қосылыстары құрлыққа шығады. Фосфор жылжымалы элемент, сондықтан оның айнымалы қоршаған ортаның көптеген факторларына, бірінші кезекте антропогендік факторларға тәуелді. Өсімдіктердің фосфорды сіңіруі топырақ ерітіндісінің қышқылдығына байланысты. Суда натрий мен кальций фосфаттары нашар ерісе, сілтілі ортада мүлдем ерімейді. Қышқылдық көтерілген сайын фосфаттар жақсы еритін фосфор қышқылына айналады. Фосфор тыңайтқыштарын артық мөлшерде қолданса, топырақта фосфорлану деген зардап орын алуы мүмкін. Фосфор улы элемент болмаса да, фосфорлану кезінде тұздардың концентрациясы жоғары болғандықтан, өсімдіктердің өсуі мен дамуы, әсіресе вегетация басталған кезеңде баяу болатыны байқалады. Себебі фосфордың мөлшері топырақта көп болғандықтан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп, өсімдіктердің қоректенуі бұзылады, сонымен қатар экологиялық тұрғыдан зиянды ауыр металдарды және басқа да улы заттарды көбірек сіңіруге мүмкіндігі жоғарылайды.