Шпаргалка по "Экологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 17:34, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Экологии".

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялық биол.doc

— 126.00 Кб (Скачать файл)

Экологиялық факторларды негізгі және дәстүрлі жолмен 3 топқа бөледі:

  1. Абиотикалык
  2. Биотикалық
  3. Антропогендік

1) Абиотикалық факторлар — организмдерге тікелей немесе жанама ықпал жасайтын жансыз бейорганикалық компоненттері мен кұбылыстар.

Олардың ішінде басты роль ойнайтын:

А) Климаттық факторлар (жылу, жарық, температура, ылғал, ауа ағыны, қысым, атмосфералық осадкілер).

Б) Эдафикалык факторлар (эдафос —  топырақ) механикалық кұрамы, кұрылымы, ауа өткізгіштігі, тығыздылығы.

В)Гидрографиялык факторлар (оттегі мөлшері, тазалығы, тығыздылыгы, жылуды тарату қабілеттілігі, капилярлық қасиеті, т.б.)

Г)Химиялық - ауның газдык құрамы, судың тұздылығы, қышқылдығы, топырак бойындағы ертінді құрамы, т.б.

  1. Биотикалық факторлар  - қоректену факторлары және тірі        организмдердің өзара әсерлесуінің әртүрлі формалары жатады (жыртқыштык., бәсекелестік, паразитизм, мутализм, комменсализм, симбиоз т.б.)
  2. Айтропогендік факторлар — адамзаттың түрлі іс - әрекетіне байланысты жағдайлар.
  3. Аутэкология, Демэкология, Синэкология.

Дара организмдер экологиясы – аутэкология  
Организм және оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар, олардың классификациясы. Абиотикалық және биотикалық факторлар. Антропогендік факторлар – экологилық факторлардың айрықша тобы. Лимиттеуші (шектеуші) факторлар. Либихтың минимум ережесі. Шелфордтың толеранттық заңы. Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. Организмдердің индикаторлық мәні.

Популяциялар экологиясы - демэкология  
Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық сипаттамалары: саны (тығыздығы) және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы. Организмдердің кеңістіктік орналасуының негізгі формалары. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туылымы, өсу жылдамдығы, өлім-жітімі. Тірі қалу қисық сызықтары, экспоненциалдық өсу, биотикалық потенциал. Популяция санының реттелуі. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар. Популяция санының реттелуінің популяция ішіндік механизмдері. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу. 

Қауымдастықтар мен  экожүйелер экологиясы – синэкология

Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе  туралы түсінік. Экожүйедегі энергия  ағыны және химиялық элементтердің  айналымы. Көміртегінің, азоттың, фосфордың, оттегінің және судың айналымы. Биоценоздың трофикалық құрылымы. Қоректік тізбектер және трофикалық деңгейлер, қоректік торлар. Бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өткенде энергияның құнсыздануы, 10% ережесі. Экологиялық пирамидалар. Экожүйелердің бастапқы және туындаушы өнімділігі. Организмдер арасындағы әсерлесу түрлері (типтері): бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, симбиоз, комменсализм, аменсализм. Түр аралық бәсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтау механизмдерінің бірі. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі. «Жыртқыш-жемтік» жүйесі, Вольтерра-Лотка теңдеулері. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар. Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр әралуандылығының өзгеруі. 

  1. Ғаламдық экология, Адам экологиясы, Нооэкология.

Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.

Адам экологиясы

Қоршаған ортаның бүкіл  табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. 
Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. 
Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХғ. өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде 
адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін. 
Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптасқан экологиялық мәселелерге бақылау жасау, баға беру және толық кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Кезіндегі «Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «нооэкология» ұғымына айналды. Ноэкологияны грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой, адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді. Ал, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толықтырушы, күрделі байланыстағы – географиялық орта – табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын В. И. Вернадский – «ноосфера» деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына,дамуына байланысты ноосфера – нооэкология деп орынды аталып жүр.

  1. Қазіргі кезеңдегі экология

дамуының негізгі бағыттары.

Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология және т.б.:[3]

Әлеуметтік экология — табиғат  пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді.

Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі организмдерге  және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.

Геоэкология — жер бетіндегі  экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі организмдермен қарым-қатынасын зерттейді.

Ауыл шаруашылығы экологиясы —  ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын  агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.

Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік  құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың  жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.

  1. Экологияның әдістері.

Экологиялық зерттеу әдістері.

Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу  әдістері бар.

Далалық зерттеу әдісі – далалық  жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі.

Лабораториялық зерттеу әдісінде – далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүниежүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы  – климекамералар, видеоаппаратуралар, оптикалық құралдар, анатикалақ таразылар, топографиялық құралдар, термостаттар, хромотография, электронды микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті құралдармен жабдықталуы тиіс.

Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі.

Экологияда математикалық әдістер  мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр.

8.Тірі заттарды биологиялық  ұйымдастыру деңгейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің негіздері

1926 жылы орыс ғалымы В. И.  Вернадский биосфера туралы ілімді  негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. В. И. Вернадский бойынша биосфера  деп ғаламшарымыздағы барлық  тіршілік дүнниесі мен олардың  арасындағы өзара зат және  энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын жердің ерекше қабығын атайды.

Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң  құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл  әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады. 
    В.И. Вернадскийдiң айтуы бойынша, биосфера - жалпы планеталық қабықша, тiрiшiлiгi бар және оның әсерiне ұшырап отырған Жер бөлiгi. Биосфера құрлықтың, теңiздiң және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр, және тiрi организмдер қызметiмен жасалынған жыныстары бар Жер бөлiгi кiредi. Биосфера туралы негізгі ережелері, оның құрылысы және дамуы Владимир Иванович Вернадскиймен құрастырған (1863 – 1945).Негізгі ережелері:  
1. Биосфераның эволюция нәтижесінде ол ноосфераға (ақыл – ой сферасы) өзгеріледі. Ол материяның өз ұйымдастыруының барлық процестерін бірлік ретінде қарастырған.  
2. Эволюциялық процестер адамның табиғатқа әсерінің өсуінен көп жылдамдайды. Оның дамуының анықтаушы факторы адам.  
3. Ұжымды ақыл – ой эволюциялық даму жолдарын анықтауға қабілетті. 

10.Биосфера оның шекаралары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11.Биосфера және ноосфера.

Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1]

Биосфера [2] — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфераның негізгі үш қабаты.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі),гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) —биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағыбарлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]

Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген  түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген. 
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераныбиосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді. 
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.

12.Экологияның толераттылық  шек заңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13.Қазіргі кездегі адамның өмір сүру ортасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

14.Қоршаған орта ластануының  генетикалық қауіптілігі ( концерогендер,  мутагендер, тератогендер)

 

 

 

 

 

 

 

15.Экологиялық факторлардың  жіктелу типтері.

 

 

 

 

 

16.Қоршаған ортаның  ластану түрлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

17.Шектеуші факторлар. Ю.Либихтің минимум заңы .

Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе  шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы)  организмнің күйіне  ықпал етеді, сонымен бірге , басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Информация о работе Шпаргалка по "Экологии"