Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 13:28, реферат
1.Кіріспе. Тұрақты даму концепциясы
2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары
3.Экологияны дұрыс қорғай білейік
1. Туған өлкеміздің табиғаты мен оның табиғи ресурстарының ұзақ жолдар бойы орынсыз пайдаланылуы нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз сарқыла бастауы .
2. Республикамыздың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің, аймақтардың көбейе түсуі.
3. Өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары, ғарыш айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы.
4. Экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен тұрмыстық қажеттілік үшін табиғатты пайдалану арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы.
Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше талаптарды қажет етеді.
1. Оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар мен оқу әдістемелік құралын жасау, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің экологиялық білімінің дайындық деңгейі.
3. Жаратылыстану пәндері бойынша биоцентризм принціпіне негізделген қолданбалы, таңдау курстары арқылы экологиялық білім беру.
4. Табиғат қорғау мәселелері мен экология бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау шаралары.
5. Қазіргі техникалық құралдарды, оқытуды компьютерлендіруді және оқытудың интерактивті әдістерін кең түрде қолдану.
6. Мұғалімдердің тәжірибе, оқу материалдарымен алмасу мүмкіндіктерін туғызу.
7. Ақпарат жинақтау орталығын құру.
8. Барлық пән мұғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен заңдар, оның мәселелері мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуы тиіс.
9. Мемлекеттік экологиялық саясатты жетік білуі керек.
Экологиялық білім мазмұнын және ұстанымды зерттеген И.Д.Зверев оқушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру үшін:
1. білімді ізгілендіру ;
2. экологиялық білімді белсенді ету ;
3. экологиялық білімді өмірде қолдану ;
4. білім мен іс-әрекеттің үйлесімділігі;
5. экологиялық білім беру мазмұнын қалыптастыру керек деп өз ойын тұжырымдайды .
Экологиялық ұғымдар сабақтастық тұрғыда ғана әрекет етеді. Ол –заңды құбылыс. Өйткені табиғатта басы артық еш нәрсе болмайды, бәрі де бір-бірімен байланысты түрде ғана жүзеге асады. Яғни сабақтастық-табиғаттың бір тұтастығы туралы оқушылардың экологиялық ойлау қабілетін үнемі дамытып отыратын маңызды ұстаным. Экологияны оқыту жалпы жаратылыстану ғылымдарының тәжірибесінен әдіснамалық теориядан бастау алатыны сөзсіз. Экологиядан білім беру барысында оқушыларға берілетін оқу – тәрбиелік жұмыстарының ең маңызды мақсаттары мен міндеттерін басшылыққа алу керек . Олар-оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін ұдайы кеңейтіп ғылымға деген қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін, өз бетінше шешім қабылдау, практикалық іс-әрекеті мен қабілетін дамыту, зерттеушілік қабілетін ашу және жергілікті жердің экологиялық проблемаларын шешудегі жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру .
Экологиялық білімді
жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен
қатар оның негізгі дидактикалық
ұстанымын сақтау керек. Олар негізінен-ғылымилық,
байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық,
үздіксіздік, жалғастырушылық, интеграциялау,
көрнекілік, қабылдаушылық және өлкелік
ұстанымдар. Оқушылардың экологиялық
білімді игеруі көптеген жағдайларда
оқыту әдіс – тәсілдеріне, эмоционалды
білім берудің деңгейіне, оларды
табиғат қорғауға белсенді қатыстыруға
да байланысты. Орта мектепте оқушылардың
тұрақты экологиялық сауаты болуы
үшін белгілі бір табиғат
1. Оқушының экологиялық білім мен тәрбиесін қалыптастырудағы пәнаралық тәсіл.
2. Экологиялық білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі
3. Оқушылардың қоршаған ортаны оқып үйренудегі және көркейтудегі интеллектуалды және эмоциялық негіздегі іс-әрекетінің бірлігі
4. Экологиялық білім беру мәселесін әлемдік, ұлттық және өлкелік деңгейде қарастыру .
Қазіргі кезде жер
шарындағы жаппай экологиялық апаттардың
орын алуы және оның алдын алу мақсатында
табиғатты қорғау жұмыстарын жаңа негізде
жетілдірудің қажеттілігі экологиялық
мәселенің өзектілігін
Мектепте оқушыларға
экологиялық білім мен тәрбие
беру «Атамекен» (П.Р.Құрсабаев), «Елім-ай»
(М.Х.Балтабаев), «Кәусәр бұлақ »(З.Ахметова)
бағдарламалары ерекше орын алады. «Атамекен»
бағдарламасы жалпы білім беретін
мектептегі оқу-тәрбие процесінің, сыныптан
тыс жұмыстардың өзіндік ұлттық
ерекшеліктерін айқындайтын қазақ
халқы педагогикасының тәлім-
Табиғатты қорғау мақсатындағы оқушылар жұмысынын мынадай түрлері тараған:
1. жасыл және көгілдір жасақшылар отряды :
2. жас орманшы ;
3. топырақ эрозиясымен күрес отряды ;
4. табиғаттың жас достар клубы ;
5. демалыс және еңбек лагері ;
6. арнаулы экспедиция мен жорықтар .
Сыныптан тыс
жұмыстардан оқушылардың
Мектептен, сыныптан тыс экологиялық жұмыстар:
1. Оқушылардың білімі мен тәрбиелігінің дамуы оқу іс-әрекетінде белсенділігін арттыруға, бағдарлама бойынша берілетін экологиялық мазмұндағы материалдарды тез меңгеруіне жәрдемдеседі ;
2. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысы оқушылардың табиғатқа бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер жасай білуіне мүмкіндік береді;
3. Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні жоғары . Ол оқушылардың жеке басын, табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оның байлықтарын қорғау жөніндегі жауапкершілік сезімін қалыптастырып, табиғатқа деген жеке мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге көмектеседі .
Оқушыларға экологиялық тәрбие беруге байланысты сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың түрлері өте көп , бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бола тұрса да бірдей орындалуға тиісті мынадай ортақ ұстанымдар бар :
Жақында ғана елімізде экологиялық кодекс қабылданды. Бұл жерде еліміздегі бүкіл мәселелерге талдау жасалып алдағы уақытта мемлекеттік тұрғыдан істелетін шаралардың мақсаттары мен міндеттері нақты атап көрсетілген. Экологиялық кодекс 9 бөлім , 47 тарау және 326 баптан тұрады . Кодекстегі мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін ең қажеттісі 7 бөлім. Бұл бөлім «Қоршаған ортаның қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық» деп аталған.
ҚР-ның экологиялық кодексінде тағы бір ерекше алға қойған міндеттердің бірі – оқытушы кадрларының біліктілігін арттыру арқылы экологиялық білім берудің сапасын жақсарту. Бүгінгі таңда экологиялық кодекс барлық білім беру жүйелерінде кеңінен талқылануда. Ондағы көрсетілген шараларды барлық мекемелер қызу қолдауда. Біздің міндетіміз – жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру, сөйтіп, өз жұмыстарымызда экологиялық кодексте айтылған міндеттерді үнемі басшылыққа алып отыру
Соңғы жылдары дүние
жүзінде экологиялық жағдайлар
шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері
бар. Негізгі факторлар көбінесе
адамның іс-әрекетінен туындап отыр.
Ең басты мәселенің бірі — жер
шарындағы халық санының артуы.
Жер шарындағы халықты азық-
Әлемдік экологиялық
мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің
бірі — биосфераның ластануы. Ластану
— жер шарының физикалық, химиялық,
биологиялық сапасының
Табиғат шектен тыс
еркіндік пен кездейсоқтыкты көтермейді.
Өз кезегінде табиғат та адамның
жіберген кателіктеріне жауап ретінде
экологиялык апаттарды «сыйға»
тартады. Мысалы, коршаған ортаның химиялык
ластануынан жер шарында «жылу
эффектісі», «озон тесігі», «қышқыл
жаңбырлар», «фотохимиялық у түтін»
сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселелер
жиі байқалып отыр. Аталған апатты
құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты
тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың
өзгеру қаупін туғызуда. Ол соңғы жылдары
жиі болып отырған куаңшылық,
шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының
тартылуынан байқалады. Мысалы, адам
Қарабұғаз көлді Каспий теңізінен
топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз
деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді.
Алайда құрғап қалған шығанақтың айналадағы
ортаға, жалпы шаруашылық салаларына
зиян келтіретіні ескерілмеді. Кейіннен,
25—30 жыл өткен соң Каспий теңізі
деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты
еместігі, оның жердің эволюциялык
даму заңына тәуелді екені айқындалды.
Ғасырлык геологиялық айналымға
сәйкес әр 60—80жыл сайын теңіз
деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі
табиғат заңы болатын. Ал құрғап қалған
шығанақ түбінен атмосфераға
жыл сайын 120—140 млн т натрий сульфатының
тозаңы көтеріліп, тек Түрікменстан
мен Қазакстан ғана емес, сондай-ақ
Ресей, Кавказ, Орта Азия, Түркия, Иран,
Қытай, Монголия мен Еуропаның бірқатар
елдері химиялық ластанып отыр. Әсіресе
Қазақстанға үлкен экономикалық
зиян келтіруде. Соның салдарынан егіннің
түсімділігі мен мал
Бұл мәселелер Арал теңізіне де тән. Адамның іс-әрекетінен Арал теңізі жарты ғасырдан бері тартылып бара жатыр. Арал апаты ғаламшарлық сипат алуда. Оның зиянды әсерін қазірдің өзінде көптеген мемлекеттер сезінуде. Сондықтан да Арал мәселесіне Германия, АҚШ, Жапония, т.б. елдердің араласуы тегін емес.