Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2013 в 07:07, реферат

Краткое описание

Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: Тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері, «Қ.Сәтбаевтің суреті», видеотаспа және т.б

Вложенные файлы: 1 файл

экология м.docx

— 41.15 Кб (Скачать файл)

Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың арасындағы сабақтастықты  түсіндіруде пайда болған Әл-Фараби, Қашқари, Баласағұнидің философиялық ой-пікірлері. Шетел классик ағартушылары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоццидің еңбектері мен Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың таным туралы ілімдері.

Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.

XXI ғасырда қоғамымыз нарықтық  кезеңнен тұрақты даму парадигмасына  ойысып барады. Осы жаңа бағыттағы  тенденциялар, жаңа концепциялардың  мәні де, мақсаты да адамның  экологиялық санасын, мінез-құлқын, табиғатпен қарым-қатынасын жақсарту, яғни жалпы адамзат ізгілігінің құндылығын биік деңгейге жеткізу. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер, Қазақстанның эколог-педагог ғалымдары экологиялық білім, экологиялық тәрбие мәселелерімен шұғылданып, бұл жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге атсалысуда.

Атап айтқанда: Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаев т.б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім - біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө.Т.Танабаев, С.Әбубәкіров, Қ.Нұрланова, З.Серікқалұлы, Д.Н.Сарыбеков, К.Ж.Бұзаубақова, Г.К.Құрманбаева, М.А.Лигай, А.Болтаев, Г.М.Сабденалиева, С.Тілеубергенов, Д.І.Жангельдина, В.П.Кәрібжанова, А.Қ.Егенисова, Н.Т.Есеналина, К.И.Исламова т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.

Психологтар Л.Выготский, С.Рубинштейн, И.Кон, Е.Кудрявцева, В.Ясвин, Л.Божович, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, т.б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық ұғым-түсініктерін қалыптастыру қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан. С.Рубинштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты бөліктерінің бірі – қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып “...басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз – дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынастағы адам” - дейді.

Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен оқушыларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптарда оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жүйелі ұғым беру ісі жете зерттелмеген, тың мәселе.

Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ:

- оқушылардың табиғатпен  дұрыс қарым-қатынаста болмауы;

- табиғат тазалығын сақтау  дағдылары қалыптаспағандығы;

- табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі;

- табиғатты қорғау, дүниетанымдық  көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы;

Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді. Мұндай өзекті мәселенің зәрулігі дипломдық жұмыс тақырыбын "Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру негізінде  оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру" - деп  атауға негіз болды.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы балаларға экологиялық тәрбие беру жүйесі.

Зерттеу пәні: Балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы дүниетанымын қалыптастыру үдерісі (процесі).

Зерттеудің мақсаты: Экологиялық  тәрбие беру арқылы бастауыш сыныптағы  балалардың дүниетанымын қалыптастыруды теориялық және әдістемелік жағынан  негіздеу.

Зерттеу болжамы: Егер, бастауыш сыныптағы балаларға берілетін экология жайындағы ұғым олардың жас ерекшелігіне сәйкес келсе, табиғат туралы ұғымдарын қабылдай білу мүмкіндіктері ескерілсе, табиғаттың адам мен қоғамға, адамның табиғат пен қоғамға тигізетін әсерін мазмұндап сипаттайтын болса, табиғатты өзгертуде адамның ақыл-ой, білімінің қажеттілігін сана-сезіміне жеткізе түсіндіретін, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыратын оқу-тәрбие жүйесі жасалса, түрлі оқу формалары мен оқыту әдістері қолданылса онда экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру нәтижелі болады.

Зерттеу міндеттері:

· экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен мүмкіндіктерін ғылыми - әдістемелік тұрғыдан негіздеу;

· Экологиялық сана экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымдарының мәнін нақтылап, табиғат арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың орнын анықтау;

· экологиялық тәрбие беру арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістерін іріктеу.

Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық ғылыми - әлістемелік әдебиеттерге теориялық талдау, экологиялық тәрбие туралы заң, қаулы қаралып өткен жылдардағы табиғаттану материалдары орын алған «Дүниетану» оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдарында табиғат жайында берілген білім мазмұны мен көлеміне талдау жасау, бастауыш сынып мұғалімдерімен  семинар-кеңестер, әдістемелік сұхбат, сауалнама жүргізу, балалардың дүниетанымын  қалыптастырудың кіші жастағы сынып оқушыларымен педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижелері.

Зерттеу жаңалығы:

· Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары, мүмкіндіктері ғылыми - әдістемелік тұрғыдан негізделді.

· Экологиялық сана, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымының мәні нақтыланып, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны мен көлемі талданып, меңгеру жолдарына сипаттама берілді.

· Бастауыш сынып балаларының дүниетанымын қалыптастырудың формалары жүйеленіп, тиімді әдістері іріктелді.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

· Экологиялық сана, табиғат - оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың негізі ретінде таным теориясына талдау, оларға ғылыми әдістемелік педагогикалық тұрғыдағы сипаттамасы.

· Экологиялық   тәрбие   беру   арқылы   балалардың   дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістері.

· Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ұсыныстар.

Зерттеудің тірек орындары:  Астана қаласы, №37 қазақ орта мектебі. 4 «Б» - 4 «Е» сыныптар, 30,30. Салыстырмалы бықылауға 4«Б», 4«Е» сыныптары, 30, 30 оқушыдан қатысты.

Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт тармақшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдардан тұрады. 

 

Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң  өзектiлiгi негізделіп, зерттеудің мақсаты, мiндеттерi, объектiсi, пәнi анықталды, зерттеу әдiстерi, зерттеудiң ғылыми болжамы  ұсынылады, зерттеу кезеңдері, әдiснамалық негiзi, ғылыми жаңалығы сипатталады.

Бастауыш сыныпта экологиялық  тәрбие беру негізінде  оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері. атты бiрiншi бөлiмiнде проблеманың философия, психология, педагогика, экология саласында зерттеу деңгейi салыстырылып, бастауыш сыныптарда экологиялық тербие берудiң педагогикальқ шарттары, мазмұны баяндалып  оқушыларға экологиялық, бiлiм мен тәрбие беру бағытында сұрыпталып, проблеманың бүгiнгi таңдағы жағдайы сипатталады.

Бастауыш сыныпта экологиялық  тәрбие беру негізінде  оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда мектептегі адамгершілік тәрбиесінің мән-мазмұны туралы қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастар талданады; оқушыға экологиялық тәрбие беру негізінде  олардың дүниетанымын қалыптастыруда Экологиялық сана ұғымының мазмұны, құрылымы және адамгершілік тәрбиесінде алар орны ашып көрсетіледі; оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру мәселесі талданып, соның негізінде экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу теориясына сипаттама беріледі.

Бастауыш сыныптарда экологиялық  тәрбие берудің негізінде оқушылардың  дүниетанымын қалыптастырудың әдістемесі атты екiншi бөлiмiнде бастауыш 4-шi сыныптарда оқушыларға дүниетану пәнi мазмұндарына туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарын енгiзуде экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң формалары мен әдiс-тәсiлдерi айқындалып, оларды iс жүзiне асыруда тежiрибелiк-эксперименттiк жұмыстың нәтижелерi шығарылып, ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiледi.

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің бастапқы күйі анықталып,  мүмкіндіктері ашып көрсетіледі; экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың мазмұны мен нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда бастауыш сынып  оқушыларына экологиялық тәрбие берудiң теориялық және тәжiрибелiк-эксперименттiк  жұмыстардың нәтижелерiне негiзделген  тұжырымдар мен ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiледi, зерттеу жұмыстары бойынша алынған тұжырымдар жасалады, осы салада әрі қарай зерттеулер жүргізудің мүмкін болатын бағыттары көрсетіледі.


Информация о работе Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі