Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 19:41, реферат
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстандағы қорықтар
2.2 Қазақстандағы ұлттық саябақтар
2.3 Қазақстандағы заказниктер мен карағайлылығы
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ӘДЕБИ ШОЛУ
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстанның қорықтары мен қорықшалары.
Табиғи ұлттық саябақтар
Тексерген: Әуелбекова А. Ж.
Орындаған: Барыс Н. Б.
Қарағанды - 2015
МАЗМҰНЫ
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстандағы қорықтар
2.2 Қазақстандағы ұлттық саябақтар
2.3 Қазақстандағы заказниктер мен карағайлылығы
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ӘДЕБИ ШОЛУ
Кіріспе
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қорық – аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ, осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.
Қазақстанда мынадай қорықтар бар:
Негізгі бөлім
Қазақстан қорықтарының тізімі
Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi
бар ерекше қорғалатын
табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы
табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи
барысын, өсiмдiктер мен жануар
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.
Қорықтар тізімі
# |
Суреті |
Атауы |
Құрылған жылы |
Көлемі, га |
Орналасқан жерi |
1 |
Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы |
1926 |
131 934 |
Оңтүстік Қазақстан облысы жәнеЖамбыл облысы | |
2 |
Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы |
1931 |
71 700 |
Алматы облысы | |
3 |
Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы |
1931 |
191 381 |
Қостанай облысы | |
4 |
Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы |
1939 |
160 826 |
Қызылорда облысы | |
5 |
Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы |
1968 |
543 171 |
Ақмола облысы және Қарағанды облысы | |
6 |
Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы |
1976 |
102 979 |
Шығыс Қазақстан облысы | |
7 |
Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы |
1984 |
223 342 |
Маңғыстау облысы | |
8 |
Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы |
1992 |
86 122 |
Шығыс Қазақстан облысы | |
9 |
Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы |
1998 |
65 217,9 |
Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы | |
10 |
Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы |
2004 |
34 300 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Ақсу-Жабағылы қорығы
1926 жылы
ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы
ертеден келе жатқан қорық. Қорық
Оңтүстік Қазақстан облысыныңТа
2000-2300 метр
биіктікте субальпілі шалғыны
жатыр. Бұл белдеуде төселіп өсетін
түркістан аршасынан басқа
Наурызым қорығы
1934 жылы
ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында
орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып
жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі
тың дала корғауға алынып зерттелуде,
бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ
карағай сақталып келген. Қорық көлеміне
Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы
да кіреді. Ең оңтүстіктегі cop топырақта
қарағай сирек өскен. Қорықтағы cop топырақта
алуан түрлі кайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста
ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы
түрлері өседі. Табиғат жағдайының әртүрлілігіне
байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің
өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан
келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды
мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр
фауналары мен флораларының өкілдері
жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар
сияқта жерсініп кеткен. Онда түяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар
және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, б
Алматы қорығы
1964 жылы
құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр
түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған
мәңгі кар мен мұз жамылған, беткейлері
шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында
құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші
тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100
м-ден асатын құм тобе) жатады. Көктеректі
нудан тұратын жапырақты ормандар, долана,
жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м
биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен
жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын
шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан
да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі
және альпі шалғындары болады. Қорықтың
жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда
39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден
астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы
орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлк
Барсакелмес қорығы
Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды. Бүрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялык жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорыктың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды).
Қорғалжың қорығы
1968 жылы
құрылған. Қорык Ақмола облысының 259
мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38
мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген
жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз
Марқакөл қорығы
1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан
Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен
1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы
аса әсем Маркакөл шегінде орналасқан.
Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын
көл айдыны құрайды. Өкінішке орай,
шығысында 1,5 мың гектар жер көлдің аса
маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа
енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң
континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы
үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы
-26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді.
Шілденің орташа температурасы 14°-17°С,
ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның
жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.Көлге
27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал
одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады.
Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі.
Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді,
оның ішіндеаю, сілеусін, бұғы, арқа
Үстірт қорығы
Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстын 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын- шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Қорыкты ұйым дастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы койдың ерекше түрі - устірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан үялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік (қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы. Ғалымдар шөлдің қатаң климат жағдайына бейім жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.
Батыс Алтай қорығы
1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс
Қазақстан облысы Глубокое ауданында
орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық
бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иван