Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 19:41, реферат
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстандағы қорықтар
2.2 Қазақстандағы ұлттық саябақтар
2.3 Қазақстандағы заказниктер мен карағайлылығы
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ӘДЕБИ ШОЛУ
Алакөл қорығы
1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау.
Қаратау қорығы
2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді
ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі
таулы жерде орналасқан. Қорықты құру
себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін
сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада
саны бойынша көне жерортатеңіздік өсім
дік элементтерінің таралу жағынан бірінші
орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін,
жануарлар дүниесінен омырткалылардың
227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың
114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің
3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі.
Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоң
Қазақстан ұлттық парктерінің тізімі
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған.
Баянауыл ұлттық саябағы.
Ол 1985
жылы Павлодар облысындағы
Іле Алатауы саябағы
1996 жылы
ұйымдастырылған. Ауданы 199,7 мың гектар.
Іле Алатауының солтүстік
Алтынемел табиғи саябағы
1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 161,1 мың гектар. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т.б. ), сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 30, өсімдіктің 1800 түрі қорғауға алынған.
Көкшетау саябағы
Ол 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 182,1 мың гектар. Мұнда аңның 305 түрі, қүстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн. гектар. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 3 табиғат ескерткіштері бар.
Ал
Ұлттық парктердің қорықтардан
айырмасы бар. Ұлттық парктерде
өсімдіктер мен жануарлардың
сирек кездесетін әрі бағалы
түрін сақтаумен қатар, адамдардың
мәдени демалысын
Атауы |
Құрылған |
Ауданы мың/га |
Орналасқан жері |
Ерекшелігі |
Баянауыл ұлттық паркі |
1977 |
50,7 |
Павлодар облысы, Баянауыл орман шаруашылығы |
Биік жері – Ақбет тауы (1026м). Құстар – 54, балық – 8, өсімдік – 438 түрі бар. Мұнад қайталанбас жартас, шоқылар «Найзатас», «Жалмауыз кемпір», «Тас және Ат басы» т.б. қалыптасқан. |
Іле Алатауы ұлттық паркі |
1996 |
181,6 |
Іле Алатауының солтүстік беткейінен қаскелең асуына дейін |
Ерекше ландшафты қорғау мақсатында құрылған. Андар – 43, құстар – 138, балық – 8, өсімдік – 1282 түрі бар. |
Қарқаралы ұлттық паркі |
1998 |
90,3 |
Қарағанды облысының, Қарқаралы ауданында |
Әйгілі «Шайтанкөл» орналасқан. Андар – 39, құстар – 55, балық – 11, өсімдік – 68 түрі бар. |
Алтынемел табиғи ұлттық паркі |
1996 |
212,1 |
Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов ауданында орналасқан |
Аңдар – 6, құстар – 231, балық – 30, өсімдік – 1800 түрі бар. |
Көкшетау паркі |
1996 |
135,8 |
Ақмола облысы |
Аңдар - 305, құстар – 223, балық – 22, өсімдік – 800 түрі бар. |
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында «Көкшетау» мемлекеттік, ұлттық табиғи парктің Шалқар және Айыртау атты аймақтық бөлімдері орналасқан. Бұлар жоғалып бара жатқтан және аса құнды өсімдіктермен жануарлар, мәдени және тарихи ескерткіштер, сирек кездесетін табиғат жиынтығын сақтауға арналған Солтүстік Қазақстанның аса мұқият қорғаудағы жерлері. Бұл жерлер орманды - далалы және далалы табиғи аймақтарға жатады. Ауа райы құбылмалы – жазы ыстық, қысы суық және қары жұқа. Жануарлар әлемінің көптүрлілігі экосистемалардың әртүрлілігімен анықталады. Мұнда сүтқоректілердің 160 түрі және құстардың 200-дей түрі бар. Осының бәрі экотуризмнің дамуына жол ашады.
Имантау табиғи аймағы
Өзен мен көл арналары, жазықтар, үстірттер
және кішігірім таулар – бәрі Көкшетау
қыратының кішігірім аумағында кездесіп
жер бедерінің әртүрлілігін көрсетеді.
Шығысынан батысына дейін 65—шақырым,
солтүстігінен оңтүстігіне дейін 70-шақырымға
созылып, Имантау жері табиғи оазис құрайды.
Осының негізін құрайтын таулы-орманды
жерлері мен су қоймалары және Имантау
көлі осы өлкенің ең бір әдемі көлдерінің
бірі болып есептеледі. Ормандармен көлдер
бұл өңірдің табиғатын көріктендіре түседі.
Мұнда көптеген аңдар: құрлар, түлкілер,
сасық күзендер, ақ бөкендер және т. б.
кездеседі. Табиғи ескерткіштер: «Котелок»,
«Обозрение» төбелері, «Казачий» аралы,
«Буян» атты сайлары өздерінің қайталанбас
әдемілігімен жергілікті тұрғындарымен
демалушыларды өзіне тартады. Имантау
көлінің жағалауы «жабайы демалушылардың»
сүйікті орны. Жазда бұл жерде түрлі –
түсті шатырлардан кішігірім қалашықтар
қаптайды. Көлге бару оңай, демалыс орнына
апаратын жолдар торабы Чистополье селосында
түйіседі. Одан әрі – Есіл, Торғай, Володарское
ауылдарына, Қостанай, Челябі, Көкшетау,
Омбы, Түмен қалаларына жалғасады. Имантау
демалыс орны «Көкшетау» мемлекеттік,
ұлттық табиғи паркінің Арықбалық өлкелік
бөлімшесінің қарамағына жатады.
Шалқар табиғи аймағы
Шалқар
табиғи аймағы орташа таулы жер бедерімен
сипатталады. Көлдің сырт пішіні таға
тәріздес, аралас және шыршалы орманмен
қоршалып, су бетінің көлемі 3241 га болады.
Оңтүстік жағалауы шипалы балшықтан тұрады.
Суы тұзды, таза, тереңдігі 10м дейін жетеді,
құрамы қара теңіз суының құрамына сәйкес,
және де тері ауруларын емдеуге қолданады.
Суға түсетін жағалаулары құмды, арасында
тасты болып келеді, «Тілек тауы» атты
тамаша табиғи ескерткіші бар. Шалқар
көлінің жанында «Айыртаушық» және «Саңырау»
атты көптеген аңызға бөленген, шағын
екі көл орналасқан. Балық аулауды құмартатындарға
жыл бойы балықтардың неше түрін аулауға
мүмкіндіктері бар. Биіктігі 500 метрдей
«Екі ағайынды» таулары көлдерді бөліп
тұрады. Жағалаулары шырша орманымен көмкеріліп,
жоғарғы жағында гранит тастары кездеседі.
Көне заманғы «Күміс қарағайлы»
Солтүстік Қазақстанда далалы қарағайлықтың
пайда болуын көптеген ғалымдар ертеде
бұл жерде қалың қарағай орманы болғанын,
олар Оралмен Алтайдағы қалың тоғайларымен
жалғасып жатқанын айтады. Реликтік «күміс
қарағайлық» Қызылжар әкімшілік ауданындағы
«Большая малышка» атты елді мекеннің
жанында орналасып, аумағы 243 га жерді
алып жатыр. Қарағай, шырша ағаштарының
жартысынан көбінің жасы 100 жыл шамасында.
Қарағайлықты
айнала ақ қайындар қоршаған. Осыдан «күміс
қарағайлық» атанған. Көптеген жылдар
бойы қарағай құрылыс материалы ретінде
қолданылып келеді. Ең бірінші бұл өңірде:
Долматово, Красноярка, Соколовка, Вагулино
атты елді мекендер пайда болған. Сол кездің
өзінде бұл аймақтың табиғатының сұлулығын
байқаған кейбір шенеуніктер қарағай
ормандарын кесуге тыйым салғызған. Олардың
арқасында «күміс қарағайлық» осы күнге
дейін сақталған. Соның өзінде қазіргі
қарағайлықтар, ертеде Есіл өзенінің көптеген
алқабын алып жатқан қалың ормандардың
қалған бір бөлігі ғана. Қарағайлықтың
табиғаты ерекше. Мұнда Солтүстікте де
және оңтүстікте де өсетін өсімдіктердің
түрлері: шие, жидек, қарақат т.б. кездеседі.
Мүктер мен қыналар, валерианка және ветряницалармен
қатар өседі.
Көне заманғы «Жаңажол» қарағайлығы.
«Жаңажол» қарағайлығы 16 гектардай кішігірім
жерде Жамбыл ауданының Жаңажол ауылынан
3—4 шақырым жердегі ескікөл шұңқырлы
аумағында орналасқан. Кейбір жерлерінде
қарағайлық көлге қарай төмен түсе өскен.
Табиғи (өз бетімен) өскен 200 жылдық зәулім
қарағайлар көзге түседі. Мұнда мүктермен
қыналарды, папоротниктерді және дәрілік
кейбір өсімдіктерді кездестіруге болады.
Орман Чернолесие орманшылығының қарауында,
бірақ қорыққа жатпайды. Бірақ ерекше
қарағайлық, ғылыми құндылыққа енгізіліп,
күзетуді талап етеді.
Согров заказнигі
Заказник 1968 жылы құрылған. Оның ауданы
134 мың гектардай болады. Батыс шекарасы
Есіл өзенінің бойымен 45-шақырымдай қашықтықта
жатыр, ал солтүстігі – Түмен облысының
шекарасына дейін созылған. Заказниктің
құндылығы Есіл өзенінің алабында орналасуында,
бұл
ағаштардың сирек кездесетін және азайып
бара жатқан көптеген түрлерін сақтауға
көмегін тигізеді.
Красноярка,
және Долматово елді мекендерінің арасында
сумен шайылған ерекше терең сайлар, бір
жағынан есіл өзенінің оң жағасының биік
жарқабағынан, екінші жағынан судан 40-50
метр биіктікте шығып тұрған төбешіктерден
тұрады. Бұл сайлар тек осы жерде ғана
кездеседі, және Петропавл қаласының солтүстігінде
орналасқан. Сай жарқабағының көп жері
бірнеше шақырымдай көлбеу болып келеді.
Олардың бір ерекшеліктері, кейбір ғажап
геологиялық кесінділерде жалаңаштанған
түзінді қабаттарын, континенталдық полеоген
және неоген үйінділері бойынша, ғалымдардың
зерттеуіне қолайлы. Өзеннің өсімдіктер
өскен қойнауында көптүрлі ағаштарды:
жоғарылай өскен қайың ормандарын, бұталарды,
және күміс, қара теректерден, итмұрындықтардан,
талдардан тұратын «үремдік ағаштарды»
көруге болады. Заказниктің «үремдік ағаштары»
- солтүстік Қазақстанның нағыз тоғайлары.
Мұнда биіктігі 3 метрге дейін жететін
алып шөптер бар. Ылғалдың молшылығынан
өсімдіктер керемет өскен. Кей жерлерінде
Есілмен жалғасатын терең сайлар және
тек қана Қазақстанның солтүстігінде
кездесетін лалагүлінің 3 түрі «Венерины
башмачки» деген атпен табиғатты қорғау
Қызыл Кітапқа енгізілген.
Сергеев суқоймасы
«Сардоник» қорығы Шал ақын ауданының
әкімшілік орталығы Сергеевкадан 40 шақырым
жерде орналасқан. Аудан орталығы Сергеевканың
атағын шығарған -оның суқоймасы. Бұл суқойма
Есіл өзенінің бойымен Сергеевкадан Куприяновкаға
дейін 100 – шақырымдай жерді алып жатыр.
Су бетінің ауданы – 117 шаршы шақырым,
ал ең үлкен тереңдігі 20-метрдей. Мұнда
су туризмінің түрлерімен жағажайлық
демалыс орындарын дамытуға мүмкіншіліктер
бар.
Шал
ақын ауданы орманды-дала аймағында орналасқан.
Шудасай, Бағанаты және Иман Борлық деген
Есілдің ғажайып салалары бар. Бұл жерде
100-ге тарта кішірек көлдер кездеседі.
Кіші Торанғұл және Козловское көлдері
балықтың молшылығымен аты шыққан. Мәдени
– ағарту саласында: белгілі жазушы –
Зейнел – Ғаби Иманбаевтың, ақындар –
Ахметжан Нұртазиннің және Ермек Қонарбаевтың
мұражайларын. Бектеңіз археологиялық
ескерткіштерінің қорғандарын, Сергеев
суқоймасын, «Ольховая роща» атты шағын
аймақта облыста сирек кездесетін өсімдіктерді,
оның ішінде қара «ольханы» қызықтауға
болады. Бұл аудан төрт қазақ академикгі:
Евней Бөкетовтің, Аманжол Қошановтың,
Қазез Ташеновтің, Мырзатай Серғалиевтің
және ғарышкер - Александр Викторенконың
отаны.
Мамлют заказнигі.
Бұл заказник Мамлют ауданының Становое
елді мекенінің маңында орналасқан. Бұл
сазды – батпақ сфагнумды «рям» суық дәуірдің
жұрнағы. Оның ауданы – 3,5 гектардай дөңгелек
пішінді көл шұңқырындағы кішігірім жерде.
Егер рямнің өсу шекарасы 50 солтүстік
көлденеңдікте болса, онда бұл сай сфагнумнің
өсетін оңтүстік шеткі шекарасында орналасқан.
Сыртынан қайынды шоқты еске түсіреді.
«Рям» шет жағынан қоймалжың батпақпен
қоршалған, сондықтан қоғалы, қамысты
нудың арасымен жетуге мүмкіншілік жоқ.
Аяқ астындағы топырақ теңселіп тұрады
және тереңге кеткен. «Рямға» солтүстік
– батыс жағындағы жалғыз ғана жолмен
баруға болады. Торфтан тұратын «рямнің»
орталығын ықтау. Сфагнумнің қалындығы
2 метрге дейін жетеді. Ағаштардан қайың,
қарағай өседі; бұталардан «қозанақ»,
«мүкжидек» және «Росянкалардың» сирек
түрлері кездеседі. Бұл сирек кездесетін
орманды-дала аймағы көне заманғы болып
табылады. Торф қабаттарын зерттей отыра
тарихи уақыттағы және голоцендегі табиғат
өзгерістерінен ақпарат алуға болады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн. гектар. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 3 табиғат ескерткіштері бар.