Қолданбалы экология немесе табиғатты қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 18:59, реферат

Краткое описание

Дамыған қоғамда əрбір адам өз денсаулығына жағымсыз көптеген жағдайлармен кездеседі. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi бекітілген. Солардың бірі, адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi. Ал Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының қағидаларының қатарында, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу жəне табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқаруды атап өтуге болады. Осы аталған негіздер мен қағидаларды ұстанып қоршаған ортаны қорғау үшін мемлекеттік экологиялық бақылау дұрыс жүзеге асуы қажет. Экологиялық бақылаудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының 09.01.2007 жылы қабылданған Экологиялық кодексі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ.docx

— 26.36 Кб (Скачать файл)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

БАҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ  ТƏРТІБІ 

 Дамыған қоғамда əрбір адам өз денсаулығына жағымсыз көптеген жағдайлармен кездеседі. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi бекітілген. Солардың бірі, адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi. Ал Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының қағидаларының қатарында, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу жəне табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқаруды атап өтуге болады. Осы аталған негіздер мен қағидаларды ұстанып қоршаған ортаны қорғау үшін мемлекеттік экологиялық бақылау дұрыс жүзеге асуы қажет. Экологиялық бақылаудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының 09.01.2007 жылы қабылданған Экологиялық кодексі болып табылады.          Экологиялық бақылау, бұл жалпы мемлекеттік бақылаудың бөлігі болып табылады. 2011 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы заңы қабылданды, ол мемлекеттік бақылаудың жəне қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді жəне бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жүзеге асырылатын жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Бүл заңға сəкес мемлекеттік бақылау дегеніміз мемлекеттік органның тексерілетін субъектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға олардың қызметінің сəйкестігі нысанасында тексеру жəне байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында жəне нəтижелері бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттік қадағалау бүл заңда былай деп көрсетілген. Ол мемлекеттік органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру жəне байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында жəне нəтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.            Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда басшылыққа заңдылық; бəрінің заң жəне сот алдындағы теңдігі; жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы; жариялылық; бақылаудың жəне қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі; мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кəсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі; бақылау жəне қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны жəне олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы; жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың ба-сымдығы; қажеттілік пен жеткіліктілік; мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату; адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру; тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру; мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы; тəуелсіздік; объективтілік жəне турашылдық; дəйектілік қағидаларына негізделеді.

Бақылаудың  жəне қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи жəне энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бəсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды əрі жеке жəне заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын жəне заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн жəне сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Экологиялық бақылау – табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны зиянды əсерлерден қорғау мен рационалды пайдалануды қамтамасыз етудің маңызды құқықтық іс-шаралары, экологиялық құқықтың құқықтық институтының жəне мемлекеттік басқару қызметі. В.В. Петровтың пікірі бойынша, экологиялық бақылау, жалпы алғанда «кəсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, яғни шаруашылық қызметтермен айналысатын барлық субъектілер мен азаматтардың табиғи ортаны қорғаудың жəне қоғамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтауын тексеру»

Демек, қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу – жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсімдіктер жəне жануарар əлемінің антропогенді іс-əрекет əсерінен өзгеру үрдістерін жəне мұнын жағдайын бақылауды айтамыз. Экологиялық бақылау объектілеріне жататындар:

- қоршаған  ортаның жəне оның жекелеген объектілерінің шаруашылық жəне өзге де қызметтер

əсерінен  өзгеруінің дəрежесі мен жағдайы;

- экологиялық  заңнаманың орындалуы мен сақталуы;

- заңды жəне жеке тұлғалардың табиғат қорғау шараларын орындау бойынша қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптама жарлықтары;

- шарттарда (келісім шарттарда) көзделген шарттар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық талаптардың орындалуын, арнайы табиғат пайдалануға лицензиялар жəне басқа да объектілер.

Экологиялық бақылаудың бұл объектілері ҚР Экологиялық кодексінің 114-бабында «мемлекеттік экологиялық бақылаудың бағыттары» ретінде айқындалған, олар туралы мемлекеттік бақылау тарауында баяндалады.

Объектілеріне байланысты экологиялық бақылау бірнеше нысандарда жүргізіледі:

- интеграцияланған  – бүкіл қоршаған ортаны қамтитын;

- кешенді – объектілер тобы мен кешендер кешенін қорғауға байланысты;

- дифференцияланған  – табиғаттың жекелеген объектілерін қорғауға бағытталған.

Экологиялық бақылау арнайы əдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:

- қоршаған  ортаның сапалы жағдайы мен жекелеген табиғи объектілерді бақылау;

- экологиялық  жəне санитарлық органдардың  бұйрықтарын орындалуын тексеру; 

- экологиялық  заңнаманың талаптары мен нормаларының сақталуын тексеру;

- экологиялық  зиянды өндірістерді тоқтату, тоқтата тұру жəне шектеу;

- кінəлі  тұлғаларды жауапкершілікке тарту.

Қазақстан Республикасының  Экологиялық кодексінде қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылауға келесі түрлер жатқызылған: экологиялық бақылау, жерлердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы бақылау, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы бақылау, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру жəне пайдалану саласындағы бақылау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау (ҚР ЭК 111-бабы). Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды сəйкесінше, арнайы уəкілетті органдар жүзеге асырады, ҚР Экологиялық кодексінде аталған органдар бекітілген, олар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уəкілетті орган, орман шаруашылығы саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру жəне пайдалану саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган, өнеркəсіп қауіпсіздігі саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган, ветеринария саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган, өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган, атом энергиясын пайдалану саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган, көлікті бақылау органдары болып табылады.

Мемлекеттік экологиялық бақылаудың міндеті – барлық мемлекеттік органдардың, кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне осындай талаптар қойылған азаматтардың қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша талаптардың орындалуын бақылау болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи жəне энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орынды пайдалану, ұлттық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады (ҚР ЭК 111-бабы).

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттің болашақ кезеңде дамуына арналған бағдарламалық құжаттар, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік жəне табиғатты тиімді пайдалану саласына арналған құжаттар қабылданды. Мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды жүзеге асырудың, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды басқарудың біртұтастығымен кезектілігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы жүйе бақылауды іске асырудың бағдарламалы, мақсаттылық əдісін қазіргі кезге қарағанда кеңірек пайдалану қажет. Алайда, қазірге дейін аталған əдіс экологиялық құқық шеңберінде жеткілікті қарастырылмаған.

 Экологиялық  бақылау жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

1. Бақылау  нысанын анықтау;

2. Белгіленген нысанды зерттеу;

3. Бақылау  нысанына ақпараттық модель құрастыру;

4. Зерттеу жұмысын жоспарлау;

5. Бақылау  нысанының жағдайына баға беру жəне оны ақпараттық модельмен салыстыру;

6. Бақылау  нысанының жағдайының өзгеруін  болжау;

7. Қолдануға ыңғайлы дəрежеде ақпаратты тұтынушыларға жеткізу.

Мемлекеттік экологиялық бақылау:

1) қоршаған  ортаға эмиссияларды жəне табиғи ресурстарды есепке алу жөніндегі статистикалық ақпаратты, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметі туралы деректерін талдау;

2) табиғат  пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының  экологиялық заңнамасын сақтауы  мен орындауына тексерулер ұйымдастыру жəне жүргізу;

3) Қазақстан  Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік экологиялық бақылау шаралар кешенін, оның ішінде:

1) бақылаудың  басымдықтарын айқындауды;

2) бақылаудың  қолданыстағы құралдарын пайдалануды;

3) қызметтің  перспективалық жоспарларын, нақты іс-шаралар мен қажетті кадрлық жəне материалдық ресурстарды, сондай-ақ сапалық жəне сандық көрсеткіштерді əзірлеу мен енгізуді

4) тексерілетін объектілер бойынша жұмыстардың жылдық жəне жедел жоспарларын əзірлеу мен енгізуді;

5) инспекторлық  тексерулер жүргізуді;

6) талдама бақылаудың деректерін жəне мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпаратты жинауды, талдау мен пайдалануды;

7) мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері қызметінің перспективалық, жылдық жəне жедел жоспарларын есепке алуды, құжаттауды жəне олардың іске асырылуын талдауды;

8) мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері қызметінің ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз етуді қамтиды.

Қоршаған  ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи жəне энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, ұлттық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Мемлекеттік экологиялық бақылау арнайы лауазымды адамдармен жүзеге асырылады. Олар: лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшесінің басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы; лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшесі басшысының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары; лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшесінің басқарма бастықтары мен бастықтарының орынбасарлары жəне бөлім бастықтары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары; лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшесінің бас жəне жетекші мамандары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары; лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның аумақтық органдары бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары; лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның аумақтық органдары мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелерінің бастықтары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары; лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның аумақтық органдары мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелерінің бас жəне жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары; облыстық маңызы бар қалалардың жəне аудандардың мемлекеттік экологиялық инспекторлары жатады. Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерін барлық жеке жəне заңды тұлғалар орындауға міндетті жəне солар бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органға жəне (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағым жасауға болады. Демек, экологиялық бақылау осы саладағы құқықтық қатынастардың қатысушыларының іс-əрекеттерін реттейтін құқықтық норма, осы нормаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын құқықтық қатынастар, осы саладағы құқықтық қатынастардың субъектілерінің əрекеттерінен тұрады. Осы элементтердің əрқайсысының өз ерекшеліктері бар.

Информация о работе Қолданбалы экология немесе табиғатты қорғау