Қоршаған ортаға әсерді бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 15:08, курс лекций

Краткое описание

Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына әсері.

Содержание

I Кіріспе.............................................................................................................................
II Негізгі бөлім
Экологиялық қауіпті аймақтар
1 Адам тіршілігі үшін экологиялық қауіпті және қауіпсіз аймақтар...........................
2 Адам экологиясы және адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің қауіпті аймақтарға айналуы...........................................................................................................
3 Семей ядролық полигоны..............................................................................................
4 Каспий теңізінің экологиялық проблемасы.................................................................
5 Аралдың экологиялық проблемасы..............................................................................
6 Балқаш проблемасы........................................................................................................
7 Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы..............
Қорытынды.........................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Шадияр пактика.docx

— 65.52 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

4 Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте  зор. Сонымен қатар сол маңдағы  шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

  • экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
  • мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
  • осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
  • аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

Каспий теңізінің солтүстік  жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының  Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз  жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының  Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық  аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының  жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы  қандай екеніне көз жеткізу керек. Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге  дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары  мен теңізден бөлініп қалған көлдері  көп болды. Қай кездерде де осы  көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі  өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін. 1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл  су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық  батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының  балықшылары теңізге балық аулауға  шығатын кеме-қайықтарын Астрахань  облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы  «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге  шығатын болды. Бұрынғы теңіз  ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге  жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды. Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық зауытының қасынан Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, одан басын алатын Көкарна-Белужий-Трешкин, кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-Мальцев каналы, сонан кйін Ганюшкиннен Забурынға жететін жоғары жақпен Сурхан каналының желісі іске қосылды. Бұл каналдардың тұщы ағынды суы түгелдей каналдың төменгі желісімен бұрынғы арналар ізімен теңізге құятын болды және осы арналар ізімен суды теңізге жеткізетін Ленкоса, Мальцев, Жанбай-Дементьев каналдары да қазылды. Мысылы «Белужий» арнасы атына сай Белуга (қортпа балығы) балығының ішкі суға кіретін, уылдырық шашатын бұрынғы терең арна болатын. Бұл каналдар бойындағы жайылымдық жерлерге, малшыларға Еділдің тұшы суын жеткізіп қана қоймай, бұрынғы теңіз суы жайылатын көлдерге құйып, теңіз балықтарының көктемде уылдырық шашып, көбеюіне мыңдаған суды мекендейтін құстардың көбеюіне мыңдаған жол ашты. Мұның бәрі кешегі өткен кеңістік кезеңдегі теңіз жағасын мекендеген Құрманғазы ауданы жерінің келбеті еді.               Теңіз жағасының қазіргі жағдайы мүлде өзгерді. Аудандағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты өндіріс орындарының көбі жабылды. Аудан экономикасы төмендеді. Табиғаты қорғалмай, экологиясы бұзылды.Өткен 30 жыл ішінде каналдар бір де бір рет аршылмағасын, арналары бітелді. Қамыс, қоға, су балдырлары қаптап кетті, көпшілігін су жүрмейтін болып, құм басты. Теңізбен байланыс үзілді. Көлдерде тұрып қалған су бұзылып, мыс купросының ерітіндісіне айналды, зәрленді. Ауру таратудың көзіне айналды. Мыңдаған гектар шабындық, жайылымдық жер шөпшықпай, пайдаланудан қалды. Ауданға қарайтын батыстан-шығысқа ұзындығы 200км, терістіктен-түстікке150 километрге созылатын теңіз жағалауын нар қамыс, қоға басты, су арналары жойылды. Өзен суы теңізге жетпейді. Бірнеше жылғы ну орман болып шыққан қамыс, қоға, жыңғылдар 1974 жылдан бері өртелмегендіктен қурап, үйінді-шөгіндіге айналды, су балдырларымен қопаға айналып шіріді. Қопа үстінен қайталап шыққан биік қамыс-қоғалар жыртқыш қасқыр, қарсақ, түлкі, қамыс мысықтарының, борсықтын, күзен, жанат, қабандардың және кемірушілер-егеуқұйрық, тышқан, атжалмандардың тұрақты мекеніне айналды. Жылма-жыл олардың санының ұлғаюына сай жұқпалы да, қатерлі аурулар туу қаупі өсті. Мұнай ұңғымалары қамыс, қоға, қопа, балдыр үйіндішірінділердің ортасына орналасуда. Бұлар теңіз жағасының бұзылған ауасын одан сайын ластаса, екінші жағынан қураған қамыс мұнай көздерінің өртену қаупін туғызады. Аудан халқы үшін кәсіптік және күнкөрістік балық көзі-Каспий теңізінің балығы мен жер астының мұнайы. Оларды бұрынғы қалпына келтіріп, халық игілігіне айналдыру үшін төмендегідей шараларды шұғыл іске асыру қажет деп санаймыз: 1. Аудан жеріндегі каналдары қалпына келтіру, бітелген жерін аршып, қазып, Қиғаштын мол тұшы суын Каспий теңізіне құюын қамтамасыз ету керек. Ол үшін Сурхан каналының Қиғаш –Кобяков каналынан бастау алатын жеріндегі 15км жерін тереңдетіп қазған жөн. Онан кейін Кобяков-Жанбай-Забурын каналының бойындағы бұрын теңізге құятын Ленкоса каналын, Жанбай арнасын, Деменьтев каналдарының бітелген жерлерін қазып, кейбіреулерін теңізге қарай ұзартып, Шаронка суының осылар арқылы теңізге құюына мүмкіндік беруміз керек. Бұларды аршып, қазғаннан қандай пайда бар? Біріншіден, теңіз балықтарының үлкен-кішісі болмасын көктемде уылдырық шашу үшін үйірімен теңізді жағалап келіп, дағды бойынша өзен суы ағысына қарсы каналдармен жоғары өрлейді, көлдерге жайылған суға шығады, тұшы суда балық жақсы өседі. Мұның өзі аудандағы балық аулайтын колхоздар мен балық зауытының, кәсіпшіліктердің өркендеуіне, аудан экономикасын котеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қазіргі кезде Жайық өзенінің теңізге құяр тамағы тайыздалған. Жылдар бойы қазылмағандықтан балықтар Жайық бойына толық шыға алмайды. Біздің ауданның тұсындағы теңізге құятын негізгі арналар бітелген, балықтар кіре алмайды. Соның салдарынан балықтар көктемде үйірімен жоғырылайды. Кейде онан да асып Мақашқалаға қарай асады. Сондықтан да Каспий балығының өз жерімізде көбеюіне жағдай жасауымыз керек. Үшіншіден, Еділ-Қиғаш суы өте көп. Көктемде олардан келетін мол суды бұрынғы қазылған Каспий теңізіне жібермесек ең адымен аудан орталығы Ганюшкинді су басады. Селоны бірнеше жылдар бойы богет салып қана аман алып қалып отырмыз, ал биыл жағдай өте қауіпті. Су басса мыңдаған саман үйлер құлап, ел баспанасыз қалады. Төртіншіден, су келсе каналдар бойындағы көлдер жағасы мен жайылымдарға шөп шығады, егін егіледі, халықтың күнкөрісі, ауа райы жақсарады, табиғат түзіледі. 2. Теңіз жағасына жағалай шыққан, адам жүре алмайтын, ит тұмсығы өтпейтін, жүздеген гектар жерді алып жатқан қураған қамыс, қоғалар, қопаларды көктемде және күзде өртеу керек. Өйткені олар қопаланып шіріп, бұларды паналап жүрген сансыз көп жабайы аңдар мен тышқандардың сүйегінен улы заттар, газдар көбейіп, экология бұзылады, аурулар тарайды. Оның елге келтіріп отырған зияны көп. Сондықтан да қамыс, қоғаларды жылма-жыл өртесе жер тазарады, қажетті аралдар мен су өз арналарын табатын болады.Оны осы жерді игеріп, өнімін алып жатқан мұнай компаниялары жүзеге асыра алар еді. Ал бұған бақылауды облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, одан жоғары министрлік жургізуге тиісті.Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстары теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан экологиялық апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды шығармасақ, Каспийдің келешегіне де қауіп төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары ғана жүргізілуде. Осындай геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл қағылар жағдайдың қазір-ақ қалыптасып келе жатқанын аңғарды. Ең сорақысы – сол апаттардцың аяғы анықталмай, себебі сараланбай қалғандай. Аджип компаниясы азды-көпті айыппұл төлесе, бұл осымен іс тыңды деген сөз емес. Бізге “қара алтын” игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйіде сақтау жолындағы шараларды қолға алатын кез жетті. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұнығ арты табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта орналасқан Атырау облысы үшін үлкен қауіп. Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып, су басып кеткен аймақтарындағы ұңғымаларды жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. Аймақта үш басты экологиялық проблемасын атап өтуге тболады: 1. Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді. Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат қажет. 2. БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру. 3. Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы. Қазақстан Республикасының оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған. Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған ортаны қорғау компоненттеріне жасалған толыққанды мемлекеттік мониторингтің жоқтығы болып табылады. Теңіз көлігінің көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде теңіз ортасына, оның флорасы мен фаунасына әсері өрши түседі, ол жағалаудағы аймақтарға және сулы ортаға экологиялық мониторинг жүргізуді талап етеді. Каспий теңізі жағалауының 1350 км бақылаусыз қалып отыр. Қазіргі уақытта құрғақ жүктерден басқа жылына 5 млн мұнады тасу жүзеге асырылатын теңіз портының жұмысына тұрақты бақылау жетіспейді. Зертханалар мен инспекторлық құрамның көптігінен теңіз портының акваториында, сондай-ақ Каспий теңізінің қалған аумағындағы теңіз суының сапалы құрамына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жағдай жоқ. 3. Соңғы жылдары кәрі Каспийден мұнай өндіру мәселесі қатты қолға алынып жатыр. Мол байлық бірнеше шет ел алпауыттарын дедектетіп біздің республикамызға алып келгеніне де бірнеше жыл болды.      Кеңес үкіметін ойландырған бұрғылау кезіндегі теңіз экологиясын сақтау болатын. Оған Кеңес Одағының көзін жеткізу үшін халықаралық мұнай бірлестігі компаниясы мамандарды Мексика шығанағы мен Кариб теңізінің атырауында орналасқан мұнай бұрғылау алаңдарына апарып, сонда жіберілген крокодильдерді көрсеткен. Оның себебі мұнай араласқан ортаға ең төзіімсіз тіршілік – крокодильдер екен. Ал апарылған крокодильдер онда жақсы өсіп жатқан. Сол кезеңде АҚШ-тың КСРО-дан Каспий теңізінің су асты алқабын сатуды қолқалағаны белгілі. Алайда кеңес үкіметі бұған келіспеді. Бірақ сол дәуәрде де теңіз асты мұнайын өндіру жөнінде әңгімелер болды. Оған екі жақтың космостан түсірілген бейнематериалдарындағы мұнай белгілері дәнекер болса керек. Алайда негізгі келісімшарт Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін басталды. Теңіз астын геологиялық-геофизикалық зерттеу жөніндегі «Қазақстан-Каспийшельф» компаниясын құру туоалы қаулы 1993 жылдың 13 ақпанында дүниеге келді. Сол жылдың 3 желтоқсанында бұл компания халықаралық консорциум болып қайта құрылды. Қазақстан шельфінің теңіз асты қайраңының Атырау-Маңғыстау облыстарының жерінде жатқаны белгілі. Ал бұл екі облыстың шекарасы құрлық бойындағы шекалармен тұтас келеді. Сейсмикалық барлау жұмыстарының жүргізілуіне 1994 жылдың тамыз айында Ақтауға «Вестерн Джеофизикалдың» келуі айтарлықтай роль атқарды. Осы жерде сейсмикалық жұмыстардың атқарылу нәтижелерін сараптау мақсатында есептеу орталықтары құрылды. Ол әуелі Атырауда, кейін Алматыда дүниеге келді. Сол кездегі тағы бір өзгеріс – 1995 жылы «Каспийшельф» компаниясының «Қазақстанкаспийшельф» акционерлік қоғамы болып қайта құрылуы еді. Мұның өзі біздің ел үшін билік тұтқасына ие болуға жол ашатындай көрінді. Алайда ол Қазақстанды жай алдау ғана болып шықты. Біртіндеп ол өзге компаниялардың қолына көше бастады.    Оған Қазақстанның бұл консорциумға қаражат қоспауы да әсер етті. Былайша айтқанда ол – Қазақстан экономикасының ең басты көзі. Осыдан он жыл бұрынғы сараптама-салыстыруларға қарағанда Қазақстан мұнайының негізгі қоры теңіз астында болып отыр. Есепші экономистердің пайымдауынша қайраңның Қазақстан жақ бөлігіндегі мұнайдың қоры бүкіл Қазақстандағы мұнай қорының тең жартысындай деп жорамалдаған болса, қазір шельфтегі мұнай қорының ондай болжамнан әлдеқайда көп екендігі анықталып отыр. Олай деліну себебі Батыс Қашағанды қазғанда теңізасты мұнай қоры 7 млрд тонна делінсе, Шығыс Қашағанды қазғанда оның мөлшері 50 млрд-қа артып кетті. Ал қазір 6 алаң зерттелуде. Атырау экологтарының анықтамаларына қарағанда жер асты дүмпулерінен теңіз тіршіліктері үнемі зақымдалып отырған. Оның шындығын кейінгі кезең толық дәлелді. Экваториялық өзгешеліктерін де естен шығаруға болмайды. Бұл жерде Кариб өңіріндегі әдістерді қолдану да тиімсіз. Демек Каспий астынан мұнай өңдірген кезде өзге теңіздердегі әдістерді басшылыққа алудың пайда бермесі хақ. Алайда шетелдік компанияларға теңіз тіршілігінің жойылуы ешқандай әсер етпейді. Себебі Қазақстанның табиғаты олар үшін көк тиын. Өткен жылдың шілде айында БҰҰ-ның шешімімен бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мараторий жарияланды. Қара уылдырықты экспорттауға да рұқсат етілмеді. «Атырау балық» бірлестігінің тоңазытқыш цехында 4 тонна уылдырық қалды. Ал сол уылдырықтың Америкадағы құны 14 млн доллар. Қысқасы, қазір теңіз тіршілігіне қатер төнуде. Балық қоры мүлдем азайды. Оны броконьерлерден көреді. Олар бір-бір ұшқыр моторларға мініп алып, балық сақшыларын маңайлатпай кетеді дейді. Мемлекеттік қорықшылар сондай ұшқыр кемелерге неге мінбейді? Балық инспекторларының тікұшақтар алуына да мүмкіншіліктері де бар. Осы тұрғыдан алғанда қызыл балықтарды броконьерлер тауысып жатыр деген пікір – алдамшы сөз. Биылғы бозторғайлардың қырылуына да броконьерлер кінәлі ме? Жоқ, оның бір ғана себебі бар, ол – Батыс, Шығыс Қашағанды қазу кезіндегі теңізге жіберілген лай су, ыссы фонтан, жер астынан атылған инертті газ. Нәтижесінде теңіз тіршілігі қырғыеға ұшырауда. Оны басшылар көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болады. Әрине, мұнай керек, бірақ теңіз табиғаты құрыса, ол байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі қалай болғанда да жойылуға тиісті емес.[4]

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Аралдың экологиялық проблемасы

Бұл проблеманың тууына себепші  болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жьылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.             Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.[5]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 Балқаш проблемасы

Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.[6]

7 Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

Ауаға шығатын улы заттардың  концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.         Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру). [7]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда, кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. . Себебі, адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.         Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне айнала бастады. Сол себепті де экология және саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талқылауда.

Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды  қалай шешудің жолдарын қарастыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 1. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану». Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.

2. «Экология негіздері». Ғ. Сағымбаев.

3. Экология. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.

4. «Денсаулық» журналы.

5. «Экология» Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева.

 

 


Информация о работе Қоршаған ортаға әсерді бақылау