Қоршаған ортаны қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 19:06, реферат

Краткое описание

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

Содержание

І Кіріспе
Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы___3-6
ІІ Негізгі бөлім:
1.Республикамыздың орман қоры____________________________6-7
2. Орманның азып-тозуы____________________________________7-10
3. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы__________________10-11
ІІІ Қорытынды___________________________________________12
Пайдаланылған әдебиеттер:__________________________________13

Вложенные файлы: 1 файл

JANAR APAI.doc

— 91.50 Кб (Скачать файл)

Облысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына  келтіру жағдайы әлі де болса  баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.

Қала ішінің таза ауасы  мол болуы үшін қала көліктері  электр қуатымен жүретін трамвай  мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.

Облыс орталығы әр аудан  орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың  екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.

Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.

 

 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

    

Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды  ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
  2. «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап
  3. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.

Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті  тиімді пайдаланайық» атты мақаласы

 

 


Информация о работе Қоршаған ортаны қорғау