Қоршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 18:07, реферат

Краткое описание

Қытай Халық Республикасымен бірлесіп су тұтынуды, су бөлуді нормалау, су ресурстары сапасы, су үнемдеуші технологиялар, су пайдалануды оңтайландыру мәселелері жөніндегі екі елде бар материалдарды зерттеу мен зерделеу;
Қазақстанның құмды шөлейттерінде тегістелу үдерістердің қарқындылығын зерттеу және олардың дамуының неғұрлым қауіпті аудандарын анықтау;

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Мониторинг.
2.2. Сел құбылыстарының түрлі әсерлері.
2. 3 . Қоршаған орта сапасының стандарттарын және нормативтерін жетілдіру
III. Қорытынды
IV. Әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

СОЖ Экология Коршаган орта жагдайын багалау критерилери жане адистери.docx

— 35.25 Кб (Скачать файл)

Семей мемлекеттік медицина университеті

Жалпы гигиена және эпидемиология  кафедрасы

 

Кафедра меңгерушісі : Токанова Ш. Е

 

 

 

СӨЖ

 

Формасы: Реферат

Тақырыбы: «Қоршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері»

Пән:  Экология және тұрақты даму

 

Орындаған: Гатина З. Р.

ЖМФ 110 – топ

Тексерген: Сатпаева Р.Ж.

 

 

Семей 2010 жыл

Жоспар:

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
    1. Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Мониторинг.
    1. Сел құбылыстарының түрлі әсерлері.

2. 3 . Қоршаған орта сапасының стандарттарын және нормативтерін жетілдіру

    1. Қорытынды
    2. Әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

Соңғы жылдары республикада қоршаған ортаның жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми зерттеулердің едәуір көлемі орындалған, оның сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдар әзірленген. Келесі кезеңде орындалған ғылыми – зерттеулер нәтижесінде ұсынылған  ұсынымдарды тәжірибелік енгізу жөніндегі жұмыстарды өткізумен қатар бұл салада зерттеулерді орындауды жалғастыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының сапасы туралы ұлттық баяндаманы дайындау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет, бұл мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми, қоғамдық ұйымдарды және халықты қоршаған ортаның сапасы туралы объективтік, ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Орнықты даму республикада аумақтық деңгейде тек қана әкімшілік-аумақтық бөлу субъектілері шеңберінде жүзеге асырылмайтындығына байланысты Орал-Каспий орнықты даму аймағы мысалында жеті экожүйелік аймақты құрудың ғылыми негіздемесін әзірлеу көзделіп отыр.

Су ресурстары жай-күйін зерттеу және қорғау саласындағы жұмыстар мыналарды қосатын болады:

Қазақстан Республикасының  жер беті суларының жай-күйін, қорғауды және пайдалануды талдау;

экожүйеге биологиялық толыққанды суларды қайтарумен өнеркәсіптік және тұрмыстық сарқынды суларды тазарту үшін цеолитті фоторезонансты биобелсендіру қондырғысын әзірлеу;

ағынды және коллекторлық-кәріздік суларды зерттеу және оларды тиімді тазарту және суаруға қайталама пайдалану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

Қытай Халық Республикасымен  бірлесіп су тұтынуды, су бөлуді нормалау, су ресурстары сапасы, су үнемдеуші технологиялар, су пайдалануды оңтайландыру мәселелері жөніндегі екі елде бар материалдарды зерттеу мен зерделеу;

Қазақстанның құмды шөлейттерінде  тегістелу үдерістердің қарқындылығын зерттеу және олардың дамуының неғұрлым қауіпті аудандарын анықтау;

 

 

 

 

II. Негізгі бөлім

 

2.1. Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Мониторинг.

Ортаның жағдайын бағалау  және есепке алу әдістеріне метеорологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сиптын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау және тағы басқалары жатады.Қазіргі кезде осы әдістердің ішінде практикалық маңыздылығы жағынан мониторингке ерекше көңіл бөлінеді.

Экологиялық мониторинг. Мониторинг – биосфера немесе оның жеке бөліктерінің, элементтерінің жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың комплексті жүйесі. Мониторингте биосфераның жағдайы  геофизикалық, физико – географиялық, геохимиялық және биологиялық көрсеткіштері  бойынша сипатталады. Мысалы, биологиялық  мониторинг қоршаған ортаның функционалдық  және құрылымдық биологиялық белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін.

Мониторинг қызметінде дистанционды және автоматтық бақылау әдістерінің  рөлі артып келеді. Мониторинг жүйесі ақпараттық болып табылады, оның міндетіне қоршаған табиғи ортаның сапасын басқару кірмейді.

Қазақстан Республикасының  табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жүйесінде жаңа бөлім – экологиялық мониторинг басқармасы ашылды. Бұл бөлім қоршаған ортаның мониторингінде мемлекеттік  басқару жұмыстарын жүргізеді. Бұрын  бұл жұмысты ауа райын болжау, ауыл шаруашылығы министрлігі, денсаулық  сақтау министрлігі, өндіріс орындары, ғылыми – зерттеу институттары жүргізіп келген, ол тікелей экологиялық мекемелердің міндеті емес еді. Олар әр түрлі әдістермен, әдетте ескі құрал – жабдықтармен жүргізіліп келді. Оны құрудағы мақсат – орындаушы органдар мен халықты  объективті экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету. Біртұтас қоршаған орта объектілерінің жағдайының біртұтас мемлекеттік  мониторингін жасау қажет.

Бұл жұмыстың бірінші кезеңінде  орындалатындары – табиғат ресурстарының  мемлекеттік кадастрын жүргізу, қоршаған ортаны ластау көздері мен  ластанған бөліктерін, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу.

Біздің республикамыздың пайдалы қазбаларының Мемлекеттік  кадастрлары жасала бастады.

Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтарды көму және шайынды суларды  жіберудің мемлекеттік кадастрларын жасау бекітілген.

Экологиялық мониторинг жүргізу  үшін төмендегі кадастрлар тізімі жасалған:

  1. Атмосфераны ластаушы көздердің кадастры.
  2. Суды ластаушы көздердің кадастры.
  3. Шайынды суларды жіберу кадастры.
  4. Техногенді ластанған учаскелердің кадастры.
  5. Техногенді қалдықтардың кадастры.
  6. Радиоактивті қалдықтардың кадастры.
  7. Жоғары улы қалдықтардың кадастры.
  8. Зиянды заттарды көму кадастры.
  9. Тұрмыстық қалдықтардың кадастры.
  10. Зиянды элементтердің концентрациясы жоғары табиғи геохимиялық аномалиялар кадастры.
  11. Табиғи радиоактивті аномалиялар кадастры.
  12. Экологиялық қалыпты қызмет түрлерінің тізімі.
  13. Потенциялды қауіпті химиялық заттардың кадастры.
  14. Республиканың әкімшілік облыстары бойынша жалпы мемлекеттік кадастры.
  15. Қ. Р – ның біртұтас жиынтық мемлекеттік кадастры.

Қазіргі кезде Қазақстанда  мониторинг жүргізуде ерекше көңіл  аударылатын мәселелер:

  1. Мұнай өндіру қызметінің нәтижесінде мұнаймен ластану.
  2. Магистралды су жүйелерінің – Ертіс, Сырдария, Нұра, Оралдың суының ластануы.
  3. Ірі өндіріс орталықтарында – Алматы, Лениногорск, Өскеменде ауаның ластануы.
  4. Радиоактивті газ – радон көп бөлінетін территориялар.
  5. Семей аймағы мен басқа да жарылыстар жүргізілген жерлердегі радионуклидтермен ластанған территориялар.
  6. Қазақстанның Оңтүстігіндегі жер асты суларының  радионуклидтермен табиғи ластануы.
  7. Қазақстанның Оңтүстік, батыс және солтүстік бөлігіндегі ауыл шаруашылық жерлерінің пестицидтермен ластануы.
  8. Солтүстік және орталық Қазақстанның, әсіресе, Ақмола облысының табиғи геохимиялық ластануы.
  9. Оңтүстік Қазақстандағы шөлдену мен жерлердің деградациясы.
  10. Аурулар картасын жасау мен құрастыру.

Нәтижесінде әр облыстың экологиялық  атласын жасау қажет.

Жергілікті мониторинг әдетте қандайда бір интенсивті антропогенді қысымға ұшыраған жекелеген объектілерге қатысты болады. Оларға орман, су, тау  және т.б жатады.

Пайдаланатын әдістері бойынша  – космостық, авиациялық, жер беті мониторингі, ал зерттеу әдістері бойынша  – химиялық, физикалық, биологиялық  және басқалар болып бөлінеді.

Аймақтық мониторинг –  көршілес табиғат жағдайларынан  ерекшеленетін үлкен кеңістікті алып жатқан аудандар мониторингі.

 

2.2. Сел құбылыстарының  түрлі әсерлері.

 

Сел құбылыстарының халыққа тигізетін әсері медициналық, биологиялық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық сияқты кешенді критерийлермен бағалануы мүмкін және бағалануда. Құбылыстардың халыққа тигізетін әсерін бағалаған кезде аумақтың (қала агломерациясының, өнеркәсіптік аудандардың), халық тығыздығының, әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың сипаттамасын ескеру қажет болады. Халыққа әсер ететін әсерлер кластары мынадай түрде болуы мүмкін.

1-класс: сел құбылыстары адам  өмірі үшін қауіпті емес, медициналық-биологиялық, санитарлық-гигиеналық жағдайларға елеулі өзгерістер енгізбейді, моральдық-психикалық жағдайсыздық, тіршілік деңгейінің, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуін туғызбайды, яғни әсерлер класы қалыпты деңгейде болады да, зардаптары айтарлықтай

болмайды.  .

2-класс: тіршіліктің рауалы қауіп - қатері, денсаулық үшін трагедиялық зардаптары жоқ тіршілік іс-әрскеті жағдайларының уақытша нашарлауы, әлеуметтік мәртебенің өзгеруін туғызбайтын табыстардың біршама азаюы, селдің кері әсері тоқтаған кезде жойылатын өткінші үрейдің болуы - бұл қауіп-қатердің рауалы шегіңдегі әсерлердің класы.

З-класс: жеткілікті мөлшерде адам өлімімен, көптеген жарақат алғандардың болуымен жалғасатын, адам өмірі жағдайларының елеулі нашарлауын, өзімен бірге халықтың көпшілік бөлігінің туған жерін ауыстыруын және жұмыс орынын жоғалтуын, әлеуметтік қауырттылық моральдық-психологиялық жағдайдың елеулі төмендеуін туғызып, айтарлықтай материалдық зиян келтіретін сел тасқындары әсерінің класы; мемлекет деңгейіңде сырттан елеулі көмек алған жағдайда ғана селдің зардабын жою және халықтың селге дейінгі тіршілік әрекетінің жағдайларын қалпына келтіру мүмкін болатын дағдарыстық әсерлер мен зардаптардың класы.

4-класс: селдердің әсері көптеген құрбандықтарға себепші болады, тіршілік пен еңбек жағдайларының өзгеруі соншалықты күшті болады да, халықтың жаппай қоныс аударуын, көңіл күйінің басылуын және шарасыз қалуын туғызады, бұрынғы әлеуметтік-экономикалық деңгейді қалпына кетіру мүмкін болмайды.

Экосфераны құрайтын реципиенттер (зоосфера, фитосфера, гидросфера, педосфера) үшін мынадай кластарды бөлуге болады.

1-класс: экологиялық қалыптың, өнімділік пен орнықтылықтың тікелей көрсеткіштерінің елеулі азаюынсыз ортаның қанағаттанарлық жайын сақтаудың (жердің нашарлауы 5%-дан аз, өсер ШРШ-дан кем) класы.

2-класс: әсердің рауалы шегі экожүйенің жайын бағалайтын тура критерийлер ШРШ-нен немесе көрініс мәнінен аз ғана жоғарылау болатын кезіңдегі ортаның жай-күйінің шартты түрде қанағаттанарлық болуының класы, ал экожүйенің өзі өнімділігі мен орнықтылығының төмендеуімен сипатталады да, әрі қарай өз ішінде нашарлауы байқалады, бірақ қайтымы бар бұзылуда ғана (5 тен 20 %-ға дейін) болады.

З-класс: экожүйенің жағдайын бағалайтын тура критерийлер ШРШ- нен немесе фондық мөлшерден айтарлықтай болып, ал экожуйелердің өздері жердің нашарлауы 50%-дан астам болып, өнімділігімен орнықтылығын толық жоғалтуымен сипаrгалатын экологиялық ортаның, дағдарыстық қанағаттанғысыз немесе қолайсыз жағдайын көрсететін аумағайым әсерлер класы.

4-класс: экожүйенің жайын бағалайтын тура критерийлердің ШРШ - нан немесе фоналық ондаған есе жоғары болатын кезінде экологиялық ортаның апатты әсерінің және апатты жағдайының класы, ал экожүйелердің өздері өнімділігі мен орнықтылығын түгелдей жоғалтуымен, іс жузінде зардаптардың орынын қалпына келтіруге болмайтындығымен сипапалады (жердің нашарлауы 50 %-дан асып түседі).

Әсерлерді бағалаудың критерийлері, яғни олар тyындатaтын зардаптарды әр түрлі кластарға жатқызу нормативтік құжаттарға ("қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптау туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп, өндіру және пайдалану туралы", "Жер туралы", сондай-ақ "Орман кодексі", "Су кодексі" туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қ.Р МК-ның нормативтік актілері, қаулылары, мемлекеттік стандарттар (ГОСТ), салалық (ОСТ), кәсіпорындар стандарттары туралы Президент Жарлығы негізделуі керек. Кейінгі уақытта Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымның (ИСО немесе JSO) әзірлеген халықаралық стандарттар (JSO-14000) кеңінен таралуда. Әр реципиентке арналған сел құбылыстарының әсерлері мен негативтік зардаптарының өз жіктеуші критерийлері болуы керек.

Сел құбылыстарының халыққа тигізетін негативтік әсерлерін бағалау үшін оның өміріне қауіп тудырмайтын жайлылықты елеулі төмендетуге әкеп соқпайтын аздаған әсерлерді көрсететін критерийлер емес, керісінше, оның салауатты тұрмыс қалпын, моральдық-психологиялық тыныштық райын анықтайтын критерийлер; халықтың өз ресурстары арқылы қалпына келетін адам шығындары болуымен елеулі, бірақ тұрмыс пен еңбек жағдайларын қысқа уақытқа ғана нашарлатуымен байланысты зардаптарды көрсететін критерийлер; халық өмірінің жөн-жосығына, тұрмыс қалпына және тұрған орынына елеулі өзгерістер, әлеуметтік қопарылыстарды, бірақ сырттан туғызатын алмағайып деп бағаланатын ахуалдар критерийлері; сел тасқыны болатын зонада адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының қалыпты деңгейге дейін қалпына келтіруге болмайтын апатқа әкеп соғатын әсер деп бағалануы мүмкіндігін көрсететін критерийлер анықалуы мүмкін.

Информация о работе Қоршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері