Қоршаған орта жағдайы. Адамның тұрмыс салты мен денсаулығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 15:38, контрольная работа

Краткое описание

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор.

Содержание

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы
2. Адам экологиясы туралы түсінік
3. Адам денсаулығы және қоршаған орта
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

айко.doc

— 66.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

Тақырыбы: Қоршаған орта жағдайы. Адамның тұрмыс салты мен денсаулығы.

 

 

 

 

 

 

                                                  Орындаған:

                                                Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2013 жыл

ЖОСПАР:

 

 

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы

2. Адам экологиясы туралы түсінік

3. Адам денсаулығы және қоршаған орта

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        І. Кіріспе

   Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

  Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауында еліміздің қуат көздері ресурстарын әлемдік рынок деңгейіне жеткізудің, мұнай-газ кешендерін осы заманғы инженерлік озық үлгілермен байытудың және  халықаралық стандартқа сай қоршаған ортаны қорғаудың  маңыздылығы айрықша атап көрсетілген.

Ғалымдардың зертеулеріне қарағанда, адамдардың  денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар өте көп. Соларды талдағанда, сол факторлардың 50-52 пайызы өмір сүру салтына, 20-25 пайызы тұқым қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болатынын  анықтаған.

Халықтың денсаулығының  нашарлауына және демографиялық  көрсеткіштердің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептердің ішінде климаттық, жағырапиялық, әлеуметтік, экономикалық ахуалдармен қатар, экологиялық қолайсыздықтар да ерекше орын алады.

Қазіргі кезде жер  шарының көптеген аймақтарында табиғатты  бүлдіріп, адамның өмір сүруіне қауіп  төндіретін зиянды әрекеттер көбейді. Жер бетінде тұтас экологиялық апат аймақтары пайда болды.

Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда қоршаған орта қатты ластануда. Осы бүлінген қоршаған ортада адам ағзасына  залалды заттар молайды. Мұндай кеселді заттар қан және лимфа айналымын бұзып, адам өміріне қауып төндіреді.

Әрине, мұны көпшілігіміз елей бермейміз. Қоршаған ортаны бүлдіруден түбінде үлкен зардап шегетінімізді  ескермейміз. Ластанған ауа мен  су біздің ағзамызға ас қорыту жолдары  және тыныс алу мүшелері арқылы енеді.  Залалданған топырақ пен бүлінген ауа аса қауіпті. Жер асты  сулары тамаққа тұтынылады. Жерден жаңа өнім жиналады. Егер жер алқаптары қатты бүлінсе,  ауыл шаруашылық мақсаттарға пайдалануға мүлде жарамай қалуы әбден мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы

   Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды  алаңдатуда. Ал Кеңес дәуірінен «қомақты экологиялық мұраға ие болып қалған» Қазақстан үшін бұл ең өзекті мәселе.

2002 жылы Иоханнесбургте  өткен Тұрақты даму жөнінідегі  әлемдік саммиттесөз сөйлеген  Елбасымыз Кеңес Одағы тоқырауға  ұшырағаннан кейін, Қазақстанның  түрлі экологиялық, саяси, экологиялық  проблемалар ортасында жалғаздан-жалғыз қалғандығын айта келе, бір ұрпақтың көз алдында «ғайып болған» Аралтеңізі мен есепсіз жасалған ядролық сынақтардан тоз-тоз болған аумақтарға әлем назарын аударды.

БҰҰ мемлекеттік хатшысы  Кофи Аннен Қазақстанға келген кезінде  Президент  Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қорға БҰҰ институтының мәртебесін беру туралы ұсыныс жасады. Арал аймағындағы экологиялық проблемалардың біршама бөлігін шешу мәселелері бүгінгі Арал  жөніндегі халықаралық ұйымның араласуымен жасалған 2002-2010 жылдарға арналған Арал теңізі бассейніндегі экологиялық, әлеуметтік-экологиялық ахуалды  жақсарту жөніндегі нақты іс-шаралар бағдарламасына енгізілді. Бағдарламада тұрғындар денсаулығын жақсарту, олардың тұрмыс деңгейін көтеру, суға, жерге және басқа табиғи ресурстарға деген тиесілі үлестеріне қол жеткізуін, білім мен мәдениетті дамыту үмін несиемен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қарастырады.

Арал экологиялық апат аймағында тұратын халықтық  денсаулығы өте нашар. Жекелеген аудандарда, мысалы әйелдердің қаназдық ауруы 90 пайызды құрайды, ана мен бала өлімі көп. Осыларды ескеріп, біз Қызылорда қаласынан қоршаған ортаны қорғау және халық денсаулығы мониторингі орталығын аштық.

Ал Семей ядролық  сынақ айлағына қатысты айтар  болсақ, осы жылы бюджет қаражаты есебінен шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы радиоэкологиялық ахуалды бағалау жөніндегі жұмыстар аяқталады.

Біз үшін экологиялық  проблемалардың жаңа нүктесіне айналып  отырған  Каспий теңізіндегі техногендік апаттар мен ластанулар көмірсулы ресурстардың қомақты көлемде игерілуімен байланысты. Мұнай өндіру мен оны  тасымалдауда болатын апаттар шетелдік компаниялардың жүргізілген жұмыстарының  толық экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын еместігін көрсетеді. Осы және бұдан басқа да бірқатар мәселелердің алдағы уақытта шешімін табуы үшін біз Президент бекіткен 2003-2005 жылдарға арналған Каспий теңізі қайраңының  қазақстандық бөлігінигеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгіздік.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Каспий экологиясы бойынша бірінші халықаралық конференция өткізілді. Каспий теңізінің экологиясын қорғау жөніндегі  шектеулі конференцияның жобасы жасалып,  оны барлық Каспий маңындағы мемлекеттермен келісу барысында алдын ала үлкен жұмыстар жүргізілді. Бес мемлекеттің  төртеуі: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Иран 14 қарашада Тегеран қаласында аталған коференцияға қол қойды.      Ал Түркменстан кейінірек қосылмақ. Шектеулі конференцияда тараптардың міндеттіліктері, Каспий теңізі  ресурстарын пайдалануда қоршаған ортаға зиян тигізбеу,  оны қорғау, сақтау жөніндегі қажетті шараларды дербес және бірлесіп қабылдау қарастырылады. Бұрынғы Кеңес одағы кезінен мұнаы-газ кешендері, жылу электір станциялары, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсіптері, сондай-ақ иесіз ұңғымалар, шахталар мен кен орындары, әскери сынақ полигондары, т.б. секілді тарихи ластанулар да өз алдына бөлек мәселе. Қазіргі уақытта елімізде20 миллиардтан астам өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Оның ішінде 237 миллионы-радиоактивтік қалдықтар, 6,7 миллион – улы қалдықтар. Осы тарихи ластану ошақтарын жою республикалық бюджет есебінен қазіргі күннен-ақ қолға алынуда, болашақта бұл шара дұрыс жолға қойылады деген сенімдеміз.

Еліміздегі экологиялық  ахуалға әскери сынақ айлақтары  да зиянды зардаптарын тигізуге. Бұрын Қазақстан аумағында ірі-ірі 14 әскери сынақ айлағы жұмыс істесе, қазір соның төртеуі қалды. Сынақ жүргізу кезінде,  ракета ұшырылған уақытта,  сондай-ақ ракеталардың жерге құлаған түрлі бөліктерінен өте улы заттар ауаға таралатыны белгілі.

Үстіміздегі жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы территориясының ракета-космос қызметінен бүлінген учаскелерінің экологиялық ахуалының мониторингі» бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады,  сондай-ақ «Капустин яр» әскери сынақ айлағының аумағын зерттеу бағдарламасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Қалаларда, әсіресе, өнеркәсіп, өндіріс орындары бар қалаларда  ауа атмосферасының  ластануынан экологиялық қауіп деңгейі артып отыр. Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау секілді қалалар сол бұрынғы ластанған күйлерінде. Ал қоршаған ортаны ластаушы-қазандықтарға айналып отырған ең ірі өндіріс бірлестіктері: «Балқаштүстіметалл комбинаты» , «Востокказмет» филиалының «Мыс-химия комбинаты» және «Қазақмыс» корпорациясы. Мұндай кәсіпорындарға министрлік тарапынан тиісті шаралар қолданылуда.

Еліміздегі экологиялық  нүктелердің енді бірі-зиянды қоқыстар тастап, қалдық сулар жіберуден ластанған  су көздері. Бірінші кезекте Ертіс  өзені мен Ертіс бассейнінің басқа да өзендері тұр. Бұдан кейін ластанған су көздерінің қатарына Іле, Елек, Нұра,Сырдария, Шу өзендері мен  Самарқанд су қоймасы кіреді. Экология саласында осы ретпен арнайы тоқталуды талап ететін орманды, сулы-батпақты жерлерді, сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау, т.б. секілді сан түрлі проблемалар көп-ақ.

Осы ретте экономикасы, қоғамдық сананы және ұлттық заңдылықты айқындайды. Экономиканы экологияландыруда  экономиканың барлық саласындағы экологиялық  фактор интеграциясының экономикалық құрал-саймандарын енгізу ойластырылады. Бұл дегеніміз, өнеркәсіпті,ауыл шаруашылығының дамытудың кез келген бағдарламалары мен жобаларының, өндіріс күштерін орналастыру тәсімдерін қала құрылысы жобаларды әзірлеуде міндетті түрде олардың қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау мәселелері қарастырылатындығын аңғартады.

Қоршаған ортаны қорғау  жөніндегі нақты шаралар қазірдің өзінде 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының индустриалдық-иновациялық дамыту стратегиясына, 2006 жылға арналған Үкімет бағдарламасына, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекетік бағдарламсына, 2004 және 2010 жылдарға арналған ҚР-ның ауылдық аумағын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Бұл бізді қуантады, өйткені бұрын мұндай проблемалар аталған бағдарламада мүлде болмайтын.  Қоғамды экологияландыру, немесе, басқаша айтқанда, әлеуметтік экологияның көздейтін мақсаты, бір жағынан , адамдардың табиғат тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады. Яғни қоршаған ортаны қорғау дегеніміз — әр азаматтың құқықы мен міндеті.

 

                              2. Адам экологиясы туралы түсінік

Адам экологиясының  пайда болуы туралы түсінік. Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы  мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХғ. өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін. Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптасқан экологиялық мәселелерге бақылау жасау, баға беру және толық кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Кезіндегі «Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «нооэкология» ұғымына айналды. Ноэкологияны грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой, адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді. Ал, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толықтырушы, күрделі байланыстағы – географиялық орта – табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын В. И. Вернадский – «ноосфера» деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына,дамуына байланысты ноосфера – нооэкология деп орынды аталып жүр. Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады. Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді. Адамдарға табиғи ортадан басқа әлеуметтік – мәдениеттілік ортасы да қажет. Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы болмайды. Осының нәтижесінде экология және мәдениет проблемасы пайда болды. Біздің түсінігіміздегі жақсы және жаман деген идеяларымыз адамгершілік негізіне жатады. Бұл жердегі адамгершілік принцпінің өзі құқықтық заңдармен, халықаралық құқықтармен негізделген. Бұның өзі экология және құқық арасындағы байланысқа жатады. Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне айнала бастады. Сол себепті де экология және саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талқылауда. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды қалай шешудің жолдарын қарастыруда. Табиғи ресурстарды тиімді паидаланудың келесі жолы рекрацияға пайдалану. Бұл проблемамен рекрациялық экология айналысуда. Егер жалпы жүйелі құрылымдық әдіспен айтатын болсақ, олардың арасындағы жүйелі байланысты «адам – қоғам - табиғат» деп айтуға болады. Әдістің негізін түсіндіру үшін екі мысал келтірейік. 1-ші мысалда толығымен адамзатты, 2-ші мысалда жеке тұлғаның табиғатқа деген көзқарасын қарастырамыз. 1972 жылғы «Рим клубының» өтініші бойынша Масачусет технология институтының Д. Медоуз басқарған бір топ ғалымдары дүниенің даму мүмкіншілігін зерттеді. Олар имитациялық ғаламдық модельді ойлап шығарды. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтың атынан негізгі әсер етуші бағдарлама болып есептеледі. Біз қарастырып өткен жүйелі құрылымдық әдіс қазіргі кездегі адам экологиясындағы көптеген зерттеу әдістерінің бірі. Соңғы кездердегі қолданып жүрген әдістердің бірі – көпдеңгейлі шкала және динамикалық классификация. Көпдеңгейлі шкаланың негізі – қоршаған ортаның ерекшелігі – ондағы адамға көпдеңгейлі әсер етудің нәтижесіндегі мінез-құлық. Осындай ұдайы өзгеріс орта факторын тиянақты, тыңғылықты классификациялауда қиындық туғызады. Бұларды ұдайы анықтап отыратын әдіс – динамикалық классификация әдісі. Себебі осылар жоғарғы оқу орнындағы студенттер үшін арнайы оқытылатын курстың негізі болып табылады. Бұл пәнді игеруде өте терең білім қажет – ол үшін математиканы, физиканы, химияны, биологияны жақсы білу керек. Бұл пәндерге де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары мемлекеттік стандарттарына сәйкес көңіл бөлініп, белгіленген мөлшерде сағат бөлінеді.

Информация о работе Қоршаған орта жағдайы. Адамның тұрмыс салты мен денсаулығы