Ақша ағымдарын жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 23:07, курсовая работа

Краткое описание

Ақшалай ағымның бағалануы көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Акша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны.......................5
1.2 Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі.....................................................10

2 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ
2.1 Ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер...................................13
2.2 Компаниядағы ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы басқару жолдарын жетілдіру..............................................................................................20


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

1 А-ша а-ымдарын жоспарлауды- теориялы- негіздері.doc

— 175.00 Кб (Скачать файл)



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инвестициялық  жобаның  бұл  бөлімінің  көлемді  және  еңбек  сыйымдылығы  жоғары.  Бұл  мәселені  түпкілікті  қарастыруға  жекелеген  тауарлар  арналады.  Қаржылық  талдаудың  өзара  байланысты  мәселелер  кешенін  қарастырайық.  Инвестициялық  жобалаудың  қаржылық  бөлімінің  жалпы  нұсқасы  қарапайым  тізбекке  негізделген;

1.Кәсіпорынның  қызметінің  соңғы  3  жыл  ішіндегі  қаржылық  жағдайына  талдау  жасау;

2.Инвестициялық  жобаны  дайындау  кезеңіндегі  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайына  талдау  жасау;

3.Негізгі  өнім  өндірісінің  залалсыздығына  талдау  жасау;

4.Инвестициялық  жобаны  жүзеге  асыру  барысындағы   пайда  мен  ақша  ағымдарын   болжамдау;

5.Инвестициялық  жобаның   тиімділік  бағасы;

Кәсіпорынның  бұдан  бұрынғы  қызметі  мен  ағымдағы  жағдайына  қаржылық  талдау  жасау  әдетте  кәсіпорынның  пайдалылығы  мен  оның  басқару  тиімділігін,  несие  қабілеттілігін,  өтемпаздығын  көрсететін  негізгі  қаржылық  коэффициенттерінің  интерпретациясы  мен  есептеулеріне  келтіріледі.  Әдетте  бұл қиындық туғызбайды.  Қаржылық  бөлімде кәсіпорынның  өткен жылдарындағы  негізгі қаржылық  есебін  беру  және  негізгі көрсеткіштерді  салыстыру аса қажет.  Егер  инвестициялық жоба  батыстық стратегиялық  инвесторды  тарту үшін  дайындалса,  онда  қаржылық  есепті  беруін  инвесторды  тартқан  батыс  мемлекеттің  форматтарына  келтіру  керек [11].

Шығынсыздықты  талдау  негізгі  өнімдерді  шығару  мен  өткізудің  өзіндік  құн  құрылымын  талдау  бойынша  жүйелік  жұмыстарды  және  барлық  шығынның  айнымалылар  ( өндіріс  көлемі  мен  сату  көлемінің  өзгеруіне  орай  өзгереді )  мен  түрақтыға   өндіріс  көлемі  өзгеруіне  байланысты  өзгермейтін  бөлінуін  қамтиды.  Шығынсыздықты  талдаудың  негізгі  мақсаты  –  шығынсыздық  нүктесін  анықтау,  яғни  пайданың  нольдік  мәніне  сәйкес  келетін  тауар  көлемін  сату.  Шығынсыздықты  талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы  инвестициялық  жоба  процесінде  шығынсыздық  нүктесі  мен  кәсіпорынның  пайданы  алып  келетін  іскерлігі сенімінің кейінгі бағасымен салыстыруына  негізделген.

Жобаның  қаржы  бөлімінің  неғұрлым  жауапкершілігі  мол  бөлігі  оның  инвестициялық  бөлігі  болып  табылады,  ол  мыналарды  қамтиды:

  • жоба  бойынша  кәсіпорынның  инвестициялық  қажеттілігін  анықтау;
  • инвестициялық  қажеттілігінің  қайнар  көздерін  белгілеу  ( және  ары  қарайғы  ізденіс );
  • инвестициялық  жобаны  іске  асыру  үшін  тартылған  капиталдың  құнын  бағалау;
  • жобаның  іске  асуы  есебінен  түсетін  пайда  мен  ақша  ағымдарын  болжау;
  • жоба  көрсеткішінің  тиімділігінің  бағасы.

Жобаның  іске  асуы  мерзімінде  оның  өтімділігін  бағалау  мәселесі  әдістемелік  тұрғыдан  өте  қиын.  Жобаны  іске  асыру  нәтижесінде  пайда  болатын  ақша  ағымының  көлемі,  « ақшаның  құны  уақыт  өтуіне  қарай »  деген  қағиданы  есепке  ала  отырып,  сомалық  инвестиция  шамасын  жабуы  керек.

Бұл  принцип  бойынша:  « Доллардың қазіргі құны  бір жылдан

кейінгі  алынған  доллардың  құнынан  үлкен »,  яғни  бір жыл кейін алынған әрбір жаңа  ақша  ағымы бір жыл ерте  алынған оған  көлемі  тең ақша  ағымынан  төмен мәнге ие.  Ақша  ағымының  уақыттық  мәнділігін  өлшейтін  сипаттамасы ретінде инвестициялық жобаны  іске  асыру нәтижесінде алынған ақша  ағымын  инвестициялаудан  түскен  түсімнің  нормасы  көрінеді.

Сонымен,  инвестициядан  туындайтын  жалпы  ақшалай  ағым

жоғарыда  көрсетілген  қаржылық  феноменді  есепке  ала  отырып,  оның  ( инвестицияның )  шамасын  жабатын  болса,  жоба  қаржылық  критерийлер  тұрғысынан  қабылданады.

Жобаның  өтімділігін  бағалау  кезіндегі  инфляцияны  есепке  алу  мәселесі  қарама – қайшылықты  болып  келеді.  Әрине,  уақытта  өріс  алған  ақша  ағымдарын  ақшаның  сатып  алушылық  қабілетінің  өзгеруіне  байланысты  қайта  санау  керек.  Сонымен  қатар  инвестициялық  жобаның  тиімділігі  туралы  соңғы  қорытынды  инфляциялық  әсерді  ескерусіз  жасалуы  мүмкін.  Бұл  ақша  ағымы  базасында  инфляциялық  жоба  тиімділігінің  негізгі  көрсеткіші  анықталады [12].

 

 

 

 

 

2.2 Компаниялардың  ақша  ағымдарының  қазіргі жағдайындағы      қалыптасуы мен басқаруы

 

Өзгермелі  экономикалық  жағдайда  бәсекеге  қабілеттілікті  құру  және  оны  ұстап  тұру  үшін  соңғы  жылдары  тұтынушыларға  бағытталған  бизнес  концепциясы  қарқынды  дамуда.

Жалпы  алғанда  қазіргі  кезеңдегі  фирмалардың  бәсекеге  қабілеттігін  қамтамасыз  ету  әдістеріне  қатысты  төмендегідей  негізгі  қорытындылар  жасауға  болады:

  • фирманы  рационалды  « жабық »  иерархиялы  жүйе  ретінде ал  бәсекелестік  мақсаттар мен  міндеттерде ұзақ  уақыт бойы  басқада шарттар секілді өзгеріссіз  қалады  және  бекітіледі  деп санайтын  дәстүрлі  пікір өз  қуатын  жоғалтуда;
  • қазіргі  менеджментд  философиясы  жүйелі  және  жағдаяттық  әдістерге  негізделген 

Компанияның  ақша  ағымдары  ашық  жүйе  ретінде  қарастырылады.

Компанияның  жетістікке  жетуі  оның  дер  кезіндегі  сыртқы  әлеуметтік – экономикалық  ортаға  жылдам  бейімделуінде.  Компанияның  ақша  ағымдарының  назарынан  тыс  қалдырмауы  тиіс  сыртқы  жағжайларға:  күшейген  жаһандануы  ушыққан бәсекелестікті,  шикізаттар  мен материалдар бағасының жоғарылығын,  бұйымның  өмірлік кезеңдетінің  қысқаруын жатқызуға болады. 

Осы  мүмкіндіктерді  қаншалықты  іске  асыра  алуды  білу  және  олардың  қоршаған  ортаға  қаншалықты  қажет  болатынын  түсіну – бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Жетістікті  компаниялардың  ақша  ағымдары  сыртқы  қоршамға  бейімделіп  қана  қоймай,  мүмкіндіктері  жоғары  дәрежеде  сәйкес  келетіндей  өзінің  айналасында  осындай  орта  қалыптастыру  үшін  белсенді  әрекет  етеді.

Ешқандайда  компанияның  ақша  ағымдары  нарықта  тауарларының  барлық  коммерциялық  қасиеттері  мен  жылжыту  құралдары  бойынша  бәсекелестерінен  асып  түсе  алмайды.  Олардың  ішінен  артықшылық  беретіндерін  талдау  және  нарық  жағжайының  даму  тенденциясына  көбірек  сәйкес  келетін  және  кәсіпорын  қызметінің  күшті  жақтарын  ең  жақсы  жолмен  қолдана  алатын  стратегияны  жасау  қажет.  Казіргі  күні  экономикалық  ғылымда  қойылған  мақсаттарға  сәйкес  стратегиялардың   екі  түрін:  портфельдік  және  бәсекелестік  деп  бөледі.

 Портфельді  стратегия   компанияның  жалпы  іс - әрекетін  және   жекелеген  қызмет  аумақтарындағы  бәсекелестік  артықшылықтарын   анықтап,  және  сол  алынған   бәсекелік  артықшылықтарды ары қарай бәсекелік стратегиялар  шегінде кешенді қолдануды қамтамасыз  етеді.  Компания  шетелдік  өндірушілердің  болат құю қондырғыларын техникалық  жетілдірулеріне және  қысқа мерзімді  шетелдік  бәсекелестердің жаңа  технологиялар  күшімен  төмен  баға  орнатуына  мән  бермеуінің  нәтижесінде  банкроттыққа  ұшырады [13.].

  • компания  қызметінің  түрлі  аумақтарының  арасында  туындайтын  синергизм;
  • әрекет  түрлерінің  стратегиялық  икемділігі.

Мысал  ретінде  диверсификацияны  алуға  болады.  Әдетте  глобальді  компаниялар  өз  сату  көлемдері  мен  пайдаларындағы  өзгерістерді  бақылап  отырады.  Осы  мақсатта  шетелдік  нарықтарды  іздей  бастайды.  Осылайша  құлдыраушы  бір  елде  сату  көлемі  азайғанда  экономикалық  өрлеп  жатқан  басқа  бір  елде  сату  көлемі  көтеріледі.

Жалпы  алғанда  портфельдік  стратегияларының  негізгі  мақсаттары  инвестиция  салуды  қажет  ететін  бөлімшелерді  таңдау.

Компанияның  ақша  ағымын  алатын  болсақ  тауар  портфеліндегі  тауарлардың  қайсысына  қаржы  керек  немесе  инвестициялауды  тоқтату  керектігін  және  компанияның  жалпы  стратегиялық  бағытын  анықтау.

Портфельдік  стратегияларға  қосымша  бәсекелік  стратегиялар  компанияның  әр  қызмет  бөліміне  не  істеу  қажет  екенін  анықтайды.  Бәсекелік стратигияны ауық – ауык  стратегиялық  шешімдермен қаптап  отыру қажет стержень  ретінде қарастыруға болады.  Мұндай  шешімдерге:

  • саладағы  бәсекелестікті  таңдау;
  • мақсаттарды  анықтау;
  • бәсекелестік  стратегияларды  жасау  және  іске  асыру;
  • бәсекелестік  артықшылықты  ұстап  тұруды  жатқызуға  болады.

Жоғарыда  аталған  компанияның  әрекеттері  өзара  байланысты  және  бір – бірін  толықтырады.  Мысалы  әр  бір  стратегиялық  шешім  сала  туралы  ақпаратты  қажет  етеді.  Бәсекелестік  стратегияны  жасау  және  іске  асыру  компанияның  ақша  ағымдарының  нақты  алға  қойған  мақсатынсыз  жүзеге  асыру  қиын.  Нарықтағы  жайғасымды  ұстап  тұру  сол  стратегияларының  дер  кезінде  дұрыс  іске  асыруына  байланысты.  Бәсекелестіктің  сипаты  мен  деңгейін  анықтау  үшін  автор  компанияның  бәсекелестіктік  стратегияларын  жоспарлауға  қатысты  бәсекелестіктің  бес  күші  моделін  май  өнімдерін  өндіру  саласында  қарастырады.  Модельге  сәйкес  бәсекелестік  стратегияларды  құру  екі  кезеңнен  тұрады:  компания  әрекет  ететін  саланы  талдау  және  сол  саладағы  бәсекестер  жайғасымын  анықтау.  Бұлар:

1.жаңа  бәсекелестер  пайда   болу  қауіп – қатері;

2.алмастыру – тауарлар  пайда   болу  қаупі;  

3.жинақтаушы  бұйымдар  жеткізушілерінің  саудаласу  қабілеттілігі;

4.тұтынушылардың  саудаласу   қабілеттілігі;

5.қазір  әрекет  етуші  бәсекелестердің   өзара  бақталасуы.

Салаға  жаңа  өндірістік  қуат  әкелетін  және  нарықтан  өз  үлесін  алғысы  келетін  жаңа  бәсекелес  компаниялардың  пайда  болуы  тауар  ұсынысын  көтереді  де  бағаға  қысым  көрсетеді.  Бәсекелестің  пайда  болуы  екі  факторға  байланысты:  сұраныстың  көбеюі  және  экономика  заңдылығына  сәйкес  бағаның  көтерілуі  жаңа  бәсекелестерді  шақыру  сигналы  бола  алады;  нарыққа ену  барьерлерінің  деңгейі  және  сол  нарықта  жұмыс  істеп  жатқан  компаниялардың  жаңа  бәсекелестерге  реакциясы [14].

Нарыққа  енуге  кедергі  келтіретін  барьерлері:

  • өндіріс  масштабы:  жаңа  енген компанияның ақша  ағымдары  бірден  көп көлемді өнім  шығаруы керек,  сәйкесінше  үлкен шығындарды  қажет етеді.  Ал  нарықта артық тауар көлемі  пайда болып бұрыннан  жұмыс істеп жатқан  компанияларға қауіп – қатер туғызуы мүмкін;
  • технология  мен  ноу – хауға  қол  жеткізе  алмау;
  • тәжірибе  оқыту  қисығының  эффектісі.  Өндіріс  шығындарын  азайту  сол  тауарларды  өндіру  тәжірибесіне  байланысты;
  • айтарлықтай  мөлшерде  капитал  салымын  қажет  етеді;
  • өткізу  арналарын  білмеу;
  • бақылаушы  органдар  іс – қимылдары;
  • тарифтік  және  тарифтік  емес  шектеулер  болуы  мүмкін.

Қол  жетерлік  және  бәсекеге  қабілетті  тауар –  субституттарының 

болуы  өнеркәсіптік  компаниялардың  ақша  ағымдарының

тұтынушыларды  сол  ұқсас  тауарларға  кетіп  қалмауы  үшін  ұстап  тұрарлық  жаңа  бағалық  ынталандырушылық  жылжыту  шараларын  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Бірақ  жаңа  баға  төмендетуі  сәйкесінше  пайда  деңгейін  төмендетуге  ал  ынталандыру  немесе  жылжыту  шараларына  қосымша  шығын  қажет  етеді.  Ол  өз  кезегінде  бағаны  жоғарлатуға  әкеледі.  Яғни  екі  жақты  әсер  береді.  Ол  мәселені  шешу  үшін  өндіріс  шығындарын  азайтудың  жолдарын  іздестіру  қажет.

Алмастырушы  тауарлардың  пайда  болуы  тұтынушыларға  олардың  бағасын  ғана  емес  сонымен қатар сапалық қасиеттерін салыстыруға итермелейді.  Алмастырушы тауарлар  бағасының   төмен болған  сайын,  тұтынушы  шығаратын шығыны  азаяды,  яғни  алмастырушы – тауар тарапынан бәсекелестікке  әсері күшейеді.

Тауар – алмастырушылардың  бәсекелестік  күштерінің  көрсеткіштері:  олардың  сату  көлемінің  өсу  қарқыны  оларды  нарықта  жылжыту  жолдары  пайда  деңгейлері.

Сары  май  өнімнің  субституты  ретінде  өсімдікті – сүтті  майларды  қарастыра  аламыз.  Яғни  бұл  жерде  айталық  «Доброе»  тауар  маркасы  «МаслоДел»  компаниясының  басқа  тауары  «Жайлау»  жеңілдетілген 

сары  майымен  басқа  компаниясы  сары  майлармен  бәсекелесе  алса  сонымен  қатар  «Вита»  ЖШС – нің  «Масло  к  чаю»  тауар  маркасымен  бәсекелестікке  түседі.

Бәсекелестік  саясаттың  мақсатын  құра  отырып  компания  келесілерді  анықтауы  тиіс:

  • шығуы  мүмкін  нарық  масштабы;
  • нарықты  өңдеу  мөлшері;
  • стратегияның  алғашқы  мақсаты; 

          «ҚазМұнайГаз»  Ұлттық  компаниясы»   АҚ  ( бұдан  әрі –

Компания)   ақша   ағымдарының  тігінен   ықпалдастырылған   құрылым,  мемлекеттің 100 %   үлесі   бар мұнай – газ   холдингі – Басқарушы компиния  болып   табылады.

Компанияның  мақсатты  құрылымы  қызметтің  негізгі  бағыттарына:  мұнай  өңдеуге  және  өндіруге,  мұнай  мен  газ  тасымалдауға,  маркетинг  пен  өткізуге  шоғырландырылған.

Компания  Қазақстанда  және  шетелдерде  жұмыс  істейтін  130  еншілес,  бірлесіп  бақыланатын,  басқа  да  тәуелді  ұйымдарға  қатысады  немесе  акционер болып табылады.

2004  жылы  Қазақстан  Республикасы   бойынша  мұнай  мен  газ   конденсатын  өндіру  59  млн.  тоннадан  асты.

Информация о работе Ақша ағымдарын жоспарлау