Ақща қаражаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 08:45, курсовая работа

Краткое описание

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................................
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Қаржылық есеп берудін мәні мен маңызы.........................
1.1 Қаржылық есептілік..........................................................................
1.2
II. Қаржылық есеп беру нысандары.........................................................
1.1 Есеп саясаты.......................................................................................
1.2 Бухгалтерлік баланыс........................................................................
1.3 Кіріс және шығыс.............................................................................
1.4 Ақша қаражатының қозғалыс негізінің есебі......................
1.5 Меншік капиталы..........................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Ақша қаражаттары-1.doc

— 94.50 Кб (Скачать файл)

     Бенефициар  аккредитивтің пайдалануын өз  мерзімінен бұрын тоқтата алады,  егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

     Дәлелденген  аккредитив – бұл банк-эмитент  болып саналмайтын басқа орындаушы  банктердің қосымша кепілдігі  бар болса ғана жүзеге асатын  аккредитив.

     Трансферабельдік (аударма) аккредитив – бұл  бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

     Аккредитив  тек бір ғана бенефициармен  есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу  тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

     Егер  аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары"  шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі.

     Аккредитивтің  мерзімінің өтуіне байланысты  жабдықтаушыға қызмет көрсететін  банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің  жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі.

     Аккредитивтің  жабылғаны жөнінде банк-эмитентке  хабарлама жіберіледі.

      1060" Өзге ақша қаражаты " шоты  бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады.  

     Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

     1060"Өзге  ақша қаражаты" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

    1050 " Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары " шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін   түгендеу

    Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.

     Түгелдеу  актісінде ақша қаржысының бар  болуы түгелдеу күні жасалған  есепке алудың мәліметтерімен  салыстырылады және нәтижесі  анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

     Кәсіпорын  кассасында сақталатын құнды  қағаздар мен ақша құжаттарын  түгелдеу оларды парақтап қайта  есептеу жолымен жүргізіледі.  Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

     Жол  үстіндегі ақша қаражаттарын  түгелдеу осы шотта тұрған  сомаларды: банк мекемелері, байланыс  бөлімшелері берген квитанцияларының  деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссаторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатаң олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме деркетерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.     

Ақша  қаражаттар қозғалысы.

Қазақстан ТМД елдерінің  ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды.Бүгінгі күні ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы 

«Бугалтерлік  есеп және аудит әдістемесі Департаментінің»№4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп» деп аталатын бугалтерлік  есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілерді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебін пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерге бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарт екінші бабында: «Заңды тұлғалар , субъектілер (банктер немесе бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы  нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

Барлық  шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;                                                                     
  2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.  
  3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

Ақшалай қаражаттары есебі мен аудитінің мәні мен   міндеттер

     Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуынан да тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған  негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдармен, еден қызметімен, бюджеттпен қарым-қатынасқа түседі.

Кәсіпорындар  арасындағы есеп айырысулар екі формада  жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп айырысулар арқылы.

Банк  арқылы кассалық есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айыысуын реттеуге, банктен түрлі мақсаттар үшін несие алуға мүмкіндік береді.

  • Ақша қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр:
  • шаруашылық субъектілерменуақтылы есеп айырысулар жүргізуді қағалау;
  • есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының белгіленген шектер негізінде дұрыс пайдалануын қадағалау;
  • ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатымен кезең сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу;
  • кассадағы және ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының бар болуы мен жұмсалуын бақылау;
  • есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау.

Ақша  қаражаттарының бар болуы мен  олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс  ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық  міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.

 

1 Қазақстан  Республикасының Экономика және  бюджеттік жоспарлау министрлігіне  жалпы сипаттама

 

     1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі  Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган.

2. Мемлекеттің  негізгі міндеттері мыналар:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру; 
     2) мемлекеттiң Әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік фискалдық, кедендiк және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру; 
     3) экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк  саясатты қалыптастыру. 
    3. Министрлiк қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге acырады. 
     4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазақстан Республикасы қаржы министрлiгінің қазынашылық органдарында шоттары болады. 
     Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. 
     Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
     5. Министрлiктiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.                                                                                                                                                                                                      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33-үй. 
     7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мемлекеттік мекемесi. 
     8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 
     9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады. 
      Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiле

                                           Бухгалтерлік баланс

Баланс сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті немесе  қандай  да  бір қызметтің тараптары арасындағы  қатынастың  сандық  көрсеткіштерін  білдіреді.

Ақпараттарды  баланстық  жинақтау  есепте,  қаржы-шаруашылық  қызметті  талдауда,  басқару  шешімдерін  негіздеу  мен  қабылдау  үшін,  кәсіпорындардың, ұйымдардың  нарық  экономикасында  бағыт  алуы  үшін  кеңінен қолданылады. Баланстың негізінде  кәсіпорында  бар  қорлар, олардың  жағдайы  туралы, құрамы  мен  орналасуындағы  өзгерістер, сондай-ақ  олардың  пайда  болу  көздері  туралы  мәліметтер  алады.  Бұл  мәліметтер  белгілі  бір  күнге  жалпы  ақшалай  көрсеткіштермен  берілген.

Сонымен,  бухгалтерлік  баланс  кәсіпорынның  мүлкін  ақшалай  баға  мен  белгілі  бір  сәтке  екі  топпен:  орналасуы мен пайдаланылуы  бойынша  және  олардын  пайда  болу көздері  бойынша  жалпылай  көрсетудің  әдісі  болып табылады.Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министірлігінің  3.03.94 ж.   10-4/1143   хатына сәйкес  кәсіпорындар  мен  ұйымдар меншік нысаны  мен  қызметінің  түрлеріне  қарамастан  тоқсан  сайын  есепті  кезең  бойда 30  күнен кешіктірмей  бухгалтерлік  баланысты  жасайды.  Сыртқы  түрі  бойынша  бухгалтерлік  баланыс  кесте  болып  көінеді  де,  сол  жақ  бөлігінде  мүліктер  құрамымен  орналасуы  бойынша,  яғни  баланыс  активі  көрсетіледі.  Оң жақ   бөлігінде  осы  мүліктердің  қалыптасу  көздері,  яғни  баланыс  пассиві  көрініс  табады.  Актив  пен  пассив  жиынтықтарының  арасында  тендік  болуы  тиіс.  Мұның өзі  баланыстың  активі  мен  пассиві  қорлардың  сол  бір  ғана  жиынтығын  екі  түрлі  топтарда  көрсетілетіндігімен  түсіндіріледі.  Баланстық  бап  бухгалтерлік  баланыстың  негізгі  элементі  болып  табылады.  Ол  мүліктнрдің,  міндеттемелердің  түріне  (атауына),  мүліктердің  қалыптасу  көздеріне  сәйкес  келеді.  Кәсіпорын  мүлкінің  жекелеген  түрлерін,  оның  пайда  болу  көздерін,  міндеттемелерін  сипаттайтын  баланс  активі  мен  пассивінің  көрсеткіші  (жолы)  бухгалтерлік  баланыстың  бабы  деп  аталады.  Бухгалтерлік  баланысты  жасаған  кезде  бұл  баптар  топқа,  топтар  бөлімдерге  бөлінеді.  Бірігу  олардың  экономикалық  мағынасына  орай  жүзеге  асырылады.  Баптардың  ерекшеліктері: 

-активтік  баптар  шаруашылық  қорларының  құрамы,  орналасуы  және  пайдалануы  бойынша,  ал  пассивтік  баптар  олардың  пайда  болуы  көздері  бойынша  қызмет  етеді. 

-активтік  баптар  барлық  материалдық  құндылықтарды,  ақша  ресурстарын,  берешектерді,  ал  пассивтік  баптар  меншікті  капиталды,  кәсіпорынның  қарыздарын  көрсетеді.Баланс-брутто  және  баланс-нетто деген бар.  Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік  стандарттардың  талаптарына сәйкес  белгіленген нысанына  пайдаланылады,  мұның өзі баланс-неттоға сай келеді.

Информация о работе Ақща қаражаттары