Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 19:47, реферат
Ніл алқабының табиғат жағдайлары. Египетті ежелгі заманда "Қара жер" деп атаған. Өйткені Ніл алқабын қап-қара құнарлы тұнба басып жатқан.
Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы -қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.
Қазіргіге карағанда ежелгі заманда өсімдіктер өте көп болған. Әсіресе құрма ағашы, папирус жақсы ескен. Өзен аңғары жап-жасыл болғандықтан, ежелгі египеттіктер қара және жасыл түсті жақсы көрген екен.
Кіріспе
Тарау І. Ежелгі египеттегі перғауындар
1.1 Перғауын
1.2 Перғауынның жеке дара билек жүргізу
1.3 Ежелгі Египет тарихының деректануы
1.4 Пирамидадағы Пәктік пен Парасат
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ерекше атап өтетін бір жайт, Египет жерінде салынған ғибадатханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды. Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс — Египет өміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынған. Ол осы уақытқа дейін Хефрен пирамидасын күзетіп түр. Тұтастай алынған жартастан жасалған бұл сфинкстің басы адамның басынан отыз есе ұлкен, ұзындығы 57 метрге жетеді. Ғылым саласында да көне Египет айта қаларлықтай жетістіктерге жетті. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аң-ғаруға болатын сияқты. Б.з.б XXI ғ. аяғы мен XIX ғ. басында шардың жоғарғы жағы үлкен дәлдікпен есептеліп шығарылды. Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар — су жәнекүн сағаттарын алғаш жасаушылар да осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында тамаша табыстарға жетті. Адам организміндегі мидың атқаратын қызметі анықталды, сонымен қатар әртүрлі ауруларға бай-ланысты көз, тіс және тағы басқалары дәрігерлері пайда болды.
Біздің заманымаздан бұрынғы екінші
ғасырдың аяғы бір мыңыншы жылдықтың басынан
бастап Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бой
Шығыс әлемі мен грек халқының мәдени орталығына айналады, сөйтіп Египетте эллиндік мәдениет кеңінен қанат жайды. Атақты сәулетші Дейнократтың жобасы бойынша салынған Александрия қаласының ұзыннан-ұзақ көшелері, театры, кітапханасы, толып жатқан ғибадатханалары мен бақшалары, моншалары мен түрлі демалыс орындары болды. Мұнда өз дәуірінің талай ғұлама ғалымдары, ақындары, суретшілері еңбек етті. Бұл қалада «Әлемнің жеті кереметінің» бірі — атақты Александрия шырағы салынды.
1.3 Ежелгі Египет тарихының деректануы
Ежелгi Египеттегi алғашқы күн басталып кеттi. Бiз атбасын тiреген бес жұлдызды қонақ үй —1886 жылдары ағылшын мен немiс қалталыларының қаржысына салдырған «Меna hause» яғни «менiң үйiм» деген мағынаны бiлдiретiн тарихи қонақүй болып шықты. Бұл жерде шартараптан ағылған түрлi деңгейдегi мемлекет қайраткерлерi мен өнер жұлдыздары, бай-манаптардың демалатындығын кейiнiрек бiлдiк.
Екiншi қабаттағы ресторанға көтерiлiп, ендi жайғаса бергенiмiзде бiр әрiптесiмiздiң:
— Мынаны қараңыздар! — деген таңданысқа толы дауысы бәрiмiздi нұсқаған жаққа мойын бұрғызды.
Қол созым жерде атақты пирамидалар төбесiмен көк тiреп, «сендер де жеттiңдер ме?» дегендей, бар құпиясын iшiне бүгiп, үнсiз мүлгiп тұр.
Он жетi миллион халқы бар алып қаланың қантамыры мен жүрегi болған ғажайып пирамидалардың дәл жанынан орын тепкен тамаша қонақүйге көңiлiмiз толып, емен-жарқын таңғы шайымызды iштiк. Тәуелсiз мемлекетiмiздiң үкiметтiк деңгейде қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында өткiзiлiп отырған бұл сапардағы басты мақсатымыз — ежелгi Египет өңiрiнiң ертедегi және қазiргi тарихымен танысу, семинар — сабақ алу.
Бiздi күтiп алып, қызмет көрсетiп жүрген жiгiт Сыртқы iстер министрлiгi қызметкерi екен. Есiмi — Тори. Кездескен сәтте арғы тегi түрiк екендiгiн жасырмай айтты. Орыс тiлiне шорқақтығы ә дегеннен бiлiне бастады. Езуi жиылмай не айтсақ та «да, да» деп басын шұлғи бердi.
Ендiгi күнiмiз не болады деген күдiгiмiз көп ұзамай сейiлдi. Өзiн Ахметпiн деп таныстырған әдемiше келген араб жiгiтi Каир университетiнiң орыс тiлi факультетiн бiтiрген екен. Тiлi жатық. Өзi де, сөзi де жылдам елгезек жiгiт бiздiң жолбасшымыз болатын болды.
Шайдан соң Каирдегi алғашқы «бiсмiлләмiздi» пирамидалармен танысудан бастадық. Төтесiнен жаяулап шықсақ 10-15 минутта жетiп баратын пирамидаларға арнайы бөлiнген салқын автобуспен айналма жол арқылы жарты сағатта жеттiк.
Бiздiң Каирдегi бiлiм жетiлдiру институтында алған бiлiмiмiз семинар-практикамен сабақтасып жатты.
Ендiгi сапарымыз — өзiмiз көп естiген тарихи мекен, аты шулы Александрия қаласы. Мысырдың қиыр солтүстiгiндегi Мариут өзенiнен Жерорта теңiзiн бөлiп тұратын торапқа орналасқан Александрия орталықтан 256 шақырым жерде.
Таңғы сағат бесте жолға жиналдық. Шолпан жұлдызы жарығын молынан төгiп, «ақ жол» тiлегендей.
Бiздiң ғасырымызға дейiнгi 331- 332 жылдары Македонияның ұлы қолбасшысы – Александр салдырған бұл қала түбiнде Египеттiң орталығы болады деген мақсатты көздеген деседi. Шығыс пен Батысты тоқайластыратын үлкен порт салып, сауда-саттық бизнесiнiң шоғырланған орталығына айналдыруды қиялдаса, тағдыр оған оның алғашқы құрылысын көрудi де жазбапты. Болашақ қаланың жоба-жоспарларын, мақсат-мүдделерiн қол астындағы орындаушыларына мұқият табыстап, өзi Азия елдерiн жаулауға аттанады. Өкiнiшке қарай, ұлы қолбасшы 33 жасында қаза табады. Оның мүрдесi - өзiнiң атындағы қаладағы қорымға бальзамдалып, перғауындардың салт-дәстүрi бойынша жерленедi.
Жер жүзiндегi Римнен кейiнгi космополиттi iрi мегаполиске айналдыру арманына жетпеген жоспарларын жүзеге асыруды сол жердегi генералдарының бiрi қолына алып әрi қарай жалғастырады. Александрдың мұрагерi ретiнде өзiн сол мемлекеттiң ендiгi билеушiсi екендiгiн жариялайды. Осылайша, гректердiң Египеттi билеп-төстеуi 300 жылға жалғасады. Грек өкiлдерiнiң мұрагерлiк билiгi патшайым Клеопатраның 36 жасында қайтыс болуымен аяқталады.
Грек-египет мәдениетi тоғысқан бұл қала нағыз өркениеттi мәдениет орталығы болып қалыптасады. Ғылым мен бiлiм ордасына айналады. Геометриялық iлiмнiң классикалық үлгiсiн жасаған Евклиптiң, астроном Аристархтың, географиялық картографияның авторы Эратостеннiң, медицинада жүйкелiк және қан айналымының жүйелiлiгi жөнiнде жаңалық ашқан Эрофильдердiң тарихи отанына айналған шығыс мемлекетiнiң жұлдызы барған cайын жарқырай түстi.
Тарихтағы антикалық ғасырдың бет ажарына айналған – Александр Македонскийдiң кесенесi мен Юлий Цезарь, Марк Антониомен өткiзген шат-шадыман, той-думанға куә болған Клеопатраның салтанатты патша сарайы билiк басына Рим императоры Октавиан Августтiң келуiне байланысты жермен-жексен болды.
Тарихтың таңбалы қасiретiне ұшыраған көнекөз жәдiгерден - Помпейдiң әйбат архитектуралық колонналарының жұрнағы, Клеопатраның тапсырмасымен салынған Кайзереум храмы мен әулие Серапистiң ғибадатханасы вандалдар әрекетiнен аман қалыпты.
Иә, тарих көшi керуенiн тоқтатпақ емес. Өзiн тойдырса да, көзiн тойдыра алмаған бұл жалған — жер бетiн түгел жаулап, дүниенi ашса — алақанында, жұмса — жұдырығында ұстағысы келген, «Хандардың ханы, патшалардың патшасы атанған» Александр Македонскийден де қалды.
Арабтар Александрия қаласын «Эль-Искандер» деп атайды. Бұл қаладағы атақты Фарос маягы мен Александрия кiтапханасын жұрт ұмыта қойған жоқ.
Әлемнiң жетi кереметiнiң бiрi – Фарос маягы — аты айтып тұрғандай Фарос аралында, бiздiң ғасырымызға дейiнгi 285-286 жылдары салынған. Үш қабаттан тұратын маяктың бiрiншi қабаты төрт бұрышты болса, екiншi қабаты сегiз қырлы, ал үшiншi қабаты дөңгелек болып салынған. Бiрнеше шақырымнан теңiзшiлерге белгi берiп тұратын бұл маяктың айналы механизмiн құрастыруда Архимедтiң атқарған ролi зор болған.
Ақ мәрмәрдан салынған, биiктiгi жүз қырық метрлiк Фарос маягы ХIV ғасырда болған жер сiлкiнуi апатында теңiз түбiне кеткен. Ал, миллионнан астам қолжазбалар сақталған император кiтапханасы қилы-қилы қиындықтарды бастан кешсе де, бүгiнгi таңда бойын тiктеп, тарих желiсiнде көш бастап тұр.
Кiтапханада бүгiнде бес жүз мыңға тарта әлемдегi ең таңдамалы кiтаптар орын алған. Құран кiтабының әр түрлi нұсқасы – терiден бастап, папирусқа түсiрiлген түпнұсқаларын осы жерден кездестiруге болады. Ғылымның, мәдениеттiң түп қазығы болып саналатын кiтапхана дәуiрдiң өзгеруiне байланысты жаңа технологиялық жолға көшкен. Теңiз жағалауына жапсарлата салынған бұл алып кiтапхананың төбесi түгелдей дерлiк терезелерден құралған. Сондықтан, iшi кең, хан сарайындай жарық.
Кiтапхана мұражайдағы барлық кiтаптар компьютерге ендiрiлiп, интернет жүйесiне қосылған.
Әлемнің алғашқы жеті кереметінің ең ғажайыбы – Египет пирамидасы. Ол – біздің жыл санауымыздан 27 ғасыр бұрын салынған Египет патшаларының мазары. Ең биігі – 146 метр. Византиялық Филон жазып кеткен әлемдегі жеті кереметтің біріншісі осы Египет пирамидасының біз білетін тарихы: мұнан бес мың жылдай бұрын, біздің дәуірімізге дейінгі 2700 жылдары перғауын Хеопстың бұйрығымен алғашқы пирамида құрылысы басталып, кейіннен үлкенді, кішілі бірнеше пирамида салынды. Пирамида ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде (Гизадағы Хеопс пирамидасы және тағы да басқалары) тұрғызылғанымен, кейбір пирамидалар ғибадатхана, қазына қоймасы ролін де атқарды.
Пирамида – архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы ту биіктегі бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Негізінен, пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадат-хана тұғыры, космологиялық құрылыстар) Орталық және Оң-түстік Африка жерінде (біздің замаңымыздың 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Халық арасында: «Тіршілік уа-қыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады», - деген қанатты сөз бар. Бұл пирамиданың мәңгілік ескерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды аһ ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады.
Қай халық та мемориалдық сәулет құрылыстарын
өзінің сол кездегі діни түсінігіне және қоғамдағы әлеуметтік жағдай-ға байланысты
салып отырған. Әлемдегі дамыған мәдениет
ошағы болып саналатын көне Мысырда дін
құрылыстарға да әсер етіп, мұнда мәдениет
дінмен бірге өркендеді. Бұрын мысырлықтар
үйінде де құлшылық бөлмесін жасап қойып,
қалада да, көшеде де, егістікте де, ауылдарда
да ғибадатханалар жұмыс істеп тұрды.
Мұнда дін мысырлықтар-дың ой-пікірін
басқарып, олар өлгеннен соң қайта тірілетініне
қатты сенді. Халық Зурис – Ніл өзенінің
тәңірі, Ра – күн тәңірі деп ойлады. Діннің
әсер етуімен перғауындардың қабірі ретінде
пирамидаларды салып, өлген адамның денесін
ақыретке дейін сақтау үшін мумияны ойлап
тапты.
Иә, Египеттегі көне заманғы дінде о дүниедегі
өмір жөніндегі наным-сенім ерекше мән-маңыз-ға
ие болып, ол пирамидалар мен ғибадатханалардың
стилін қалыптастыруға, дамытуға, ежелгі
Египеттегі сәулет өнерінің өркендеуіне
игі ықпалын жасады. Ежелгі египеттіктердің
діни ілімі бойынша, адамның жаны бірнешеу
болады деп есептеледі. Олардың ең бастылары
– «Ка» мен «Ба» болса, «Ка» дегені – адамның
рухани сыңары, марқұм онымен о дүниеде
табысады. Мысырлықтардың наным-сенімінде
марқұмның бейіті – «Каның үйі», өлім
– жітімді атқарысатын абыз - «Каның қызметшісі».
Олар «Ка» өлген адамды о дүниеде тірілтіп,
әрі қарай өмір сүргізе береді, «Ба» - «таза
рух», рух адам өлгеннен кейін оның бойынан
кетіп, көкке көтеріледі, адамның ішкі
қуаты, тәңірлік тегі – сол» деп ойлаған.
Әубаста о дүниеге перғауындар ғана бара
алады деген пікір қалыптасып, перғауындар
өлгеннен кейін өз аманаты бойынша отбасы
мүшелерін, маңайындағы адамдарды о дүниеге
ала кетуге құқылы болған. Содан ол өлгеннен
кейін әлгі адамдарды да өлтіріп, пирамиданың
жанына жерлеу салты орын алған...
Византиялық Филон әлемдегі кереметтердің қатарында «Мемфистегі пирамидаларды» атаса, пирамидалардың ішіндегі ең көнесі – мұнан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Джосер перғауынның пирамидасы. Оны тұрғызушы перғауынның кеңесшісі болған сәулеткер әрі дәрігер, астроном, жазушы, ежелгі заманның ақылгөйі Имхотеп. Мысырлықтар Имхотепті тіпті арбаушы әрі сиқыршы санаған, сөйтіп кейін оның құрметіне храмдар тұрғызып, мүсіндер де орнатқан. Жасыратыны жоқ, кейбіреулер әлемдегі керемет деп Гизадағы Хеопстың Үлкен пирамидасын жатқызады. Қалай болғанда да пирамидалардың әуелдегі қызметтерінің бірі – ішіне жасырылған мумияны кез келген дұшпаннан, кез келген шабуылдан, марқұмның «тынышын» алудан сақтап тұру болатын.
Геродоттың айтуынша, Хеопс пирамидаларды тұрғызуға бүкіл халқын екіге бөліп, жұмылдырған. Ол алдымен Ніл дариясының жағасына Арабия тауларынан үйтастар жеткізуді бұйырған. Халықтың қалған бөлігі әлгі үйтастарды Ливия тауларының етегіне тасып жеткізген. Жұмысқа ұдайы жегіліп, олар әр үш ай сайын алмастырылып отырған. Осылайша он жылдың ішінде жаңағы блоктарды өзенге жеткізетін жол төселіп, пирамиданы тұрғызу жиырма жылға созылған. Біздің Қыпшақ Бейбарс Сұлтан бабамыз өз заманында Мысыр пирамидасының ұшар басына қазақтың киіз үйін тіктірген.
Ғалымдардың пайымдауынша, пирамиданың өзіндік қа-сиеті бар. Елуінші жылдардың аяғында әуелі чех өнерпазы К.Дрбал, одан кейін басқа да ғалымдар «Пирамиданың әрекет-әсерін» зерттеп, нақты бар болғанымен, түсінуге келмейтін бірқатар тосын жағдай-лардың бетін ашқан-ды. Соның бір шоғыры мынандай: ерітпе кофе пирамиданың астында біраз тұрса, табиғи кофе тәрізді дәмі шығады, арзан сигареттер хош иістеніп, ең бағалы сигареттерден ажырағыссыз болып шығады, балық, ет, жұмыртқа сияқты өнімдер бұзылмай, тек қатып, семіп қалады, су борсымайды, сүт көпке дейін ашымайды, сыр көгермейді, пирамида астында су құйып тұрса, қиып салған гүл отыз екі күнге дейін солмайды, кір, тот басқан зергерлік заттар өз-өзінен тазарады, «пирамида» суымен жуса шаштағы ақ кетеді. Күніне ең болмаса он бес минут пирамида астында тұрған адамның көңілі көтеріліп, сергіп, тыңайып қалады. Пирамида мұндай керемет қасиетке не себепті ие болып отыр? Бұл әлі күнге дейін жұмбақ сыры ашылмаған құпия. Пирамиданың біз жоғарыда әңгіме еткен таңғажайып қасиеттеріне тәнті болған батыстағы көптеген фирмалар қазір құрылымы алуан түрлі «тұрмыстық пирамидаларды» жасап, халық игілігіне жаратуды.
Әлем ғалымдары бірауыздан мойындап отырғанындай, Мы-сырдағы Хеопс пирамидасының ғажайып қасиеті шексіз. Тіпті оның барлық өлшемдерін (146,59 метр биіктігін, табан қа-бырғасының 230,35 метр ұзын-дығын және бүйірлерінің 51051І еңістігін) негізге алып олардан «пи» санын, Жерден Күнге дейінгі қашықтықты, Жердің салмағын, оның полярлық радиусын, Күн мен Айдың массасын, Жердің орташа тығыздығын есептеп шығаруға болады.