Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 19:47, реферат
Ніл алқабының табиғат жағдайлары. Египетті ежелгі заманда "Қара жер" деп атаған. Өйткені Ніл алқабын қап-қара құнарлы тұнба басып жатқан.
Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы -қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.
Қазіргіге карағанда ежелгі заманда өсімдіктер өте көп болған. Әсіресе құрма ағашы, папирус жақсы ескен. Өзен аңғары жап-жасыл болғандықтан, ежелгі египеттіктер қара және жасыл түсті жақсы көрген екен.
Кіріспе
Тарау І. Ежелгі египеттегі перғауындар
1.1 Перғауын
1.2 Перғауынның жеке дара билек жүргізу
1.3 Ежелгі Египет тарихының деректануы
1.4 Пирамидадағы Пәктік пен Парасат
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ішінде жерленген перғауын-ның денесі шірімей, тас болып қатып қалуына пирамиданың таңғажайып қасиетінің әсер еткеніне ғалымдар таласпайды. Өйткені, пирамида ішінде кез келген ет сасымайды, бұзылмайды, тастап кеткен ұстара қайта жаңарып, өткір қалпына келеді. Пирамиданың таңғажайып құпия сырға толылығы, оның қуыстарының, бөлмелерінің құ-пиясын ашқан ғалымдардың, зерттеушілердің, археологтардың бірінен соң бірінің еш себепсіз көз жұмғандығы. Әлде бұл олардың пирамида ішіндегі аруақтардың мазасын алғандығынан ба, ол бір ғана Аллаһ Тағалаға мәлім жағдай... Жалпы, бұл орайда пирамида астындағы Тутанхамон бейітінен шыққан тұмарлардың бірінде: «Мен шөл даланың шақыруы бойынша бейітті қорлағандардың жанын жаһаннамаға жіберетіннің нақ өзімін. Мен Тутанхамон бейітін қорғап тұратынның нақ өзімін» деп жазылғаны біздің ойымызды растап, көп сырды аңғартқандай. Тағы бір еске алатын жағдай, құрылыста пирамида жүйесін пайдаланған коптар (Египеттің ежелгі жұртын коптар деп атаған. Арабтарды ежелгі египеттіктердің ұр-пағы деп санау – қателік) мен Майя халқы не себепті із-түссіз жоғалып кетті, ол да әлі күнге дейін белгісіз құбылыс, тарихи тылсым оқиға...
Таңғажайып құпия мен қасиетке толы пирамидаға ұқсас ғибадатхана тұғыры, кос-мологиялық құрылыстар Ор-талық және Оңтүстік Америка жерінде біздің заманымыздың 1 мыңжылдығында салынса, енді ондай сәулет өнерінің тамаша ескерткіші Қазақстанның Астана қаласында 2006 жылғы қыркүйек айында шаңырақ кө-теріп, ол Бейбітшілік және келісім сарайына айналды. Небәрі 14 айдың ішінде салынып біт-кен бұл пирамиданың биіктігі 25 қабатты үйге тең. Пирами-даның жер астындағы көрінбей-тін қабатының биіктігі 13 метр болса, жер бетінен үшкіл биігіне дейінгі аралық 62 метр, сонда барлығы – 75 метр. Бұл ғимаратқа кіргендегі холл мен опера залы алдыңғы 13 метрде орналасса, сегіз қабат сарайдағы барлық бөлмелердің жалпы көлемі 29 мың шаршы метр.
Пирамиданың сыртқы бетіне 900 шаршы метр әйнек, құры-лыс жұмысына 14 мың 800 тонна цемент, 3800 тонна арматура, 52 шаршы метр опалубка, 6500 шаршы метр арнайы өңделген үшқырлы гранит, 2700 шаршы метр тот баспайтын арнайы болаттан жасалған панель плиталары, ішіндегі жұмыстарға 12000 шаршы метр гранит, 10000 шаршы метрлік керамика-лық плиталар, 6000 шаршы метр тө-сеніш кілем, 3000 шаршы метр паркет пайдаланылған. Пира-мида авторы – сәулетші Лорд Норман Фостер. Ол 1935 жылы Манчестер қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Осы қаладағы университеттің архитектура және құрылыс фа- культетін аяқтап, 1961 жылы Йель университетінің аспирант-тық стипендиясын жеңіп ал-ған Норман Фостер 1967 жылы «Фостер Ассошиейтс» компа-ниясының негізін қаласып, ол осы жылдар ішінде Трафальгар алаңын, Британ музейін, Берлин Рейхстагіндегі жаңа парламентті, Гонконгтың «Чех Лап Кок» әуежайын, «Гонконг және Шанхай банкін», Франкфурттегі банк ғимараттарын және тағы да басқа құрылыстарды жобалайды. Сол үшін 400 арнайы жүлделер мен алғыстар алып, 65 халықаралық және ұлттық байқаулардың жеңімпазы атанады. Норман Фостерге 1990 жылы «рыцарь» (сері), 1999 жылы ұлыбританиялықтар ұлықтай-тын «лорд» атақтары берілген.
Қорытынды
Мысыр пирамидалары – Мысыр жерінде орналасқан ежелгі
пирамидалар кешені. Осынау зор тас
құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының
сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан
5 мың жыл бұрын салынған.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен
тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі
грек тарихшысы Геродоттың жазбасында
пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы
айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы
жөнінде айтылған пікірлер сан алуан.
Дегенмен аптапты Египет аспаны астында
мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды
бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен
сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген
сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген
деген пікірлер басым.
Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.
Көне Египет мәдениеті Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауын перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараон Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосыльш айшлады. — «Алтын» нұр шашқан күн ұлымын деп жариялады. Ежелгі Египет тарихы туралы деректерді топқа бөліп қарастыруға болады. Жазбаша деректер - оған патша жарлықтары, ақсүйек өмірбаяндары, хаттар, жылнамалар, папирустардағы жазулар, грамоталар, тағы сол сияқты жатады. Материалдық мәдениет ескерткіштерімен жазбаша деректерге қосымша рөл атқарады. Материалдық деректер египеттіктердің өмірімен тығыз байланысты. Материалдық ескерткіштердің көпшілігі египеттіктердің жерлеу орнынан, храмдар мен пирамидалардан табылды. Египет тарихын зерттеуде деректерді жарыққа шығарумен археология ғылымы айналысады. Жүйелі археологиялық қазба жұмыстары ХІХ ғасырдың ІІ жартысында басталып, қазба жұмыстары деректерді ғылыми айналымға енгізді.
Ежелгі египеттіктер құрылысы жағынан алғанда күрделі, деңгейі бойынша өте жоғары, мәдениеті жағынан өте бай, тек қана шығыс елдеріне ғана емес, сонымен қатар ежелгі гректерге үлкен әсер берген өркениетті басынан кешірді. Көптеген мәдени құндылықтары қазіргі таңда әлемдік мәдениет қазынасына және адамзат игілігіне айналып отыр. Әсіресе Ніл өзінінің жағасында шаруашылықтың дамы: рационалды ұйымдасқан егіншілік материалдық мәдениеттің құрылуына ерекше рөл атқарды. Сонымен қатар мәдениет, білім, ғылым, рухани дамуы египеттіктерді мемлекет пен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты одан ары дамытуға қадам жасады.
Дарынды ғалым Мариэрт бірінші болып толық түрде жекелеген археологиялық кешендерді зерттеуге тырысты. Ол қасиетті өгіздері бар алып склепті және Саккорадағы ежелгі патшалық табытын, Мемфис аймағын, Абидостағы ХІХ- әулет храмдарын ашты. Ол ежелгі қазбалар басқармасын ашуға және Каирда египтологиялық мұражай ашуға ат салысты.
Шампольон мен Марриэттің еңбектерін жалғастырушы Гастон Масперо (1846-1916жж). Ол Саккорадағы Ү-ҮІ династиялардың пирамидаларына кіріп, ежелгі діни мәтіндерді ашты. Ғалым Фивы маңынан жаңа патшалық дәуірінің атақты патшасының мумиясын тапты. Масперо ескерткіштерді қорғау мәселесімен де айналысты. Де Моран архайкалық Египет ескерткіштерін зерттеуді жалғастырған. Келесі зерттеуші Фмендрес Петри Абидостағы әулеттерге дейінгі кезеңге жататын патша табыттарын ашты.
ХХ ғасырдан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастайды. Египет ғалымдары Каирда жергілікті египтологиялық мектептердің негізін қалады. Американ археологы Рейснер Хдару пирамидасының маңындағы жерлеу орындарын және Гизадағы Менкаураны зерттеді. Патша және ақсүйектердің табыттарынан көптеген құнды ескерткіштер тапты. Бұл қазба жұмыстары египеттік табыттардың үлгісінің эволюциясын ашуға көп көмек берді. Қазба жұмыстары ежелгі Египеттің саяси, мәдени және әлеуметтік тарихын зерттеуге көп материалдар ұсынды.
Сонымен, бір жарым ғасыр бойы Египетте жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары көптеген материалдық ескерткіштерді жарыққа шығарды. Египет жазуының құпиясының ашылуы тарихты зерттеуге зор үлес қосты. Египеттен тыс жатқан ескерткіштер - ежелгі Судан территориясындағы Керм кезеңіне жатқызуға болады. Олар монументалды құрылыстар, жергілікті билеушілердің некрополі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.
2.Жоғарыға көтеріліңіз Қазақ энциклопедиясы, 8 том
3.Жоғарыға көтеріліңіз Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
4.Жоғарыға көтеріліңіз Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық 5.С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы. — 384 бет, суретті.